133
М.Н. Атем, С.А. Рамазанова
тәрбиенің бастапқы көрсеткіші ата-ананы сый-
лау болып табылады, тәрбиенің негізі отбасын-
да қаланады. Баланың алғашқы ұстазы – анасы
болып табылады.
Отбасы тәрбиесі негізінде
ұлттық санасы қалыптасады. Ата-анасы мектеп
өмірінің белсенді өкілі. Олар түрлі тапсырма-
лар орындауға қатысады, баланың білім алуы
мен әлеуметтік тұлға болып қалыптасуында
маңызды қызмет атқарады. Елдегі бастауыш
мектептің мақсаты:
1. Өзін адаммын деп терең түсінетін;
2. Мәдениетті жалғастыратын, жасайтын, да-
мытатын;
3. Өзін Жапония азаматымын деп түсінетін;
4. Дені сау және белсенді бала тәрбиелеу.
Көріп отырғаныңыздай, бұл елде руханилық
пен патриоттық тәрбиенің ұштасып отырғанын
айқын аңғаруға болады. Ел идеологиясы
академиялық көрсеткішке емес, адам, тұлға,
азамат қалыптастыруға бағытталған. Үлкенді
сыйлайтын, адам екенін түсінетін, өмір сүруге
икемді, елін сүйетін, жауапкершілікті түсінетін,
тәртіпке бағынатын, ұлттық құндылықтарды
сақтайтын, міне мұның бәрі жапондықтардың
басты назарында. Мектепте оқытылатын пәндер
жалаң, суық
ғылым мен техниканы зерттеп,
ұғындыруға емес, баланың шығармашылығын
дамытуға, жан дүниесінің қалауына, эмоцио-
налды дамуына, құрдастарымен қарым-қатынас
орнатуға, жеке әдеттерін қалыптастыруға, гиги-
ена мен дене тәрбиесіне бағытталған. Теориялық
білім үшін жылдап оқытудың орнына, аз уақытта
қолданушы ретіндегі нақтылы дағдыларды
қалыптастыруды жөн көреді. Пәндердің арасын-
да адамгершілік тәрбиесі, үй шаруашылығы де-
ген пәндер бар. Бұл пәндер бастауыш сыныпта
емес, негізгі білім беру барысында оқытылады,
яғни 5-12 сынып аралығында. Эмоционалды
бет-бейнесін қалыптастыратын пәндер 70%-ды
құрайды. Қоршаған ортаны қорғап, өмірдің әр
сәтінен ләззат алуға, әдемілікті көруге баулитын
бұл елде эстетикалық тәрбиенің де орны зор.
Осылайша өзімен үйлесімділікте өмір сүруге
тәрбиелейтін бұл елдің тек тәрбие емес білім
сапасының көрсеткіші артып, көш бастап отыр.
(Құсайынов, 2013: 196) [1]
Білім сапасы жағынан алдыңғы орынды ие ле-
ніп отырған Азия өңірінің елдерінде тәрбие ісі:
1. Ұлттық басымдылықтарды сақтауға;
2. Дәстүрлі мәдениетін сақтауға;
3.
Ұлттық құндылықтарды сақтап, жаң ғыр туға;
4. Шығармашыл;
5. Бірегей ойлайтын;
6. Үйлесімді және рухани бай жеке тұлғаны
тәрбиелеуге бағытталған.
Озық елдердің тәрбие ісінде басшылыққа
алатын ұстанымдарын саралай келе, еліміздің
тәрбие жүйесімен бірқатар ұқсастықтары мен
айыр машылықтарын байқай аламыз. Ең алды-
мен ұқсастығы: ұлттық тәрбие мен этнопедагоги-
каның элементтерінің орын алуы; отбасы тәрбиесі
және үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру
үрдісі. Баланы жасында еркелетіп, кейін еңбекке
баулитынын тіпті халқымыздың «Балаңды бес
жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес
жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан
соң досыңдай сырлас» деген нақылынан аңғара
аламыз. Ұлттық құндылықтарды тәрбиенің
қайнар көзіне айналдыра
білу тәрбиенің баста-
уы әрі ұлы күш деп сеніммен айтуға болады.
Ұқсастық пен айырмашылықтың қатар жүруі
заңдылық: еліміздегі білім ордаларында нақты
тәрбиеге қатысты ұстанымның, ортақ бір иде-
ология, ереженің жоқтығы, тәлім берудегі
жүйесіздік еліміздегі тәрбие үрдісінің сапасын
сынға ұшыратуда. Бұл өз кезегінде еліміздің
білім сапасының дамыған елдерден кем түсуіне
әкеліп соғуда.
Достарыңызбен бөлісу: