Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет87/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

71
Көрк
ем еңбек
4-тарау. Үй мәдениеті
қалай жұмыс істейді?» бейнефильмдерінің үзін-
ділерін пайдалануыңызға болады.
Назар аудар.
Тапсырма сымды электрарматураға жалғауды 
өз бетінше оқып-үйренуге берілген. Лампалық 
патрон қуатын көрнекі түрде оқып-үйрену 
арқылы оқушылар оны қалай бөлшектеуге 
болатынын, ұшын қалай жасау керектігін және 
лампалық патронды қалай жинайтынын түсінеді. 
Осы ретте оларға орындау алгоритмі көмекке 
келеді. Оқушы ларға оқулық мәтінін оқуды және 
ол бойынша электрарматураға сымдарды жалғап 
көруді ұсыныңыз.
Анықта. 
Бұл тапсырма өз бетінше зерттеу жасау дағды-
ларын дамытады. Оқушылар зақымданған сымды 
жөндеу тәртібін оқып-үйренуі тиіс.
Орындап көр.
Оқушылар өз бетінше электрарматураны жөн-
деп көреді. Ол үшін жеке жұмыс орнын ұйымдас-
тыру қажет. 
Жұмысқа ыңғайлы болу үшін құрал-жаб-
дықтарды үстелге дұрыс орналастыру керек. Ма-
териалдар (электрсымдар, розетка, ажыратқыш, 
штепсель ашасы, патроны бар лампа, бұран-
далар, гайкалар, оқшаулағыш таспа, т.б.) – сол 
жақта, электр және қол құралдары – оң жақта, 
ал монтаж далатын немесе жасалатын үлгі және 
оның сызбалары – алда, ортада. Тек бұзылмаған 
құралмен жұмыс істеу керек. Монтёр пышағымен 
жұмыс істеу кезінде ерекше сақ болсын. Электр 
сымын монтаждау кезінде жұмыс реті сақталсын. 
Тістеуік, кемпірауыз, қысқаш, үшкір тістеуік сапта-
ры оқшаулағышпен оралуы тиіс. 
Сымдар нық оқшаулану керек. Жалғастырғыш 
бұрандалар тығыздап тартылсын. Электрармату-
раны жөндеу кезінде оқушыларды қолдап оты-
рыңыз, жалғау жолын, орнын және жалғанатын 
нәрсені көрсетіңіз. 
Қосымша тапсырма 
Зерттеу жұмысында электрарматурадағы 
электр тізбегінің кернеуін және байланыстардың 
жалғасуын индикатормен тексеру керек (электр 
айыры, электрпатрон, электражыратқыш, электр 
розетка). Индикаторды (сынаспапты) 42 В аспай-
тын кернеудегі желіге жалғауды тек мұғалімнің 
рұқсатымен жүргізу керек. Зерттеу деректері дәп-
терге жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет