Кредит саны 2 (1+1+0), ects бойынша кредит саны 3



бет6/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#126476
1   2   3   4   5   6   7   8

Дағдысы: Түркі халықтары әдебиетіндегі ортақ мотивтер мен сюжеттік желілерді, тақырыптық арналарын, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра зерттеуге дағдыланады.

Құзіреттілігі: Түркі халықтары әдебиеті мен қазақ әдебиеті арасындағы әдеби байланыс түрлерін игереді.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Аитова

60

Etn 0252

Этнолингвистика

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.

Пререквизиті – «Жалпы тіл білім», «Мәдениеттану».

Постреквизиті – «Педагогика», «Психология», «Мәдениеттану», «Тарих», «Этнография».

Оқытудың мақсаты:

Болашақ тілші мамандарды этнолингвистика ғылымының теориялық негіздерімен қаруландыру, келешекте тілді этнос болмысымен сабақтастыра зерттейтін ғылыми жұмыспен шұғылдануға, шығармашылық қабілеттерін ұштауға біліктіліктерін шыңдауға қажет тіл білімінің саласымен, тың ғылыми дерек көздерімен таныстыру.



Қысқаша мазмұны:

Қазақ этнолингвистикасы. Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері.

Қазақ этнолингвистикасының басқа пәндермен байланысы, өзіндік ерекшеліктері. Қазақ этнолингвистикасының ғылыми зерттеу әдістері, жүйелілік принципі. Этнолингвистикалық арналар, этнолингвистикалық этюдтер. Өсiмдiк атауларынан салт-дәстүрге байланысты жасалған кейбiр тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы. Дәрiлiк өсiмдiк атауларынан қалыптасқан тт-дiң этнолингвистикалық сипаттамасы. Өсiмдiк атауларынан төрт түлiкке қатысты жасалған тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы.

Өсiмдiк атауларынан төрт түлiкке қатысты жасалған тұрақты тiркестердiң этнолингвистикалық сипаттамасы. Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этноаталымға қатысты қалыптасқан топонимдердің этнолингвистикалық сипаты. Шығыс Қазақстан аймағындағы шешендік сөзге қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер. Бата, тілекке байланысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты (шығыс қазақстан аймағы материалдары бойынша).

Ана сынына қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер. Барымтаға қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестер (Шығыс Қазақстан аймағы материалдары негізінде). Шығыс Қазақстан аймағындағы кәсіпке қатысты ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Студенттерді тілдің терең мазмұндық құрылымын тануға, тілдің ұлттық табиғатын ұлт өміріндегі ролі мен қызметін әр қырынан сараптауға үйрету болып табылады.

Білуі:

-этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен міндеттерін, тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің амал-тәсілдерін білуі керек;

-этнолингвистиканың қоғамдық-әлеуметтік пәндермен сабақтастығын білуі керек;

- алған білімдерін практикада қолдана білу;

- теориялық талдау жасай алу;

-этнолингвистика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;

- өзіндік пікір айта алу;

-негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.



Дағдысы: Филологиялық ақпаратты өңдеудің статистикалық әдістерін меңгеру, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білу дағдыларына ие болу. Ғылыми еңбектерді қолдануды, ғалымдардың ой-пікірлерін салыстырып, қорытынды жасауға дағдыланады.

Құзіреттілігі: Этнолингвистика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну.

Бағдарламының жетекшісі: доцент, ф.ғ.д.Сейітова Ш.

61

KTF 0253

Қос тағанды фразеологизмдер

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.

Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілі»

Постреквизиті – «Этнолингвистика», «Мәдениеттану», «Философия».

Оқытудың мақсаты: Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қарастырып, оның объектілерін, тілдегі орны мен поэтикалық табиғатын ғылыми негізде меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдер. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі қос тағандылық. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің тақырыптық және мағыналық топтары. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің тілдегі өмірі, этнолингвистикалық, этимологиялық сипаты.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Көркем сөз өнерінің тілдік, поэтикалық негіздері, қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдер, қазақ мақал-мәтелдеріндегі қос тағандылық, қос тағанды фразеологиялық тіркестердің тақырыптық және мағыналық топтары және этнолингвистикалық, этимологиялық сипатын ғылыми негізде меңгерту.

Білуі:

-фразеологиялық тіркестер деп тану үшін қойылатын талаптарды білуі керек;

- алған білімдерін пратикада қолдана білу;

-теориялық талдау жасай алу;

-этнолингвистика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;

- өзіндік пікір айта алу;

-негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

Дағдысы: Қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білуге, тілдің ішкі заңдылықтарын қазақ тіл білімінде меңгерте білуге дағдыландыру.

Құзіреттілігі:

Көркем сөз өнерінің тілдік, поэтикалық негіздері, қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдер, қазақ мақал-мәтелдеріндегі қос тағандылық, қос тағанды фразеологиялық тіркестердің тақырыптық және мағыналық топтары және этнолингвистикалық, этимологиялық сипатын, әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын және филологиялық ғылымның пікірталас мәселелерін білу;



Бағдарламының жетекшісі: доцент, филол.ғ.д.Сейітова Ш.

Кәсіптену пәндері – 27 кредит

1 Білім беру траекториясы – Қолданбалы филология

62

KBA 0301

Қазақ балалар әдебиеті

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ халық ауыз әдебиеті».

Постреквизиті – «Қазақ әдебиеті сынының тарихы».

Оқытудың мақсаты:

Қазақ балалар әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын қазақ әдебиеті мен дүниежүзі әдебиеті тарихындағы алар орнын айқындау.



Қысқаша мазмұны: Балалар әдебиетінің түп қазығы – халық ауыз әдебиеті үлгілері. Жұмбақтар, жаңылтпаш, өтірік өлеңдер, санамақтар, мазақтамалар, балалар айтысы, мақалдар мен мәтелдер. Ертегілердің, батырлық эпостың балалар әдебиетіндегі рөлі. М.Өтемісұлы өлеңдерінің балалар әдебиетіндегі орны. Ы.Алтынсарин - балалар әдебиетінің негізін салушы. Абай Құнанбаев және балалар әдебиеті. Шәкәрім Құдайбердіұлы және балалар әдебиеті. Ахмет Байтұрсынов мысалдарының балалар әдебиетінде алатын орны. М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов шығармаларының балалар әдебиетіндегі орны. С.Көбеев - балалар жазушысы. Б.Өтетілеуовтің балалар әдебитінде алатын орны. Сәбит Дөнентаев шығармашылығы және балалар әдебиеті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті: Баубек Бұлқышев, Қалмақан Әбдіқадыров, Ғали Ормановтардың балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Өтебай Тұрманжанов және балалар әдебиеті. Мұқан Иманжанов, Сәуірбек Бақбергенов шығармашылығының балалар әдебиетінде алатын орны.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы аясындағы балалар әдебиеті жайлы білімдерді меңгеру

Білуі: Қазақ балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларын талдап үйренеді. Қазақ балалар әдебиетіндегі жанрлар мен проза, поэма, т.б. түрлерінің көркемдік өсу жолын меңгереді.

Дағдысы: Білім берудің қазіргі технологияларын пайдалана отырып, қазақ балалар әдебиетінен алған білімдерін ғылыми деңгейде ұйымдастыру

Құзіреттілігі: Қазақ балалар әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша бейімделуге және ғылыми әдістеме тұрғысынан көркем шығармаларға сыни баға беру

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Аитова Ж.

63

KKL 0302

Қазіргі қазақ лирикасы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиты – Әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, ХҮ-ХҮІІІ ғасыр әдебиеті, ХІХ ғасыр әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ әдебиеті.

Постреквизиты – Әдебиет теориясы, Қазақ әдебиеті сынының тарихы.



Оқытудың мақсаты: Қазақ лирикасының бүгінгі даму сипатын, көркемдік-стильдік ізденістерді зерделеп, көрнекті өкілдерінің поэзиясына әдеби-теориялық талдау.

Қысқаша мазмұны: Лирика жанрының даму тенденциялары; Көркемдік ізденістер; Философиялық лирика; Лирикалық қаһарман және ақындық тұлға; Ж.Әбдірәш лирикасы; Ұ.Есдәулет лирикасындағы азаматтық сарын; Т.Медетбек лирикасы; Ә.Қайран туындылары.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер: Студент өз дәуіріндегі поэзия өкілінің шығармашылығымен жіті танысып, қазіргі поэзияның бағыт-бағдарын саралайды.

Білімі: Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің бір тармағы – лирикадағы тың ізденістер мен қалыптасқан тенденция жөнінде жан-жақты білім алады.

Білуі: Қазіргі лириканың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Дағдысы: Қазіргі кезеңдегі лирика жанры тұрғысынан, әдеби үдерісті сараптауға дағдыланады.

Құзіреттілігі: Қазіргі поэзияның бағыт-бағдарына, өкілдерінің шығармашылығына сыни баға беруге қалыптасады.



Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Әбділманатқызы Ә.

2 Білім беру траекториясы – Әдеби-лингвомәдени өлкетаным

64

Lin 0303

Лингвомәдениеттану

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – «Қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»

Постреквизиті – «Этнолингвистика», «Мәдениеттану»,

«Философия».



Оқытудың мақсаты: Ұлттық мәдениеттің қалыптасуының тілдік негізін фразеологиялық тіркестер арқылы мәнін ашу, тіл мен ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсету, фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық мәдени деректерді этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық талдаулар арқылы айқындау.

Қысқаша мазмұны: Лингвомәдениеттанудың орны. Елтану. Этнолингвистика. Тіл мен мәдениет байланысы. Адам мен мәдениет. Лингвомәдениеттанудың пайда болуының тарихы, теориялық алғы шарттары, мақсаты мен міндеттері, әдістері мен әдістемесі, негізгі түсініктері, зерттеу нысаны. Мәдени коннотация. Тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері. Ұлттық сана және тіл. Әлемнің тілдік бейнесі және эмпирикалық таным.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі:Ұлттық болмыстың тілдегі көріністерін, тіл фактілері мен халықтық танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау, меңгерту.

Білуі:

-тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттарын білуі керек;



-ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторларды айқындай білу.

Дағдысы: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру.

Құзіреттілігі: Лингвомәдениеттану тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.д., доцент Сейітова Ш.

65

ShKA 0304

Шетелдегі қазақтардың әдебиеті

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – «Әдебиеттануға кіріспе», «Әлем әдебиетінің тарихы».

Постреквизиті – «Әдебиет теориясы».

Оқытудың мақсаты: Шет елдерде өмір сүрген қандас ақын-жазушылар шығармашылықтары процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу.

Қысқаша мазмұны: Шетел қазақтары әдебиетіне шолу. Қытай қазақтарының ауыз әдебиеті. Монғолия қазақтарының ауыз әдебиеті. Монғолиядағы халық ақындары шығармашылықтары. Қытай жазба әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңі. Ақыт Үлімжіұлы шығармашылығындағы негізгі сарын. Әріпжан Жанұзақұлы шығармашылығы. Таңжарық Жолдыұлы шығармашылығы. Асқар Татанайұлы шығармашылығы. Нығмет Мыңжан шығармашылығы. Қазіргі кезеңдегі Қытай қазақтары әдебиеті. Монғолия қазақтарының жазба әдебиетінің даму, қалыптасу кезеңдері. Қазіргі кезеңдегі Монғолия қазақтарының әдебиеті.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Курс бойынша алған білімдерін практикада қолдана білу.

Білуі: Шетел қазақтары шығармашылықтарының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну.

Дағдысы: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру.

Құзіреттілігі: Шетелдегі қазақтардың әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша бейімделуге және ғылыми әдістеме тұрғысынан көркем шығармаларға сыни баға беру

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Аитова Ж.

1-2 білім беру траекториясы бойынша оқылатын жалпы кәсіптену пәндері

66

KTP 0305

Қазақ тілінің практикумы

Кредит көлемі – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Курстың пререквизиттері – Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі, Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі.

Курстың постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілі» (фонетика, лексикология, грамматика), «Тіл біліміне кіріспе» пәндерінде және іс-тәжірибеде қолдана білу.

Оқытудың мақсаты: білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың грамматикалық талдауды толық меңгеруіне жол ашу; ережелер мен фактілердің тілдік қарым-қатынаста дұрыс қолданылуын іске асыру.

Қысқаша мазмұны: Қазақ тілінің практикумы – студенттердің қазақ тілі ғылымынан алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, тілдік дағдылары мен тәжірибелерін жетілдіруді іске асыратын; лингвистиканың ғылыми негіздерін нақтылы тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бекітуді көздейтін; теориялық қағиданы жан-жақты тереңдетіп меңгертеді. Бұл курста емле, тыныс белгілері, тіл дамыту мәселелеріне көңіл бөлінеді. Мақал-мәтелдерді қолданып отыру дағдысын қалыптастыру, мазмұндама, шығармалар жаздыру арқылы тіл дамыту, өлеңдер жаттату, өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айтқызу, мәнерлеп оқыту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыру т.б. осы сияқты тіл дамыту жұмыстары курста кең қолданылады. Курста тіл білімінің салалары – фонетика, лексикология, грамматика (сөзжасам, морфология, синтаксис) бойынша тілдік талдаулар жүргізіледі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі:

  • тіл білімі салалары бойынша тілдік талдау жасауды меңгеру:

  • тіл дамыту, тіл ұстарту жұмыстарын меңгеру.

Білуі: қазақ тілі ғылымынан алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, тілдік дағдыларды (тілдік талдауларды) меңгеру.

Дағдысы:

  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білу дағдыларына ие болу;

  • мәліметтерді компьтерлік өңдеу және мәтіндік редакциялаудың әр түрлі үлгілерімен жұмыс жасау дағдысына ие болу;

  • студенттердің сөздік қорын байыту, мақал-мәтел тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру,

  • сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз тіркестері мен сөз қолданыстарын меңгертумен қатар сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру.

Құзіреттілігі:

  • қазақ тіл білімі салаларының негізгі теориялық ережелерін, тілдік талдауларын білу;

  • қазақ тіл білімінің құрылымы, тілдік бірліктері мен олардың қызметі туралы негізгі білімі болу;

  • лингвистика салаларындағы талдаудың негізгі әдістерін меңгеру;

  • тіл білімінің негізгі теориялық ережелерін, лингвистиканың әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын білу.

Бағдарламының жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Кеңесбаева Ш.

67

Ng 0306

Нормативті грамматика

Кредит көлемі – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Курстың пререквизиттері – Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілі, Психология, Логика.

Курстың постреквизиті: Қазіргі қазақ тілі, Қазақ тілін оқыту әдістемесі.

Оқытудың мақсаты: Грамматика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелері. Тілді талдаудың негізгі әдістері, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу.

Қысқаша мазмұны: Тілді талдаудың негізгі әдістері, оларды практика жүзінде қолдануға шыңдалу. Грамматика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелері. Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсіну, тілдің мәні және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл-ойлау ақиқат, тіл және қоғам, басқа да коммуникативтік құралдар мәселелерін танып білу. Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі:

Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен



теорияларды талдай білуге дағдыландыру.

  • Грамматика салалары бойынша грамматикалық талдау жасауды меңгеру:

  • Грамматикалық категорияларды меңгеру.

Білуі: қазақ тілі ғылымынан алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, грамматикалық категорияларды (тілдік талдауларды) меңгеру.

Дағдысы:

  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білу дағдыларына ие болу;

  • мәліметтерді компьютерлік өңдеу және мәтіндік редакциялаудың әр түрлі үлгілерімен жұмыс жасау дағдысына ие болу;

  • студенттердің грамматикалық категорияларды талдай білуге дағдыландыру,

  • сөз құрамының грамматикалық мағынасын ажырата білуге үйрету, сөз қолданыстарын меңгертумен қатар сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру.

Құзіреттілігі:

  • қазақ тіл білімі салаларының негізгі теориялық ережелерін, тілдік талдауларын білу;

  • қазақ тіл білімінің құрылымы, тілдік бірліктері мен олардың қызметі туралы негізгі білімі болу;

  • лингвистика салаларындағы талдаудың негізгі әдістерін меңгеру;

  • тіл білімінің негізгі теориялық ережелерін, лингвистиканың әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын білу.

Бағдарламының жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Кеңесбаева Ш.

68

KTMK 0307

Қазақ тіліндегі морфологиялық құбылыстар

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 2.

Курстың пререквизиттері – «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазақ тілінің практикумы».

Курстың постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілі (грамматика)», «Тіл біліміне кіріспе» пәндерінде және іс-тәжірибеде қолдана білу.

Оқытудың мақсаты: білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың грамматикалық талдауды толық меңгеруіне жол ашу, ережелер мен фактілердің тілдік қарым-қатынаста дұрыс қолданылуын іске асыру.

Қысқаша мазмұны: Қазақ тіліндегі морфологиялық құбылыстар пәні қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуін зерттейді. Морфология грамматикалық деңгей болғандықтан, аса ірі грамматикалық категориялар ретінде сөз таптары жан-жақты қарастырылады.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі:

  • грамматика (морфология) салалары бойынша тілдік талдау жасауды меңгеру:

  • морфологиялық құбылыстарды жаттығу негізінде жұмыстарын меңгеру.

Білуі: қазақ тілі ғылымынан алған білімдерін іс жүзінде тереңдетіп, тілдік дағдыларды (тілдік талдауларды) меңгеру.

Дағдысы:

  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана білу дағдыларына ие болу;

  • мәліметтерді компьютерлік өңдеу және мәтіндік редакциялаудың әр түрлі үлгілерімен жұмыс жасау дағдысына ие болу;

  • студенттердің грамматикалық құбылыстарды жете меңгеріп, морфологиялық талдауларды жасай қолдана білуге дағдыландыру,

  • морфологиялық құбылыстарды меңгере білуге үйрету, меңгертумен қатар сауатты жазу, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге жаттықтыру.

Құзіреттілігі:

  • қазақ тіл білімі салаларының негізгі теориялық ережелерін, тілдік талдауларын білу;

  • қазақ тіл білімінің құрылымы, сөз таптары олардың ерекшеліктері туралы негізгі білімі болу;

  • морфология салаларындағы талдаудың негізгі әдістерін меңгеру;

  • тіл білімінің негізгі теориялық ережелерін, лингвистиканың әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын білу.

Бағдарламының жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Кеңесбаева Ш.

69

KK(O)TKS 0308


Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.

Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі».

Постреквизиті – « Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»

Оқытудың мақсаты: Студенттер құрмалас сөйлемнің құрылымдық белгілерін танып, сол белгілеріне сай топтаудың методологиялық принциптерін біліп алуы тиіс.

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Пәннің нысаны, мазмұны.

Құрмалас сөйлемнің сипаты. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемдерді грамматикалық түрлерін тану принципі. Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципі.

Салалас құрмалас сөйлем. Грамматикалық түрлері. Олардың түр-түрге топтасу принципі.

Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақатас құрмаслас сөйлемнің грамматикалық сипаты. Сабақтас құрмасла сөйлемдерді нақты танытатын белгілері.

Көп компонентті сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет