Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет69/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Ағаштан бұйым жасау
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып:
• фасонды беті бар бұйымдарды токарь біл-
дегінде жонудың қауіпсіз тәсілдері мен 
әдіс терін үйренеді; 
• токарлық іс-әрекеттерді орындау кезінде 
технологиялық карта бойынша жұмыс жа-
сау дағдыларын дамытады.
Ресурстар:
токарь білдегі, ағаш жонуға арналған құрылғы-
лар мен құралдар; түрлі ұзындықтағы кесінділер 
мен ашаға бекітуге арналған қималар; пішінді беті 
бар бұйымды жонуға арналған технологиялық 
карта; күрделі пішінді беті бар дайын бұйымдар-
дың үлгілері; фасонды беткі жақ пішіндерінің эле-
менттерін тексеруге арналған қалыптар; өлше-
уіш және белгілеуіш құралдар; токарь білдегімен 
жұмыс істеуде басшылыққа алынатын қауіпсіздік 
ережелері жазылған нұсқаулық.
Сабаққа қатысты ескертулер
Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін ағаш 
және ағаш сүрегі жайлы шағын әңгіме өткізіңіз. 
Балалар білетіндерін айтып берсін. Адам өмірінде 
ағаштар қандай пайда әкеледі? Олар қандай ағаш 
түрлерін біледі? Ағаш түрлері қандай топтарға 
бөлінеді? Оны өндірістің қандай салаларында 
қолданады? Оқушылар егер адам уақыт өте келе 
барлық ағаштарды кесіп тастаса, жерде қандай 
жағдай орнайтыны төңірегінде ойлансын. Оқушы-
лар ағаш өсіру үшін ондаған жыл кететінін білуі 
тиіс. Мысалы, емен мен қарағайды кесу үшін олар 
100-120 жыл бойы өсуі тиіс, қайыңдар 60-70 жыл, 
терек, қандыағаш, жөке 40-60 жыл өседі, ал шыр-
ша 100-150 жылға жеткенде толысады. 
Мүмкіндік болса, фасонды беттерді жону жай-
лы фильм көрсеткен дұрыс. 
Оқушылардан фасонды беттер пішіндерін 
жону, яғни қисық сызықты бетті және үш бұрышты 
ойықтарды жону үдерістерімен мұқият танысуын 
және фасонды жону кезіндегі негізгі іс-әрекет-
тердің алгоритмін айқындауды сұраңыз.
Оқы, қызық!
Бұл айдар ағаштан жасауға болатын түрлі бұй-
ымдар жайлы ақпарат береді. Тапсырма және 
суреттер оқушыларды жаңа креативті идеяларға 
шабыттандырады. Оқушылар ағаштан дәстүрлі 
заттарды да, креативті тәсілмен әдеттегі заттарды 
да жасауға болатынын біледі. Оқулықта ағаштан 
жасалған сағат, велосипед, фотоаппарат және 
аяқ киім бейнеленген, мұндай ерекше бұйымдар 
оқушыларды таңдандырмай қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет