Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет20/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы деректер 542 жылдан бастап кездеседі. 

  • Ғұндар империясы ыдыраған соң Орхон аймағында түркітекті теле тайпалар одағы ұйымдасты.

  • V ғасырдың ортасында билік басында ашына бастаған Алтайдағы түркілер руы тұрды. Бұл атау «киелі қасқыр» деген мағынаны білдірген. 

  • Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. 

  • Түркілер 545 жылдан бастап сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. 

  • 552 жылы түркілер Солтүстік Моңғолия жерінде Түркі қағанатын құрады. 

  • Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланды.

  • Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. 

  • Қаған мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді.

  • Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты – яғбу, шад т.б. құрылды.

  • Түркі мемлекетінде қарапайым халық бұдун деп аталды. 

  • Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке Мұқан қаған (553-572 жж.) келді.

  • Мұқан қаған Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірді, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандарды, қарақытайларды, Тува жері мен Енисей қырғыздарын бағындырды.

  • Иштеми (Истеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты. 

  • Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «Шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды».

  • VI ғасырдың 60 жылдары Түркі қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер – Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады.

  • Түркі қағанаты нығайған кезінде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсы еліне (Иран) дейінгі жерді алып жатты. 

  • Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.

  • VI ғасырдың 80 жылдары соңында түркілер Парсы елімен одақтасты.

  • Олар Оңтүстік Кавказ бен Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін талқандады.

  • Түркілер Орта Азияны жаулап алған кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды.

  • 568 жылы түркі елшісі Маниах Византиға қағанаттың елшілігін басқарып барды.

  • Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери-сауда келісімі жасалды.

  • VI ғасырдың соңы мен VII ғасырдың басында қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің ішінде өзара қырқыстың басталуы және сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келуі қағанатты дағдарысқа ұрындырды.

  • Түркілерді әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. 

  • Біртұтас мемлекет Түркі қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді.

  • Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.

  • Батыс Түрік қағанаты 603 жылы ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды

  • Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.

  • Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы «он тайпа» он оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.

  • Шығыс Түркі қағанаты (Екінші Түрік қағанаты) 682 (683) жылы Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздіктерін Моңғолия жерінде қалпына келтірді.

  • Екінші Түркі қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштердегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл ел биледі» делінеді.

  • Мемлекеттің орталығы Ханғай тауларында болды. Батыс шегарасы Алтай тауларымен шектесті.

  • Батыс Түркі қағанатының Шығыс Түркі қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы негізінен көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал Батыс Түркі қағанатының көпшілік халқы отырықшылықпен, егін егумен, қолөнер және саудамен айналысты.

Алтыншы-жетінші ғасырларда Орталық Азияның, Төменгі Еділ бойының, Солтүстік Кавказдың түркітілдес тайпалары өз жазуларын пайдаланды.
Біздің ата-бабаларымыз пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері Орхон-Енисей немесе көне түркі руна жазуы деп аталады. Жазудың қажеттілігі әкімшілік және дипломатиялық істер барысында пайда болды. Мұнда діни сарындар да айтарлықтай рөл атқарды.
Түркі елшілеріне сенімхаттар берілді. 568-інші жылы Византия императоры сарайына келген түркі елшісі Маниах қағанның жолдау хатын алып келген. 582-інші жылы алғашқы түркі қағандарының ерлік істері жазылған құлпытас орнатылды.
Бұғыты аталған осы құлпытастан бастап көне түркі жазба деректері басталады. Көне түркі руналық әліпбиі I мыңжылдықтың ортасында пайда болды.
Он сегізінші ғасырдан бастап еуропалық ғалымдар көне түркі жазуын зерттей бастады. Алайда олар бұл жазудың қандай тіл тобына жататынын анықтай алмады. Құпия жазуды руна ретінде қабылдап, қателік жіберді. Себебі бұл жазу герман және скандинавиялық руна жазуына өте ұқсас еді. Ғалымдар руна сөзін runa «құпия» деген гот сөзімен байланыстырады.
Түркілерде руна жазуы ерте заманнан болған және ол Түркі қағанатының барлық өңіріне кең тараған жазу болды. 1893-інші жылы дат ғалымы В. Томсен алғашқы «Тәңір» сөзінің құпиясын ашты. Оның «Кілті ашылған орхон жазулары» атты кітабында көне түркі жазуларының толық әліпбиі ғана емес, аудармасы да жарияланды.
Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В. Радлов болды.
Түркі жазуының бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратыны белгілі. Түркі жазуы құпиясының ашылуы Орталық Азияда сонау орта ғасырлар басында өркениет болғанын көрсетті. Енисей алқабынан 150-ден астам руна жазуы табылды. Олардың көп бөлігін ақсүйектер өкілдерін жерлегенде қойылған құлпытастар құрайды. Құлпытастардың барлығы көне түркі әдеби тілімен жазылған.
Көптеген жартас жазулары Алтай, Шығыс Түркістаннан табылды.
1960-ыншы жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған біздің заманымыздан бұрынғы Бесінші-төртінші ғасырларға жататын сақ дәуіріне тиесілі, марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын», яғни «Ақ марал» деп оқыған. Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан сазбалшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Руна жазуымен түркі мәтіндері құлпытастарда, теңгелер мен қола айналарда, қыш, тері, алтын және күміс ыдыстарда, қағазда жазылды.
Орхон-Енисей өзендері алқаптарындағы ескерткіштер түркілердің руна жазуының ғажайып үлгісі саналады. Ескерткіштер осы өңірде табылғандықтан «Орхон-Енисей жазуы» деп аталды.
Олардың ішінде Білге қаған мен оның інісі, қолбасшы Күлтегіннің және қаған кеңесшісі Тоныкөктің құлпытастары тарихи құнды жәдігерлер саналады. Қазақ халқы бұл дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни наным-сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері – бәрі халқымыздың тыныс-тіршілігімен өте ұқсас.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны – олар өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Құлпытастарда түркі халқының неден сақтанып, нені ұстанатыны тасқа қашалып жазылған. Бұрынғы және қазіргі ұрпақты мақтау мен кінәлау, тыңдаушысына ылғи да үндеу тастап отыруы бұл мәтіндерді әсерлі етеді. Қағанын «мәңгі тасқа сызып жазған» жыры мен сөзінің авторы Йоллығ-тегін еді. Йоллығ-тегін – түркітілдес әдебиеттер тарихында өз атымен аталған алғашқы автор. Құлпытастағы жазулар – түркі қоғамының бүкіл жұртшылығына арналған үндеу. Үндеу авторлары халықты қаған маңына бірігіп, топтасуға шақырады.
Білге қаған мен Күлтегін құрметіне арналған жазулар шешендік өнер мен саяси прозаның тамаша үлгілері саналады. Ондағы көптеген көркем бейнелер, қанатты сөздер, айшықты теңеулер қазіргі қазақ тілінде де кездеседі.
Бұл жазулар қағанаттың тарихын зерттеуде аса құнды дереккөздері саналады. Ағашқа оймыш (ксилография) әдісімен басып жазу да түркілердің жетістігі болып табылады.
Ксилографияның шығу тегі мөрден басталады. Түркі тілінде бұл әдіс алғаш рет жетінші ғасырдың бас кезінде қолданылған.
Ғалым Сергей Малов өзінің «Көне түркі жазуының ескерткіштері» атты еңбегінде «Шығыс Түркістанда қағаз өндіру Қытайдағыдай сол кезеңде басталған» деп атап көрсетеді. Рунотанудың ғылым ретіндегі екі ғасырлық тарихында еуропалық руна ескерткіштерінің бірде-бірі әлі күнге дейін оқылған емес. Ал сол кезеңдегі көне түркі мәтіндері қазіргі қолданыстағы сөздердей жақсы оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет