Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет89/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер 
Материалды түсіндіруді еліміздің бүгінгі 
таңдағы экологиясы жайлы әңгімеден бастаған 
жөн. Қазақстанның ірі өндіріс орындары орна-
ласқан шығыс, оңтүстік және орталық аймақта-
рында бірнеше ірі қалалардың экологиялық көр-
сеткіштері нашар болып саналады. Бұл қалаларға 
Өскемен, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Пав-
лодар, Қарағанды қалалары жатады. Бұл қалалар-
да адам денсаулығына және табиғи ортаға зиянды 
қорғасын, мырыш, фосфор т.б. өндіретін өндіріс 
орындары шоғырланған. Мұндай кәсіпорындар-
дан шыққан түтін мен өзен-көлдерге жіберілетін 
зиянды қалдықтар адамға да, табиғатқа да ора-
сан зор залал келтіреді. Ірі мегаполистерде жыл 
сайын көбейіп келе жатқан автомобиль түтіні де 
ауаны ластайтын факторлардың біріне айналған. 
Мысалы, Астана қаласында қазірдің өзінде 350 
мыңнан астам автомобиль бар. Атмосфераға 
шыққан газ адам ағзасын улап, кісі өліміне апара-
ды. Қазақстанда әлі күнге дейін жанар-жағармай 
сапасына байланысты еуростандарт енгізілмеген. 
Тақырыпты жан-жақты ашу үшін «Қазақстан эко-
логиясы», «Тұрғын үй экологиясы» бейнефильм-
дерінің үзінділерін көрсетіңіз. 
Суреттерге мұқият қара. 
Бұл тапсырманы тұрғын үй экологиясына ықпал 
етуші мәселелер көрсетілген кластерлер түрінде 
(плакат, сызба) орындауды ұсынуға болады. Бұл 
айдарда оқушыларға суретке қарауды ұсыныңыз. 
Онда не бейнеленгенін сұраңыз. Тұрғын үй эколо-
гиясы дегеніміздің не екенін айтып берсін. Қандай 
факторлар денсалығымызға кері әсерін тигізеді? 
Адам денсаулығына кері әсер ететін факторлар 
туралы әңгімелесіңіз. Бұл тапсырма өз бетінше 
зерттеуге берілген. Оқушылар оқулықта берілген 
кестені толтырсын. 
Қоршаған ортаның экологиясы – әлемнің 
барлық елдеріне қатысты мәселе. Жер бетінің 
1/6 бөлігі ғана құрлық, яғни бүкіл адамзат өмір 
сүретін жер осы ғана. Адамның аса маңызды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет