Күршім ауданының әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер



жүктеу 193.1 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі193.1 Kb.
Күршім ауданының әкімі А. Сеитовтың тұрғындармен кездесудегі ауданның 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен

ТЕЗИСТЕР
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясында көрсетілген межеге жету үшін және «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын негізге ала отырып 2014 жылы бірқатар ауқымды істер атқарылды. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгеймен салыстырғанда артып, берілген тапсырмалар толық орындалды.

2014 жыл бойы 33 млрд. теңге көлемінде ауданның ішкі жалпы өнімі өндіріліп, 10 пайызға өсті.

Елбасымыз «Қазақстан -2050» стратегиясында ауыл шаруашылығын жаңғыртуға үлкен көңіл бөліп, Дүниежүзілік сауда ұйымына енгенде агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға тапсырмалар берді. Осыған орай бекітілген «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды.

Ағымдағы жылы 19,7 млрд тенгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, 5,8 пайызға өсті, 17,9 мың тонна ет алынып, 1,8 пайызға, 65,8 мың тонна сүт сауылып, 3,4 пайызға өсті, 6,3 млн. дана жұмыртқа алынып, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға өсті.

Ірі қара мал саны 56220 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады. Жылқы саны 16,0 мың басты құрап, 2,5 пайызға өсті, қой және ешкі саны 164,9 мың басты құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,8 пайызды құрады.

Елбасының алдыға қойған мақсатына сәйкес, мал өнімдерінің сапасын және асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру үшін «Сыбаға» бағдарламасы аясында ауданның ауылшаруашылық құрылымдары несие алып, 2011 жылдан бастап 70 асыл тұқымды бұқа, 1304 бас аналық ірі қара мал сатып алды.

Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны артуда, бүгінгі күнге 19 асыл тұқымды шаруашылығы жұмыс атқаруда, атап айтқанда, асыл тұқымды «Қаба типті» жабы жылқысын өсіретін 3 шаруашылық, асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын 3 шаруашылық, 3 асыл тұқымды ірі қара малын өсіру және 10 асыл тұқымды ара шаруашылықтары жұмыс атқаруда.

Тауарлы ірі қара мал табынының тұқымдық қасиетін жаңарту бағдарламасына ауданның 6233 бас аналық малымен 81 шаруа қожалығы еніп отыр.

2014 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында 125,7 млн.теңге, асыл тұқымды ара шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында 2,6 млн. теңге, өсімдік шаруашылығының өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруға 28,7 млн. теңге субсидия игерілді. Сонымен қатар өз кәсібінің дамуына инвестиция салған шаруа қожалықтарының 9 жобасына 40 млн. теңге субсидия төленіп берілді. Бұл жұмыс 2015 жылы да жалғасын табады.
Егін шаруашылығы

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы өндірілген өнімде өсімдік шаруашылығының үлесі 23 пайызды құрады. Аудан бойынша егістік көлемі 21,8 мың гектарды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда егістік көлемі 2 мың гектарға өсті. 2014 жылы дәнді-дақылдар 3286 га, майлы дақылдар 2877 га, картоп 1021 га, 988 га көкөніс және бақша дақылдары салынды.

Ең алғашқы болып, «Жігер» шаруа қожалығы негізінде бірінші, екінші, үшінші репродукциялы жазғы бидай мен арпа тұқымдарын өндіріп, сатуға бейімделген тұқым шаруашылығын құрды.

Аудандағы бар 20 мың га суармалы жердің 10,5 мың га жері игерілді. Суармалы жерлердің толық игерілмеуі негізінен каналдардың күрделі жөндеуді қажет етуі мен оның су көздерінен байланыстың үзілуі болып отыр. Аудандағы бар 28 каналдарға күрделі жөндеуді жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға инвестиция тарту мақсатында, барлық шаруа қожалықтарымен келіссөздер жүргізілді. Қорытындысында Боран ауылдық округіндегі «Қарақия», «Деревенский-Боран» және «Деревенский-Жиделі» каналдарына ауданнан тысқары тұратын азаматтар арасынан инвесторлар табылып, жобалау-сметалық құжаттамалары жасалуда. Жобалау құжаттамасы жасалғаннан кейін республикалық бюджеттен жөндеуге қаржы бөлуге жұмыстар атқарылатын болады.

2014 жылы ауданның шаруа қожалықтарының жетекшілері 188,4 млн. теңгеге 48 жаңа ауыл шаруашылық техникасын сатып алды. Оның 21 техникасын лизингке алды.

Ветеринарлық қызмет

Ауылшаруашылығы саласында ветеринария саласының маңызы зор.

Ауданның эпизотиялық жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жанынан құрылған „Күршім мал дәрігері“ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында 101 мал дәрігері қызмет атқаруда.

Бүгінгі күні аудан аумағында тәулігіне 30 тонна қуаттылығымен 5 мамандандырылған қасапхана, 17 мал сою алаңы, 29 бордақылау алаңы, 56 мал қорымы, 12 ветеринарлық пункт, 3 ветеринарлық дәріханалар жұмыс атқаруда.



Жерді пайдалану

Ауыл шаруашылығын өндірісін дамыту үшін жалпы ауданы 19,6 мың гектар жер учаскелері табысталып, жаңадан 30 шаруа қожалықтары құрылды. Оның ішінде конкурс арқылы аумағы 16,5 гектар 42 жер учаскелері табысталды. 10 жылға жер пайдалану құқығын және жеке меншікке сатылған жерлерден аудандық бюджетке 13,4 млн.теңге түсім түсті.


Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 айда 1 млрд. 764,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайызға өсіп, нақты көлем индексі – 108,1 пайызды құрады.



Инвестиция

Аудан экономикасына 11 айда 3 млрд. 251 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80 пайызға өсіп, нақты көлем индексі 176,5 пайызды құрады.



Шағын бизнес

«Қазақстан-2050» стратегиясында шағын және орта бизнесті қолдау мен ынталандырудың кешенді шараларын атқара отырып, кәсіпкерлікті ұлттық экономиканың жетекші күшіне айналдыру тапсырылған. Ауданда өнеркәсіп тауарлары мен азық-түлік тауарларын сату, жолаушы және жүк тасымалдау, тұрғындарға қызмет көрсету және тағы басқа істерді толығымен шағын және орта бизнес өкілдері атқарады.

Кәсіпкерлік субъектілерді нығайтуға, бизнес қауымдастықтарды ынталандыра отырып, қолдаудың тиімділігін арттыруға септігін тигізу үшін кәсіпкерлердің ұлттық палатасының ауданда филиалы ашылды.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2014 жылдың 1 желтоқсанында шағын және орта бизнес субъектілері 3,6 пайызға артып, 2115-ті құрады. Республикалық бюджетке түскен салықтар мен түсімдер 16,2 пайызға, ал жергілікті бюджетке 19,1 пайызға өсті. Ағымдағы жылы тігін цехы, көлік жуу орталығы, көлік жөндеу орталығы, тойхана, қонақ үй, қымыз өңдеу цехы және басқа да нысандар ашылды.

Ауданда 48 шағын бизнес кәсіпорыны тіркеліп, 6,7 пайызға артты. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар -35, белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 30 құрайды.

Ауылдық жерде кәсіпкерлікті несие беру арқылы дамыту мақсатында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2011 жылдан бастап 385 адамға 842,3 млн. теңгенің шағын несиесі беріліп, 383 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 2014 жылы 120 адамға 248 млн.теңгенің шағын несиесі берілді.

Алынған шағын несиелерге 12 құс фермасы, 4 ағаш өндеу цехы, 6 наубайхана, 5 тігін цехы, 3 май сығу цехы, 5 балық өндеу цехы, 8 омарта шаруашылығы, 2 жиһаз шығару цехы, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу орталығын ашу, мал сатып алу және тағы басқа жобаларды ашуға жұмсалған.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен «Бизнес - Кеңесші» орта және шағын бизнес субъектілерін қаржысыз қолдау бағдарламасы бойынша жылына екі рет экспресс-курс өткізіліп, ағымдағы жылы 43 адамға кәсіпкер сертификаты табысталды.



«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы жеңілдіктерді ауданның 2 кәсіпкері пайдалануда. Қалжыр ауылындағы «Мадияр» шаруа қожалығы мен Ұрынхай ауылындағы «Береке» шаруа қожалығы алған несиелерінің пайыздық үстемақысының 50 пайызы субсидияланып, қойылған кепілдік мүліктерінің жартысына мемлекеттік кепілдеме берілді.

Елбасының биылғы Жолдауындағы шағын бизнестің дамуына, қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға ұлттық қордан қаржы бөлінген. Ауданда орналасқан кәсіпкерлермен бөлінген қаржыны игеру мақсатында, қажетті құжаттарын жинақтауға көмек көрсетіліп екінші деңгейдегі банктерге несие алуға жіберілді.

Бүгінгі күні «Даму өндіріс II» бағдарламасы аясында ауданда 80 млн. теңгенің екі жобасы іске асуда. Қаратоғайда жеке кәсіпкер Б.Баймұхамбетовтың «Шұжық және консерві жасау» цехын ашу жобасы және «Көкше» шаруа қожалығының «Сүт өңдеу зауыты» жобалары екінші деңгейдегі банктермен мақұлданып, «Даму» акционерлік қоғамының қарауына өткізілді. Бұл жобалар 2015 жылы қаржыландырылады.
Бөлшек сауда.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 11 айда 4357,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,3 пайызға өсіп, нақты көлем индексі 120,2 пайызды құрады.
Ауданның индустриялық-инновациялық дамуы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы экономиканы әртараптандыру және оны бәсекеге қабылеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Күршім ауданында «ГРК МЛД» ЖШС-і жобалық құны 17,4 млрд. теңге «Қаршыға» мыс-кен орнында кен байыту кешенін ашу жобасы Республикалық индустрияландыру картасына енді. Кен орнында барлау жұмыстары аяқталып, мыс кешенінің қоры анықталды. Кен өндіруге 130 га, кен байыту кешенін салуға 358 га жер берілді. Жоспар бойынша 2015 жылдың көктемінде жол салу мен электр желісін жүргізу жұмыстары басталмақ. Жобаны 2019 жылға дейін іске асырылу жоспарланған.
Инженерлік инфрақұрылым, құрылыс

Күршім ауданы бойынша 301 км аудандық маңызы бар, 551 км облыстық маңызы бар, 76 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бар.

Ағымдағы жылы Күршім ауылындағы 10 көшеге: Зангин, Малдыбаев, Б.Момышұлы, Духович, Бейбітшілік, Солнечная, Әкімжанов, Шаяхметов, Көкшетау, Захаров (6,72 км) және Теректі ауылындағы Абылайхан және Крахмаль көшелеріне (4,6 км) қара қиыршық тасты (асфальт) жол төсемесі салынды.

Сонымен қатар, Күршім ауылындағы 6 көшеге: Зангин, Шәкәрім, Дорожников, Жангүдеев, Аңғышпаев, Крупская көшелеріне және Маралды, Құйған, Төсқайың ауылдарына барлығы (5,5 км) қиыршық тас (гравий) жамылғысы төселді.



Республикалық маңызы бар «Қалжыр-Теректі» 100-114 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары, облыстық маңызы бар «Күршім-Қалжыр» автомобиль жолының 0-15 шақырым жолына күрделі жөндеу жұмыстары және 40-55 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы 55 елді мекеннің 41,8 пайызы немесе 23 елді мекені жолаушы тасымалымен қамтылған.

Қазіргі уақытта «Күршім-Өскемен», «Күршім-Қалжыр-Теректі», Күршім ауылы ішінде, «Ақбұлақ-Күршім», «Ақбұлақ-Теректі» бағыттарында маршруттар ашылған. Осы бағыттардағы жол бойында 11 елді мекеннің тұрғындары, оның ішінде 5 ауылдық округтің орталықтары аудан және облыс орталығымен күнбе-күн қатынауға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылы «Күршім-Маралды», «Боран-Теректі», «Қаратоғай-Күршім» және «Ақсуат-Күршім» маршруттарын ашып, жолаушы тасымалдауын 52,7 пайызға жеткізу жоспарлануда.



Күршім ауданы халқын таза ауыз сумен қамту басты назарда. Бурабай, Маралды, Қойтас, Қазақстан, Жаңаауыл, Қарашілік, Тақыр, Игілік елді мекендерінде су ұңғымалары қазылып, су желісі тартылып, 14 су таратқыш колонкалары орнатылды. Күршім ауылында қосымша 850 м су желісі тартылды. Жолнұсқау ауылында «Сокол М (О)-2» су тазартқыш қондырғысы іске қосылды. Аталған елді мекен тұрғындары таза ауыз сумен қамтылды. Халықты таза ауыз сумен қамту деңгейі 59,3 пайыздан 65,1 пайызға дейін көтерілді.

Сонымен қатар, аудандық әкімшіліктің тапсырысы бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 10 елді мекенінде (Алғабас, Қыстау-Күршім, Ақжайлау, Ұрынхай, Теректібұлақ, Маралды, Барақ батыр, Сарыөлең, Бурабай, Төсқайың) ұңғымалар қазылып, жер асты су мониторингісі жүргізілуде.

Қалжыр ауылының су құбыры жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өтті. Боран ауылының су құбыры жүйесінің жобалау сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға өткізілді.

Ағымдағы жылы Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесіндегі 16-шы көппәтерлі тұрғын үй терможаңғырту бағдарламасына енгізілді. Терможаңғырту бағдарламасы аясында тұрғын үйдің шатыры жөнделді, кіре-беріс есіктері, подъездердің терезелері ауыстырылды, фасады боялды, кіре-беріс есікке маңдайша қойылды және кәріз жүйелері іске қосылды.

2015 жылы Күршім ауданында 10 көппәтерлі тұрғын үйде кондоминимум құрылып, терможаңғырту жұмыстары жүргізу жоспарлануда.

Елді мекендерде барлығы 2515 көше шамдары орнатылған. 2014 жылы қосымша Мульковое, Теректібұлақ, Тақыр, Жаңаауыл, Қазақстан, Төсқайың ауылдарына 93 дана көше шамдары орнатылды.

Аудан бойынша 1671 км электр желілері, 18 дана подстанса, 391 дана ТП және КТП-лар бар.

2014 жылы Теректі, Боран ауылдарындағы электр желілері жөндеуден өтті. Сонымен қатар 10 кВт-тық 263 км 807 метр және 0,4 кВт-тық 87 км 524 метр электр желілеріне, 34 КТП-ға және 14 подстансаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жеңістің 70 жылдығы күн санап жақындап келеді. Ауданда соғыстан оралмай қалған боздақтар мен із-түзсіз кеткен шейттерге арналған «Даңқ мемориалы» салынуда. Онда Күршім ауданы бойынша 5315 Ұлы Отан соғысынан қайтпай ерлікпен қаза тапқан аталарымыздың есімдері жазылған тақталармен бірге, ауданнан шыққан Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртістер, генералдар, профессорлар, облыста, республикада басшылық қызмет атқарған қайраткерлер есімдері жазылған 42 тақта орнатылды. Бұл «Даңқ мемориалы» елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлердің ерлігін бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпағы ешқашан ұмытпау, мәңгілік есте сақтау үшін қойылып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып ашылады.
«Туған жерге тағзым» акциясы аясындағы игілікті іс-шаралар ауданда жылдан -жылға жалғасын табуда. 2014 жылы 200 млн 760 мың теңгеге 82 жоба іске асырылды. Атап айтқанда: Сарыөлең, Аманат ауылдарының кіре берісіне арка жасалып, Боран ауылындағы Алмалы, Жиделі көшелері жөнделіп, жарықтандырылып, Ақбұлақ Мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізіліп, Қарой ауылындағы 1 пәтерлі үй Қарой ауылының медициналық пунктіне, Тентек ауылындағы 1 пәтерлі үй Тентек ауылының медициналық пунктіне беріліп, Күршім ауылындағы Білімбаев көшесі асфальтталды.
Мемлекет басшысы Жолдауында жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру ісін осы тірек ауылдық елді мекендерін кешенді дамыту арқылы жүзеге асыру тапсырылған болатын. 

Тірек ауылдарын дамыту бағдарламасына Теректі және Боран елді мекендері енді. Аталған елді мекендерді дамыту бойынша 23 іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылды.
Білім саласы

Ауданда барлығы 46 мектеп бар, оның ішінде: 23 орта, 20 негізгі орта, 3 бастауыш мектептер.

Елбасының Жолдауындағы білім беру саласындағы апаттық мектептерді жою бойынша Қойтас, Ақсуат, Жанаауыл, Шенгелді ауылдарында 80 орындық жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, білім беру саласындағы 13 нысанда жөндеу жұмыстары атқарылды. Күршім, Теректі ауылындағы балабақшаның төбесі, Күршім №1, Теректі №1, Күршім № 4, Күршім №5,Құйған орта мектептерінің жылу жүйесі, Қазақстан негізгі орта мектебінің едені, Қалжыр, Қарой, Теректі №1 орта мектептерінің төбесі, Маралды орта мектебі, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназиясы және Күршімдегі спорт кешені жөнделді.

Білім беру саласын материалдық-техникалық жабдықтау басты назарда, 5 заманауи кабинеттер, мектеп жиһаздары, Төсқайың орта мектебіне автокөлік, оқулықтар мен әдістемелік құрал-жабдықтар алынды.

Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында аудан мұғалімдері білім жетілдіру курстарынан үнемі өткізіліп отырады. 2014 жылы ғана 121 ұстаз Кембридж жобасы бойынша деңгейлік курстан өтті. Аудандағы 872 мұғалімнің 77-жоғары санатты, 320 ұстаз бірінші санатты, 247 мұғалім екінші санатты.

Орта мектептердің білім сапасын айқындайтын бірден бір сынақ – ҰБТ. 2014 жылы ҰБТ-ке 324 мектеп бітірушінің 221-і қатысты. Қорытындысында орташа көрсеткіш 76,48 балды құрады. Аудандағы дәріс алып жатқан 4473 оқушылардың білім сапасы 56,18 пайызды құрады.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 4473 оқушы толық ыстық тамақпен қамтылған.

Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында 147 спорттық үйірмелерге 2100 оқушы тартылған. Аудан мектептерінде 10 хоккей қорабы салынып, онда 140 оқушы айналысады.

«Балапан» бағдарламасына аясында ауданда 4 балабақшада 475 бала, 40 шағын орталыққа 1065 бүлдіршін мектепалды тәрбиемен қамтылған. Шағын орталықтардың 20-толық мерзімдік, 20-қысқа мерзімдік. 2014 жылы Күршім ауылындағы балабақшада 15 балаға, Теректі ауылындағы балабақшада 20 балаға арналған қосымша екі топ ашылды. Аудан бойынша 2-5 жас аралығындағы барлық 1540 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Ауданда 25 тұл жетім, 22 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 34 патронаттық тәрбиедегі балалар бар. «Мейірім» акциясы аясында білім беру мекемелеріне, ауылдық округ әкімдеріне, жеке бөлімдерге, кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге осы санаттағы 62 бала қамқоршылыққа алуға бекітіліп беріліп, балалардың тұрғын үй жинақ банкісіндегі есепшоттарына қаржы аударылып отыр.

Сонымен бірге, «Ризашылық» мерекесіне орай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 1,2 млн теңгенің көмегі көрсетілді.

Жаз айларында демалыс пен сауықтырумен 4427 бала, туристік саяхаттармен 4877 бала, еңбекпен 3052 бала қамтылды.


Денсаулық сақтау саласы

Аудандағы 1 орталық аудандық аурухана, 1 Теректі ауылдық ауруханасы, 9 дәрігерлік амбулатория, 38 медициналық пункт, 2 фельдшерлік акушерлік пункт, 2 елді мекенде үйде көрсетілетін медициналық мекемелерде 60 дәрігер, 244 орта медицина қызметкері тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2014 жылы емдеу мекемелері 9 маман дәрігерлермен және 1 медбикемен толықтырылды.

Соңғы үш жылда ана өлімі тіркелген жоқ. Бала өлімі көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 28,5 пайызға азайып, 5-ті құрады. Туберкулез ауруының асқынған түрі, туберкулезбен өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Профилактикалық тексеру қорытындысы бойынша 2014 жылы тексеруге жатқызылған адамдар 100 пайызға тексерілді.

2014 жылы 46,3 млн. теңгеге медициналық қондырғылар алынып, қамтамасыз етілу деңгейі 76 пайыздан 87,9 пайызға дейін көтерілді. Сонымен қатар, «Нива» және 3 «УАЗ» автокөлігімен қамтамасыз етілді. Бурабай дәрігерлік амбулаториясының ғимараты жаңадан салынып, пайдалануға беріліп, Қыстаукүршім, Діңгек, Барақ батыр ауылдарындағы медициналық пункттер және Маралды ауылындағы дәрігерлік амбулатория жөндеуден өтті.

Тұрғындарға 2014 жылы 10 дәріхана, 34 елді мекендегі медициналық пункт арқылы 104 млн.776 мың теңгенің тегін дәрі -дәрмектері таратылды.


Мәдениет саласы

Күршім ауданы бойынша 28 клуб, 22 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Сондай-ақ аудандағы мәдениет мекемелерінде барлығы 103 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Оның ішінде 47 үйірме балалар мен жасөспірімдерге арналған. Аудан бойынша 10 «халықтық», 2 «үлгілі» атағы бар ұжымдар жұмыс істейді. Жыл көлемінде 1645 мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, 282464 көрерменді қамтыды.

Ақжайлау, Төсқайың ауылдарындағы ауылдық клубтар, Теректі кітапханасы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Аудан кітапханаларындағы кітап қоры 196307 дана, оның ішінде қазақшасы 101294 дана. Кітап қоры 8467 жаңа кітаптармен толықтырылды.


Спорт

Бүгінгі күні ауданда спортпен халықтың жүйелі түрде шұғылдануы үшін, қолжетімді 192 спорт нысаны, оның ішінде: 32 спортзал, 10 хоккей қорапшасы, 2 стадион, 4 жасанды жабындысымен кіші футбол алаңдары және 145 жазық жердегі спорттық құрылғы. 2014 жылы жаңадан салынған мектептердің 4 спортзалы халықтың игілігіне берілді. Аудандағы білім мекемелеріндегі 28 спортзал сабақтан тыс мезгілде және сенбі, жексенбі күндері тұрғындардың спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін төлемақысыз тегін беріледі.

2014 жылы осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ауданда спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 8526 адамды, яғни аудан халқының 30 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы деңгейден 473 адамға артты. Аудан спортшылары XIII облыстың мемлекеттік қызметшілері спартакиадасында аудан құрамасы аудандар командалары арасында I орынды, жалпы мемлекеттік қызметшілер арасында өткен супер кубокта IV орынды, облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен XVIII облыстық ойындарда ХІХ орынды иеленді.

Кешкі мезгілдерде аптаның әр күніне бекітілген кестелер бойынша спорттық үйірмелер, секциялар жұмыс істеуде. Осы үйірме, секция жұмыстарын жүргізуге ауылдық округтердегі 12 спорт нұсқаушылары, 77 дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, 35 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары тартылды.

Мектептердегі спорт үйірмелерінде 2831 оқушы спорттың волейбол, футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, стол теннисі, тоғызқұмалақ, шаңғы, шайбалы хоккей, гір спорты, қол күресі, қазақ күресі, дзюдо, еркін күрес түрлерімен шұғылданады.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 962 бала спорттың 9 түрімен шұғылданады.


Әлеуметтік сала

2014 жылы аз қамтылған 548 отбасының 1495 баласына 25,6 млн.теңге балалар жәрдемақысы, 20 отбасына 2,3 млн.теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 529 отбасына 11 млн.теңге тұрғын үй көмегі, үйден оқытылатын және тәрбиеленетін 31 мүгедек-балаға 2 млн. теңге материалдық көмегі тағайындалып, төленді. Ауданда жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздардың тұрақты жұмысқа орналасуы, өзін-өзі қамтитындардың қосалқы шаруашылықтарының дамуы, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасына белсенді қатысуы балалар жәрдемақысын алушылардың санының 3,4 пайызға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 4,8 пайызға, тұрғын үй көмегін алушылардың 5,4 пайызға азаюына септігін тигізді.

2014 жылдың 12 айында жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша тіркелгендердің саны – 698 адам, оның 475-і тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды, жұмысқа орналасу деңгейі 68,1% құрады. Жыл көлемінде 682 жаңа жұмыс орнын ашу межеленсе, нақты 922 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіптік даярлыққа- 30, жастар практикасына -27, әлеуметтік жұмыс орындарына - 22 жұмыссыз жіберілді.

Мүгедектер мен зейнеткерлерге денсаулықтарын түзеп, демалуларына шипажайларға жолдама берілуде. 2014 жылы 40 зейнеткер жолдама алып, емделіп келді.

Сонымен қатар, мүгедектерге 21 протезді-ортопедиялық жабдықтар, 42 мүгедекке гигиеналық құрал-жабдықтар, көзі нашар көретін 8 мүгедекке тифло-сағат, 7 тифломагнитолла, көзі нашар көретін 1 мүгедекке оқу машинасы, 5 тифлоплеер, 4 диктафон, 2 ұялы телефон, 7 сурдосағат, 1 бала жастан мүгедекке бөлмелік мүгедектік арба, 1 топтағы 11 мүгедек адамға бөлмелік мүгедектік арба, 8 серуен арба, 1 бала жасынан мүгедекке көп функционалды арба берілді.

Жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да басты назарда. Аудандағы 83 жалғызілікті қариялармен мүгедек азаматтарға 23 әлеуметтік қызметкер, 32 мүмкіндігі шектеулі балаларға 17 әлеуметтік қызметкер, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар 169 азаматтарға 35 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.

2014 жылдың 7 қазанында аз қамтылған отбасыларына, мүгедектерге, жалғызбасты адамдарға демеушілік көмек көрсету мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырумен «қайырымдылық» акциясы өтті. Акцияға 384,6 мың теңге қаражат түсіп, 18 мүгедекке таратылып берілді.

«Қайырымдылық» айлығында 4248 адамға 14,5 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде 260 мекеме басшылары 724 адамға 4,1 млн. теңгенің көмегін көрсетті.

Бұл шараға жеке кәсіпкерлер де ат салысты, осы орайда жеке кәсіпкерлер Е.Скаков 77 адамға 462,5 мың теңгенің, Г.Қатпанова 76 адамға 187,5 мың теңгенің, С.Рахимов 26 адамға 130,0 мың теңгенің, Қ.Долданов 20 адамға 70,0 мың теңгенің, Қ.Мұқанов 15 адамға 50,0 мың теңгенің, Боран ауылынан „Данияр“ шаруа қожалығының басшысы Т. Мошанбаев 2 адамға 60,0 мың теңгенің, Қалжырдан „ЖАС“ ЖШС-нің басшысы Ж.Әзімбаев 7 адамға 170,0 мың теңгенің көмегін көрсетті.
Жастар орталығы

Аудан халқының барлық санынан жастардың үлесі 22 пайызды немесе 6395 адамды құрайды.

Еліміздегі жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған Жастар орталығымен Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру үшін 2 жастар форумы, 15 дөңгелек үстел отырысы, 9 акция, 29 спорттық жарыстар, 10 сайыс, 9 мерекелік кеш және жастар слеті өткізілді. Барлығы 75 іс-шара өткізіліп, оған 19865 жас қамтылды.
Жас мамандарды оқыту

2007 жылдан бастап, облыстық жоғарғы оқу орындарында оқу үшін әлеуметтік көмек (әкім гранты) тағайындалған. Осы уақыт аралығында аудан бойынша 102 адам, оның 62 студент педогогикалық және 40 студент дәрігерлік оқуларға түсіп әкім грантымен оқуда.

Оқуды бітіріп, мектептерге 2011 жылы-8 маман, 2012 жылы- 9 маман, 2013 жылы -14 маман, 2014 жылы -9 маман, ауруханаға 2013 жылы- 1 маман, 2014 жылы-5 маман келді.

Бүгінгі күнге Семей медициналық университетінде-23, Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде-18, барлығы 41 студент оқуда. Оларға стипендиялары, оқуларына, жатақханаға қаражат ай сайын уақтылы төленіп отыр.



«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 34 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді, оның ішінде: білім саласы бойынша -22, денсаулық сақтау саласы бойынша- 12 маман.

Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында 26 маманға тұрғын үй несиесі беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: білім саласы бойынша - 17, денсаулық сақтау саласы бойынша - 8, әлеуметтік сала бойынша – 1 маман.


Қазақстандық ұлттық-сандық телеарна туралы

Еліміздегі болып жатқан игі істерді аудан халқына насихаттау мақсатында отандық телеарналарды барлық елді мекендерге тарату жұмысы ұйымдастырылуда. «OTAU TV» сандық тарелкаларын орнату арқылы бүгінде отандық телеарналарды ауданның барлық елді мекендер көруде. Сандық спутниктік қабылдағыштар орнатқан отбасылар саны 3018-ге жетіп, барлық аула санының 40,0 пайызын құрады. 2014 жылы ғана 867 абонент қосылып, 155 отбасына ID TV орнатылды.


Қоғамдық ұйымдар

Күршім ауданында 3 саяси партия өкілдері, аудан әкімінің жанындағы қоғамдық кеңес, аудандық әйелдер, ардагерлер кеңестері,  ақсақалдар алқасы, «АРС» жастар ұйымы, «Шапағат» іскер әйелдер клубы, "Жан шуағы" қоғамдық бірлестігі, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, келелі мәселелерді шешуге атсалысуда. Сонымен қатар ауданда межеленген тәрбиелік іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсету жұмыстарына қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысады. Аудандағы саяси партиялар, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар, жастар ұйымдары өкілдерімен "дөңгелек үстелдер", "кездесулер" үнемі өткізіліп отырады.


Қылмыс

Ағымдағы жылы ауданда 186 қылмыс тіркеліп, тіркелген қылмыстың саны 14,9 пайызға азайды. Ал жалпы қылмыстардың ашылуы 62 пайызды құрап, өткен жылдың деңгейінде қалды.

Ауданымызда ең көп орын алатын қылмыстың түрі, ол ұрлық, 95 бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі тіркеліп, ашылуы 55 пайызды құрады. Қылмыс саны 25,8 пайызға азайып, қылмыстың ашылуы 1,7 пайыздық бірлікке өсті.

Оның ішінде: мал ұрлығы бойынша 25 қылмыс тіркеліп, оның 44,5 пайызы ашылды. Қылмыс саны 37,5 пайызға азайып, қылмыстың ашылуы 35,7 пайызға өсті. Мал ұрлығы қылмыстарының тіркелуінің басты себебі: тұрғындардың өз малдарын бақпай, ауыл сыртына шығарып салып қарамауының салдарынан.

2014 жылы ауданда «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Қару», «Іздестіру», «Айдап әкету», «Стоп-Трафик», «Мал ұрлығы», «Қауіпсіз жол», «Пәтер» атты әртүрлі жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. Қылмыстың алдын алу және аудандағы криминогендік жағдайды сауықтыру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіліп, «Қызыл-Ту» паром өткелінде, «Қара Ертіс көпірінде» тәулік бойы бекеттер жұмысы ұйымдастырылды.

Көлік жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы жол көлік оқиғасының көбеюіне әкеліп отыр. 2014 жылы 40 жол-көлік оқиғасы орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 15 оқиғаға өсті. Жол-көлік оқиғасынан 13 адам қайтыс болып, 9 адамға өсіп отыр.

Осы жағдайды түзеу мақсатында күнделікті сағат 18.00-ден сағат 23.00-ге дейін ауданымызда патрульдеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің 2014 жылы өткен халықпен есепті кездесулерінде 21 сұрақ бақылауға қойылған. Бүгінгі күні тапсырмалар 100 пайызға орындалған.

Оның ішінде аудан әкімінің халықпен қорытынды есепті кездесуінде айтылған ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, 7 сұрақ бақылауға алынып, барлық тапсырма орындалды.

1) Күршім ауданындағы Ұрынхай ауылы орман қоры жерінде орналасқандықтан, елді мекен жеріне ауыстыру үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне ұсыныс берілді. Өтініш облыстық комиссияның отырысында қаралып, орман қоры жерінен ауданы 100 гектар жер учаскесін елді мекен санатына ауыстыруға мүмкін деп хаттамалық шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің орман қоры жерінен ауданы 100 гектар жер учаскесін ауыстыру туралы қаулысын қабылдау үшін жерге орналастыру жобасы дайындалуда. Жерге орналастыру жобасын даярлауға қаражат 2015 жылдың бюджетінен бөлінді;

2) Күршім ауылындағы №3 мектеп гимназиясының алдындағы алаңға асфальт төселді;

3) Күршім ауылы Бунтовских көшесіндегі балабақшаның төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді;

4) Қалжыр ауылының тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту сұрағы ауданның аумақтық даму бағдарламасына енгізілді. Жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптамасы алынды.

Боран ауылының тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту бойынша жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Мемлекеттік сараптама алуға тиісті мекемеге жіберілді.

5) Теректі ауылындағы „Совхоз“ қалашығына қосымша ауыз су колонкаларын қою үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, Теректі тірек ауылының 2014-2018 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілді.

6) Ақжайлау ауылдық клубына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

7) Күршім ауылындағы Қабанбай батыр, Юбилейная көшелеріне қиыршық тас төгіп, жөндеу жұмыстарын атқару сұрағы ауданның 2015-2017 жылдарға арналған даму бағдарламасына енгізілді.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет