Құзіреттілігі: Қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексика қоры, тіл тарихының қалыптасуы, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, фонологиялық жаңалықтарын, этимологиялық, этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық, қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының құрылымын, күрделену сипатын ғылыми негіздейді.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ш.С.Кеңесбаева.
48
AO 0240
Әдеби өлкетану
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – Абайтану, Шәкәрімтану, XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы.
Постреквизиті – «Әдебиет теориясы», «Қазіргі қазақ әдебиеті».
Оқытудың мақсаты: Семей өңірінде өмір сүрген ақын-жазушылар шығармашылықтары процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу.
Қысқаша мазмұны: Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы және Абай ақындық дәстүрі. Тұрағұл Абайұлының шығармашылығы. Ақылбай, Мағауия Абайұлы шығармашылықтары. Әубәкір Акылбайұлы шығармашылығы. Иманбазар Қазанқапұлы шығармашылығы. Әсет Найманбайұлы шығармашылығы. Көкбай Жанатайұлы. Тайыр Жомартбаев. Уәйіс Шондыбайұлы. Нұрлыбек Баймұратұлы шығармашылығы. Шәкір Әбенов шығармашылығы. Тәңірберген Әміренов. Қалихан Алтынбаев туындылары. Қазіргі кезеңдегі Семей өмірі ақын-жазушыларының шығармашылықтары.
Білімі: қазіргі кезеңдегі философиялық, эстетикалық, әдістемелік көзқарастар негізінде әдеби өлкетану ұғымын айқындау.
Білуі: Семей өңірі ақын-жазушылары шығармашылықтарының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну.
Дағдысы: Білім берудің қазіргі технологияларын пайдалана отырып, әдеби өлкетану курсынан алған білімдерін ғылыми деңгейде ұйымдастыру.
Құзіреттілігі: Әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидалары мен категорияларын білу.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Аитова Ж.
49
SOAZh 0241
Семей өңірінің ақын-жазушылары
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Абайтану», «Шәкәрімтану», «XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы».
Постреквизиті – «Әдебиет теориясы», «Қазіргі қазақ әдебиеті».
Оқытудың мақсаты: Біздің өлкемізде өмір сүрген ақын-жазушылар шығармашылықтары процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу.
Қысқаша мазмұны: Семей өңіріндегі халық ақындары. Абайдың ақындық мектебінің зерттелуі. Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы. Ақылбай, Мағауия Абайұлы шығармашылықтары. Әсет Найманбайұлы шығармашылығы. Көкбай Жанатайұлы. Тайыр Жомартбаев. Уәйіс Шондыбайұлы. Нұрлыбек Баймұратұлы шығармашылығы. Шәкір Әбенов шығармашылығы. Тәңірберген Әміренов. Қалихан Алтынбаев туындылары. Несіпбек Айтов шығармашылығы. Ерғазы Рахимов шығармалары. Медеу Сәрсекеев шығармаларындағы фантастикалық элементтер. Төлеген Жанғалиев туындылары. Айгүл Кемелбаева прозасындағы өзіндік ерекшеліктер. Тыныштықбек Әбдікәкімов өлеңдері. Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: қазіргі кезеңдегі философиялық, эстетикалық, әдістемелік көзқарастар негізінде Семей өңірі ақын-жазушылар шығармашылықтарының өзіндік ерекшеліктерін айқындау.
Білуі: ақын-жазушылар шығармашылықтарының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну
Дағдысы: Білім берудің қазіргі технологияларын пайдалана отырып, алған білімдерін ғылыми деңгейде ұйымдастыру
Құзіреттілігі: Әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидалары мен категорияларын білу
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Аитова Ж.
50
AASh 0242
Абайдың ақын шәкірттері
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Абайтану», «XІX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы».
Постреквизиті – «Әдебиет теориясы», «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Шәкәрімтану».
Оқытудың мақсаты: Абайдың ақындық мектебі өкілдері шығармашылықтарын қазақ әдебиеті тарихы аясында Абай тағылымымен бірлестікте қарастыру.
Қысқаша мазмұны: Абайдың ақындық дәстүрі. Абайдың ақындық мектебінің зерттелуі. Ақылбай, Мағауия Абайұлы шығармашылықтарындағы Абай дәстүрі. Әріп Тәңірбергенов шығармашылығы. Әсет Найманбайұлы шығармашылығы. Көкбай Жанатайұлы. Абайдың ақындық мектебі төңірегіндегі айтыстар.
Қ. Мұхамедханов зерттеулеріндегі Абайдың ақындық мектебі. Б. Ердембеков зерттеулері. Абайдың ақындық мектебі өкілдерін зерттеушілер еңбектеріне шолу. Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Абайдың ақындық мектебі концепциясы мәселелерімен таныс болады.
Білуі: Абайдың ақын-шәкірттері шығармашылықтарының өзіндік ерекшеліктерін, даму және қалыптасу сатылары, бағыттарын меңгеру
Дағдысы: теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді, зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады, кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
Құзіреттілігі: Әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидалары мен категорияларын білу
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Аитова Ж.
51
FLME 0243
Фразеологизмдердің лингво-мәдени ерекшеліктері Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы».
Оқытудың мақсаты: Ұлттық мәдениеттің қалыптасуының тілдік негізін фразеологиялық тіркестер арқылы мәнін ашу, тіл мен ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсету, фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық мәдени деректерді этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық талдаулар арқылы айқындау.
Қысқаша мазмұны: Тіл – Мәдениет – Адам – Этнос. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы. Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары. Дүниенің тілдік бейнесі және эмпирикалық таным. Лингвомәдениеттаным. Лингвомәдениеттанудың базалық түсініктері. Мәдени коннатация. Тілдің паремиологиялық қоры. Мифологиялық атаулар. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің этномәдени негіздері. Фразеологиялық концепт. Жағымды мәндегі концепт. «Бірлік», «Жан-жақты» концептісі. Ру-тайпа атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестердің жағымсыз мәндегі концепт жасауға қатысы. Ұлттық сана және тіл.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына тіл мен мәдениеттің ара-қатынасын саралай отырып, тұрақты тіркестердің жасалу жолдарын, қалыптасу уәждерін айқындауда, осыған орай ұлттық – мәдени деректер негізінде фразеологиялық тіркестерге этнолингвистикалық талдай білу.
Білуі: Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттарын білуі керек;
- Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын басты факторларды айқындай алу;
- Фразеологиялық тіркестердің қалыптасуына ұлттық ұғым-түсініктердің және ұлт менталитетінің әсерін көрсету.
Дағдысы: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру.
Құзіреттілігі:
- ұлттық мәдениеттің қалыптасуын және оның тілдегі көрінісін фразеологиялық тіркестер арқылы мәнін ашу;
Бағдарламының жетекшісі: доцент, филол.ғ.д.Сейітова Ш.
52
KTTUMA 0244
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің ұлттық-мәдени аспектілері
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы».
Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы»
Оқытудың мақсаты: Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына және оның тілдегі көрінісін фразеологиылық тіркестер арқылы мәнін ашу, тіл мен ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсету, фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық мәдени деректерді этнолингвистикалық талдау арқылы айқындау.
Қысқаша мазмұны: Фразеологизмдер туралы түсінік, тарихы, түрлері. Фразеологизмдердің тілдік единица ретінде танылуы. Фразеологизмдердің ұйтқы сөздері, фразеологизимдерді өзіне ұқсас тіркестерден ажырату жолдары. Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктердің сөз таптарына қатысы. Әр тарапты сөздерден жасалған фразеологизмдер. Фразеологизмдердің қатысуына ұлттық ұғым түсініктердің және ұлттық менталитетінің әсері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәди маңызы бар түпдеректер.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына тіл мен мәдениеттің ара-қатынасын саралай отырып, тұрақты тіркестердің жасалу жолдарын, қалыптасу уәждерін айқындауда, осыған орай ұлттық – мәдени деректер негізінде фразеологиялық тіркестерге этнолингвистикалық талдай білу.
Білуі:
-фразеологиялық тіркестер деп тану үшін қойылатын талаптарды білуі керек;
- алған білімдерін пратикада қолдана білу;
-теориялық талдау жасай алу;
-этнолингвистика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;
- өзіндік пікір айта алу;
-негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
Дағдысы: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру.
Құзіреттілігі:
- ұлттық мәдениеттің қалыптасуын және оның тілдегі көрінісін фразеологиялық тіркестер арқылы мәнін ашу;
Бағдарламының жетекшісі: доцент, ф.ғ.д.Сейітова Ш.
53
KTTTM 0245
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер мәселесі
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілі».
Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілі».
Оқытудың мақсаты:Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына және оның тілдегі көрінісін фразеологиылық тіркестер арқылы мәнін ашу, тіл мен ұлттық мәдениеттің сабақтастығын көрсету, фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық мәдени деректерді этнолингвистикалық талдау арқылы айқындау.
Қысқаша мазмұны: Фразеологизмдер туралы түсінік, тарихы, түрлері. Фразеологизмдердің тілдік единица ретінде танылуы. Фразеологизмдердің ұйтқы сөздері, фразеологизимдерді өзіне ұқсас тіркестерден ажырату жолдары. Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері. Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері. Қазақ тіліндегі фразеологиялық бірліктердің сөз таптарына қатысы. Әр тарапты сөздерден жасалған фразеологизмдер. Фразеологизмдердің қатысуына ұлттық ұғым түсініктердің және ұлттық менталитетінің әсері. Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық мәди маңызы бар түпдеректер.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Ұлттық мәдениеттің қалыптасуына тіл мен мәдениеттің ара-қатынасын саралай отырып, тұрақты тіркестердің жасалу жолдарын, қалыптасу уәждерін айқындауда, осыған орай ұлттық – мәдени деректер негізінде фразеологиялық тіркестерге этнолингвистикалық
талдай білу.
Білуі:
-фразеологиялық тіркестер деп тану үшін қойылатын талаптарды білуі керек;
- алған білімдерін пратикада қолдана білу;
-теориялық талдау жасай алу;
-этнолингвистика тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіну;
- өзіндік пікір айта алу;
-негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.
Дағдысы: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру.
Құзіреттілігі:
- ұлттық мәдениеттің қалыптасуын және оның тілдегі көрінісін фразеологиялық тіркестер арқылы мәнін ашу;
Бағдарламының жетекшісі: доцент, филол.ғ.д.Сейітова Ш.
54
ShSD 0246
Шешендік сөздердің дискурсы
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазақ тілінің морфологиясы».
Постреквизиті – «Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі».
Оқытудың мақсаты: Дискурс туралы ілім – мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын, ауызша қолданысын зерттейтін тіл білімінің іргелі бір саласы. Дискурс түзуде тілдің құрылымдық компоненттері мен көркемдік сапаның астарында танылатын түрлі тілдік құралдардың айрықша қызметі бар.
Қысқаша мазмұны: Пәннің мақсаты мен міндеттері. Дискурс және оның дефиницалары. Дискурс пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері. Шешендік дискурс ұғымы. Мәтін талдаудың әдістері мен аспектісі. Шешендік сөздер мәтінін лингвистикалық талдау әдістері. Мәтін мен дискурс талдаудың лингвистикалық бағыттары. Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы. Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері. Шешендік сөздер мәтінінің стилистикасы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Дискурстың негізгі әдістері мен тәсілдерін жан-жақты меңгерту арқылы шығармаға тілдік тәсілдердің таңдалуы, олардың мақсатты жұмсалу факторлары жайында білімдері болуы қажет.
Білуі: Дискурстың семантикалық құрылымына, мәтінге түрлі талдаулар жасай білуге қол жеткізу қажет.
Дағдысы: Мәтін мен дискурс талдаудың тәжірбиелік жағын баса меңгертуге дағдыландыру.
Құзіреттілігі: Соңғы кезде тіл біліміндегі мәтін мен дискурс туралы зерттеулердің тақырыптық, нысандық мәселелерін жан-жақты игеру.
Бағдарламының жетекшісі: филол.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.
55
ShSDTM 0247
Шешендік сөздердің дискурсы және тіл мәдениеті
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазақ тілінің морфологиясы».
Постреквизиті – «Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі».
Оқытудың мақсаты: Дискурс туралы ілім мен тіл мәдениетінің өзара бірлігі мен сабақтастығын нақтылай отырып, ойды жеткізудің айырықша құралы деп тану.
Қысқаша мазмұны: Пәннің мақсаты мен міндеттері. Дискурс және оның дефиницалары. Дискурс пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері. Шешендік дискурс ұғымы. Тіл мәдениеті туралы түсінік. Тіл мәдениеті және шешендік өнер. Шешен сөйлеу талаптары және дискурс. Шешендік сөздердің құрылымы. Шешенге қойылатын талаптар. Шешендік сөздер дискурсындағы полилог, диалог, монологтардың қолданысы. Шешендік сөздер дискурсындағы суггестия мен прагматика. Шешендік сөздер дискурсындағы гендерлік лексика. Қазіргі шешендіктану мәселелері.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Шешендік сөздердің дискурсы және тіл мәдениетінің мақсатты қолданысы жайында білімдері болуы қажет.
Білуі: Шешендік сөздер дискурсы мен тіл мәдениетінің өзара бірлігі мен байланысын білуге қол жеткізу қажет.
Дағдысы: Шешендік дискурс пен тіл мәдениетін саралауда тәжірбиелік жағына баса меңгертуге дағдыландыру.
Құзіреттілігі: Шешендік сөздердің, шешен сөйлеудің дискурсқа қатысы мәселелерін байланыстыра қарастыру.
Бағдарламының жетекшісі: филол.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.
56
ShSDM 0248
Шешендіктану және дискурс мәселелері.
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.
Пререквизиті – «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазақ тілінің морфологиясы».
Постреквизиті – «Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі», «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі».
Оқытудың мақсаты: Шешендік сөздердің дискурспен байланысын қарастыра отырып, дискурс түзуде тілдің құрылымдық компоненттері мен көркемдік сапаның астарында танылатын түрлі тілдік құралдардың айрықша қызметін көрсету.
Қысқаша мазмұны: Пәннің мақсаты мен міндеттері. Шешендік өнер, шешендік сөздердің лингвистикалық тұрғыда зерттелу жайы. Шешендік дискурс ұғымы. Дискурс және оның дефиницалары. Дискурс, диспут, дискуссия ұғымдары. Шешендік сөздер мәтінін лингвистикалық талдау әдістері. Шешендік сөздер мәтінінің стилистикасы. Бүгінгі шешендік өнердің дамуы. Шешендік сөздер және тіл мәдениеті. Шешендік сөздер және стиль түрлері. Шешендік сөздер және ауызекі сөйлеу стилі. Шешендік сөздерді дискурс құрылым тұрғысынан талдау.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Бүгінгі шешендіктану мен дискурс қолданысы жайында білімдері болуы қажет.
Білуі: Шешендіктану мен дискурстың семантикалық құрылымына, мәтіндерге түрлі талдаулар жасай білуге қол жеткізу қажет.
Дағдысы: Шешендік сөздерге дискурстық талдаудың тәжірбиелік жағын баса меңгертуге дағдыландыру.
Құзіреттілігі: Шешендіктануды лингвистикалық, дискурстық тұрғыдан жан-жақты игеру.
Бағдарламының жетекшісі: филол.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.
57
AAT 0249
Әлем әдебиетінің тарихы
Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.
Пререквизиті – Қазіргі қазақ әдебиеті
Постреквизиті – Әдебиет теориясы
Оқытудың мақсаты: Әлем әдебиетінің процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу керек
Қысқаша мазмұны: Антика дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны. «Одиссея» шытырман оқиғалы эпопея, композиция ерекшелігі. Грек лирикасының (ҮІІ-ҮІ ғғ. б.з.д.) қалыптасуы. Грек драмасының қалыптасуы, фольклормен байланысы. Еврипид – «Сахнадағы философ». Грек комедиясының кезеңдері. Полис дәуіріндегі Рим әдебиеті. Рим прозасы, Овидийдің өмір мен творчестолық жолдары. Орта ғасыр әдебиетінің сипаттамасы. Клерикалдық әдебиеттің жанрлары, Еуропа әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуірі, Фр. Петрарка. Дж Боккаччо. М. Сервантестің «Дон Кихот» романының сипаттамасы, кейіпкерлерінің жүйесі.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Әлем әдебиеті тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсінеді,
Дағдысы: Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен
теорияларды талдай білуге дағдыландыру.
Құзіреттілігі: Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетін салыстыра отырып, өзіндік пікір айтуға төселеді.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Аитова
58
ShKA 0250
Шетелдегі қазақтардың әдебиеті
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.
Пререквизиті – Қазақ әдебиетінің тарихы
Постреквизиті – Әдебиет теориясы
Оқытудың мақсаты: Бағдарлама шет елдерде өмір сүрген ақын, жазушылардың шығармашылық дамуының тарихын әдеби шолу және монографиялық тақырыптардың ауқымында оқытуды көздейді.
Қысқаша мазмұны:
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Шетел қазақтары шығармашылықтарының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсінеді.
Білуі: Шет елдерде өмір сүрген қандас ақын-жазушылар шығармашылықтары процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра білу керек.
Дағдысы: Ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдай білуге дағдыландыру
Құзіреттілігі: Әдеби шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениетімен байланыстыра біледі.
Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Ж.Аитова
59
THAT 0251
Түркі халықтары әдебиетінің тарихы
Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.
Оқытудың мақсаты: Түркі тілді халықтардың әдеби мұраларын неғұрлым кеңірек қамтып, тереңірек ұғындыру, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан өзара байланыстарын, барлығына ортақ дәстүр жалғастығын және тән ерекшеліктерін, бір-біріне тигізген ықпал әсерін түсіндіру болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Қазіргі заманғы түрік және қазақ әдебиеті байланыстары. Әзірбайжан әдебиеті. Кеңес дәуіріндегі өзбек әдебиеті. Қазан татарларының ертедегі жазба әдебиеті. ХХ ғасырдағы татар әдебиеті. Түрік әдебиетінің тарихи негіздері: көне түркі өркениеті. Қырғыз халық ақындарының шығармаларындағы ағартушылық, демократтық бағыт. Башқұрт әдебиеті. Қарақалпақ әдебиетінің даму жолы.
Оқытудағы күтілетін нәтижелер:
Білімі: Әзірбайжан, башқұрт, қырғыз, қарақалпақ, татар, түрік, өзбек, ұйғыр халықтары әдебиетінің ерекшеліктерімен, даму тарихын игереді.
Білуі: түркі тілді әдебиеттердің жалпы даму заңдылықтарын, ортақ ұқсастықтарын, дәстүр жалғастығын саралайды.