МҰРЫН ҚУЫСЫНЫҢ КҮТІМІ
Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау,мұрынмен тыныс алудың бұзылуының алдын-алу,дәрілік ерітіндіні тамызу алдында.
Көрсетілімі:пациенттің ауыр жағдайда болуы, құрғақ, қатып қалған қабыршықтардың және мұрын қуысынан сілемейлі бөлінділердің болуы.
Дайындаңыз: стерилді: мақта турундыларын, мензурканы, пинцеттерді, вазелин немесе өсімдік майын, лотоктар (стерилді және қолданған заттарға арналған), қолғаптарды; ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.
Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз)
Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.
Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.
Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.
Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.
Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.
Пациентті Фаулер қалпына жатқызыңыз.
Сол қолдың 4 саусағын пациенттің маңдайына қойыңыз, үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз, мұрын қуысын мұқият қарап шығыңыз. Себебі: сілемейлі бөлінділер, қатып қалған қабықтар болуы мүмкін.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.
Құрғақ мақта турундаларын мұрын қуысына сілемейлі бөлінділерді шығару мақсатымен жеңіл, айналмалы қимылдармен енгізіңіз.
Мензуркаға стерилді вазелин майын құйыңыз–мұрын жолдарындағы құрғап кеткен қабыршақтарды жұмсарту мақсатымен.
Турунданы пинцетпен алып вазелин майымен ылғалдаңыз, қабырғасына аздап сығыңыз.
Турунданы оң қолыңызға алыңыз және жеңіл, айналмалы қимылдармен мұрын қуысына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа қалдырыңыз (кеуіп кеткен қабыршықтар бар болғанда).
Турунданы мұрын қуысынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз– мұрын қуысындағы қабыршықтардың шығуына септігін тигізеді.
Қолданыста болған трундаларды қолданған заттарды жинайтын лотокқа салыңыз.
Екінші мұрын қуысын тура осындай реттілікпен тазалап шығыңыз.
Қолданылған турундаларды ҚЖЖК-ге салыңыз, пинцетті, мензурканы ішінде дезинфекциялайтын ыдысқа салыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |