Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Диалектілік құбылыстардың пайда болу себебі мен таралу аймағы жайында мағлұматы болғаны жөн.
Білуі: Фонетикалық ерекшеліктердің түрін, сәйкестіктер қандай дыбыстар арасында болып тұрғанын, қандай позицияда кездесетінін, лексикалық ерекшеліктердің мағыналық-стильдік топтардың қандай түріне жататынын, грамматикалық ерекшеліктердің қандай категория, тұлғаға байланысты екенін ажырата білуі қажет.
Дағдысы: Фонетикалық, лексикалық ерекшеліктердің мағыналық-стильдік топтарын, грамматикалық ерекшеліктерді ажырата білуге дағдылану.
Құзіреттілігі: Диалектілік құбылыстардың пайда болу себебі мен таралу аймағы жайында мол мағлұматтар ала отырып, диалектологияның қазақ әдеби тіл тарихына да қатысын ескеру қажет.
Бағдарламының жетекшісі: филол.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.
25
|
KD 0217
|
Қазақ диалектологиясы
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы».
Постреквизиті – «Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі».
Оқытудың мақсаты: Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері, зерттелу жайы, диалектілер қолданысымен таныса отырып, қазақ тілі говорларындағы фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерді саралай білу.
Қысқаша мазмұны: Пәннің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті. Диалектология – ғылымы туралы. Өзге пәндермен байланысы. Диалект, говор терминдері. Диалектілік құбылыстардың пайда болу себебі. Қазақ тілі говорларындағы фонетикалық ерекшеліктер. Қазақ тілі говорларындағы грамматикалық ерекшеліктер. Қазақ тілі говорларындағы лексикалық ерекшеліктер. Диалектілік құбылыстардың таралу аймағы. Диалектілік ерекшеліктердің таралу шегін лингвистикалық география әдісімен зерттеу арқылы анықтау. Диалектілер және әдеби тіл. Диалектология саласының зерттелу тарихы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Диалектілік құбылыстардың пайда болу себебі мен қазақ тілі говорларындағы фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерді саралай білу.
Білуі: Диалектілік құбылыстардың пайда болу себебі қолданысын ажырата білуі тиіс.
Дағдысы: Диалектілік ерекшеліктердің таралу шегін лингвистикалық география әдісімен зерттеу арқылы анықтауға дағдылану.
Құзіреттілігі: Диалектілік құбылыстардың қазақ әдеби тіл тарихына да қатысын ескеру қажет.
Бағдарламының жетекшісі: филолог.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.
|
26
|
KDATM 0218
|
Қазақ диалектологиясы және әдеби тіл мәселелері
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3. Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы».
Постреквизиті – «Стилистика және тіл мәдениеті»,«Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі».
Оқытудың мақсаты: Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары және зерттелу тарихын әдеби тіл мәселелерімен байланыстыра қарастыру мақсатын көздейді.
Қысқаша мазмұны: Пәннің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті. Диалектология – тіл туралы ғылымның дербес саласы. Диалект, говор терминдері. Ұлттық тіл және диалектілер. Әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасы. Қазақ тілі – тұтастығын сақтаған диалектілік құрылымы әлсіз, болмашы дамыған тіл. Диалектілік ерекшеліктердің таралу шегін лингвистикалық география әдісмен зерттеу арқылы анықтау қажеттігі. Диалектілік ерекшеліктер – қай заманда да халықтың жанды ауызекі сөйлеу тіліне тән құбылыс. Ауызекі сөйлеу тілі және әдеби тіл. Диалектология саласының зерттелу жайы. Диалектология ғылымының бүгінгі жай-күйі.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Диалектілер мен әдеби тіл мәселелерінің, диалектілердің пайда болу себебі мен таралу аймағы жайында мағлұматы болғаны жөн.
Білуі: Диалектілер мен әдеби тілдің өзара байланысы мен өзгешеліктерін ажырата білуі қажет.
Дағдысы: Диалект мен әдеби тіл мәселелерінің аражігін ажырата білуге дағдылану.
Құзіреттілігі: Диалектологияның қазақ әдеби тіл тарихына қатысын жете түсіну қажеттілігі.
Бағдарламының жетекшісі: филол.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.
|
27
|
AAM 0219
|
Әуезов және әдебиеттану мәселелері
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдебиетінің тарихы».
Постреквизиті – «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы», «Әдеби өлкетану».
Оқытудың мақсаты: М.Әуезовтің мол мұраға толы шығармашылық процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу керек.
Қысқаша мазмұны: Ақынның өмір жолы. Абай мен Әуезов сабақтастығы. Әдеби жанр аясында. Шығармаларының өзіне тән ерекшеліктері. Шығармаларының жанрлық ерекшелігі. М.Әуезовтің журналистік қызметі. М.Әуезовтың әңгімелерінің өзектілігі. Мұрасының зерттелуі. М.Әуезов шығармашылығының қайнар бұлақтары. М.Әуезовтің шығармашылығының бүгінгі тынысы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: М.Әуезов шығармаларының даму және қалыптасу қалыптасу сатылары жайлы мағлұмат алады. Әуезов шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады.
Білуі: М.Әуезов шығармашылығының қалыптасуы мен дамуы туралы жан-жақты білім алады.
Дағдысы: Алған білімдерін практикада қолдана біледі. М.Әуезов шығармаларының даму және қалыптасу қалыптасу сатылары, бағыттары менк концепция мәселелерін түсіне біледі. Өзіндік пікір айта алады.
Құзіреттілігі: М.Әуезов шығармалары мен әдебиеттану мәселелеріне қатысты сыни ой-пікірлер білдіруге қалыптасады.
Бағдарламының жетекшісі: профессор, филол.ғ.д. Еспенбетов А.
|
28
|
AF 0220
|
М.Әуезов-фольклортанушы
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиты – «Қазақ фольклоры», «Әдебиеттануға кіріспе».
Постреквизиты – «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы», «Әдеби өлкетану», «Мұхтартану».
Оқытудың мақсаты: Халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру, осы бағыттағы М.Әуезовтің еңбегін саралап ұғындыруды мақсат етеді. Мазмұн мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді.
Қысқаша мазмұны: М.Әуезовтің фольклор мұраларын жинау, насихаттау, жуйелеу және жарыққа шығарудағы әдеби-ғылыми еңбектері.Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі және М.Әуезовтің ғылыми ой-тұжырымдары. Ақынның қазақ фольклорының тарихы мен фольклористика ғылымында алар орны. М.Әуезовтің көркем туындыларындағы ғұрып фольклоры мен тұрмыс-салтқа қатысты сарындамалар. Мақал-мәтелдер мен олар жайлы М.Әуезовтің әдеби-ғылыми еңбектері. Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең т.б. сауықтамалар жайлы М.Әуезовтің ой-пікірлері. М.Әуезовтің әдеби-ғылыми еңбектеріндегі шешендік сөздер жайлы тұжырымдары. М.Әуезов шығармашылығы және аңыздар. Ертегілер, ларды жинау, жүйелеу, жариялау саласындағы М.Әуезовтің еңбектері. Эпостық жырлар және М.Әуезов зерттеулері. Тарихи жырлар және М.Әуезовтің әдеби-ғылыми еңбектері. М.Әуезовтің айтыс өнері жайлы ғылыми ой-тұжырымдары. Балалар фольклоры және М.Әуезовтің педагогикалық, әдеби-шығармашылық еңбектеріндегі тәрбие мәселелері. Халық мұрасының «Абай жолы» роман эпопеясындағы көркем көріністері. М.Әуезовтің публицистикасы мен прозасындағы ұлт фольклоры.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.Қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктерімен жанрлары туралы терең білімалады.
Білуі: М.Әуезов шығармашылығының қалыптасуы мен дамуы туралы жан-жақты білім алады.
Дағдысы: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі және оның жазба әдебиеттің қалыптасуына әсер-ықпалы жайлы ғылыми ойларын оқып біледі.
Құзіреттілігі: Қазақ халық ауыз әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы М.Әуезов зерттеулері негізінде өзіндік пікір қалыптастырады.
Бағдарламының жетекшісі: профессор, филол.ғ.д. Еспенбетов А.
|
29
|
Mt 0221
|
Мұхтартану
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдебиетінің тарихы».
Постреквизиті – «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы», «Әдеби өлкетану».
Оқытудың мақсаты: Қаламгердің шығармашылық өмір жолы мен ол жайлы жазылға әдеби, ғылыми зерттеу еңбектерді кең көлемді қамтып оқыту арқылы М.О.Әуезов шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңыздылығын жан-жақты саралау.
Қысқаша мазмұны: Мұхтартанудың тарихы, өзекті мәселелері менсалалары. М.Әуезов дарынының бесігі мен нәр алған тамыры. М.Әуезовтің шығармашылық, ұлтжанды қайраткерлік өмір жолы. М.Әуезовтің публицистикасы мен әдеби сын еңбектері. М.Әуезовтің көркем прозалық туындылары. М.Әуезовтің драмматургиясы. М.Әуезов және абайтану. «Абай жолы» М.Әуезов шығармашылығының асқар шыңы. М.Әуезовтің суректерлік шеберлігі. М.Әуезов-фольклортанушы. М.Әуезов-әдебиеттану ғылымының кемеңгері. М.Әуезовтің қоғамдық, ұстаздық қызметі. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі М.Әуезов дәстүрі. М.Әуезов және әлем әдебиеті. М.Әуезовтің шығармашылық ғұмырбаяны мен қаламгер мұрасы-ғалымдар зерттеулерінде.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Мұхтартанудың тарихы, өзекті мәселелері мен салалары жайлы мағлұмат алады; Әуезов шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады.
Білуі: М.Әуезов шығармашылығының қалыптасуы мен дамуы туралы жан-жақты білім алады.
Дағдысы: Алған білімдерін практикада қолдана біледі. М.Әуезов шығармаларының даму және қалыптасу қалыптасу сатылары, бағыттары мен концепцция мәселелерін түсіне біледі. Өзіндік пікір айта алады.
Құзіреттілігі: М.Әуезов көркем туындыларының мәтінімен танысып, олардағы көркемдік, эстетикалық, танымдық, әдеби-тарихи т.б. құндылықтарды игеріп, өзіндік пікір қалыптастырады.
Бағдарламының жетекшісі: профессор, филол.ғ.д. Еспенбетов А.
|
30
|
Sul 0222
|
Сұлтанмахмұттану
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Әдебиеттануға кіріспе», «ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1940)». Постреквизиті – «Әдебиет теориясы», «Әдеби өлкетану».
Оқытудың мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы арқылы әдеби процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу керек
Қысқаша мазмұны: Ақын ғұмырбаяны, Сұлтанмахмұт шығармашылығының зерттелу мәселелері, Дәуір келбеті және поэзия парасаты, С.Торайғыровтың өлеңдері, Поэма табиғаты және ақындық шеберлік, Сұлтанмахмұт Торайғыров публицистикасы, Абай және Сұлтанмахмұт, Шәкәрім және Сұлтанмахмұт, Сұлтанмахмұт шығармаларының тілі, Сұлтанмахмұт шығармаларының текстологиясы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығының өзіндік ерекшелігі мен даму сипатын саралай білу
Білуі: «Сұлтанмахмұттану» пәні бойынша негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
Дағдысы: теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді, зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады, кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
Құзіреттілігі: Әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидалары мен категорияларын білу.
Бағдарламының жетекшісі: профессор, филол.ғ.д. Еспенбетов А.
|
31
|
DBSh 0223
|
Дулат Бабатайұлы шығармашылығы
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Әдебиеттануға кіріспе», «ХІХ әдебиеті Постреквизиті – «Әдебиет теориясы», «Әдеби өлкетану».
Оқытудың мақсаты: Дулат Бабатайұлы шығармашылығы арқылы әдеби процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу керек.
Қысқаша мазмұны: Ақын ғұмырбаяны, Дулат Бабатайұлы шығармашылығының зерттелу мәселелері, Дулат Бабатайұлы шығармаларының жыраулар поэзиясымен үндестігі, Дулат өлеңдері, Дулат Бабатайұлы поэмасы. Дулат өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Дулат Бабатайұлы шығармашылығының өзіндік ерекшелігі мен даму сипатын саралай білу.
Білуі: Осы курс бойынша негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
Дағдысы: теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді, зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады, кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
Құзіреттілігі: Әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидалары мен категорияларын білу.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қадыров А.Қ.
|
32
|
ShASh 0224
|
Шәкір Әбенов шығармашылығы
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Әдебиеттануға кіріспе».
Постреквизиті – «Әдебиет теориясы», «Әдеби өлкетану».
Оқытудың мақсаты: Шәкір Әбенов шығармашылығы арқылы әдеби процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, Абайдың ақындық мектебі концепциясымен байланыстыра оқыту.
Қысқаша мазмұны: Ақын ғұмырбаяны, Шәкір Әбенов шығармашылығының зерттелу мәселелері, Шәкір өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік сипаты, Шәкір Әбенов дастандары, Шәкір шығармашылығындағы Абай дәстүрі. Шәкір Әбенов өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Шәкір Әбенов шығармашылығының өзіндік ерекшелігі мен даму сипатын саралай білу.
Білуі: Осы курс бойынша негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
Дағдысы: Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді, зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады, кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
Құзіреттілігі: Әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидалары мен категорияларын білу.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Қадыров А.Қ.
|
33
|
KAT 0225
|
Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті –ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Постреквизиті – Қазіргі қазақ әдебиеті
Оқытудың мақсаты: Қазақ әдебитінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.
Қысқаша мазмұны: Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: ІІ дүниежүзілік соғыс, оның әдебиеттегі гуманизм, көркем шығармадағы геройлық бейнелердің соғыс тақырыбы аясында сомдалуы; халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі еңбек тақырыбы; соғыстан соңғы жылдардағы қаулы-қарарлар, олардың әдебиетке тигізген кесірі; 40-60 жылдардағы әдеби дамудың көркемдік қырлары т.б
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің патриоттық мәнін ұғынады.
Білуі: Көркем әдебиеттегі геройлық образдардың соғыс тақырыбы аясында сомдалуының әдеби ерекшеліктерін оқып, игереді.
Дағдысы: Көркем шығармаларды талдай оқып, салыстыра зерттеуге дағдыланады.
Құзіреттілігі: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің даму үдерісімен жіті танысады.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ә.Әбділманатқызы
|
34
|
UOSKAK 0226
|
Ұлы Отан соғысының қазақ әдебиетіндегі көрінісі
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – Әдебиеттануға кіріспе, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Постреквизиті – Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиеті сынының тарихы.
Оқытудың мақсаты: ХХ ғасырдың орта тұсында жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Ұлы Отан соғысы оқиғаларының поэзияның дамуына әсері, лирикадағы тың тіркестердің, соны метафора, теңеудің поэзияның көркемдік көкжиегін кеңейтуі, эпикалық жанрдың өрістеп дамуы. Прозадағы соғыс тақырыбы, тылдағы халықты еңбекке жұмылдыру мақсатын көздеген тақырыптық ізденістер. Драматургиядағы майдан тақырыбы, халықтар достығы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: ХХ ғасыр әдебиетінің ІІ дүниежүзілік соғыс және соғыстан соңғы кезеңдегі дамуымен танысады.
Білуі: әдебиеттегі тарихи проза, поэма түрлерінің көркемдік өсу жолын меңгереді.Осы кезең әдебиеті өкілдерінің шығармаларын оқып, біледі.
Дағдысы: Әдебиет өкілдерінің шығармашылығына баға беруге, сараптама жасауға, ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, ғылыми зерттеу жұмысын жасауға дағдыланады.
Құзіреттілігі: Соғыс жылдарының қазақ әдебиетінің дамуына әсері, лирика мен эпикалық жанрдың, очерктің өрістеуін бақылайды.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ә.Әбділманатқызы
|
35
|
KA 0227
|
ХХ ғасырдың 1941-60 жылдарындағы қазақ әдебиеті
Кредит көлемі –3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Постреквизиті – Қазақ әдебиеті тарихы (1960-1990жж.)
Оқытудың мақсаты: Қазақ әдебиеті тарихының айтулы кезеңінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен әдеби мұрасымен жіті танысу. Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, 1940-61 жылдардағы әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, әдеби көкемдік тұрғыда талдату арқылы, студенттерді әдеби туындыны саралай білуге баулу.
Қысқаша мазмұны: Б.Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығы, М.Ғабдуллиннің очерк жанрын дамытудағы орны, Қ.Бекқожиннің әдеби мұрасы, Ж.Саиннің поэзиясы, Т.Жароковтың өмірі мен шығармашылығы, Ғ.Ормановтың лирикасы, Х.Ерғалиев поэзиясы, Ғ.Мұстафин прозасындағы тарихи шындық, И.Байзақовтың ақындығы, С.Мәуленовтің ақындығы, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезовтің ғылыми зерттеу еңбектері, С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері, Х.Есенжановтың прозасы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Қазақ әдебиетінің белгілі бір кезең өкілдерінің өмірі мен әдеби мұрасын, қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, шығармашылығының ерекшелік қырларымен жете танысады.
Білуі: 1941-60 жылдар аралығындағы әдебиеттің даму жайы, жаңа дәуір әдебиетінің негізін салушылар мен Алаш арыстары шығармашылықтарының әдеби айналымға оралуы, осы кезеңдегі әдебиеттану мен әдеби сын, көрнекті қаламгерлердің жеке шығармашылықтары мен әдебиеттің дамуына қосқан үлестерін бағамдайды.
Дағдысы: Әдеби үдерісте жанрлардың даму ерекшелігін сараптауға дағдыланады.
Құзіреттілігі: 1941-60 жылдардағы қазақ әдебиеті өкілдерінің өмірі мен әдеби мұрасын, шығармашылық ерекшеліктерін сараптайды.
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ә.Әбділманатқызы
|
36
|
KAT 0228
|
ХХ ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі әдебиет (1960-2000)
Кредит көлемі –3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны –5.
Пререквизиті – Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)
Постреквизиті – Қазақ әдебиеті сынының тарихы Оқытудың мақсаты: Қазақ әдебитінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың екінші жартысындағы (1960-2000) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.
Қысқаша мазмұны: 1960-2000 жыл кезіндегі әдебиеттің әдеби-эстетикалық, саяси әлеуметтік және тәуелсіз ұлттық даму жайы. Проза, оның тақырыптық-көркемдік өсу жолы мен тенденциялары. Поэзия, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық. Драма, өсу жолы мен қазіргі өзекті мәселелері. Әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үдерістің жаңашылдық қырлары.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: ХХ ғасыр әдебиетінің 1960-2000 жылдар аралығындағы үшінші кезеңіндегі дамуымен танысады
Білуі: әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, олардың 1960-2000 жылдар әдебиетіндегі қолданылу ерекшелігін оқып, біледі
Дағдысы: Көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің тағлымдық, көркемдік-эстетикалық және ұлттық мәнін оқып, игереді
Құзіреттілігі: Көркем әдебиеттегі образ сомдаудың әдеби ерекшеліктерін оқып, игереді;
Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Аитова
|
37
|
AP 0229
|
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби процесс
Кредит көлемі –3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны –5.
Пререквизиті – Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)
Постреквизиті – Қазақ әдебиеті сынының тарихы Оқытудың мақсаты: 1960-2000 жылдары жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады
|
Достарыңызбен бөлісу: |