Дәріс 8.Қарлұқ мемлекетінің пайда болуы
-
Қарлұқ мемлекеті, пайда болуы.
-
Қарлұқ мемлекеті, саяси бірлестігі.
Қарлұқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бүл кезде қарлүқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының қүрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-бұлак, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлұқ тайпалар одағының билеушісі ел-тебер деп аталды. УІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының құрамына енген қарлұқтар оның билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап түрған.
742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның-қарлүқтардың, үйғырлар мен басмалдардың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына кешіп, олардың көсемі қаған бола-ды. Қарлүқтар басшысы мен үйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, көп кешікпей бүлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды үйғырлар мен қарлүқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет ¥йғыр қағанаты (744-840жж.) қүрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлүқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ карлұқтардың дербестікке үмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөліиіп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлүк тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Ал мұндағы Түргеш мемлекетінің саяси жағдайы тым күрделі болатын. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара кырқысқан күрестен әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы - Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.
Қарлүк тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды.
Қарлұқтардың саяси бірлестігі
Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлүқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.
Бүл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, ша-рухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның қүрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.
Қарлұк қағандығы билікті өз қолдарына алғаннан кейін, батыстағы Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен, саманидтермен үзақ жылдар бойы соғыс қимылдарын жүргізді. Қарлұқ жабғуы IX ғ. басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы араб-тар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы Қимак еліне қашып кетуге мәж-бүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.
Қарлұқтардың шығыстағы Ұйғыр қағанаты мен жүргізген бәсекелестік әрекеті, қақтығыстары да сәтсіздікпен аяқталады. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары мен малдарын қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады. Осы жеңілістен кейін Қарлүқ жабғуы Монғолиядағы Ұйғыр қағанының билігін мойындауға мәжбүр болады.
840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға орын алды. Енесей қырғыздары ¥йғыр қағанатын талқандап, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бүл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге қүл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, езінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жария-лайды. Алайда қарлүқтардың билігі берік болмады. Сол жылы Орта Азия саманилері оған қарсы «қасиетті соғыс» жариялап, Исфиджабты басып алды. Қала көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ кағаны Оғүлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала қүлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғүл-шақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, самани-лерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бүл кезде Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қана қоймай, олардың мемлекетіне жорықтарда жа-сап түрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ көп үзамай тастап кетуге мәжбүр болды.
Қарлүқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бүл, әри-не, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін кеңейтуге тырысты. Осының салдары-нан қарлүқ жабғылары билігінің аты болмаса, заты жоқ тұғын.
Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы – кұлдар болатын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Кошпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940-жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
-
Қарлұқ пайда болуынының маңызы.
-
Қарлұқ тайпаларының ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
-
Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
-
Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
-
Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Дәріс 9. Оғыздар мемлекеті құрамындағы тайпалар
-
Оғыздар мемлекеті, құрамындағы тайпалар.
-
Мемлекеттің саяси ролі.
Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.
Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жер-лері Ыстыккөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, қарлүқтардың шабуылынан кейін Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орнала-сады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен үзақ уақыт соғысуға тура келеді. Кангар - печенегтер мен соғыста оғыз-дар осы өңірдегі бұрыннан тұратын халықтармен одақ құрады. Оның құрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңын-дағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бүл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы ай-мақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді.
Истахри жазып қалдырған "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлүқ пен Бүлғар және мүсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджабпен шектесіп жатқан. Махмүд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.
IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан. X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын үлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің қүла түзі, оңтүстік-
шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған.
Оғыздар мемлекетінің саяси рөлі
X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак да-ласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарла-рын Кел-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде еткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға «қатын» деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаларға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.
965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды. Хазар қағанатының талқандалуы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себепші болды.
985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыстаудан /оғыздар Манкишлак деп атаған үстірттен/ өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік даму жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың жалғасы ретінде ел билеу институттары сақталды. Ал жабғудың билігін ірі әскери тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды.
ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл - мемлекетте тұрақты басқару аппаратының қүрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан құрылды.
Оғыздар қоғамында феодалдық жекеменшік түрі қалыптасып дамыды, Сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен кұлдар бұқарасы тіршілік еткен.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
-
Оғыздардың пайда болуынының маңызы.
-
Оғыз тайпаларының ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
-
Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
-
Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
-
Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Дәріс 10.Қимақ мемлекетінің тарихы
-
Қимақ мемлекетінің пайда болуы және дамуы.
-
Қимақ мемлекетінің шаруашылығы
Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Монғолияны мекендеген, ал ҮІІ ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшысы «шад тұтұқ» деп аталған. ҮІІІ ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сыр-дария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүс-тік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады.
766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тай-падан: эймур, имек, кыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан түратын кимек федерациясы қүрылды. Кимек тайпаларының басшысы «байгу» (жабғы) деп аталады. Бүл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған.
IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бүл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сырдария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тайпаларын талқандайды. Печенегтерді бұл жерлерден ығыс-тырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мүның өзі сонымен бірге кимек тайпаларына Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін тақап баруға жол ашады және Кимек мемлекетінің күшейіп, өркен жаюына да себепші болады. Сондай-ақ Кимек билеушілерінің қүдірет күші едәуір арта түседі. Олар мемлекетініц ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.
IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хакан-нан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің қүрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-тұтұқтер билеген.
Кимек мемлекетінің қалыптасып осуіне қарай, олардың тайпаларыньщ құрамы да езгеріп отырған. Тарихи деректердің көрсетуі бойынша, бұл кезде қағанат құрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің едәуір орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шүғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде түрған, бүл мекендер бірте-бірте қалаға айналған.
Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Мәдени және әлеуметтік жағынан алғанда кимектер көп жағдайда VI - X ғасырларда көне түріктер қауымында қалыптасқан дәстүрлерді мирас етіп алып, оларды едәуір дамытып отырған.
IX ғасырдың екінші жартысы мен XI ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Қаған елді көптеген басқарушыла-ры арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналысқан.
Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сыйынған. Олар күнге, жүлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс езенін қасиет тұтып, "өзен-адамның тәңірі" деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат /мүсін/ койып, оған табыну салты кеңінен тараған.
XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бүдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның қүрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындары-нан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
-
Қимақтардың пайда болуынының маңызы.
-
Қимақ тайпаларының ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
-
Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
-
Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
-
Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.
А., 2002.
Дәріс 11.Қара қытайлар мемлекеті
-
Қара қытайлар мемлекеті.
-
Найман мен Керейттер ұлысы.
Монғол тілді кидан тайпалары б.з. IV ғасырында Қытай-дың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандық тар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға карай жылжиды. Алай-да, осыған қарамастан - Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Корші тайпалардың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді- 1125 жылы ол тұңғыс-маньчжур тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтындай жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашының басшылығы-мен батысқа қарай көшіп, олардың саяси ықпалы Жетісу жеріне, Сырдарияның оц жағалауына және басқа аймақтарға тарады. Жергілікті жерлердегі түркі тайпалары кидандарды қарақытайлар деп атады.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
-
Қарақытайлардың пайда болуынының маңызы.
-
Найман мен Керейт ұлыстардың ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
-
Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
-
Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
-
Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.
А., 2002.
Дәріс 12.Қараханидтер мемлекетінің пайда болу тарихы
-
Қараханидтер мемлекетінің пайда болуы, даму тарихы.
-
Қараханидтер мемлекетінің саяси жағдайы.
1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. 1137 жылы кдрақы-тайлар Ходжент қаласы жанында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады. Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжүк сүлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдап кейін Елюй Дашы өзін ең жоғарғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. Қай-тар жолда гурхан әскерлері Бүқараны оңай басып алып, Баласағүн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бүқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Қарахандар әулетін қарақытай-лар өз боданына (вассал) айналдырды. Осы ұлан-байтақ өңірді мекендеген халықтар, соның ішінде түрік тайпалары мен ұлыстары Қарақытай мемлекетінің құрамына кірді. Қарақытайлар өзіне бағынған үлыстардың хандарын және аймақтардың билеушілерін өкімет басынан тайдырмады. Олар Қарақытай өкіметіне бодан ретінде бағынды да, өз биліктерін жергілікті жерлерде жалғастыра берді. Қарақытай өкіметі олардан тек алым-салық алуды ғана білді. Алым-салықтың екі түрі болды. Оның бірі - үй басынан алынатын бір динар түтін салығы, екіншісі, егіншілер өнімінің оннан бірі көлемінде алынатын астық салығы еді.
Қарақытайлар Жетісу және Орта Азия жерлерін басып алған кезде, ондағы қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпады. Өйткені олар бүл жерлердегі қалалармен және егіншілік аймақтармен сауда жүргізуге мүдделі болды. Олар мұндағы өздеріне дейінгі саяси-билік құрылымды және әр түрлі аймақтар арасындағы өзара байланыстарды өзгертпеді. Қарақытайлардың әрбір қалада өз билеушісі отырды. Ол Қарақытай гурханына салықтан түскен ақша-ны жеткізіп беріп тұрды. Хорезмде алымдар мен салық-тарды гурханның арнайы жіберген адамдары жинады. Ал басқа аймақтарда алым жинау және оны қарақытайлардың астанасына жеткізу жергілікті феодалдарға міндеттелді.
Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен қатар басқарудың патриархаттық - феодалдық принциптері нығая түсті. Дегенмен мүнда жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болды. Мәселен, гурхан өлген жағдайда оның мүрагері болып әйелдері тағай-ындалу орын алды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды.
Қарақытай билеушілері өзі орналасқан қалаларда хан сарайларын, будда ғибадатханаларын салдырды. Оларды салуда Қытайда қалыптасқан құрылыс үлгісі мен өнер өрнектері қолданылды. Қалаларда қол өнер мен сауда да-мыды. Көшпелі мал шаруашылығымен шүғылданған аймақтарда егіншілік етек алды. Арпа, бидай, тары, күріш сияқты астық дақылдарымен қатар, сулы жерлерде мақта да егілетін болды. Жеміс-жидек бақшаларында алма, анар, жүзім т.б. өсірілді.
Қарақытай мемлекетінде түратын түркі халықтарының кепшілігі ислам дінін қабылдады, сонымен бірге онда буд-да дініне сенушілер де, несториан дінін үстанушыларда кездесті. Елюй Даши 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Табүян басқарды. Жеті жылдан соң Дашидың үлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. гурхан болды. Ол қайтыс болған соң, қарындасы Бүсүған таққа отырып, 1164-1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Қарақытай ордасында саяси өзгерістер болып, Бүсүған өлтірілді. Оның орнына Иленің баласы Жилугу гурхан болды. Жилу-гу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді.
Жилугу үстемдік еткен кезде кидан ақсүйектері алым-салықты көбейтіп, халықты аяусыз езіп қанады. Қарақытайлар өздерінің салық саясатын айтарлықтай өзгертіп, ашық тонауға көшті. Олар бейбіт қоныстарға шапқыншы-лық жасады, адамдарды өлтірді, тұтқынға алды, тонады. Жаңадан жаулап алған аймақтарда Қарақытай әскерлері едәуір шоғырланды. Енді оларға жергілікті халықтың салым төлеу міндеттілігі күшейді. Бұдан басқа қарақытай шонжарларының басқаруы халықты үлкен ауыртпалыққа үшы-ратты, олардың қысым жасауы, әсіресе салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары бүқараның наразылығын туғызды. Нәтижесінде Қарақытай мемлекеті әлсіреп, Орта Азияда басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан гурид билеушілері қара-қытайларға күйрете соққы берді. Көп кешікпей гурханның қол астынан қүтылуға тырысқан Хорезмде қарақытайларға қарсы шықты. Гуридтерге қарсы күресте Қарақытай мемлекетін қолдаудан бас тартқан Хорезм-шахы Бүхараны қор-шап басып алды. 1205 жылы қарақытайлар Термезден кетті. Осыдан кейін олардың бодан-вассалдары - Самарқанд пен Бұқара билеушілері - гурханға қарсы күресте Хорезммен одақтасты. 1210 Хорезмшахы Мұхаммед Тараз қаласының жанында қарақытайларға күйрете соққы берді. Бүл жағдайды Жетісу жеріне көшіп келген наймандар пайдаланды. 1213 жылы қарақытайлардың Жетісудағы иеліктері най-мандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті. Сөйтіп, Қарақытай мемлекеті ыдырап тарады.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
-
Қараханидтердің пайда болуынының маңызы.
-
Қараханид тайпаларының ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
2.Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
3.Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |