Көрнекілігі: Интерактивті тақта Пәнаралық байланыс



бет3/5
Дата07.02.2024
өлшемі1.08 Mb.
#491245
түріСабақ
1   2   3   4   5
XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалды сайысы

БИОЛОГИЯ

  1. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат (Цитоплазма)

  2. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (Ұлпа)

  3. Микоскоптың ең негізгі бөлігі (Көру түтігі)

  4. Өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі (Минералды қоректену)

  5. Тыңайтқыштар қандай топтарға бөлінеді? (Органикалық, Минералды)

  6. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым (Биология)

ИНФОРМАТИКА

  1. Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау керектігін түсінікті және дәл көрсететін нұсқаулар реті (Алгоритм)

  2. Детектор, доктор, фильтр, ревизор қандай программалардың түрлеріне жатады? (Вирустан қорғау - антивирусты бағдарламалар)

  3. Файлдарды сығу үдерісі (Архивтеу)

  4. Бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм (Циклдік алгоритм)

  5. WinRar, WinZip, WinArj нелер болып табылады? (Архиватор программалары)

  6. Арнайы жазылған, шағын көлемді, «көбеюге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті компьютерлік программа (Компьютерлік вирус)

ӘДЕБИЕТ

  1. Суреттелген затты шамадан тыс асырып айту арқылы тіл әсерлілігін арттыратын көркемдік тәсіл (Гипербола не әсірелеу)

  2. Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді суырып салып та, жазып та шығаратын, Аягөз ауданында 1802 жылы дүниеге келген жырау (Дулат Бабатайұлы)

  3. Ойды сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен өзі айқын затты әсерлі леппен, сұрау түрінде айту (Риторикалық сұрау)

  4. Прозаик, драмматург, жазушы, қоғам қайраткері, лирик және «Далада»өлеңінің авторы (Сәкен Сейфуллин)

  5. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны» атты өлеңдері бар ақын (Ілияс Жансүгіров)

  6. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата түсіру (Градация)

ГЕОГРАФИЯ

  1. Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар (Плутон)

  2. Жер бетінің белгілі масштаб бойынша жазықтықта шартты белгілермен кескінделуі (Географиялық карта)

  3. Жер бетінде жыл маусымдарының ауысу себебі не? (Күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсу уақытының ұзақтығы)

  4. Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде кішірейтілгенін көрсететін шама (Масштаб)

  5. Дүние жүзіндегі ең биік тау? – Гималай

  6. көктемгі күннің теңелуі қашан? (21 наурыз)

ТАРИХ

  1. Көшпелі мал шаруашылығының түрлері (Көктеу, Жайлау, Күзеу, Қыстау)

  2. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа (Сақ)

  3. Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады? (Микролит)

  4. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі (Өнімді еңбек пайда болды)

  5. Еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастаған тас ғасыры (Энеолит дәуірі)

  6. А дамдардың шығу тегін жануар, өсімдік және табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ұғым (Тотемизм)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет