ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
«ДОДА»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын
деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
5 (бес) адам қатысады. Бірінші турда жиналған ұпай екінші турда сақталады. Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады. Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде алты сұрақ болады, әр сұраққа дұрыс жауап берген ойыншыға 10 ұпай қосылады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған төрт ойыншы үшінші турға шығады, ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Сөздердің қайталануы арқылы жасалатын сөз табы (Қос сөз)
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі (Түбір)
Халықтың наным – сеніміне байланысты атын тура айтуға тиым салынған сөздер (Табу)
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздер (Атауыш сөздер)
Адамның әр-түрлі көңіл – күйін немесе білдіретін эан жануарларды шақыруға қолданылатын сөздер (Одағай)
Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар (Сапалық және Қатыстық)
МАТЕМАТИКА
Екі қатынастың теңдігі не деп аталады? (Пропорция)
Кез келген рационал санды қандай периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады? (Шектеусіз)
Нөл санының модулі нешеге тең? (0 – ге тең)
Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не деп атайды? (Масштаб)
1 килограммда қанша грамм бар? – 1000 грамм
Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кімнің бойы ұзын? – Жанат ұзын
Достарыңызбен бөлісу: |