و البُدنَ جعلناها لكم من شعائر الله لكم فيها خير ، فاذكروا الله عليها صوافّ ، فإذا وجبت جنوبُها فكلوا منها ، و أطعموا القانع والمُعْتَرَّ
«Құрбандыққа шалынатын түйелерді сендер үшін Аллаһтың рәсімдік белгілері еттік. Мұнда сендер үшін қайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, үстінен Аллаһтың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтажға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін, малды еріктеріңе бердік» ("Хаж" сүресі, 36-аят).
Кім құрбан шалуға мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн және үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды. Мұндай қажыға үш әт-ташриқ күндері ораза ұстауға рұқсат етіледі, өйткені ‘Айша және Ибн ‘Умар (Аллаһ оларға разы болсын) былай дейтін: «Құрбандыққа шалу үшін мал таппағандардан өзге ешкімге әт-ташриқ күндері ораза ұстауға рұқсат етілмейтін».
Құрбан шалудың соңғы күні – үшінші ташриқ күні күн батқанға дейін.
|