Кредит №1 «Арнайы психология» пәні бойынша


Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет3/10
Дата14.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#134231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері.


Мектепке дейінгі және төменгі кластардағы балаларда шизофрения ауруы кезінде көру елестеушілігі басым болады (ересек адамдарда бұл ауруда есту елестеушілік жиі болады). Балалар тұтас фигуралар емес олардың жеке бөліктерін көреді. Мысалы, адамның басын, бетін, қорқынышты көздерін көреді.

Балалардың жүріс-тұрысында осы елестеушілікке сай жиі қорқыныштық сезіледі. Балалар мазасызданып, жылауық болып, қашып кетіп, жасырынып қалады.

Көру елестеушілігінен басқа балаларда жанасу, есту, дәм мен иіс сезу елестеушіліктері де болады. Бұл елестеушіліктер тұрақсыз және жеңіл түрде өтеді. Балалар мен жасөспірімдерде болатын тағы бір ерекшелік жалған елестеушіліктердің жиі орын алуы. Г. Е. Сухареваның айтуы бойынша айтылған елестеушіліктер психозсыз, тұрақсыз және әсерленгіш балаларда болады. Балалар өткен өмірінің кейбір шақтарын, оқыған ертектерін, әр түрлі әсерлерді елестетеді (Бұл жағдайда елестеушіліктер еріксіз, жалықтырғыш және бейнелері қалыптасқан болады — В. X. Кандинский). Жалған елестеушілік кезінде балаларда әсерлі сандырақ болмайды.

Балалардың жеке басындағы қабылдаудың өзгеруін деперсонализация құбылысы дейді. Бұл жағдайда балалар өзі туралы үшінші жақта сөйлейді (кішкене балаларда қалыпты жағдайда айтылғандай ерекшелік кездеседі). Балалар өте сенгіш болғандықтан қабылдауы бұзылғанда эмоциональдық сағым, елестеушілік, жалған елестеушілік оңай пайда болады. Балалардың сағымы (алдануы) бұзылғанда парейдолиялар жиіленеді.



5-лекция.

Балалар сана-сезіміндегі кейбір ауытқулар.

(1 сағат)
Жоспары:

  1. Ес және оның бұзылуы.

  2. Зейін процесінің бұзылуы.

3. Эмоцияның және қозғалыстың бұзылуы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Илешева Р.Г. Психические болезни. Казахская ССР. Краткая энциклопедия, Алматы.

  2. Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.

  3. Кербиков О.В., Озерецкий Н.И., Попов Е.А., Снежневский А.В. Учебник психиатрии. М., Медицина, 1979.


Қосымша:

  1. Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина, 1983.

  2. Сухарева Г.Е. Клинические лекции по психиатриии детского возраста. Т. 1, М., Медгиз, 1955-1965гг.


Лекцияның мәтіні:

Ес (память)— құбылыстарды есте қалдыру, сақтау және еске түсіру қабілеті.

Естің физиологиялық негізі — шартты рефлекстер пайда болуда. Шартты рефлекстік байланыс заттардын сыртқы, кездейсоқ белгілеріне пайда болады. Мысалы, оқушы берілген тапсырманы маңызы жағынан емес, сөздердің дауыстық ұқсастығы жағынан, оқулықтың қай жерінде екенін есіне сақтайды. Мұндай ес механикалық болып саналады. Айтылғаннан айырықша сөздік-логикалық ес бар. Бұл жағдайда құбылыстардың негізгі белгілері әсерінен шартты байланыстар пайда болады. Мысалы, оқушы өткен материалдың қай бетте екенін емес маңызы жағынан есіне сақтайды. Сөздік-логикалық ес тұрақты болады.

Адамның кергенінің, естігенінің, зерттегенінің кебі есте қалмайды. Кеп рет қайталанған құбылыстар есте қалады. Ұмыту шартты рефлекстік байланыстардың етуімен байланысты. Қайталау, жаттығу материалдарды есте сақтап қалуға көмектеседі. Алынған білімді сақтауда іздік реакциялардың маңызы зор.

Механикалық пен сөздік-логикалықтан басқа да естің түрлері бар (қозғалыстық, эмоциональдық, ерікті және еріксіз). Естің күрделі түрі — музыкалық ес.

Есі жақсы адам кеп біледі, оның интеллектік деңгейі жоғары болады. Бірақ бұл міндетті түрде емес. Ақылы кем адамдардың механикалық есі, кейбір олигофрендердің музыкалық есі жақсы болуы мүмкін. Есі нашар кісі ғылымда үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.

Ес назармен тығыз байланысты. Патологияда жиі кездесетін естің нашарлауын гипомнезия дейді. Ол дені сау адамның қартайған кезінде болады. Бұл құбылыс керісінше өтеді, алдымен кейінгі әсерлер, артынан бұрынғы әсерлер ұмытылады. Кейінгі әсерлердің ұмытылуы заңды түрде ететінін француз психологы Рибо анықтады.

Қартаюға байланысты естің нашарлауынан басқа (гипомнезия), әр түрлі органикалық негізді ауруларда да осындай өзгеріс болады (церебросклероз, кәрілік, зақымдану, мерез ауруларында, жүрекке операция жасағаннан кейін). Кейде ес уақытша нашарлайды. Мысалы неврастенияда.

Естің патологиялық күшеюі — гипермнезия сирек кездеседі. Гипермнезия жұқпалы аурулармен, желікпемен ауырғанда жиі болады. Гипермнезияның феноменальды (таңқаларлық) естен айырмасы бар. Феноменальды ес физиологиялық құбылыс болғандықтан адамның өмір бойына тән. Гипермнезия — ауырған кездегі жағдай да, сауыққанда жойылады. Амнезия — бір мерзімінің, оқиғалардың толығынан естен шығуы. Антероградтьщ ам-незияда ауырғаннан соңғы оқиғалар естен шығады. Мысалы, миы зақымданған адам өзінің не болғанын, ауруханаға қашан түскенін білмейді. Ретроградтық амнезияда ауырғанға дейінгі оқиғалар естен шығады. Амнезияның бұл түрі антероградтық сияқты толық не жартылай аздап болады. Мысалы, ауру өзінің білгең шет тілін ұмытып қалуы мүмкін. Ал өзінің өткен өйірін ұмытып қалуы сирек кездеседі. Ретро антероградтьщ ес на-шарлауының аралас түрі жиі кездеседі. Амнезияның әр түрі зақымдайғанда, иіс-газымен уланғанда, кәрілік атеросклерозда, ақылдың кемістігінде кездеседі.



Парамнезия — естің алдануы. Бұған конфабуляция жатады. Бұл өмірдің ұмытылған кезеңдерінің орнын ойдан шығарып толтыру. Үзақ уақыт психиатриялық ауруханада болған ауру дәрігерге кеше үйде болғанын, ас дайындағанын, балаларды қарағанын айтады. Ол айтылған әрекеттерді бұрын жасауы мүмкін, бірақ кеше емес. Бұл мысалда оқиғалар уақыт бойынша жылжиды. Кейбіреулер бұны псевдореминисценция дейді. Кейде ауру таңқаларлық оқиғаларды айтады. Мысалы, «Марста болдым», «марсиандар — көгілдір адамдар». Бұл қияли конф.абуляциялар. Ауру адамдар өздерінің айтқандарын шын деп санайды.

Кейде криптомнезия құбылысы кездеседі. Оқыған, естіген және түсте көрген оқиғаларды ауру өмірде болған деп есіне түсіреді. Мысалы, кітаптан оқылған қызық окиғаны, жаңалықты ауру өзімен байланыстырады. Мұндай жағдайда әр түрлі сенімсіздік және біреудің еңбегін пайдалану туралы (плагиат) айтылуы мүмкін.

Кейде адам өз еңбегінде жазылғанды ұмытып, осы жазылғандарды басқанікі деп санайды.

Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері. Балалар есінің төмендеуі неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым олардың білім жинақтауы артта қалады. Осыған байланысты олардың интеллекті дамымайды. Ересек адамдардың есі нашарлағанда білімнің жиналуы тоқталады. Ал, жас балаларда басынан бастап білім алу нашарлап, туысымен пайда болатын ақылдың кемістігіне ұқсас болады. Балалар есінің патологиялық жағдайда күшеюі де мүмкін. Мысалы, бірқалыпты дамымаған кезде, дамудын бір кезеңінде бала жылдам өсіп, ал екінші кезеңінде өсу баяулайды не тоқталады. Оларда қыяли конфабуляциялар да болуы мүмкін.



ЗЕЙІННІҢ (НАЗАРДЫҢ) БҰЗЫЛУЫ.

Зейін (внимание)— психиканық белгілі объектілерге бағытталуы, соларға қадалушылығы. Ол сыртқы объектілерге не адамның өзіне бағытталуы мүмкін. Өзіне бағытталуы адам организмінде болатын физикалық, психикалық процестермен байланысты. Зейін еспен тығыз байланысты. Ол ес пен интеллектің алдын алатын маңызды жағдай, оның адам еміріндегі атқаратын ролі зор.

Зейіннің қасиеттері — оның бағытталуы, қадалушылығы, тұрақтылығы, келемі, бөлінуі, аударылуы. Зейіннің түрлері — ерікті, еріксіз.

Үйреншікті зейін — зейіннің қалыпты жағдайдағы касиеті, ерікті зейіннің салдарынан еқбек етіп жаттығудан пайда болады. Мысалы, материалдың мазмұнына түсіну қиын болғандықтан оқушы алаңдамас үшііі ез алдына мақсат қойып, өзін-өзі зорлайды. Біраздан соң, бұрын қиын деп саналатын жұмыс үйреншікті іске айналып, ерік жұмсауды талап етпей, жеңіл болып көрінеді.

Зейіннің бұзылуы — алаңғасарлық, бір бағыттылык.

Алаңғасарлық — еріксіз оңай назардың бір объектіден екіншіге ауысуы. Бір бағыттылық — бір объектіден екіншіге қиын түрде ауысуы.

ЭМОЦИЯНЫҢ БҮЗЫЛУЫ.

Адам өз емірінде әр турлі заттар мен құбылыстарды жай қарамай, оларды эмоциямен (сезіммен) қабылдайды. Сондықтан эмоция — объективті шындыққа деген біздің қарым-қатынасымыз, сезіміміз. Бұл айналадағы шындыққа деген біздің дұрыс не теріс көзқарасымыз.



Төменгі сатыдағы эмоциялар адамның органикалық қажеттілігін өтеумен байланысты. Мысалы, ашығу, шөлдеу. Жоғары сатыдағы не күрделі эмоциялар адамның еңбек әрекетімен, эстетикалық қажеттілігімен, отбасы, қауым, Отан алдындағы борышымен байланысты.

Адамның өмірінде әр түрлі эмоциялар орын алады. Бірақ негізгі болкп жоғары сатыдағы эмоциялар саналады. Адамның эмоциялық жағдайы айналадағы орта мен адамның ішкі күйіне байланысты. Емтиханда алған жақсы баға адамды қуантады. Бәрімізге белгілі қарын ашу адамның көңіл-күйін төмендетеді. Физиологиялық тұрғыдан эмоциялар ең алдымен ми қыртысының шартты рефлекстік қызметімен байланысты. Ми қыртысы астындағы орталықтар шартсыз рефлекстермен де байланысты. Сондықтан да олардың эмоция пайда болудағы ролін атамай кету дүрыс болмайды. Бірақ, адамның эмоциясындағы негізгі қызметті ми қыртысы атқарады. Осының айғағы ретінде әр адамның өз көңіл-күйін реттеп алатынын айтуға болады.

Эмоциялардың патологиясы. Эмоция бұзылғанда жиі депрессия не дистимия, гипотимия кездеседі. Бұл жағдай зарығу, сағынумен байланысты. Сыртқа білінбейтін психикалық зақымданудан кейін де депрессия пайда болады. Бұл жағдайдга адамның көңіл-күйі төмендеп қайғылы, мұңлы болады. Айналадағы әлем көңілсіз болып көрінеді. Айналадағыларға ықыластың төмендеуінен ауру катты қайғырады. Зарығу жағдайы жеңіл және ауыр түрінде болады. Ауыр түрінде адам өзін-өзі өлтіргісі келеді (суицидальдық ойлар). Өзін-өзі әлтірудің барлығы да психиканың бұзылуымен байланысты (XVIII ғасырдың француз психиатрлары осылай санайды) емес. Бірақ суицидальдық әрекеттердің көбі психикалык ауру адамдарда, депрессиямен ауырғандарда жиі болады. Депрессиямен ауырған адамдардың бет пішіні қайғылы, ауызы салбырап, қас арасында әжімі болады. Со-нымен, адамның бетінен депрессиямен ауыратынын білуге болады. Кейде патологиялық түрде көңіл-күй жоғарылап эйфория болады. Кейде эйфория рак, туберкулез сияқты аурулармен ауырған адамдарда да болады. Эйфорияда көңіл-күй кетеріліп, қуанышты болады. Бұл жағдайда адам әзін-езі жоғары санап, денсаулығын мықты сезініп, өзін шыдамды, күшті деп есептейді. Айналадағының бәрі жақсы болып көрінеді. Аурудың бет ажары жанданып, ойлары жылдам өтетін болады. Эйфория маниакальдық жағдайда, соматикалық қатты ауруларда, органикалық негізді ақылдың кемістігінде, мас болғанда болады.

Дисфория — зарыгу, ашыну, кею жағдайындағы наразылық білдіру. Депреесияға қарағанда мұнда айналадағыға кею, ашулану сезімі болады. Кейде маниакальды ауру адамның көңіл-күйі көтеріңкі болады, бірақ мұнда да ол ашуланып, әр минутта кеюі мүмкін.

Дисфория кояншыққа, ми атеросклерозына және мидың басқа да органикалық ауруларына тән белгі. Эмоциональдық жігерсіздікте не эмоциональдық тұрақсыздықта, әлсіздікте адам көңіл-күйі жылдам өзгеріп отырады. Дәйекті себепсіз ауру адамдар жылап, содан соң күлуі мүмкін. Айтылғандай көрініс қалыпты жағдайда, балаларда, ми склерозында болады (психикалық әлсіреу, мысалы, неврастения — мидың органикалық ауруларында).



Эмоциональдық селқостықта (апатия) эмоциялар мүлдем болмайды. Ауру адамдар айналадағыларға да, өздеріне де көңілсіз қарайды. Мұндай жағдайды көзі ашық өліммен теңестіреді. Мұндай көрініс шизофренияда, ауыр органикалық ауруларда кездеседі (мидың ісігінде).

Аффект— елірмелі, қысқа мерзімді ызалану. Ол дені сау адамдарда да болады. Физиологиялық аффект адамды толғандыратын қайғымен байланысты. Мысалы, ұрысқан кезде адам ашуланып, жаман сөздер айтып, ұрып та жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда сана өзгермейді, амнезия болмайды. Мұнда адам күш салса өзін-өзі ұстай алуы мүмкін. Айтылғанға керісінше, патологиялық аффект бар. Бұл жағдайда адам өзіне-өзі есеп бере алмайды. Патологиялық аффектің айырмашылық белгісі сананың түнеруі және болған оқиғаның естен толық шығуы. Физиологиялық аффект пен патологиялық аффекті ажыратудың сот-психиатриялық істе маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет