Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет93/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Қосымша тапсырма
Оқушылар мынадай мәселелерге жауап іздей-
ді: 
Қазіргі заманғы музыканы шулы музыка деуге 
бола ма? 
Физика, биология, медицина, музыка және 
басқа ғылымдар тұрғысынан шу дегеніміз не? Осы 
мәселені зерттеу ісіне тағы қандай ғылымдар-
дың қатысы бар? Оқушылардан өз пікірлерін
дәлелдеуді сұраңыз. 
Түрлі көзқарастар тұрғысынан қарағанда 
адамға шудың әсері неден тұрады? Жағымды 
және жағымсыз жақтарын ататыңыз. 
Ойлан және сұрақтарға жауап бер. 
Осы тақырыпты аяқтай келе, оқушылардан өт-
кен материал бойынша шу дегеніміздің не екенін, 
үнемі плеер арқылы музыка тыңдаудың салдары 
туралы пікірлерін жазуды сұраңыз.


76
Көркем еңбек
Тірек сөздер: микроклимат, экосистема, желдету.
Оқулық: Үйдегі микроклимат, 76-77 беттер.
Сабаққа байланысты деректі материалдар 
Үйдегі микроклиматтың маңызы зор. Қолайлы температура мен ылғал адам өмірін жайлы 
қылып қана қоймай, денсаулығын да жақсартады. Бұл ретте тұрмыстық техникалардың да әсері 
зор. Адам өмірінің көп уақытын үйде өткізеді. Сондықтан да тұрғын үй адам денсаулығына, көңіл-
күйі мен жұмыс қабілетіне әсер етеді. Үйдің суықтығы, ауаның ластануы және жоғары ылғалдылық 
адам денсаулығының нашарлауына себеп болады. Адам үшін үй – жаңбырдан, суықтан, ыстықтан 
қорғайтын, сондай-ақ жұмыс істеп, демалуына қолайлы жағдай жасайтын баспана, тұрғын жай. 
Сапалы пластик терезелер жылуды сақтайды. Пәтерді экосистема деп қарастыруға болады, өйткені 
ол ағза мен бейорганикалық компоненттердің жиынтығы болып табылады.
Үйдегі микроклимат
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• микроклимат дегеніміздің не екенін біледі
• микроклимат өлшемдерімен танысады; 
• пәтердегі жарықтандыру (табиғи және жа-
санды) және желдету талаптарын сақтауға 
үйренеді.
Ресурстар:
жарықтандыру (табиғи және жасанды) және 
желдету әрекеті бейнеленген көрнекі фотосурет-
тер мен бейнематериалдар; зерттеу жұмыстарына
арналған дәптерлер, альбомдар, сызуға арналған
құрал-жабдықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет