Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:
-
Әт-Тәуия күні қажылық (жасау ниетімен) ихрамға кіру және тәлбийя айту.
-
Мина (алқабына) жүру және сонда түнеу.
-
Минада бесін (зухр) және қалған бес уақыт намаздарды, қысқартып, бірақ әр намазды өз уақытында оқу.
-
Арафатта (тұру) Күні күн шыққаннан кейін Минадан Арафатқа ұарай жылжу. 142
-
Егер мүмкіндік болса, Нәмирада Арафаттың жанында түстен бұрын тоқтау.
-
Урана уәдиіне қарай жүру және бесін (зухр) мен екінті (аср) намаздарын қосып оқу. Бірінші бесін, содан кейін бірден екінті намазы оқылады.
-
Имамның Арафат (Күні) намазға дейін құтпа айтуы.
-
Арафатта дұға жасап, Аллаһты мадақтап, ораза ұстамай тұру.
-
Арафатта тұрған кезде, жүзді қыблаға қаратып және қолды көтеріп дұға ету.
-
Арафатта тәлбийя сөздерін айту.
-
Күн батқаннан кейін тыныштық сақтап, Арафаттан шығу.
-
Муздалифада ақшам (мағриб) және құптан (‘иша) намаздарын қосып оқу. Бірінші ақшам намазы, содан соң бірден құптан намазы оқылады.
-
Осы намаздардың әрқайсысының алдында иқамат айтылады.
-
Осы екі намаздың арасында қосымша (сүннет) намаздарын оқудан бас тарту.
-
Муздалифада бір түн бойы түнеу.
-
Таңның алғашқы шапақтары көрінісімен таң (фәжр) намазын оқу.
-
Муздалифаның шекарасында орналасқан әл-Мәш’ар әл-Харамда жарық түскенге дейін жүзді қыблаға қаратып және Аллаһқа дұға етіп, Оны мадақтап (тахмид), Оны ұлықтап (тәкбір), «лә иләһа илләЛллаһ» сөздерін айтып (тәхлил) тұру.
-
Әл-Мәш’ар әл-Харамнан күн шыққанға дейін шығу.
-
Мухассир алқабынан өткен кезде жүрісті әдеттегіден жылдамдату.
ҮЛКЕН БАҒАНАҒА (ӘЛ-ЖӘМРАТ ӘЛ-КУБРА143) ТАС ЛАҚТЫРУ144
82- Кейін [үлкен бағанаға (әл- жәмрат әл-кубра) шығаратын] орта жолмен145 қасында ағаш өсіп тұрған (осы) бағанаға дейін жетіп алды,
83- және [түске дейін] оған жеті тас лақтырды146.
84- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-хазф147 мөлшеріндей болған әр тасты лақтырғанда: «Аллаһу Әкбар!» («Аллаһ Ұлы!»), - деп айтты148.
85- [Осы орайда] ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [түйесінің үстінде отырып және: «Рәсімдеріңді149 (орындауды) менен үйреніңдер, өйткені, ақиқатында, мен білмеймін, бұл менің соңғы қажылығым шығар», - деп,]150 уадидің ішкі жағынан151 тас лақтырды».
86- [Ол (яғни хадистің жеткізушісі – редактордың ескертпесі) былай деді: «Ол Құрбан Айт күнінен кейін [қалған әт-ташрик152 күндерінде] тастарды түстен кейңн лақтырды]153.
87- [Сурака бин Мәлик бин Жу’шум Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен бағананың (жәмрат әл-акаба) қасында, ол тас лақтырып жатқанда кездестіріп, одан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл тек біздерге ғана қатысты ма154?», - деп сұрады. (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Жоқ, бұл барлық заманға»(, - деді)]155.
ҚҰРБАН ШАЛУ ЖӘНЕ БАСТЫ ҚЫРУ
88- Кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) құрбан шалу орнына барып, сонда өз қолымен алпыс үш [сиыр мен түйені] құрбандыққа шалды.
89- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнын Алиге (Аллаһ оған разы болсын) берді156. Ол (Йеменнен) айдап келген [қалған] жануарларды құрбандыққа шалды, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған осыда көмектесті.
90- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр сойылған малдан бір кесім еттен алуды, оларды қазанға салып, пісіруді бұйырды157. (Тағам дайын болған кезде,) олар екеуі еттен жеп, сорпасын ішті».
91- [Хадистің риуаяттарының бірінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері атынан құрбандыққа сиыр шалғаны келтіріледі]158.
92- [Хадистің басқа нұсқасында ол (яғни Жәбир) былай деді: «Біз құрбандыққа жеті (адамның) атынан бір түйе және жеті (адамның) атынан бір сиыр шалдық (ал басқа риуаятта: «...Ол құрбандыққа түйе шалды», - деп келтіріледі). (Жәбирден жеткен хадистің тағы бір нұсқасында былай деп жеткізіледі: «Бір құрбандыққа шалатын малға жеті (адамнан) тұратын топтан тура келді». Сонда біреу одан (яғни Жәбирден): «Сен сиыр туралы не айтасың: оны бір топ адамдар атынан құрбандыққа шалуға болады ма?», - деп сұрады. Бұған ол (яғни Жәбир): «(Иә, өйткені) ол құрбандыққа шалынатын малдардың қатарына кіреді», - деп жауап берді).
93- (Хадистің нұсқаларының бірінде былай деп хабарланады: «Жәбир: «Бұрын біз құрбандыққа шалынатын малдың етін (Минада болатын) үш (күннен) артық жемейтінбіз. Ал содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): («Жеңдер әрі қамданыңдар159»), - деп, бізге (бұған) рұқсат берді. [Ол былай деді: «Әрі біз (осы еттің бір бөлігін) жедік, (ал қалған бөлігін) қамдандық][та, сол қамданумен Мәдинаға дейін жеттік]»160.
ҚҰРБАН АЙТ КҮНІ ОРЫНДАЛАТЫН РӘСІМДЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫН БОЛСА ДА БАСҚАСЫНАН ЕРТЕ, НЕ КЕШ ОРЫНДАУДА КҮНӘ ЖОҚ
94- (Хадистің бір нұсқасында былай деп хабарланады: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалды [және басын қырды]»)161.
95- “Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [Құрбан Айт күні Минада] адамдармен бірге болды. Әрі [сол күні] оған [, ретінен бұрын істелген] рәсімге қатысты қандай сұрақ қойылса да, ол міндетті түрде: «Ода күнә жоқ, ода күнә жоқ»162, - деп жауап берді. Мысалы, оған бір кісі келіп: «Мен басымды құрбан шалғанға дейін қырып тастадым», - дегенде, (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді).
96- Кейін оған басқа адам келіп: «Мен басымды тас лақтырғанға дейін қырып қойдым», - деді, (оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді.
97- [Кейін оған басқа адам келіп: «Мен Қағбаны тас лақтырғанға дейін тауап жасап қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді].
98- [Басқа бір кісі: «Мен Қағбаны құрбан шалғанға дейін тауап жасап қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Оны шала бер, әрі бұда күнә жоқ», - деді].
99- [Кейін тағы бір адам келді де: «Мен құрбанды тас лақтырғанға дейін шалып қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «[Оларды лақтыр, әрі] бұда күнә жоқ», - деді].
100- [Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен құрбандықты осы жерде шалдым, алайда Минаның барлығы құрбан шалатын орын болып табылады].
101- [Әрі Меккенің әрбір шатқалы мен оған (алып баратын) жол да құрбан шалатын орын болып табылады]163.
102- [Сондықтан да құрбандықтарыңды тұрақталған орындарыңда шала беріңдер», - деді]".164
ҚҰРБАН АЙТ КҮНІНДЕ АЙТЫЛҒАН ҚҰТПА165
10З - [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізді: “Құрбан айт күнінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтып: «Қай күн ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің күн», - деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай ай ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «(Осы) біздің ай», - деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай қала ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің қала» (, - деп жауап берді). Сонда (Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің166 және сендердің мал-мүліктерің сендер үшін осы қаладағы, осы айдағы осы күндерің сияқты қасиетті болып табылады. Мен (осыны сендерге) жеткіздім бе?!» (Адамдар): «Иә!», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! (Осыны) раста!», - деді”].
АДАМДАР ЛЕГІНІҢ ҚАҒБАНЫ НЕГІЗГІ ТАУАП (ӘТ-ТАУАФ ӘС-САДР)167 ЖАСАУ ҮШІН (МЕККЕГЕ) АҒЫЛУЫ
104- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйесіне отырды да, адамдардың легі арасында (Аллаһтың) Үйіне қарай ұмтылды [, әрі (олар) Қағбаны тауап жасады168,
105- бірақ әс-Сафа мен әл-Мәруа (төбелерінің) арасын сағи жасамады]169.
106- Ол бесін (зухр) намазын170 Меккеде орындады171.
107- Одан кейін ол бану Абд әл-Мутталиб тайпасының адамдарына жақындады, [ал олар] Зәм-Зәм (бұлағының) суын үлестіріп жатқан болатын172, және былай деді: «Уа, ‘Абд әл-Мутталибтің ұрпақтары, су шығарыңдар! Егер мен адамдардың сендерді осы жерден ығыстырып тастауларынан қорықпағанымда173, оны сендермен бірге шығарар едім».
108- Олар оған (Зәм-Зәм бұлағынан) су алып берді, ал ол одан қанып ішіп алды»174.
Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:
-
(Үлкен) бағанаға (тас лақтыру үшін) Арафатқа барған жолдан басқа жолмен бару.
-
Үлкен бағанаға (әл-жәмрат әл-кубра) Құрбан Айт күні күн шыққаннан түске дейін уадидің ішкі жағынан тас лақтыру.
-
Егер қажеттілік болып жатса, түстен кейіннен түнге дейін тас лақтыруға деген рұқсат.
-
Әр тасты лақтырғанда тәкбір айту.
-
Тас лақтырудан бұрын тәлбийя сөздерін айтуды тоқтату.
-
Тас лақтыру ихрам халінен «кіші», яғни толық емес шығуды меңзейді.
-
Әт-тәшрик күндерінде тас лақтыру түстен кейін орындалады. Тәшрик күндері бірінші және екінші бағаналарға тас лақтырып болған соң шетке шығып, ұзақ уақыт дұға ету қажет.
-
Қажылықтың әл-қиран мен әт-тәматтуғ түрлерін жасаушы қажылар құрбан шалады. Кім құрбандыққа шалатын мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн әрі үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды.
-
Түйе немесе сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады.
-
Құрбан шалу Минада да, Мекеде де орындала береді.
-
Құрбандыққа шалынған малдың етінен жеу.
-
Тас лақтырып болған соң хош иістер жағу, басты қыру және әйеліне қосылудан басқа ихрам халінде тыйым салынған барлық нәрселердің рұқсат етілуі.
-
Басты оң жақтан бастап қыру.
-
Имамның Құрбан Айт күніне (байланысты) құтпа айтуы.
-
Қағбаны негізгі тауап (тауаф әс-садр / тауаф әл-ифада) жасау үшін Меккеге аттану, әрі оны орындау барысында алғашқы үш айналымда жылдам (әр-рамл) жүрмеу.
-
Қағбаны тауап жасап болған соң Ибраһим (тұрған) орнының (мақам Ибраһим) алдында екі ракағат намаз орындау.
-
Әт-тәматтуғ қажылығын жасаушы қажының әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасауы. Әл-Қиран қажығын жасаушы қажы бұл сағиді жасамайды.
-
Құрбан Айт күні орындалатын қажылық рәсімдерінің ретін сақтау.
-
Осы рәсімдерді орындап болған соң ихрам халінен толық және соңғы рет шығу.
-
Қағбаны негізгі тауап жасап болғаннан және екі ракағат намаз орындап болғаннан кейін Зәм-Зәм (бұлағынан) су ішу.
-
Минаға оралу және тәшриктің үш күндерінде сонда болу.
-
Тәшриктің әр күнінде түстен кейін үш бағаналарға (жәмараттарға) тас лақтыру.
-
Меккеден үйге кетудің дәл алдында Қағбаны қоштасу тауабын (тауаф әл-уада’) жасау, әрі оны орындау барысында алғашқы үш айналымда жылдам (әр-рамл) жүрмеу.
АЙШАНЫҢ ӘНГІМЕСІНІҢ АЯҚТАЛУЫ
109- [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Ақиқатында, Айша етеккірі келген күйде қажылықтың (Аллаһ) Үйін тауап жасаудан өзге барлық рәсімдерін орындады»].
110- [Ол былай деді: «Ал ол (етеккірінен) тазарған кезде, Қағбаны тауап175 етті және әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасады. Содан кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) оған: «Міне, енді сен қажылық пен умрадан (кейін) ихрам халінен шықтың», - деді].
111- [Ол (Айша) былай деді: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сендер қажылық пен умра жасап, кетіп бара жатырсыздар, ал мен – тек қажылықты ғана ма?»176. [Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сенің (Аллаһтан алатын сауабың) олардың (Аллаһтан алатын сауабына) сәйкес болады».].
112- [Ол былай деді: «Ақиқатында, мен қажылықты орындағаныма дейін жүрегімде (Аллаһтың) Үйін тауап жасамағаным үшін кірбің болатын»]».
113- [Жәбир былай деді: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұмсақ мінезімен ерекшеленетін, сондықтан да егер ол бір нәрсені қаласа, ол оның қалауын орындайтын]177.
114- [Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Абдурахман178! Онымен бірге әт-Тан’имге бар, әрі ол сол жерден (шығып) умрасын орындасын», - деді.
115- [Әрі ол қажылықтан кейін умра жасады] [да, кейін] әл-Хасба түнінде179 [қайта оралды]]».]
116- [Жәбир былай деді: «Қоштасу қажылығы кезінде180 Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйе үстінде отырып (Аллаһтың) Үйін тауап жасады әрі (Қара) тасқа қисық сапты аса таяғын тигізіп (өтті). (Ол осыны) адамдар оны көрулері, (оның рәсімдерін) бақылаулары және оған өз сұрақтарын қоюлары үшін (істеді), өйткені оның айналасына өте көп халық жиналған еді»].
117- [Жәбир былай деді181: «Бір әйел баласын Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарай көтерді де: «Мынау қажылық жасай алады ма182?», - деп сұрады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Иә, ал саған осы үшін сауап (тиісті)”, - деп жауап берді». {әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Бәйһақи}]183.
Осы жолдар менің ол туралы Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) баяндаған “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы” атты зерттеуімді аяқтайды. Кейбір бауырларымыздың кеңесіне ілесіп, Аллаһ оларға игілігімен қайырсын, мен осы кітабымның соңында қажылық рәсімдерінің қысқаша мазмұндамасын келтіремін. Бұл тарау осы рәсімдер туралы білуі және үйренуі қажет болған қажылар үшін ерекше көкейтесті болып табылады.
Осымен кітап аяқталды. Соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар айтамыз!
Достарыңызбен бөлісу: |