73
Көрк
ем еңбек
4-тарау. Үй мәдениеті
міндет терінің бірі – жерді қорғау, топырақты
зиянды заттармен ластамау, өйткені топыраққа
сіңген зиянды заттар өсімдік, мал өнімдері арқылы
адам ағзасына түседі. Адам баласы асыға күтетін
жаңбырдың өзі жер бетінің кей өңірінде қауіпті
құбылысқа айналып барады. Қышқылды жаңбыр
деген күрделі әрі шешуі күрмеулі мәселе пайда
болды. Аталмыш мәселені Швеция мемлекеті
Біріккен Ұлттар ұйымының қоршаған орта
мәселелері қарастырылған конференциясында
алғаш рет халықаралық деңгейде көтерді. Содан
бері ол адамзаттың табиғатты қорғаудағы басты
мәселелерінің біріне айналды.
Анықта.
Бұл айдар оқушылардың өз бетінше зерттеу
дағдыларын дамытады. Оқушылар суреттерге қа-
рап, пәтер атмосферасын бұзып тұрған химиялық
ластау көздерін анықтауы тиіс.
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар винил тұсқағаздарды, құрамына
хлор қосылған жуғыш құралдарды, ағаш-жаңқа
тақталардан жасалған жиһазды, газ плиталарын,
линолеумдерді және еден жабындарын атауы
мүмкін.
Есте сақта!
Тапсырма өткен материалды есте сақтау үшін
берілген. Тапсырманы орындамас бұрын пәтер
экологиясын жақсарту, үйдегі ауаны тазартудың
қандай қажеттілігі бары жайлы әңгімелесіңіз.
Тақтаға оқушылардың жауаптарын жазыныз, олар
берілген тапсырманы оқысын. Оқушылармен
бірге ере женің әрбір тармағын талқылаңыздар.
Орындап көр.
Жеке тәжірибеңізге сүйене отырып, балаларға
өз пәтерлерін зерттеуді ұсыныңыз. Денсаулыққа
жағымды және жағымсыз әсер ететін факторлар-
ды ататыңыз. Жасаған қорытындыларын зерттеу
альбомдарына жазсын.
Қосымша тапсырма
Оқушылардан бұл тапсырманы өз бетінше
орындауды сұраңыз. Әрбір оқушы тұрғын үй эко-
логиясы туралы не ойлайтынын, өз үйінің, қа-
ласының, елінің экологиясын қалай жақсартуға
болатыны жөніндегі ұсыныстарын жазсын. Бұл
тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Интер-
нет ресурстарын пайдалануға рұқсат беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |