Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет98/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сұраққа жауап бер. 
Рефлексияда оқушылардың өз ойын білдіруге 
қаншалықты дайын екенін, нені жақсартуға неме-
се өзгертуге болатынын біле аласыз.


80
Көркем еңбек
80
Оқушылар тарау тақырыптарын меңгеру барысында ауыл шаруашылығындағы заманауи техникалар 
және жабдықтар бойынша білімдерін толықтырды. 
Электроарматура жайында біліп, оны жөндеуді үйренді. 
Тұрғын үй экологиясын сақтаудың маңыздылығын түсініп, адам денсаулығына зиян келтіретін 
факторларды қарастырды. 
Үйдегі микроклиматтың негізгі параметрлерімен танысып, өз пәтерлерінің макеттерін жасап көрді. 
Оқушылар тарау тақырыптарын оқып болған соң, макеттердің көрмесін ұйымдастырып, оған 
өздерінің жұмыстарын ұсынды. 
Осы тарауды оқу кезінде оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеді. Зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
өзіндік шығармашылық тапсырмаларды орындады. 
Тарауды оқыту бойынша өз жұмысыңызды және оқушылар жұмысын талдай отырып, мына 
сұрақтарға жауап беріңіз: 
Әрбір оқушының қызуғышылығын тудыра алдыңыз ба?
Теориялық материалды тексеру үшін қандай әдістерді қолдандыңыз?
Өзіңіз үшін қандай жаңалық аштыңыз?
Әрбір сабақтың және тақырыптың өз ерекшелігі бар. Болашақта осы тарау бойынша жасалатын 
жұмысты жетілдіру үшін кестеге туындаған қиындықтарды, жол беруге болмайтын және алдағы уақытта 
жақсартылатын мәселелерді белгілеп қойыңыз.
Үй мәдениеті. Қорытынды
Сабақ/тақырып 
Қандай қиындық 
туындады? 
Қалай шешуге/
жақсартуға болады?
Ескертулер 


81
Құрметті мұғалім! 
Бұл оқу жылы барысында оқушылар әртүрлі жанрлардағы өнер туындылары мен түрлі мақсатқа 
арналған бұйымдардың дизайнын жасады. Оқушылар күнделікті өмірде технологияның адамға қандай
мүмкіндіктер беретінін ұғынды. Олар талдау және зерттеу барысында өз білімдерін тексеріп көрді
шығармашылық жұмыс барысында креативті идеяларын жүзеге асыра алғанын ерекше атап өтуге 
болады. Бұл - оқушылардың еңбегі ғана емес, сіздің де жетістігіңіз. Сіз оқушылардың шығармашылық 
қабілетінің қалай ашылғанын көрдіңіз және аздаған жаңалықтарына олармен бірге қуандыңыз. 
Қорытынды шығаратын, өзіндік рефлексия жүргізетін кез келді. Ойланып, мына сұрақтарға жауап 
беріңіз:
• Оқыту барысында өзім үшін қандай жаңалық аштым?
Сыныптың, әрбір оқушының белсенділігін арттыру үшін қандай тәсілдерді қолдандым? Қойылған 
мақсаттарға жеттім бе?
• Саралау үшін ___________________________ оқыту _____________________ қолданылды.
• Маған ____________________________________________ түсініксіз болды.
• Менің ойым __________________________________ біршама өзгерді.
• Мұны _________ түрлендіруге, жақсартуға болады. 
Алдағы уақыттағы жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет