Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет96/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер 
Оқушылардан сұрақтарға жауап беруді және 
сызбаны оқып-зерттеуді сұраңыз (жауаптарды 
үстіндегі тілшеге жазу керек). 1. Микроклиматқа 
қандай факторлар әсер етеді? 2. Адам өмірі үшін 
микроклиматта қандай қолайлы жағдай болуы 
тиіс? 
? ?
МИКРОКЛИМАТ
1. 2.
Адам өміріне қолайлы болуы үшін бөлме тем-
пературасы жазда 20-22 градус, қыста 22-25 градус 
болуы тиіс. Микроклиматқа үйдегі ауаның ылғал-
дылығы да әсер етеді. Бөлмедегі ауа ылғалдылығы 
40-60% болуы керек. Ауа жылдамдығы қоршаған 
ортаның жылу күшіне байланысты. Ауа жылдам-
дығын ұлғайтқан кезде жылу беру жолымен кон-
венция көтеріледі. Бөлмеде қолайлы жағдай жа-
сау үшін алуан түрлі әдістер қолданылады. 
Назар аудар. 
Тапсырма жылу радиаторларының орналасуын 
өз бетінше оқып-үйрену мақсатында ұсынылған. 
Оқулықта үйдегі жылу радиаторларының орна-
ласу алгоритмдері берілген. Берілген талаптарды 
оқушылармен бірге қарастырып, олардың себеп-
терін түсіндірген жөн.
Анықта.
Оқушылар үйдегі микроклиматтың не екенін 
біледі. Енді олар үйдегі микроклиматты жиһазды 
дұрыс қою арқылы да жақсартуға болатынын түсі-
неді. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар 
қонақ бөлме мен жатын бөлмеге, балалар бөлмесі 
мен асүйге жиһазды дұрыс қою туралы кеңестер-
мен танысады. 
Орындап көр.
Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін дамытуға арналған. Тапсырма 4 
немесе 6 оқушыдан құрастырылған топтарда 
орындалады. Сабақ соңында дайын жұмыстарды 
талқылауға шығару қажет. 
Тапсырманың мақсаты: интерьерді дұрыс ой-
ластыруды үйрету.
Тапсырманы екі нұсқада, ПВХ немесе қағазды
пайдаланып орындауға болады. 
Құралдар мен материалдар: 
1. Қағаздан жасалатын бұйымдар: қайшы, сыз-
ғыш, түрлі түсті қағаз, А4 форматты парақтар
тұсқағаз, желім, қатты қағаз, б/п орама. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет