Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар. (КІТАП – Книга - Book)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз – Слово – Word )
Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер – Тетрадь - Copybook)
Көп болса алыстайсың мезетпен қашықтайсың Асықсаң аз болады Табасың мұны қайсысың? (Уақыт – Время - Time)
Ашылып,
жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік – Дверь – Door)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп –Школа - School)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш – Линейка – Ruler)
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар. (Сағат – Часы – Watch)
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін. (Көз – Глаза – Eyes)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? (Ұстаз – Учитель – Teacher)