Кран-манипуляторлардың электр берілісі желілеріне жақын жердегі жұмыс тәртібі желі иесімен анықталады. Бұл жағдайда наряд-рұқсат беру талап етілмейді.
Кран-манипулятордың ажыратылмаған түйісу сымдары астында және жақын жұмысы шектегіш (тіреу) орнатылған кезде 1000 мм кем емес, кран-манипулятор нұсқары мен түйісу сымдары арасында нұсқарды көтерген және ауыстырған кезде аталған қашықтықты азайтуға мүмкіндік бермейтін қашықтық сақталған кезде жүргізіледі.
210. Кран-манипуляторлармен жұмысты қауіпсіз орындау үшін оның иесі мен жұмысты жүргізетін ұйым келесі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:
1) жүктерді кран-манипуляторлармен тасымалдау жұмыс өндірісі орнында орындалатын жұмысқа тікелей қатысы жоқ тұлғалардың болуына рұқсат берілмейді;
2) қарау, жөндеу, механизмдерді реттеу, кран-манипулятордың металл құрылымдарын қарау мен жөндеу қажеттілігі кезінде қозғалтқыш ажыратылады;
3) құрылыс-монтаж жұмыстары кран-манипулятор жұмыстары өндірісі жобасы бойынша орындалады, мұнда:
орнатылатын кран-манипуляторлардың жүккөтерімділік, көтеру биіктігі мен ұшырылуы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстар шарттарына сәйкестігі;
электр берілістер желісі мен әуелік желісінен, көлік пен жаяу жүргінші қозғалысы орындарынан қауіпсіз қашықтықты, кран-манипуляторлардың құрылыс бөлшектері мен материалдарын қатарластыру мен сақтау орындарына жақындауының қауіпсіз қашықтығын қамтамасыз ету;
кран-манипуляторлардың қазаншұңқырлар (орлар) құламаларына жақын жердегі жұмысы мен орналасу шарттары;
пайдаланылатын жүкқарпығыш жабдықтар мен жүктерді бекітудің графикалық суреттемесінің (схемасы) тізбесі;
жүктерді сақтау орындары мен өлшемдері, өту жолдары және сол сияқтылар қарастырылады;
4) кран-манипуляторлармен қауіпсіз жұмыс жүргізуге жауапты тұлға, операторлар (машинистер) және жүк реттеушілер жұмыс басталғанға дейін жұмыс өндірісі жобасымен таныстырылады (қол қоя отырып);
5) тиеу-арту жұмыстары және жүктерді кран-манипулятормен базаларда, қоймаларда, алаңдарда сақтау 12.3.009МЕМСТ талабын есепке алумен өңделген технологиялық регламентпен орындалады;
6) автомашинаның шанағында немесе кабинасында адам болған кезде жүкті көтеруге, автомашинаға жүкті түсіруге рұқсат берілмейді. Жүктерді автомашиналар мен тіркемелерге тұрақты тиеу орындарында стационарлы эстакада немесе жүк реттеушілер үшін аспалы алаңдар орнатылады. Жартылай вагондарды кран-манипуляторлармен тиеу мен түсіруге рұқсат берілмейді. Жүктерді автомашиналарға және басқа көлік құралдарына тиеу жүкті түсіру кезінде қауіпсіз және ыңғайлы бекіту мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей орнатылады. Автомашиналар мен басқа да көлік құралдарын тиеу мен түсіруді олардың тең салмақтылығын бұзбай орындайды;
7) жүктерді ауыстыру оның астында адам болған кезде жүргізілмейді. Жүктерді реттеуші жүкті көтеру немесе түсіру кезінде, егер жүк алаңнан 1000 мм жоғары емес биіктікке көтерілетін болса, оның жанында болады;
8) жүктерді реттеу реттеу схемасына сәйкес жүргізіледі. Жүкті көтеруге арналған реттегіштер үшін көтерілетін жүктің тармақтары мен иілу бұрышын есепке алумен оның салмағы пен сипаттамасына сәйкес болатын реттегіштер пайдаланылады. Ортақ тағайындаудағы реттегіштер олардың тармақтары арасындағы бұрыш 90° аспайтындай таңдалады;
9) жүк немесе жүк қарпығыш құрылғы оларды көлденең тасымалдаған кезде жолында кездесетін заттардан алдын ала 500 мм биіктікке көтеріледі;
10) жүгі бар кран-манипуляторды нұсқар жағдайында тасымалдау мен кран-манипуляторға жүктеме кран-манипуляторды пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес белгіленеді;
11) тасымалданатын жүкті белгіленген жүктің құлау, аударылу, жылжу мүмкіндігі болмайтын тек соған арналған орында түсіруге рұқсат беріледі. Жүкті орнату орнына алдын ала строптар жүктің астынан жеңіл және зақымдалмай алынуы үшін тиісті төсемдер төселеді. Жүктерді оған арналмаған орындарда орнатуға жол берілмейді. Жүктерді төсеу мен бөлшектеу жүктерді сақтауға арналған өлшемдерді бұзбай және өтетін орындарды үймелемей жүргізіледі;
12) жүктерді кран-манипулятормен тасымалдау шамасында адамдардың болуы мен кез келген жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді;
13) жұмыс аяқталған соң немесе үзілісте жүк ілінген қалыпта қалдырылмайды;
14) жүкті көтеру кезінде ол строповканың дұрыстығы мен тежегіштер әрекетінің сенімділігін тексеру үшін алдын ала 200 - 300 мм артық емес биіктікке көтеріледі;
15) қабырғаға, колоннаға, штабельге, жабдыққа жақын орналасқан жүкті көтеру кезінде көтерілетін жүк және ғимарат пен жабдықтың аталған бөліктері арасында адамның (сонымен қатар жүкті реттеушінің) болуына рұқсат берілмейді. Бұл талап жүкті түсіру кезінде де қатаң орындалады.
211. Кран-манипулятор жұмысы кезінде:
1) жұмыс істеп жатқан кран-манипулятордың маңында адамның болуына;
2) тұрақсыз жағдайдағы жүкті тасымалдауға;
3) топырақпен жабылған немесе жерге жабысқан, басқа жүктермен салынған, бұрандалармен бекітілген немесе бетонмен құйылған жүктерді көтеруге;
4) жүкті жермен, еденмен немесе рельспен сүйретуге;
5) жүкпен қысылған стропорларды, арқандарды немесе шынжырларды кран-манипулятормен босатуға;
6) жүкті оны көтеру, тасымалдау және түсіру кезінде итеруге. Ұзын және ірі габаритті жүктерді оларды тасымалдау кезінде айналдыру үшін сәйкес ұзындықта ілмек немесе созулар пайдаланылады;
7) тасымалданатын жүкті қолмен түзетуге, стропорларды салмақта түзетуге;
8) әрекеттен шығарылған немесе ақаулы қауіпсіздік аспаптары мен тежегіштерінің жұмысына;
9) кран-манипуляторда адам болған кезде кран-манипулятор механизмдерін іске қосуға. Тек қарау жүргізіп жатқан және механизмдерді реттеуші тұлғаларды есепке алмағанда. Бұл жағдайда механизмдер қарауды жүргізіп жатқан тұлға белгісі бойынша іске қосылады;
10) жүкті тікелей оны орнатқан орыннан (жерден, алаңнан, штабельден және сол сияқты) нұсқарлы жүкшығырмен көтеруге рұқсат берілмейді.
212. Жұмысты кран-манипулятормен жүргізу үшін төмендегі талаптар талап етілетін алаңдар дайындалады:
1) кіретін жолдың болуы;
2) еңіс кран-манипулятор паспортында көрсетілген бұрыштан аспайды;
3) жаңадан төселген, тапталып тегістелмеген топырақ тығыздалады.
213. Кран-манипуляторды орнату жұмыс кезінде кран-манипулятордың оның кез келген жағдайы мен қатары, жүктер штабелі және басқа заттар (жабдықтар) арасындағы қашықтық 1000 мм кем болмайтындай жүргізіледі. Кран-манипуляторды қазаншұңқырлар (ор) құламасының шетіне орналастыру 4 - кестеде көрсетілген қашықтықтар сақталған кезде рұқсат беріледі.
214. Кран-манипуляторды жөндеуге шығаруды кран-манипулятордың ақаусыз болуына жауапты инженерлік-техникалық жұмыскер иесі бекіткен жөндеу кестесіне сәйкес жүргізеді. Кран-манипуляторды жөндеуге шығару, оны жүргізуге жауапты тұлғаның аты-жөні вахталық журналда көрсетіледі. Кран-манипуляторды жөндеу кезінде пайдалануға рұқсат берілмейді.
4 - кесте
Қазаншұңқыр (ор) жиегінің бастауынан үйілген топырақ кезінде
кран-манипулятордың тіреу контуры шетіне дейінгі қашықтық (м)
Қазаншұңқыртереңдігі
|
Топырақ
|
(ор), м
|
Құмды және қиыршық тасты
|
Құмайт топырақты
|
Сазды топырақты
|
Балшық топырақты
|
Сарғыш топырақты
|
1
|
1,5
|
1,25
|
1,00
|
1,00
|
1,0
|
2
|
3,0
|
2,40
|
2,00
|
1,50
|
2,0
|
3
|
4,0
|
3,60
|
3,25
|
1,75
|
2,5
|
4
|
5,0
|
4,40
|
4,00
|
3,00
|
3,0
|
5
|
6,0
|
5,30
|
4,75
|
3,50
|
3,5
|
215. Кран-манипулятордың дәнекерлеу пайдаланылмай орындалған жөндеуден кейінгі жұмысына рұқсатты кран-манипулятордың ақаусыз жұмысына жауапты тұлға вахталық журналға жазба жазумен береді.
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |