жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халқының
бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тәжірибесі жинақталған ауыз әдебиеті
нұсқаларын — жыр-толғауларды,
аңыз-әпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол
арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-
тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты.
Ислам ренессансын бастан өткеріп, әлемдік ғылымдар мен ғылыми-
танымдык ізденістердің бастауына (
әл-
Хорезмидің
"әл-Жебрасы", Ұлықбектің
астрономия зерттеулері,
Омар Һайям
ның аспан денелерінің картасы,
Әбу Әли
Ибн Сина
ның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі
әлемінің ішкі
тұтасуының саяси-экономикалық, мәдени және этногенетикалық үрдістері,
Шыңғысхан империясының шапқыншылығы кезінде күрт тоқырауға ұшырады.
Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы территория шегінен тысқары кетуге
мәжбүр болды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі Шыңғысхан империясының саяси
құрылымын, әлеуметтік- құқықтық негіздерін жетілдіруге атсалысып, ұлан-
ғайыр кеңістікке қанат жаюына тікелей жәрдемдесті. Шыңғысхан Түркі қағанаты
кезінде қалыптасқан әскери-әкімшілік жүйені бұлжытпай басшылықка алды. ХV
ғ-дың 60-жылдары құрылған Қазақ хандығының тағдыры ұлы Түркі қағанаты
және Шыңғысхан империяларының
тарихымен тамырласып, шығыс
Дешті
Қыпшақ
,
Жетісу
мен
Түркістан
территориясындағы
сан
ғасырлық
әлеуметтік-экономикалық, этносаяси үрдістердің заңды жалғасы ретінде өрбіді.
Аралас, яки көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы қатар
дамыған, дәстүрлі қала мәдениеті бар өлкенің табиғи топтасуы негізінде ХІV-ХV
ғ-лардағы біртұтас экономикалық аймақ құру үрдісі бүкіл қазақ жерін бірегей
саяси құрылымға біріктіруге жағдай жасады. Үш жарым ғасырдай Орталық
Азияда елеулі рөл атқарған Қазақ хандығы мемлекеттік нышандарын жетілдіріп
қана қойған жоқ,
қазақ ұлтын тұтастырып, оның этникалық жер аумағын
нығайтып, рухани және материалдық мәдениетін дамытты. Әлемдік
шаруашылық жүргізу тенденцияларының өзгеруі Еуразия ендігіндегі геосаяси
ахуалға қаяу түсірді. Елдің солтүстігінде өз тауарларын өткізу рыногын әрі арзан
шикізат көзін иемдену, әділетсіз экономикалық айырбасқа жол ашу мүддесі
көкейін тескен Ресей империясы ентелеп тұрды.
Адамзат дамуындағы ерекше
тарихи-мәдени бітім — Дала өркениетінің бесігі болған Орталық Азия елдері
сияқты Қазақстан да осы кезеңнен бастап сол империяның геосаяси мүдделерінің
орбитасына айналды. Әскери-әкімшілік шаралардың ғана емес, сондай-ақ
адуынды идеология аппараттың көмегімен отаршылдар этномәдени тұтастықты
бұзып, ұлттық нигилизмге, тарихи жадсыздыққа дем берді. Көшпелілер қоғамын
"басқаруға келмейтін, жабайы, қиратушылық қарымнан аспайтын, прогрессивті
дамудың алғышарттарына қарсы жөңкілетін күш" ретінде сипаттайтын пікір
орнықты. Патша генералдары мен жазалаушы отряд
басшыларының өзі қазақ
даласындағы озбырлық әрекеттерін, отарлау саясатын "өркениетті әлемді
тағылықтан құтқару" деп түсінген. Тіпті, Батыс Еуропа ғалымдарының өзі
(
Тойнби
,
Р.Киплинг
,
М.Вебер
, Э.Трельч, т.б.) еуропада өркениет қана бар, ал өзге
кеңістік "тағыларды мәдениетті адамға айналдырудың алаңы" – деп есептеді.
Кез келген ұлттың өркениеттілігі, мәдени бітімі
сол елдің тәуелсіздігі
аясында өрбиді. Егемен ел — тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық
құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтас мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен