Конкурстық ҚҰжаттама



бет10/12
Дата01.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#169799
түріКонкурс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

7.10 Пайдалану шарттары.


Жетілдірілген ақпараттық жүйелер Жобаны іске асыру нәтижесінде қызметкердің көп ауысымды және бір ауысымды жұмыс жағдайында пайдаланылуы тиіс.

Жүйені пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар техникалық құралдардың жекелеген түрлеріне арналған пайдалану құжаттарына сәйкес болуы қажет.

Техникалық құралдарды жөндеу техникалық құралдардың өкілдерінде немесе техникалық қызмет көрсету бойынша мамандандырылған мекеме мен бөлімшелерде жүзеге асырылуы тиіс.

Бағдарламалық-техникалық кешеннің техникалық құралдар модульдері электр қоректендіру желісінде төмендегі параметрлермен тұрақты жұмысты қамтамасыз етуі қажет:



  • кернеудің қоректену фазасының саны – 1;

  • кернеудегі өзгеріс диапазоны – 198-230 В;

  • кернеудің түсу жиілігі – 49-51 Гц.

Техникалық құралдар кешені қоршаған ортаның төмендегі параметрлерінде жұмысқа қабілетті болуы тиіс:

  • қоршаған ортаның температурасы – +10 – +35 С;

  • ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 40-80%;

  • ауаның тозаңдануы – 30 тәулік ішінде 10 г/м.

Техникалық құралдар кешені құралдарының модульдері техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс, олардың негізі:

  • техникалық жабдықтардың кернеулі барлық сыртқы элементтері қорғаныс жерлендірілген болуы тиіс;

  • техникалық жабдықтар пайдалану және алдын алу қызметтерін көрсету кезінде оларды еркін және кедергісіз пайдаланатындай жерлерде орналастырылуға тиіс.

  • барлық қолданылатын техникалық құралдар электр магнитті сәулелендіру мен радио, шуыл деңгейін, электр қауіпсіздігіне халықаралық стандарттар бойынша сертификатталуға тиіс.

Жетілдірілген ақпаратты жүйемен жұмыс жүргізу автоматты объектілер мамандарынан (жүйе басшысынан басқа) арнайы дағдыларды қажет етпеуге тиіс. Қажеттілігіне қарай қызметкерлерді қарапайым жеке компьютерлерді пайдаланушылар білімі көлемінде оқыту талап етілуі мүмкін.

Қызметкерлердің қате әрекетінен ақпаратты қорғау ақпаратты сақтау бойынша жалпы талаптар негізінде қамтамасыз етілуі тиіс.

7.11 Әлеуетті өнім берушілер ұсынған шешімдерге қойылатын талаптар.


Әлеуетті өнім беруші 7-бөлімде көрсетілген тармақтарды қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шешімдер вариантын (варианттарын) ұсынуға тиісті. 7-бөлімдегі әр тармақ бойынша ұсынылған шешімдер толық болмаған жағдайда техникалық сипаттама талаптарына сәйкес болмауына байланысты өтінім қабылданбайды.

8. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.


Жобаның бағдарламалық құжаттамасына төмендегі құжаттар енгізілуі тиісті:

  • сипаттама

  • әзірлеуге (жетілдіруге) қойылатын талаптар;

  • бағдарламалық қамтудың сипаттамасы;

  • сынақ әдістемесі мен бағдарламасы.

  • пайдалануға енгізу актілері.

Жүйені пайдалану құжаттарына төмендегі құжаттар енгізілуі тиісті:

  • бағдарламалаушыға арналған нұсқаулық;

  • жүйе әкімшісіне арналған нұсқаулық;

  • жүйені пайдаланушыларға арналған нұсқаулық;

9. ЖОБАНЫ ДАМЫТУ.

Жетілдірілген ақпараттық жүйе жаңа функцияны енгізу және келешекте дамуы үшін ашық болуы тиіс. Ашықтығы мен сабақтастығы:

- жүйенің барлық компоненттері мен функциялары құжаттарының толық және сапалы болуы;

- бастапқы кодты жазу мен әзірлеу барысында келісім мен стандартты қолдау;

- деректер пішімі мен бағдарламалық қамтуда компьютерлік техника саласындағы мемлекеттік және халықаралық стандарттарды қолдану;

- жүйелік талдау, жобалау мен әзірлеудің кең таралған қазіргі заманғы құралдарын қолдану;

- әзірлеу процесі мен құжаттандырудың бастапқы коды;

- ақпараттық жүйе модульдігі есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.

Келешекте ақпараттық жүйелерді дамыту Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.

 

Конкурстық



құжаттамаға

3-қосымша

Жоба
Қызметтерді мемлекеттік сатып алу

туралы шарт
Астана қ. 2012 ж. «____»_________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже негізінде әрекет етуші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, ___________________________________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын_____________________________________________________________________атынан

(өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)

_____________________________________ негізінде әрекет ететін  (Жарғының, ереженің және т.б.)____________________________________________________________________________     

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес (бұдан әрі - заң) және _____жылы___ _______ өткен мемлекеттік сатып алу конкурсы қорытындылары негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:




        1. Шарттың мәні




    1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Өнім беруші өзіне осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын № 1, 2 Қосымшаларда (сатып алынатын қызметтер тізбесі, техникалық ерекшелік) айтылған мерзімдер мен шарттарды _______________ қызмет көрсету (бұдан әрі - Қызмет) бойынша міндеттемені алады;

    2. Тапсырыс беруші Өнім беруші көрсеткен қызметті қабылдайды және осы Шарт жағдайында 001 «___» бағдарламасының 100 «___» кіші бағдарламасының 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелігі бойынша республикалық бюджет қаржысы есебінен осы шарттың 2.2-тармағында көрсетілген тәртіпте Өнім берушінің есеп-шотына аудару арқылы төлейді.

    3. Төменде көрсетілген құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы шарт;

2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

4) шарттың орындалуын қамтамасыз ету.





  1. Қызмет құны және есеп айырысу есебі




    1. Шарттың жалпы сомасы ____ теңгені құрайды, және Қызметті көрсетуге байланысты барлық шығындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген барлық салықтар (оның ішінде ҚҚС) және алымдарды қосады.

    2. Тапсырыс беруші Шарттың 2.1.-тармағында көрсетілген жалпы соманың 30 (отыз) пайыз мөлшерінде Шарттың күшіне енген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей аванс төлемін жүргізеді. Шарттың жалпы сомасының қалған 70 (жетпіс) пайызы көрсетілген Тапсырыс берушімен Қызметтерді қабылдап-тапсыру Актілерін қол қойғаннан кейін Өнім беруші тиісті шот-фактуралар тапсырғаны бойынша Орындаушының есеп айырысу шотына аудары арқылы төленеді.

    3. Аванстық төлемді бастауға қажетті құжаттар мыналар болып табылады:

  1. тіркелген Шарт;

  2. шарттың орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттар.

    1. Соңғы есеп айырысуды бастауға қажетті құжаттар мыналар болып табылады:

1) көрстетілген қызметті қабылдап-тапсыру актісі;

2) шот-фактура.





  1. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

3.1. Өнім беруші шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

3.2. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

3.3. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.

3.4. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.


  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері


4.1. Өнім беруші:

- осы Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;

- Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ тапсырыс беруші немесе осы шартты орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға;

- көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада беруге;

- Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға;

- Шарттың жеке кезеңдері бойынша құжаттарды тапсыруды ілеспе хат арқылы жүргізуге;

- Тапсырыс берушінің талабы бойынша осы Шарт бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттар хабарлауға;

- Тапсырыс берушінің талабы бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың кемшіліктерін жоюға немесе пысықтауға;

- конкурстық өтінімге (бар болған кезде) қазақстандық қамтуды қамтамасыз етуді міндеттенеді.

4.2. Тапсырыс беруші:

- Шарттың шарттарына сәйкес Өнім беруші Шарт бойынша көрсеткен қызметті қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.



4.3. Өнім берушінің мынадай:

- Қызметті толық және тиісінше орындауды аяқтаған соң және Тараптар тиісінше Қызметті қабылдап-тапсыру актісіне қол қойғаннан соң төлемді талап етуге құқы бар.



4.4. Тапсырыс берушінің мынадай:

- көрсетілген Қызметтің сапасын тексеруге;



  • Қызметті көрсету кезінде Өнім беруші әкелген залалды қайтаруды талап етуге;

  • егер Өнім беруші Шартта белгіленген мерзімдерде және жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, бекітілген мерзімге Қызметті көрсетпесе, сапасыз Қызмет ұсынса, Шарттың басқа да шарттарын бұзған жағдайларда Шартты бір тараптан бұзуға құқықтары бар.




  1. Сәйкестікке тексеру

5.1. Осы шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

5.2. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметті техникалық ерекшелікке және Шарттың басқа шарттарына сәйкестігін тексеруі мүмкін. Осы тексерулерге жұмсалатын барлық шығыстарды өнім беруші жүктейді. Тапсырыс беруші өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.

5.3. Көрсетілген қызметтің сәйкестігін тексеру Қызмет көрсетудің соңғы пунктінде жүргізіледі.




  1. Құқық беру

6.1. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

6.2. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.


  1. Тараптардың жауапкершілігі

7.1. Өнім беруші тарапынан қызмет көрсетуді кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Тапсырыс беруші Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою немесе Қызметті уақтылы көрсетпегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеу.

7.2. Егер Шарты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

7.3. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші  Шартта көзделген мерзімде қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

7.4. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер өнім беруші Қызметті Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде көрсете алмаса;

б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

7.5. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.




  1. Форс-мажор

8.1. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

8.2. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

8.3. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде өнім беруші тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.





  1. Шартқа өзгерістер енгізу


Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

9.1. осы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартта көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын көрсетілген қызметтердің көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты мұндай өзгертуге осы көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;

9.2. егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын қызметтерге бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту бөлігінде;

9.3. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (өнім беруші көрсететін қызметтер, техникалық ерекшеліктер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.


  1. Төлеу қабілетсіздігіне байланысты шартты бұзу

Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда шарт тез арада бұзылады және Тапсырыс беруші, Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.




  1. Орындалудың орынсыздығына байланысты шартты бұзу

11.1. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалудың орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылу күшіне енген күн көрсетілуге тиіс.

11.2. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.


  1. Даулы мәселелерді шешу




    1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

    2. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.




  1. Хабарлама

13.1. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

13.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.


  1. Шарттың қолданылу мерзімі және бұзу шарттары

14.1. Аталған келісім ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда қолданыста болады.

14.2. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылады:

      1) «Мемлекеттік сатып ату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;

      2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті Өнім берушіге «Мемлекеттік сатып ату туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделмеген жәрдем көрсетсе;

Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші 30 күнтізбелік күн ішінде Тапсырыс берушіге аванстық төлемді, сондай-ақ жою күніне көрсетілген қызметтерге төленген барлық төлемді қайтаруға міндетті.




  1. Қорытынды ережелер

15.1. Осы шартқа қатысты кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша түрде ресімделген және Тараптың өкілетті өкілдері қол қойған және мөрлермен бекітілген жағдайда ғана заңды болады.

15.2. Осы Шартқа барлық қосымшалар Шарттың ажырамас бөлігі болып саналады. Шартта айтылмаған бөліктерде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.

15.3. Қызметтің техникалық ерекшелігі бойынша түсінбеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар Тапсырыс берушінің Конкурстық құжаттамасында берілген техникалық ерекшеліктерді басшылыққа алады.

15.4. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға ұсынылған және шартты баға арасындағы айырма ретінде алынған пайданы пайдалану туралы ақпаратты беру туралы шартты қабылдайды.

15.5. Шартпен реттелмеген бөліктерде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.

15.6. Бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес төленуге тиіс.

15.7. Тараптардың біреуі қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт өзінің заңды күшін жоғалтпайды және Тараптардың мұрагерлері үшін іс-жүзінде күші болады.

15.8. Заңды мекенжайы немесе қызмет көрсететін банктік реквизиттер өзгертілген жағдайда тараптар тез арада осындай өзгеріс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір-біріне хабарлама беруге тиіс.

15.9. Осы Шарт заң күшi бiрдей, Орындаушы, Тапсырушы үшiн әрқайсысына бiр-бір данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалды.





  1. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік реквизиттері

Тапсырыс беруші: Өнім беруші:










Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ММ




Астана қ., Орынбор к. 8,

ЖСК KZ92070101KSN0000000

БСК KKMFKZ2A

СТН 600700016283

ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ




______________

м.о.
2012 ж. «_____» _________________

______________

м.о.
2012 ж. «___» _______________



Қазынашылық аумақтық органдарында тіркелген күні (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін): ________________________

Конкурстық

құжаттамаға

4- қосымшасы

Конкурсќа ќатысуєа ґтінім
      (заѕды тўлєалар їшін)

Кімге
__________________________________________________________________


  (мемлекеттік сатып алуды ўйымдастырушыныѕ атауы кґрсетіледі)
Кімнен
__________________________________________________________________
         (јлеуетті ґнім берушініѕ толыќ атауы кґрсетіледі)

      1. Конкурсќа ќатысуєа їміткер заѕды тўлєа (јлеуетті ґнім беруші) туралы мјліметтер:



Јлеуетті ґнім берушініѕ заѕды, почталыќ мекен-жайы жјне байланыс телефондары




Заѕды тўлєаныѕ банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-аќ заѕды тўлєаєа ќызмет кґрсететін банктіѕ немесе оныѕ филиалыныѕ толыќ атауы мен мекен-жайы




Заѕды тўлєаныѕ бірінші басшысыныѕ аты-жґні




      2._________________ (заѕды тўлєаныѕ толыќ атауы кґрсетіледі) осы ґтініммен конкурс тјсілімен мемлекеттік сатып алуєа (конкурстыѕ толыќ атауын кґрсету ќажет) јлеуетті ґнім беруші ретінде ќатысуєа ниет білдіреді жјне конкурстыќ ќўжаттамада кґзделген талаптар мен шарттарєа сјйкес (тауарды(ларды) беруді, жўмыстарды орындауды, ќызметтер кґрсетуді - ќажетін кґрсету керек) жїзеге асыруєа келісім білдіреді.
      3. Јлеуетті ґнім беруші осы ґтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Ќазаќстан Республикасы Заѕыныѕ (бўдан јрі - Заѕ) 6-бабында кґзделген шектеулердіѕ бўзылуы жоќтыєын растайды.
      Осымен, сондай-аќ јлеуетті ґнім берушініѕ Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕдарында белгіленген тјртіппен Заѕныѕ 37-бабыныѕ 9-тармаєында кґзделген (тауарды(ларды), жўмыстарды, кґрсетілетін ќызметтерді - ќажетін кґрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бўзуєа келісім білдіреді.
      4. Јлеуетті ґнім беруші конкурстыќ ќўжаттамамен танысќандыєын жјне мемлекеттік сатып алуды ўйымдастырушыєа жјне конкурстыќ комиссияєа ґзініѕ ќўќыќтыќ ќабілеттілігі, біліктілігі, сапалыќ жјне ґзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жўмыстарды, кґрсетілетін ќызметтерді - ќажетін кґрсету керек) дўрыс емес аќпарат бергені їшін жауапкершілігі, олардыѕ авторлыќ жјне сабаќтас ќўќыќтарды саќтауы, сондай-аќ Ќазаќстан Республикасыныѕ ќолданыстаєы заѕнамасында кґзделген ґзге де шектеулерді саќтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
      Јлеуетті ґнім беруші осы конкурсќа ќатысуєа ґтінімде жјне оєан ќоса берілетін ќўжаттарда мўндай дўрыс емес мјліметтерді бергені їшін ґзіне толыќ жауапкершілікті ќабылдайды.
      5. Осы конкурстыќ ґтінім___кїн ішінде ќолданылады.
      6. Біздіѕ конкурстыќ ґтінім жеѕді деп танылєан жаєдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттыѕ атќарылуын ќамтамасыз етуді шарттыѕ жалпы сомасыныѕ їш пайызын ќўрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстыќ ќўжаттамада шарттыѕ атќарылуын ќамтамасыз етуді енгізу кґзделген болса кґрсетіледі).
      7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сјтіне дейін конкурсќа ќатысуєа осы ґтінім Сіздіѕ оны жеѕді деп тапќан хабарламаѕызбен бірге біздіѕ арамыздаєы міндетті тїрдегі шарт рґлін орындайтын болады.
_________________________________________________
______________________________/__________________/
____________________________________________________________
(Заѕды тўлєаныѕ - јлеуетті ґнім берушініѕ лауазымы, Т.А.Ј. жјне ќолы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет