Кран-манипуляторлар құрылғысы мен пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар 1 тарау. Жалпы талаптар


- параграф. Кабиналар мен басқару пульттері



бет2/4
Дата15.06.2016
өлшемі366.5 Kb.
#137737
1   2   3   4

10 - параграф. Кабиналар мен басқару пульттері
75. Кран-манипуляторларды басқару кабиналары мен пульттері осы Талапқа сәйкес болады. Кабинаны орнату қажеттілігі техникалық тапсырмамен анықталады.

76. Кран-манипулятор кабинасының сынбайтын (жарылмайтын) шыныдан жарықтық саңылаулары болады. Ашық ауада пайдаланылатын кран-манипулятор кабинасының бүйір шынысы оны тазалау құрылғысымен және күн көзінен қорғайтын қалқанмен жабдықталады.

77. Кабинада есіктен басқа ашылатын терезе немесе люк қарастырылады.

78. Егер кабинаға аппараттарға 42 В артық кернеу берілетін болса, онда кабина еденінде диэлектр кілемшемен жабылған оқшаулағыш материалдан төсеніш төселеді. Резеңке кілемшелерді электр жабдыққа қызмет көрсету орындарында 42 В артық кернеуде жұмыс істейтін бұл жабдықтан 500 мм артық емес қашықтықта төсеуге рұқсат беріледі.

79. Кабина оператор үшін отырып аппараттарды басқаруға және жүкті бақылауға ыңғайлы орнатылған стационарлық кресломен жабдықталады. Отырғыштың биіктігі мен ені бойынша және арқасының бұрылу бұрышын реттеу мүмкіндігі қарастырылады.

80. Кабина қалыпты температуралық тәртіп және нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ауа алмасу қамтамасыз етілетіндей жасалып жабдықталады.

81. Стационарлық немесе тіркемелі кран-манипуляторлардың кабиналарының мынадай барынша аз ішкі өлшемдері болады: биіктігі - 2000 мм, ені - 900 мм, басқару иінтірегі аумағында ұзындығы - 1300 мм.

Өзі жүретін кран-манипуляторлар үшін кабинаның барынша аз ішкі өлшемдері: биіктігі - 1800 мм, ені - 920 мм, басқару иінтірегі аумағында ұзындығы - 1500 мм болады.

Негізді жағдайларда кабина биіктігін - 1450 мм, енін - 700 мм, басқару иінтірегі аумағында ұзындығын - 1100 мм дейін қысқартуға рұсқат беріледі.

82. Кабина қалыпты жұмыс кезінде жүктің кабинаға соғылу мүмкіндігі болмайтындай орналастырылады. Кран-манипулятор механизмдерін тікелей кабина астына орнатуға жол берілмейді.

83. Кабинаның электр жарықтандырғышы болады. Электр жетекті крандарда электр жабдықты ажыратқан кезде жарық қосылған қалпында қалады.

84. Кран-манипулятор кабинасында орнатылған электр жылытқыш аспаптар өрт қауіпсіз, ал оның тоқ жеткізгіш бөліктері – қоршалған. Электр жылытқыш аспаптар енгізу құрылғысынан кейін электр желіге жалғанады. Жылыту аспабының корпусы жерге тоғытылады.

85. Кран-манипуляторларды басқару аппараттары басқаруға ыңғайлы және жүкқарпығыш орган мен жүкті бақылауға қиындық туғызбайтындай, тұтқалар мен иінтіректердің бағыты рационалды және қозғалыс бағытына сәйкес болатындай орналастырылады. Қозғалыстар мен олардың бағыттарының шартты белгілері осы механизмдер мен аппараттарда көрсетіледі және аппараттарды пайдалану мерзімі бойында сақталады.

86. Механизмдердің қозғалысын басқарудың іске қосу аппараттарының бұл аппараттарға әсер етуі тоқтатылғаннан кейін нөлдік (қалыпты) жағдайға өзі келу құрылғысы болады.

87. Электр контроллерлік басқарылатын кран-манипуляторларда қорғаныс панелінің түйістіргісін іске қосу (енгізу құрылғысын) тек барлық контроллерлер нөлдік жағдайда болған жағдайда ғана мүмкін. Жеке нөлдік қорғанысты магнитті контроллерлердің нөлдік бұғаттауын, егер басқару пультінде магнитті контроллер жағдайы туралы ақпараттандыратын жарықтық дабылдама орнатылған болса, іске қоспауға рұқсат беріледі.

88. Кран-манипуляторды басқару үшін басқарудың бірден артық пультін пайдаланған кезде басқару органдары бір-бірімен механикалық байланысқан жағдайларды қоспағанда екі пульттен бір уақытта жұмыс істеудің алдын алатын құрылғы қарастырылады.

89. Кранның электр жетекті әр басқару пульті кран-манипулятордың барлық механизмі ажыратылатын авариялық тоқтау құрылғысымен жабдықталған. Жетек түріне қарамастан басқарудың барлық пульттері дыбыстық дабыл батырмасымен жабдықталған.

90. Ілінетін пультке арналған тасымалданатын корпус оған 42 В артық кернеулі электр желісі қосылған кезде оқшаулау материалынан орындалған немесе кемінде екі өткізгішпен жерге тоғытылады. Жерге тоғытушы өткізгіштердің бірі ретінде жұқа болат арқан пайдаланылады.

91. Жоғарыда орнатылған (кабинасыз кран-манипуляторлар үшін) оператордың (машинистің) креслосының отырғышында, арқалығында, сондай ақ шынтақ астына қойғышында жұмсартылған, жылу оқшаулағыш және суланбайтын (жуылатын) жабыны болады. Көліктік қалыпта оның креслосына дым (атмосфералық қалдықтар) жиналмайтындай орнатылады. Кресло мен оның бекіткіштерінің кран-манипуляторға металл құрылымдары қалдық бұзылуларсыз отырғыштың көлденең бетіне әрекет ететін 1600 Н тік жүктемеге шыдамды. Отырғышты көлденең ретке келтіру кез келген құралды пайдаланусыз жүзеге асырылады.

11 - параграф. Қоршаулар
92. Кран-манипулятордың оңай қолжетімді қозғалыстағы бөлігі оны қарау мен майлауға ыңғайлы болатын алынбалы металл қоршаулармен жабылады.

Міндетті түрде қоршалады:

1) тісті, шынжырлы және айналмалы берілістер;

2) шығыңқы бұрандалары мен шпонкалары бар қосатын жалғастырғыштар және сондай-ақ өтетін жерлерде орналасқан басқа да жалғастырғыштар;

3) оператордың (машинистің) жұмыс орнына немесе өтетін жерге жақын орналасқан барабаны; бұл ретте қоршау барабанға оралған арқанды бақылауға қиындық туғызбайды;

4) өтетін жерге арналған орындарда орналасқан біліктер.

93. Рельс жолдар (теміржолдарды қоспағанда) бойымен қозғалатын кран-манипуляторлардың жүрісті дөңгелектері дөңгелек астына бөгде заттың түсу мүмкіндігін болдырмайтын қалқаншалармен жарақталады. Қалқанша мен рельс арасындағы саңылау 10 мм артық болмайды.

94. 42 В артық кернеулі электр жабдықтың барлық тоқ өткізгіш оқшауланбаған бөліктері кран-манипулятордың өтетін және қызмет көрсету немесе оған жақын орындарында оператордың (машинистің) жұмыс орнындағы тұлғаның кездейсоқ жақындауын болдырмау үшін қоршалады.



12 - параграф. Саты алаңдары
95. Алаң, өтетін жер және саты құрылғылары осы Талапқа сәйкес болады.

96. Алаңдар мен өтетін орындардың төсеніші металлдан жасалады. Төсеніш алаңның барлық ұзындығы мен еніне жабылады. Төсеніш аяқтың тайғанау мүмкіндігі (бұдырлы, тесілген табақтар және сол сияқтылар) болмайтындай орындалады. Саңылаулары бар төсеніштерді пайдаланған жағдайда саңылаулардың бірінің үлкендігі 20 мм аспайды.

Беттің кез келген жерінде, қалдық бұзылусыз 125 мм диаметрлі шеңберде төселген төсеніш 1500 Н жүктемеге шыдамды. Төсеніштің серпімді бұзылуы 10 мм аспайды.

97. Алаңдар төмен жағынан үздіксіз қоршау құрылғысымен биіктігі 1000 мм төмен болмайтын 1000 мм биіктіктегі және аралық байланыста 500 мм биіктікте қоршаумен қоршалған.

Қоршау 100 мм ұзындыққа бөлінген, қалдық бұзылусыз 300 Н көлденең жүктемеге төзімді. Қоршаудың серпімді бұзылуы 10 мм аспайды.

98. Рельсті және стационарлы КМҚ алаңдарына қолжетімділік үшін сатылар 600 мм кем болмайды. Кран-манипулятордың өзінде орналасқан сатылардың ені, биіктігі 1500 мм төмен сатыларды қоспағанда 500 мм төмен емес. Биіктігі 1500 мм төмен сатылар ені 350 мм кем болмай орындалады.

Сатылардың баспалдақтары мен көлденең бөренелер 100 мм ұзындыққа бөлінген қалдық бұзылусыз 1500 Н дейінгі жүктемеге төзімді. Баспалдақтар мен көлденең бөренелердің серпінді бұзылулары 10 мм аспайды.

99. Иілу бұрышы 75 тен 90°-қа дейін сатылар үшін баспалдақтар арасындағы қашықтық 300 мм артық емес және иілу бұрышы 75° сатылар үшін 250 мм. Баспалдақ қадамдары сатының барлық ұзындығы бойына төзімді.

100. Иілетін сатылар екі жағынан баспалдаққа қатысты биіктігі 1000 мм кем болмайтын қоршаулармен жарақталады және сырғанау мүмкіндігін болдырмайтын ені 150 мм кем емес тегіс металл баспалдақтары болады.

Жерден немесе алаңнан бастап бірінші баспалдаққа дейінгі биіктік 400 мм артық болмайды.



13 - параграф. Жүк қарпығыш жабдықтар
101. Жүкқарпығыш жабдықтарды жобалау (строптарды, қарпығыштарды, траверстерді және сол сияқтылар) осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

102. Жалпы тағайындаудағы жүк строптарын жобалау мен дайындау РД 10-33-93 және РД 10-231-98 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

103. Болат арқандардан жасалған сторптар есебі арқан тармақтары санын және олардың тік иілу бұрыштарын есепке алумен жүргізіледі. Бірнеше тармағы бар жалпы тағайындаудағы строптардың есебі кезінде олардың арасындағы есепті бұрыш 90° тең болып қабылданады. Белгілі бір жүкке арналған строптар есебі кезінде нақты бұрыш қабылданады.

Строптар есебі кезінде арқандардың беріктілік қорының коэффициенті 6 кем болмай қабылданады. Көп тармақты строптар құрылымы барлық тармақтардың біркелкі тартылуын қамтамасыз етеді.

104. Кендір, капрон, мақта-матадан жасалған арқандар строптарының есебі арқан (лента) тармақтары мен олардың тік иілу бұрыштары санын есепке алумен жүргізіледі. Бұл ретте беріктілік қорының коэффициенті 8 кем болмай қабылданады.

105. Строптарды дайындауға пайдаланылатын кендір және мақта-мата арқандар МЕМСТ 30055 және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес болады.

106. Кендір немесе мақта-мата арқандардың ілмектерін өрудің екіден кем емес толық және екі жартылай тесіктері болады және бекітіледі.

107. Строптарды дайындау үшін синтетикалық және басқа материалдарды пайдалану жобада негізделу кезінде рұқсат беріледі.



3 - тарау. Кран-манипулятордарды, кранманипуляторлық қондырғыларды және жүк қарпығыш жабдықтарды дайындау,

қайта дайындау, қайта салу және жөндеу

1 - параграф. Дайындау
108. Кран-манипуляторлар мен кранманипуляторлы қондырғылар (бұдан әрі - КМҚ) осы Талапқа, жобаға сәйкес дайындалады.

109. Кран-манипулятордың тәжірибелік үлгісі паспортында «Тәжірибелік үлгі» штампы қойылады.

110. Кран-манипулятор паспорты жекелеген түйіндерді немесе КМҚ дайындаушы кәсіпорын құжаттамасы бойынша құрылады. Құжаттар кран-манипуляторды шығарушы кәсіпорында сақталады.

111. Кран-манипуляторды немесе жекелеген металл құрылымдарды басқа да көрсеткіштермен бірге дайындау мен дайындауға дейінгі ұйым стандартында дәнекерлеу сапасы мен ақаулы көрсеткіштерді бақылау, түйіндер мен дайын өнімді қабылдау тәртібі, дайындау үшін пайдаланылған металлдар мен дәнекерлеу материалдары туралы мәлімет бойынша шаралар қарастырылады.

112. Кран-манипуляторларды дайындау сапасын, оның осы Талапқа, ұйым стандартына сәйкестігін тексеру үшін дайындаушы алдын ала (зауыттық), қабылдау, кезеңді және қабылдау-тапсыру сынауларын жүргізеді. Алдын ала және қабылдау сынауларына кран-манипулятордың әрбір тәжірибе үлгісі тартылады.

113. Алдын ала (зауыттық) сынауларды кран-манипулятордың тәжірибелік үлгісін дайындаушы жобаны өңдеуші құрастырған әдіс пен бағдарлама бойынша ұйымдастырып жүргізеді. Кран-манипуляторды сынауға жұмыс құжаттамасын өңдеуші ұйымның өкілі қатысады.

114. Кран-манипулятордың тәжірибелік үлгісін қабылдау сынауы жобаны өңдеуші құрастырған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Кран-манипуляторды қабылдау сынауы жобалық ұйым өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

115. Кран-манипулятордың тәжірибелік үлгісін алдын ала және қабылдау сынаулары бағдарламасында құрылымның паспортық деректерге (сонымен қатар қауіпсіздік аспаптары жұмысын тексеру) сәйкестігіне тексеру, көзбен шолу бақылауы, статикалық және динамикалық сынаулар, кран-манипуляторды тұрақтылыққа сынау қарастырылады.

116. Кран-манипулятордың тәжірибелік үлгісін алдын ала және қабылдау сынауларының нәтижесі ұсынымдар мен ескертулер көрсетілетін актімен ресімделеді.

117. Сериялы дайындалатын кран-манипуляторларды кезеңді сынауды, олар дайындаған бағдарлама бойынша дайындаушы жүргізеді.

118. Қабылдау-тапсыру сынаулары бағдарламалары көзбен шолу бақылауын, бос жүрісте сынауды, статикалық және динамикалық сынауды, қауіпсіздік аспаптарын және кран-манипулятордың паспорттық деректерін тексеруді, кран-манипулятордың жүру бөлігінің жұмыс қабілеттілігін тексеруді қарастырады.

119. Кезеңді сыналуға дайындалған кран-манипуляторлардың бірі 3 жылда бір рет тартылады.

120. Кран-манипулятордың кезеңді сыналу нәтижесі бойынша хаттама ресімделеді.

121. Әрбір дайындалған кран-манипулятор немесе оның КМҚ дайындаушының техникалық бақылау қызметімен олар дайындаған бағдарлама бойынша қабылдау-тапсыру сынауына тартылады. Сынау нәтижелері кран-манипулятор паспортына енгізіледі.

122. Қабылдау-тапсыру сынаулары бағдарламалары көзбен шолу бақылауын, бос жүрісте сынауды, статикалық және динамикалық сынауды, қауіпсіздік аспаптарын және кран-манипулятордың паспорттық деректерін тексеруді, кран-манипулятордың жүру бөлігінің жұмыс қабілеттілігін тексеруді қарастырады.

123. Әрбір қайта дайындалған кран-манипуляторды дайындаушы шығарылған кран-манипуляторларды есепке алу кітабына енгізеді және дайындаушы атауы немесе оның тауарлық белгісі, барынша көп жүккөтерімділігі (жүктік сәті), шығару мерзімі, реттік нөмірі көрсетілген көрінетін орында бекітілген көрсеткіш тақтамен жарақталады. Көрсеткіш тақта кран-манипулятордың қызмет ету мерзімі бойында сақталады. Ұйым өтінімдері бойынша металл құрылымдарды, желілерді, механизмдер мен қауіпсіздік аспаптарын дайындау кезінде олар туралы мәлімет есепке алу кітабына енгізіледі.

124. Кран-манипулятор паспорты мен КМҚ паспорты осы Талаптағы 2-5-қосымшаларға сәйкес формалар бойынша жасалады.

125. Кран-манипуляторды пайдалану бойынша нұсқаулық 2.601 МЕМСТ пен осы Талапқа сәйкес өңделеді. Пайдалану бойынша нұсқаулықта басқа талаптармен бірге:

1) техникалық қызмет көрсету мен түйіндер мен механизмдерді жөндеу бойынша жұмыстар тізімі мен кезеңділігі;

2) металл құрылымдардың мүмкін зақымдалуы мен оларды түзету тәсілдері;

3) қауіпсіздік аспаптарын тексеру кезеңділігі мен тәсілдері;

4) тежегіштерді реттеу тәсілдері;

5) жылдам тозатын бөлшектердің тізім мен олардың тозуына рұқсат;

6) техникалық куәландыру жүргізу тәртібі;

7) кран-манипуляторды жұмыссыз қалыпта қауіпсіз жағдайға келтіру бойынша көрсеткіш;

8) авариялық жағдайда қауіпсіздік талабы;

9) арқандарды бұғаттау нормалары;

10) кран-манипулятордың оны жөндеуге жіберу үшін шекті жағдай критериі;

11) кран-манипулятордың қызмет ету мерзімі;

12) кран-манипуляторға оның құрылымы ерекшелігін есепке алумен қызмет көрсету және пайдалану бойынша басқа да нұсқаулар көрсетіледі.

126. Дайындаушы пайдалану процессінде табылған құрылым мен кран-манипуляторды дайындаудағы кемшіліктерді есепке алады және оларды түзету бойынша шаралар қабылдайды. Табылған кемшіліктер кран-манипуляторды пайдалану қауіпсіздігіне әсер ететін жағдайда дайындаушы оны пайдаланатын барлық ұйымдарға бұл кемшіліктерді жою әдістері мен қажеттіліктері туралы хабарлайды, техникалық құжаттама мен ауыстыруға жататын қажетті материалдарды, бөлшектер мен түйіндерді жібереді. Кемшіліктерді түзету бойынша нұсқаулықтар кран-манипуляторды дайындауға жобалық құрылымдық құжаттама өңдеушілермен келісіледі.

127. Дайындау немесе пайдалану процессінде кран-манипулятор иесі оның құрылымында немесе дайындалуында кемшіліктер, кран-манипулятордың осы Талапқа сәйкес еместігін тапқан болса, дайындаушыға көшірмесі кран-манипуляторды пайдалануға рұқсат берген органға жіберілетін хабарлама (нұсқаулық) жібереді. Шетелден алынған кран-манипуляторлар бойынша хабарлама (нұсқаулық) дайындаушыға және сертификация бойынша органға жіберіледі.

128. Дайындаушы кран-манипулятор иесінен хабарлама (нұсқаулық) алған соң, Талаптан ауытқумен дайындау кезінде жіберілген егер бұл ауытқуларға жобалық құрылымдық құжаттама өңдеушілердің келісімі жоқ болса, бұл кемшіліктер түзетіледі. Дайындаушы журналда түскен хабарламалар (нұсқаулықтар) есебін, хабарлама (нұсқаулық) ұсынушылар туралы мәліметті, кран-манипуляторлардың зауыттық нөмірлерін, хабарлама (нұсқаулық) қысқаша мазмұнын жүргізеді. Бұл журналда дайындаушы кранды дайындау мен құрылым кемшілігі туралы басқа хабарламаларды (нұсқаулықтарды) жүргізеді.

129. Краннан бөлек жеткізілетін грейфердің паспорты болады. Жеке жеткізілетін грейфер паспортында және егер грейфер бұнымен бірге дайындалған болса, кран-манипулятор паспортында келесі деректер мен сипаттамалар көрсетіледі:

1) маркасы;

2) ол арналған ауытқуға арналған материал түрі;

3) дайындаушы;

4) зауыттық нөмір;

5) шығарылған жылы;

6) барынша көп жүккөтерімділік;

7) көсіп алынатын материал көлемі (үйілетін жүктерге арналған грейферлер);

8) грейфер салмағы (гидравликалық грейфер үшін жұмыс сұйығының салмағын есепке алумен);

9) құрылым ерекшеліктерін есепке алумен басқа да сипаттамалар.

130. Берілген түрдегі (маркалар, сұрыптар, физикалық сипаттамалар) үйілетін жүктер үшін грейфердің жүккөтерімділігі кран-манипулятор иесінің грейферді пайдалану алдында материалды көсіп алудан кейін өлшеумен анықталады. Грейфердің жүккөтерімділігін анықтау паспортқа қоса берілетін хаттамамен анықталады.

131. Алынбалы жүк қарпығыш құрылғылар мен ыдыстарды дайындау нормативтік құжаттар мен техникалық регламентке сәйкес жүргізіледі. Дәнекерлеу пайдаланылу жағдайында жобалық құжаттамада оны орындау және сапасын бақылау бойынша нұсқау болады.

132. Алынбалы жүк қарпығыш құрылғылар (строптар, шынжырлар, траверстер, қарпығыштар және сол секілділер) дайындалғаннан кейін дайындаушыда, ал жөндеуден кейін жөндеуді жүргізген ұйымда сыналады.

Алынбалы жүк қарпығыш құрылғылар олардың номинальды жүк көтергіштігінен 25 % асатын жүктемемен қаралуға және сыналуға жатады.

133. Дайындалған алынбалы жүк қарпығыш құрылғылар туралы мәліметтер: жабдық атауы, жүккөтерімділік, нормативтік құжат нөмірі (технологиялық регламент), пайдаланылған материалға сертификат нөмірі, дәнекерлеу сапасын бақылау нәтижесі, жүккөтергіш жабдықты сынау нәтижесі журналға жазылады.

134. Алынбалы жүк қарпығыш құрылғылар нөмірі, жүккөтерімділігі және сынау мерзімі көрсетілген таңбамен немесе берік бекітілген металл биркамен жарақталады. Шеткі ұйымдар үшін дайындалған алынбалы жүк қарпығыш құрылғылар таңбадан (бирка) басқа паспортпен жарақталады.

2 - параграф. Қайта салу және жөндеу
135. Кран-манипуляторды қайта салу мен жөндеу жоба бойынша жүргізіледі.

136. Кран-манипуляторларды дәнекерлеу немесе қайта құруды пайдаланумен жөндеу жүргізген ұйымның пайдаланылған металл мен дәнекерлеу материалдары туралы көрсеткіштерді, дәнекерлеу сапасын бақылау тәсілдерін, дәнекерлеу қосылыстарының ақаулығы нормаларын, жекелеген түйіндер мен дайын өнімдерді қабылдау тәртібін, пайдалану құжаттамасын ресімдеу тәртібін құрайтын салалық стандарты болады.

137. Кран-манипуляторға жөндеу немесе қайта салуды жүргізген ұйым паспортта орындалған жұмыс сипаттамасын көрсетеді және оған сертификатты көрсетумен пайдаланылған материал туралы мәлімет енгізеді. Пайдаланылған материал мен дәнекерлеу сапасын растайтын құжаттар дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген ұйымда сақталады, ал олардың көшірмелері кран-манипулятор паспортына қоса беріледі.

138. Құрылымдық немесе паспорттық деректерді өзгертумен байланысты жөндеу немесе басқа да жұмыстар дайындаушымен келісім бойынша немесе жоба негізінде жүргізіледі.



3 - параграф. Материалдар
139. Кран-манипуляторлардың металл құрылымдары мен олардың элементтерін дайындау, қайта салу және жөндеу материалдары жобалық құжаттамаға сәйкес пайдаланылады.

140. Кран-манипуляторларды дайындау, қайта салу және жөндеу кезінде пайдаланылатын материалдар сапасы жеткізуші сертификатымен және кіру бақылауымен расталады. Сертификат болмаған кезде материалды оны мемлекеттік стандартқа және басқа нормативтік құжаттарға сәйкестікке тексергеннен кейін пайдалануға рұқсат беріледі. Материалдарды таңдау кран-манипулятордың жұмыс және жұмыссыз жағдайы үшін қоршаған орта температурасының төменгі шекті мәндерін, элементтердің жүктемелік деңгейін және қоршаған орта агрессиялығын есепке алумен жүргізіледі. Пайдаланылған материал мен кран-манипулятордың жұмыс және жұмыссыз жағдайы үшін температураның төменгі шекті мәндері туралы деректер оның паспортында көрсетіледі.

141. Сапасы бойынша 1412 МЕМСТ бойынша СЧ 15 маркасынан төмен емес шойын құймасы мыналарды дайындау үшін пайдаланылады:

1) қол жетекті кран-манипулятордың тісті және айналмалы дөңгелектерін;

2) 4301/1 ИСО бойынша классификация тобы М5 артық емес және дөңгелектің айналу жылдамдығы 1,5 м/с артық емес механизм үшін арналған машина жетекті кран-манипулятордың айналмалы дөңгелектерін;

3) жетек түріне тәуелсіз қоладан жасалған тоғынды айналмалы дөңгелектер және ИСО 4301/1 бойынша кран-манипулятор механизмі классификациясының тобын;

4) барабандарды, редукторлар мен блоктар корпустарын;

5) тежегіштер қалыптарын, барабандар кронштейндерін және мойынтірек корпустарын.

142. Кран-манипуляторларды дайындау, қайта салу және жөндеу үшін бұрын пайдаланылмаған материалдар жобалық құжаттама негізінде пайдаланылады.

4 - параграф. Металл құрылымдарды дәнекерлеу
143. Кран-манипуляторлардың металл құрылымдарын дәнекерлеу және дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылау жобалық құжаттамаларға сәйкес орындалады.

144. Дәнекерлеу жұмыстары дайындаушы немесе жобалық құжаттамамен өңделген технологиялық регламент бойынша орындалады.

145. Кран-манипулятордың металл құрылымдарын дәнекерлеу үшін пайдаланылған дәнекерлеу материалдары металл тігісі мен дәнекерлеу қосылысының механикалық қасиетін (беріктілік деңгейі, қатысты ұзару, иіу бұрышы, соққылы жабысқақтық) болаттың осы маркасы үшін мемлекеттік немесе салалық стандартпен белгіленген құрылымның негізгі металының аталған қасиеттерінің төменгі шекті көрсеткішінен төмен болмай қамтамасыз етеді. Бұл талап қоршау, саты және алаңдарды дәнекерлеуге қолданылады. Бір қосылыста болаттың әр түрлі маркаларын пайдаланған жағдайда балқытылған металлдың механикалық қасиеті болаттың беріктіліктің жоғары деңгейлі қасиетіне сәйкес болады. Салынатын материал, флюс және қорғаныс газдарының маркасы кран-манипуляторларды дайындау, жөндеу немесе қайта салуға салалық стандартта көрсетіледі.

146. Құрылым элементтерін профильді илемдеу, құбыр және сол сияқтылар табақтарынан дайындау үшін жұмыс сызбаларына сәйкес бұл элементтердің формалары мен өлшемдерін сапалы алуды қамтамасыз етуге арналған кесудің барлық тәсілдерін пайдалануға рұқсат беріледі. Болаттан жасалған материалдар мен жартылай фабрикаттарды кесу сызат пайда болу мүмкіндігін немесе жиектерінде және термиялық әсер ету аймағында металл сапасының төмендеуін болдырмайтын технология бойынша жүргізіледі.

147. Құрылымды дәнекерлеуге жинақтау кезінде қосылыстар нақтылығы сызбалармен және технологиялық регламентпен белгіленген өлшемдер мен рұқсат берулер шамасында қамтамасыз етіледі.

148. Кран-манипуляторлардың металл құрылымдарын дәнекерлеу қолайсыз атмосфералық шарттардың дәнекерлеу қосылыстары сапасына әсер етуін болдырмайтын үй-жайда жүргізіледі. Ашақ ауада дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге дәнекерлеу орнын атмосфералық қалдық пен желден қорғау шартында арнайы технология бойынша рұқсат беріледі.

149. 0 °С төмен температура кезінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі мен мүмкіндігі нормативтік құжаттамамен белгіленеді.

150. Дәнекерлеу элементтерін салалық стандартта айтылған бір түйінде дәнекерлеудің әр түрлі әдістерін пайдаланумен дайындауға рұқсат беріледі.

151. Құрылымды жинау процесінде орындалған қарпулар егер олар дәнекерлеу кезінде толық балқытылатын болса жойылмайды. Дәнекерлеу алдында қарпулар шлактан тазартылады.

152. Дәнекерлеу қосылыстарының дәнекерлеуді жүргізушінің тегін орнатуға мүмкіндік беретін таңбасы немесе басқа шартты белгісі болады. Дәнекерлеу қосылыстары үшін пайдаланылатын маркалау әдісі өнім сапасын төмендетпейді. Таңбалау кран-манипуляторды пайдалану процесінде оның сақталуын қамтамасыз ететін әдістермен орындалады. Таңбалау орны мен әдісі сызбада көрсетіледі.

153. Құрылымдар элементтерінің дәнекерлеу қосылыстарын термиялық өңдеу қажеттілігі кран-манипуляторды дайындау, қайта дайындау, қайта құру және жөндеуге салалық стандартпен белгіленеді.

5 - параграф. Дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылау
154. Кран-манипуляторды дайындау, қайта құру және жөндеу кезінде техникалық бақылау қызметімен жүргізілетін дәнекерлеу сапасын бақылау нормативтік құжаттамамен қарастырылған ішкі қарау және өлшеумен, механикалық сынаулармен, бұзылмайтын бақылау әдістерімен жүзеге асырылады.

155. Дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылау термиялық өңдеуден кейін (егер бұл осы дәнекерлеу қосылысы үшін міндетті болса) жүргізіледі. Дәнекерлеу қосылыстарын бақылау нәтижесі тиісті құжаттарда тіркелген.

156. Барлық дәнекерлеу қосылыстары келесі мүмкін сыртқы ақауларды анықтау мақсатында сыртқы қаралуға және өлшеуге жатады:

1) қосылатын элементтер осьтерінің параллель немесе перпендикуляр еместігі;

2) қосылатын элементтердің жиектерінің жылжуы;

3) тігістердің сызба өлшемдері мен формасынан ауытқуы (биіктігі, катеті және тігіс ені, күштеу біркелкілігі және сол сияқтылар бойынша);

4) барлық түрлер мен бағыттар сызаты;

5) балқулар, кесілулер, жағылулар, қайнамаған кратерлер, езілмеулер, ұсақталулар және басқа технологиялық ақаулар.

Дәнекерлеу тігісінің бетін және оған жақындастырылған тігістен екі жағынан ені 20 мм кем емес негізгі металлдың телімдерін ішкі қарау алдында шлактан, шашырағаннан, металл қатпарларынан және басқа ластанулардан тазаланады. Есептеу элементтерінің жапсарлас дәнекерлеу қосылыстарын қарау мен өлшеу қосылыстың барлық ұзындығы бойынша жүргізіледі. Егер дәнекерлеу қосылысының ішкі беті қарау үшін қолжетімді болса, қарау мен өлшеу тек сыртқы жақтан жүргізіледі.

157. Дәнекерлеу қосылыстарын сәулеленумен бақылау 7512 МЕМСТ, ультрадыбыстық бақылау 14782 МЕМСТ және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Металл құрылымдардың есепті элементтерінің дәнекерлеу қосылыстарын бақылау сыртқы қараумен анықталған ақауларды түзеткеннен кейін жүргізіледі. Бұл ретте міндетті бақылауға балка, колонна, нұсқар қорапты металл құрылымдардың белдеулері мен қабырғаларының жапсарлы қосылыстарының басталуы мен аяқталуы тартылады.

Бақылаудың кез келген әдісі кезінде дәнекерлеу қосылыстарының бақыланатын бөліктерінің қосынды ұзындығы нормативтік құжаттамамен белгіленеді және:

қорапты немесе торлы металл құрылымның созылған белдеуінің әр жапсарында - жапсар ұзындығынан 50 %;

қысылған белдеудің немесе қабырғаның қысылған телімдерінде әр жапсарда – жапсар ұзындығынан немесе қабырғаның қысылған телімінен 25 %;

нұсқар металл құрылымдарының әрбір жапсарында – жапсар ұзындығынан 75 %;

жоғарыда аталмаған барылқ қалған жапсарлы қосылыстарда - жапсар ұзындығынан 25 %;

ультра дыбыстық әдіспен бақыланатын және құрылымдық құжаттамада көрсетілген басқа да дәнекерлеу қосылыстары үшін - жапсар ұзындығынан 25 % кем болмайды.

Рентген графикалық немесе гамма-бақылау жүргізу алдында дәнекерлеу қосылыстарының сәйкес телімдері оларды түсірілімде оңай табуға болатындай есеппен таңбаланады.

158. Сыртқы қарау мен бұзылмайтын бақылау нәтижесі бойынша дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылау олардың беріктігі мен пайдалану сенімділігін төмендететін ақаулы өнімдерді шығаруды болдырмайтын, дәнекерлеу қосылыстары сапасын бағалу нормасын құрайтын, кран-манипуляторды дайындау, қайта дайындау, қайта құру және жөндеудің салалық стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

159. Дәнекерлеу қосылыстарында келесі ақауларға жол берілмейді:

1) балқыту желісі бойынша тігіс металында және негізгі металлдың қорсама аймағында орналасқан барлық түр мен бағыттағы сызаттарға, сонымен қатар микроскопиялық зерттеу кезінде анықталған микро сызаттарға;

2) дәнекерлеу қосылыстары қиысуы бойынша бетінде орналасқан балқымауларға (балқытылмауларға);

3) жиектерін бөлмей орындалған, бұрышты және таврлы қосылыстар биігіндегі (түбіріндегі) балқымауларға;

4) тегіс тор түрінде орналасқан тесіктер;

5) кесілулер мен қалқуларға (ағуларға);

6) қайнатылмаған кратерлерге;

7) ысқыруларға;

8) металл тігісіндегі қайнатылмаған жақтауларға;

9) негізгі металлдың жақтаулары мен балқытулары (құбырлардың жапсарлы түйісу дәнекерлеуі кезінде);

10) жиектердің сызбада қарастырылған нормадан жоғары қиысуына.

160. Дәнекерлеу қосылыстарының сапасы егер оларда осы Талап және кран-манипуляторды дайындау, қайта салу және жөндеудің нормативтік құжаттамалары нормалары шегінен шығатын кез келген бақылау түрінде ішкі немесе сыртқы ақаулар табылатын болса, қанағаттанарлықсыз болып есептеледі.

161. Бұзылмайтын бақылау уақытында дәнекерлеу қосылыстарында рұқсат берілмейтін ақаулар анықталған кезде, барлық қосылулар бақылауға тартылады. Бақылау кезінде анықталған дәнекерлеу қосылыстарының ақаулы бөліктері механикалық тәсілмен жойылады және қайта дәнекерленеді.

162. Кран-манипуляторларды дайындау, жөндеу және қайта құру бойынша ұйымдарда дәнекерлеу қосылыстарының механикалық сынаулары салалық стандарттарға сәйкес кезеңді жүргізіледі, механикалық сынаулар кран-манипулятордың металл құрылымдарын әр сынау түрі (созу, иіу) үшін екіден кем емес дәнекерлеуге қатынасатын, әр дәнекерлеуші дәнекерлейтін бақылау үлгілерінде жүргізіледі.

163. Бақылау үлгілерінде дәнекерлеу қосылыстарының механикалық қасиеттерін тексеру жапсарлас дәнекерленген үлгілердің созылуға және иілуге сыналу жолымен өнімнің дәнекерлеу қосылыстарының түріне тәуелсіз жүргізіледі. Механикалық сынау нәтижелері егер уақытша қарсыласу болаттың осы маркасына мемлекеттік және салалық стандарттармен орнатылған металлдың уақытша қарсыласуының төменгі шекті көрсеткішінен төмен болмаса қанағаттанарлық болып есептеледі, ал көміртекті болаттар үшін бұрылу бұрышы 120° төмен, элементтер қалыңдығы 20 мм дейін төмен легірленген болаттар үшін – 80° төмен, элементтер қалыңдығы 20 мм жоғары – 60° төмен болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет