Криминалистика техникасының түсінігі және жалпы қағидасы


Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары



бет3/4
Дата28.04.2023
өлшемі29.3 Kb.
#472975
1   2   3   4
Криминалистика техникасы

2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары.




2. Дәлелелдемелерді жинау процесіне оларды бекіту, алу және анықтау кіреді. Іздер мен басқа да объектілерді анықтау үшін қолданылатын криминалистикалық техниканың әдістері мен тәсілдері әр түрлі болады.
Тергеуші мен маман-криминалистің қолданатын техникалық құралдарын келесідей топтарға бөлуге болады: 1) жарықтандырғыш 2) өлшегіш; 3) іздейтін; 4) бекіту және алу; 5) буып-тұю құралдары.
Жарықтандырғышқа жарықтың фотовспышка, үлтракүлгін сәуле сперма, қан сияқты объектілер үшін.
Іздейтін құралдарға: қуыс бұрғылардың түрлері (щуп) және қондырғылары, әр түрлі үлкейткіш шынылар, дактилоскопиялық ұнтақтардың жиынтығы, дактилоскопиялық және магнитті кистілер жатады. Металдық объектілерді іздеген кезде әскери бейнедегі индукциондық металл іздегіштер және криминалистикалық мақсатқа арнайы дайындалған магниттік металл көтергіштер қолданылады.
Криминалистикалық бекітудің мақсаты - мүмкіндігінше нақты объектіні бекіту, фактіні, окиғаны, кылмыстың материалдық ізін және басқа да қылмыстық іс бойынша кажетті ақиқатты анықтау үшін бекіту.
Бекітудің әр түрлі тәсілдері қолданылады:
• вербальдық - хаттамаланған, дыбыс жазбалык;
• графикалық - графикалық бейнелік (схемалық және масштабтық жоспар, схемалар, соның ішінде суретті салу);
• пәндік - сол пәннен алынған, материалдық модельден жасалған
• қаралатын-бейнелік - суреттер; фототусірілімдер, бейне-жазбалары.
Бекіту объектіні, сондай-ақ оның белгілі бір касиеттерін, белгілерін, құрамын сақтау үшін бағытталуы мүмкін. Арнайы ортада құрылған заттай объектіні сақтау - бекіту арқылы жүзеге асырылады.

3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалык құралдары.




3. Сараптамалық тәжірибеде әр түрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай касиеттерді зерттеуіне байланысты оларды топқа бөлеміз: 1) объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық кұралдар; 2) объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3) объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4) ақпаратты өндейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.
Криминалистикалыктехниканы тағайындау әдістерін келесі-дей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудық әдістері мен тәсілдері. Бүл әдістемелердің тобы дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде үлкен мағынаға ие болады, мысалы: қылмыс болған жерден колдың, аяқтың, көлік құралының, атыс қүралының іздерін, өзге де объектілер мен жерлерден микроіздер және бөлшектерді табу мен алу тәсілдері.
2. Заттай дәлелдемелердізерттеу әдістерімен тәсілдері. Бұл әдістер тобын тергеуші мен маман тергеу әрекетін жүргізу барысында колданулары мүмкін, бірақбүл әдіс-тәсілдер негізінен криминалистикалық сараптама жүргізу кезінде заттай дәлелде-мелерді лабораториялық зерттеу үшін арналған. Олардын ката-рына адамдарды, жануарларды, бүзу қүралдарын, ату қаруын, заттардын шығу тегін және т.б. идентификациялау әдісі жатады
Криминалистикалык, техниканын әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан кұбылыстар мен кай ғылыми топка жататын-дығы бойынша жүйеленеді. Атап айтканда: а) физикалык; ә) химиялык; б) физика-химиялык; в) ботаникалык; г) физио-логиялык; д) математикалык; е) логикалык; ж) биологиялық.
Криминалистикалык техника жалпы ғылым, сондай-ак ар-найы әдіс ретінде кодданылады. Ғылым бөлімі ретінде крими-налистикалык техника жеке техникалык кұраддар мен крими-налистикалык техника әдісі мен тәсілдерін камтиды. Табиғи және техникалық ғылымның криминалистикалык жағдайдын интеграциясы, накты техникалык кұралдардың курделігі, сон-дай-ақ күрделі технологиялык операцияларды колдану әдіс-терінің өрлеуі мен дамуы тек қана криминалистикалык, техни-каны айтып кана коймайды, сонымен қатар технологияны да атап өтуін кажет етеді, әсіресе бұл әр түрлі кылмысты зерттеу кезіндегі әдіс тактикамен, техникамен байланысты сұрақтарды шешкенде байкалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет