Кран-манипуляторлар құрылғысы мен пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар 1 тарау. Жалпы талаптар


- тарау. Шетелден алынған кран-манипуляторлар



бет3/4
Дата15.06.2016
өлшемі366.5 Kb.
#137737
1   2   3   4

4 - тарау. Шетелден алынған кран-манипуляторлар,

краноманипуляторлы қондырғылар, олардың тораптары, механизмдер мен қауіпсіздік аспаптары
164. Кран-манипулятормен, КМҚ, олардың желілерімен, механизмдерімен және қауіпсіздік аспаптарымен, мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану құжаттамасы (паспорт, пайдалану бойынша нұсқаулық) осы Талапқа сәйкес болады.

165. Кран-манипулятор немесе КМҚ паспорты осы Талаптағы 2 - 5 қосымшалар формалары бойынша жасалады.


5 - тарау. Кран-манипуляторларды пайдалану

1 - параграф. Жұмысқа іске қосуға рұқсат
166. Кран-манипуляторды жұмысқа іске қосуға рұқсатты немесе дайындаушыда сынау нәтижесімен пайдалануға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тұлға техникалық куәландыру негізінде береді.

2 - параграф. Техникалық куәландыру
167. Осы Талап қолданылатын кран-манипуляторлар оларды жұмысқа іске қосқанға дейін техникалық куәландыруға жатады. Техникалық куәландыру кран-манипуляторды пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Пайдалану бойынша нұсқаулықта тиісті көрсетулер болмаған кезде, кран-манипуляторларды куәландыру осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

168. Жұмыстағы кран-манипуляторлар техникалық куәландырылуға тартылады:

1) жекелеген – жылына бір реттен жиі емес;

2) толық – 3 жылда бір реттен кем емес.

169. Кран-манипуляторды кезектен тыс толық техникалық куәландыру:

1) қайта құрудан;

2) дәнекерлеуді пайдаланумен жөндеуден немесе металл құрылымдардың есепті элементтерін ауыстырғаннан (есепті элементтердің деректері кран-манипулятордың паспортында көрсетілген);

3) нұсқарды ауыстырғаннан;

4) күрделі жөндеуден немесе жүктік (нұсқарлы) жүкшығырды ауыстырғаннан;

5) ілмекті немесе ілмекті асқышты ауыстырғаннан (тек статикалық сынау жүргізіледі) кейін жүргізіледі.

170. Тозған нұсқарлы және жүктік арқандарды ауыстырғаннан кейін, сондай-ақ олардың қайта-қайталануында арқандардың шеттерінің бекітілуінің сенімділігі және қорының дұрыстығы тексеріледі, кран-манипулятордың барынша көп жүк көтерімділігіне сәйкес болатын арқандарды жүкпен орау жүргізіледі, бұл туралы кран-манипулятор паспортында жазба жүргізіледі.

171. Кран-манипуляторға техникалық куәландырылуды иесі жүргізеді. Техникалық куәландырылу кран-манипуляторды қауіпсіз пайдалануды бақылау бойынша инженер-техникалық жұмыскерге тапсырылады және кран-манипулятордың ақаусыз жағдайында болуын қамтамасыз ететін инженер-техникалық жұмыскердің қатысуы кезінде жүзеге асырылады.

172. Қайтадан дайындалған кран-манипуляторды, сондай-ақ жөндеу кәсіпорнында жөндеуден немесе қайта құрылудан өткен және пайдалану орнына жиналған түрде тасымалданған кран-манипуляторды алғашқы толық техникалық куәландыруды дайындаушының техникалық бақылау немесе қызмет иесіне жіберу алдында жүргізеді. Куәландыру мерзімі және оның нәтижелері кран-манипулятор паспортына жазылады. Кран-манипуляторды іске қосардан бұрын иесі оған нәтижесі паспортқа енгізілетін жекелеген (жабдық пен қауіпсіздік аспабының ақаусыздығын қарау және тексеру) техникалық куәландыру жүргізеді.

173. Кран-манипуляторға техникалық куәландырылу:

1) осы Талапқа, паспорттық деректерге және техникалық құжаттамаға сәйкестікті;

2) оның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ақаусыз жағдайын;

3) қауіпсіздік аспаптарының ақаусыз жағдайын;

4) бақылау және қызмет көрсету ұйымының осы Талапқа сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.

174. Кран-манипуляторға толық техникалық куәландыруда:

1) жұмысты қарау мен тексеру (сонымен қатар аспаптар мен қауіпсіздік құрылғыларын);

2) статикалық сынаулар;

3) динамикалық сынаулар жүргізіледі.

Жекелеген техникалық куәландыру кезінде кран-манипуляторларды статикалық және динамикалық сынау жүргізілмейді.

175. Кран-манипуляторды толық және жекелеген техникалық куәландыру кезінде барлық механизмдер, гидрожабдықтар, қауіпсіздік аспаптары, тежегіштер, басқару аппараттары қаралады және тексеріледі:

1) металл құрылымдар мен олардың дәнекерлеу қосылыстарының (сызаттың, бұзылудың, таттану салдарынан қабырғаның өзгеруінің және басқа ақаулардың болмауы), сондай-ақ кабиналар, сатылар және алаңдардың жағдайы;

2) діңдер мен бармақтардың бекітілуі;

3) ілмек, дөңгелек, блок, барабан, тежегіш элементтерінің жағдайы (кран-манипулятор элементтерінің ақауларының нормалары 6 - қосымшада келтірілген);

4) көтеру механизмінің ажыратқышының іске қосылған кезінде ілмекті асу мен тіреу арасындағы нақты жағдай;

5) арқандар мен олардың бекіткіштерінің жағдайы (болат арқандар ақауларының нормалары 7 - қосымшада келтірілген) тексеріледі.

1)-5) тармақтарда көрсетілген жұмыстар техникалық куәландыруға дейін жүргізіледі. Қарау және тексеру нәтижелері актімен ресімделеді. Кран-манипулятор элементтерінің шекті ақауларының нормалары пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетіледі.

176. Статикалық сынаулар кран-манипуляторды көлденең алаңда барынша көп жүккөтерімділікке сәйкес орнатқан жағдайда жүргізіледі. Кран-манипуляторға ауысымды нұсқарлы жабдықты орнатқаннан кейін сынау орнатылған жабдық кезінде барынша көп жүккөтерімділікке сәйкес жүргізіледі. Кран-манипулятормен салмағы оның жүккөтерімділігінен 25 % артық жүкті алаңнан 200 мм биіктікке көтереді және оны осы қалыпты 10 минут бойы ұстап тұрады. Кран-манипулятор егер 10 минут бойында алаңға түсірілмесе, сондай-ақ сызат, қалдық бұзылулар және басқа ақаулар табылмаса, сынаудан өткен болып есептеледі.

177. Кран-манипулятордың динамикалық сынаулары оның салмағынан 10 % артық жүкпен, оның механизмдері мен тежегіштерінің әрекетін тексеру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық сынаулар кезінде жүкті бірнеше мәрте (үш реттен кем емес) көтеру және түсіру, сондай-ақ пайдалану бойынша көзделген қосылған жұмыс қозғалыстары кезінде, кран-манипулятордың басқа механизмдерінің барлық әрекеттерін тексеру жүргізіледі.

178. Кран-манипуляторды сынау үшін иесі нақты салмағын көрсетумен сынама жүктің жиынтығы болуын қамтамасыз етеді.

179. Кран-манипуляторды техникалық куәландыру нәтижелері келесі куәландыру мерзімін көрсетумен оның паспортына жазылады. Кран-манипулятордың бұдан әрі жұмысына рұқсатты кран-манипулятордың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау бойынша инженерлік-техникалық жұмыскер береді.

180. Кран-манипуляторды кезеңді қарау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес және жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесімен белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Кесте кран манипулятордың нақты жұмысы мен техникалық жағдайын есепке алумен жасалады. Кран-манипулятордың иесі аталған жұмыстардың кестеге сәйкес жүргізілуін және табылған ақаулардың уақытылы түзетілуін қамтамасыз етеді.

181. Кран-манипуляторды қарау және техникалық қызмет көрсету нәтижелері, жөндеу туралы мәліметтер жөндеу журналына жазылады. Кезектен тыс техникалық куәландыру қажеттілігін тудыратын жөндеулер туралы мәліметтер кран-манипулятор паспортына жазылады.

182. Алынбалы жүкқарпығыш жабдықтарды пайдалану процесінде иесі келесі мерзімдерде оларға кезеңді қарау жүргізеді:

1) грейферлерді, траверс, тістеуіктер мен қарпығыштарға – ай сайын;

2) тоқтатқыштарды (сирек пайдаланылатындарын қоспағанда) - әр 10 күн сайын.

Алынбалы жүкқарпығыш жабдықтарды қарау мамандандырылған ұйым өңдеген және қарау тәртібі мен әдісін, ақаулы көрсеткіштерді, сондай-ақ анықталған ақауларды түзету әдістерін анықтайтын нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Алынбалы жүкқарпығыш жабдықтарды қарау нәтижесі журналға жазылады. Анықталған ақаулы жүкқарпығыш жабдықтар жұмыстан алынып тасталады.



3 - параграф. Бақылау және қызмет көрсету
183. Кран-манипуляторлар иелері олардың ақаусыз жағдайда болуын және олардың жұмысының қауіпсіздігі шартын тиісті куәландыру, қарау, жөндеу, бақылау және қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етеді. Бұл үшін:

1) кәсіпорын бұйрығы бойынша кран-манипулятордың қауіпсіз пайдаланылуын бақылау бойынша инженерлік-техникалық жұмыскерді, кран-мнипулятордың ақаусыз жағдайда болуына жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерді және кран-манипуляторлармен жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлға тағайындау;

2) кран-манипулятордың ақаусыз жағдайда болуын қамтамасыз ететін жөндеу қызметін құру және алдын алу бойынша қарау, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу тәртібін белгілеу;

3) кран-манипуляторға қызмет көрсетуші персоналды оқыту және білімдерін кезеңді тексеру, 1)-тармақшада көрсетілген жауапты жұмыскерлердің осы Талапты білуін тексеру кестесін белгілеу;

4) жұмыс өндірісі жобасын, технологиялық регламенттер өңдеу;

5) жұмыскерлерді осы Талаппен, кран-манипуляторды қауіпсіз пайдалану бойынша нормативтік құжаттамамен, технологиялық регламентпен қамтамасыз ету.

184. Кран-манипуляторларды қауіпсіз пайдалануға қадағалауды жүзеге асыру үшін иесі инженерлік-техникалық жұмыскерлерді оларды осы Талап бойынша білімдерін тексергеннен және тиісті куәлік берілгеннен кейін тағайындайды.

185. Кран-манипуляторларды қауіпсіз пайдалануды қадағалау бойынша инженерлік-техникалық жұмыскер:

1) кран-манипулятор мен алынбалы жүкқарпығыш жабдықтардың техникалық жағдайы мен қауіпсіз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады және өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары бұзылуын түзету бойынша шаралар қабылдайды;

2) алдын ала жазбалардың, кран-манипуляторлар мен алынбалы жүк қарпығыш жабдықтарды кезеңді қарау мен жөндеу кестелерінің орындалуын қадағалайды;

3) осы Талаппен белгіленген кран-манипуляторларды басқаруға және оларға қызмет көрсетуге жұмыскерлерді жіберу тәртібін тексереді, аттестация бойынша комиссия мен қызмет көрсету персоналының, кран-манипулятордың ақаусыз жағдайына жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерлер мен кран-манипуляторлардың қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғалардың білімін кезеңді тексеруге қатысады;

4) өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының, жұмыс өндірісі жобаларының және кран-манипуляторлар жұмысы өндірісі кезіндегі технологиялық регламенттердің орындалуын, жүктердің бекітілуін, кран-манипуляторларды орнату дұрыстығын, жұмыс істеушілердің жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін, электр беріліс желісіне жақын орындарда жұмыс жүргізген кезде наряд-рұқсатты ресімдеу тәртібінің және жеке қауіпсіздік шараларының сақталуын тексереді;

5) кран-манипулятордың объектіге бағытталуы мен бөлінуінің иесі белгіленген тәртібінің сақталуын қадағалайды;

6) кран-манипуляторлардың техникалық куәландырылуын жүргізеді және осы Талаппен көзделген жағдайда пайдалануға рұқсат береді.

186. Кран-манипуляторлардың жұмысы мен қызмет көрсетуінде ақау, осы Талаптың бұзылуы анықталған кезде кран-манипулятордың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау бойынша инженерлік-техникалық жұмыскер оларды түзету бойынша шаралар қабылдайды.

Кран-манипулятордың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау бойынша инженерлік-техникалық жұмыскер кран-манипуляторларды:

1) арқандардың бұзылуы, тежегіштер, арқандарды бекіткіштер, ілмектер, жүкшығырлар, қауіпсіздік аспаптары ақаулығы табылған;

2) металл құрылымдарда сызаттар мен бұзылулар болған;

3) кран-манипулятордың нормативтік қызмет ету мерзімі немесе техникалық куәландыру мерзімі өткен;

4) кран-манипуляторларға егер кран-манипуляторлармен жұмыс өндірісі қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар және кран-манипулятордың ақаусыз жағдайда болуына жауапты инженерлік-техникалық жұмыскер тағайындалмаған болса, аттестациядан өтпеген операторлардың (машинистердің), арқаншылардың қызмет көрсетуі;

5) кран-манипулятордың паспортының немесе тіркелуінің болмауы;

6) алынбалы жүкқарпығыш жабдықтардың тасымалданатын жүктерінің сипаттамасы мен сәйкес салмағының болмауы немесе олардың ақаулығы;

7) мемлекеттік инспектор берген жазбалардың орындалмауы кезінде пайдалануға жібермейді.

187. Кран-манипулятордың ақаусыз жағдайда болуына жауаптылықты иесі қарамағында қызмет көрсетуші персонал (арқаншылардан басқа) бар тиісті біліктіліктегі инженерлік-техникалық жұмыскерге осы Талапты білу білімін тексергеннен және оған тиісті куәлік берілгеннен кейін жүктейді.

Кран-манипулятордың ақаусыз жағдайда болуына жауапты инженерлік-техникалық жұмыскерді тағайындау туралы бұйрық нөмірі мен датасы, оның лауазымы, фамилиясы, аты, әкесінің аты және қолы кран-манипулятордың паспортында көрсетіледі. Бұл мәліметтер кран-манипулятордың паспортына және әрбір рет қайтадан жаңа жауапты тұлға тағайындалғаннан кейін енгізіледі.

Еңбек демалысы, іссапар, сырқаттану және басқа жағдайлар кезінде жауапты тұлға болмаған жағдайда оның міндеттері оны лауазымы бойынша алмастыратын, сәйкес біліктілігі бар және осы Талапты білуі бойынша тексеруден өткен жұмыскерге (оның аты-жөнін кран-манипулятор паспортына енгізбей-ақ) бұйрықпен жүктеледі.

Иесі жауапты тұлғаның оған жүктелген міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.

188. Кран-манипулятордың ақаусыз жағдайда болуына жауапты инженерлік-техникалық жұмыскер:

1) кран-манипулятор мен алынбалы жүк қарпығыш жабдықтарды кезеңді қарау, техникалық қызмет көрсету және кестемен белгіленген мерзімде жөндеу жүргізу жолымен ақаусыз жағдайда ұстау, кезеңді бақылау және табылған ақауларды уақытылы түзету журналын дұрыс жүргізуді, сондай-ақ кран-манипулятор мен алынбалы жүкқарпығыш жабдықтарды белгіленген мерзімде жеке қарау жолымен жүйелі бақылауды;

2) кран-манипуляторға қажетті білімі бар және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дағдысы жеткілікті оқыған және аттестатталған персоналдың қызмет көрсетуі мен жөндеуін, сондай-ақ қызмет көрсету персонал білімін кезеңді тексеруді;

3) кран-манипуляторға қызмет көрсету бойынша технологиялық регламенттерді оператордың (машинистің) және жөндеу персоналының орындауын;

4) кран-манипуляторларды техникалық куәландыруға уақытылы дайындау, нормативтік қызмет ету мерзімін өткерген кран-манипуляторларды тексеріске дайындауды;

5) кран-манипуляторларды жөндеуге кестеге сәйкес шығаруды;

6) кран-манипуляторлар мен жүкқарпығыш құрылғылардың паспорттары мен техникалық құжаттамасын сақтауды;

7) кран-манипуляторды қауіпсіз пайдалануды қадағалау бойынша мемлекеттік инспектордың және инженерлік-технологиялық жұмыскердің жазбаларын орындауды қамтамасыз етеді.

Алынбалы жүкқарпығыш жабдықтардың ақаусыз жағдайын ұстау бойынша міндеттер кран-манипулятор иесінің өкімімен сәйкес біліктіліктегі басқа жұмыскерге жүктеледі.

189. Кран-манипулятор жұмысының әр телімінде, әр ауысымында қадағалушы тұлағалар ішінен кран-манипуляторлармен қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлға бұйрықпен тағайындалады. Көрсетілген жұмыскерлерді кран-манипулятормен қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлға ретінде тағайындау олардың осы Талап пен технологиялық регламенттің сәйкес бөлімдеріне білімдерін тексергеннен кейін жүргізіледі.

190. Кран-манипуляторлармен қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлға:

1) кран-манипуляторлармен жұмысты өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарына, жұмыс өндірісі жобасына, технологиялық регламентке сәйкес енгізуді ұйымдастырады;

2) кран-манипулятор операторларының (машинистерінің) және жұмысты қауіпсіз орындау бойынша арқаншылардың үйретілуін, жұмысты жүргізу орындарында ерекше шарттарға, қауіпті факторларға мән бере отырып, кран-манипулятордың артық жүктелуіне жол бермей, жүктердің арқандалуы мен дұрыс тіркелуін, кран-манипулятордың дұрыс орнатылуын, жұмыстың қауіпсіз орындалуын, арқаншылармен жеке қауіпсіздіктің сақталу шараларын өткізеді;

3) жобамен және технологиялық регламентпен көзделген арқандау схемасы өңделмеген жүктерді тасымалдау кезінде жүктерді электр беріліс желілеріне жақын бірнеше кран-манипулятормен тасымалдау бойынша жұмыстарды тікелей басқарады;

4) кран-манипуляторға оқытылмаған және аттестацияланбаған персоналдың қызмет көрсетуіне рұқсат бермейді, кран-манипулятор жұмысы кезінде дыбыс берушілерді тағайындау қажеттілігін анықтайды;

5) таңбаланбаған, ақаулы және көтерілетін жүктің салмағы мен сипатына сәйкес келмейтін алынбалы жүк қарпығыш жабдықтарды пайдалануға рұқсат бермейді;

6) операторларға (машинистерге) электр желілеріне жақын орындардағы жұмыс үшін кран-манипуляторды орнату орындарын көрсетеді және вахталық журналға жазба енгізумен жұмысқа рұқсат береді;

7) осы Талаппен көзделген жағдайларда жұмысты наряд-рұқсатсыз жүргізуге жол бермейді;

8) жұмыскерлерді қажетті мүкәммалмен және кран-манипулятормен қауіпсіз жұмыс өндірісіне арналған құралдармен қамтамасыз етеді;

9) операторлардың (машинистердің) технологиялық регламент жұмысы өндірістерінің жобасын орындауын қадағалайды.

191. Кран-манипуляторы аз (үшеуге дейін) кәсіпорындар үшін кран-манипулятордың ақаусыз жұмысына жауапты инженер-техник жұмыскер міндетін орындау мен кран-манипуляторлармен қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлға міндеті бір инженерлік-техникалық жұмыскерге жүктеледі.

192. Кран-манипулятор иесі осы Талаппен көзделген барлық жауапты тұлғаларды тағайындау мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың міндеттерін аттестацияланған ұйым жұмыскерлеріне (шарт бойынша) жүктеуіне рұқсат беріледі.

193. Кран-манипуляторларды басқару мен оларға қызмет көрсету үшін иесі операторларды (машинистерді), электр монтерлерді, слесарьларды және қауіпсіздік аспаптарын реттеушілерді тағайындайды.

194. Жүкті кран-манипулятордың ілмегіне тіркеу, байлау (арқандау) және ілу үшін арқаншылар тағайындалады. Арқаншылар ретінде операторларға (машинистерге), такелажшыларға, монтажшыларға және мамандығы бойынша оқытылған, біліктілік сыныбымен жүктерді арқандау бойынша жұмыстарды орындауы қарастырылған басқа жұмыскерлерге рұқсат беріледі.

195. Кран-манипулятормен қызмет көрсету аумағы оператордың (машинистің) басқару постынан көрінбейтін болса және операторлар (машинистер) мен арқаншылар арасында радио немесе телефон байланысы болмаса, дыбысты беру үшін дыбысшылар тағайындалады. Дыбысшылар ретінде тек аттестацияланған арқаншылардан тағайындалады. Дыбысшыларды кран-манипулятордың қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлға тағайындайды.

196. Кран-манипулятордың бір түрінен кран-манипулятордың басқа түріне ауыстырылған кран-манипулятордың операторлары (машинистері) құрылғы және мұндай кран-манипуляторға қызмет көрсету ерекшеліктерімен таныстырылады және тағылымдамадан өтеді. Білімдері мен тәжірибелік дағдыларын тексергеннен кейін бұл жұмыскерлер өз бетімен дербес жұмыс істеуге жіберіледі. Оқу, тағылымдамадан өту және тәжірибелік дағдыларын тексеруді жүргізу тәртібін кран-манипулятор иесі белгілейді.

197. Операторлардың (машинистердің), слесарьлардың, электр монтерлердің, қауіпсіздік аспаптарын реттеушілердің және арқаншылардың жұмысқа жіберілуіне рұқсат кран-манипулятор иесінің бұйрығымен (өкімімен) ресімделеді.

198. Кран-манипуляторға дұрыс қызмет көрсету үшін иесі операторларды (машинистерді), слесарьларды, электр монтерлерді және арқаншыларды қауіпсіз жұмыс өндірісінің тәртібін анықтайтын технологиялық регламентпен қамтамасыз етеді.

199. Кран-манипулятор мен алынбалы жүкқарпығыш жабдықтардың иесі кран-манипуляторға қызмет көрсету бойынша міндеттер тағайындалған тұлғалар оларға тапсырылған жабдықты оны қарау мен әрекетін тексеру жолымен қадағалау жүргізуін және оны ақаусыз жағдайда ұстайтын тәртіп белгілейді. Кран-манипулятордың операторлары (машинистері) кран-манипуляторларға иесі сәйкесінше уақыт бөлетін қарау жүргізеді. Кран-манипуляторларды операторлардың (машинистердің) қарауы мен тексеру нәтижесі вахталық журналға жазылады (7 - қосымша). Арқаншылар алынбалы жүк қарпығыш жабдықтарды оларды пайдалану алдында қарайды.



4 - параграф. Жұмыс өндірісі
200. Кран-манипуляторлар салмағы олардың жүккөтерімділігінен аспайтын жүктерді көтеру тіреулері жағдайын ескерумен тасымалдауға ғана рұқсат беріледі. Кран-манипуляторды пайдалану кезінде оның паспортында және пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген талаптар бұзылмайды.

201. Жүкті бірнеше кран-манипулятормен тасымалдау арқандау схемасы және жүктерді операцияларды орындау кезеңділігін көрсетумен тасымалдау, нұсқарлар жағдайымен, жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша талаптар көрсетілетін жұмыс өндірісі жобасына немесе технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Жүкті бірнеше кран-манипулятормен көтеру мен тасымалдау кезінде оның әр қайсысына келетін жүктеме оның жүккөтерімділігінен аспайды.

202. Жүкті бірнеше кран-манипулятормен тасымалдау бойынша жұмыс кран-манипулятормен қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлғаның тікелей басшылығымен жүргізіледі.

203. Пайдаланудағы кран-манипуляторлар тіркеу нөмірі, жүкөтерімділігі және келесі жекелеген немесе толық техникалық куәландыру мерзімі анық көрсетілген көрсеткіш тақтайшамен жарақталады.

204. Техникалық куәландырудан өтпеген кран-манипуляторлар мен алынбалы жүкқарпығыш жабдықтар жұмысқа жіберілмейді. Ақаулы жүкқарпығыш жабдықтар, сондай-ақ биркасы (таңбасы) жоқ жабдықтар жұмыс өндірісі орындарынан алынады.

205. Кран-манипуляторларды пайдалану кезінде олардың желдің әсерінен немесе алаңы еңістеу жерде болған кезінде аударылуын немесе өз бетімен дербес ауыстырылуын болдырмау бойынша шаралар қарастырылады.

206. Кран-манипулятордың иесімен немесе жұмысты шығарушымен арқандаушылар үйретілетін жүктерді дұрыс арқандау тәсілдері өңделеді. Жүктерді арқандау тәсілдерін графикалық суреттеу арқандаушылар мен операторлар (машинистер) қолына беріледі немесе жұмыс өндірісі орындарына ілінеді. Арқандау схемасы өңделмеген жүктерді тасымалдау кран-манипулятордың қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлғаның қатысуымен және басшылығымен жүргізіледі.

207. Кран-манипуляторлар иелері:

1) кран-манипуляторлармен жұмыс жүргізу телімдеріне жұмыс өндірісі жобаларын, технологиялық регламенттерді өңдейді және береді;

2) кран-манипуляторлармен қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлғаларды, операторларды (машинистерді) және арқаншыларды жұмыс өндірісі жобаларымен, технологиялық регламенттермен таныстырады (қол қоя отырып);

3) арқаншыларды тасымалданатын жүктердің салмағы мен сипатына тиісті айырғыш белгілермен, сыналған және таңбаланған алынбалы жүкқарпығыш жабдықтармен жабдықтайды;

4) жұмыс өндірісі орындарына олардың салмағын көрсетумен кран-манипулятормен тасымалданатын негізгі жүктердің тізімін іледі. Кран-манипуляторға қызмет көрсететін операторларға (машинистерге) және арқаншыларға жұмыс жүргізу кезінде мұндай тізім қолдарына беріледі;

5) кран-манипулятор жүккөтерімділігін (жүктік сәт) шектегіштің нақты ілінген жүгімен кезеңді сынауды кран-манипуляторды пайдалану бойынша нұсқаулықта немесе аспап паспортында көрсетілген мерзімде жүргізуді қамтамасыз етеді;

6) кран-манипулятор жүккөтерімділігін (жүктік сәт) шектегішті пломбылау тәртібін белгілейді;

7) жүктерді сақтау орындары мен алаңдарын анықтайды, оларды технологиялық жарақтармен және жабдықтармен жабдықтайды, операторлар (машинистер) мен арқаншыларды сақтау өлшемдерімен және тәртібімен таныстырады;

8) арқаншылар мен операторлар (машинистер) арасында дыбыс алмасу тәртібін белгілейді. Ұсынылатын дыбыс беру дабылдамасы осы Талаптың 9 - қосымшасында көрсетілген.

208. Кран-манипуляторлармен жұмыс өндірісі орындары жұмыс өндірісі жобасына немесе технологиялық регламентке сәйкес жарықтандырылады. Кран-манипулятор жұмысы қар, жаңбыр жауған кезде немесе тұман болғанда, оператор (машинист) арқаншы дыбысын немесе тасымалданатын жүкті айыруы мүмкін болмаған жағдайда тоқтатылады.

209. Кран-манипуляторларды электр берілістің соңғы сымынан немесе 42 В артық кернеулі әуелік электр желісінен 30 м жақын қашықтықта орнату мен жұмысы жұмыстың қауіпсіз шартын анықтайтын наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

Наряд-рұқсат кран-манипулятор операторының (машинисінің) қолына жұмыс басталар алдында беріледі. Операторға (машинистке) кран-манипуляторды жұмыс істеу үшін электр беріліс желісіне жақын өзінің орнатуына рұқсат берілмейді. Кран-манипулятордың электр беріліс желісіне жақын жұмысы операторға (машинистке) кран-манипуляторды орнату орнын көрсететін, кран-манипулятордың қауіпсіз жұмыс өндірісіне жауапты тұлғаның тікелей басшылығымен жүргізіледі, наряд-рұқсатпен қарастырылған жұмыс шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді және жұмысқа рұқсат туралы вахталық журналда жазба жүргізеді.

Электр беріліс желісі күзет аймағында немесе қолданыстағы жоғары вольтті электр желісін қорғау ережесімен белгіленген шектердегі айырылуларда жұмыс өндірісі кезінде наряд-рұқсат электр берілісі желісін пайдаланатын ұйым рұқсаты болған кезде ғана беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет