Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211


Жоғары әскери оқу орындары курсанттарының



Pdf көрінісі
бет26/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Жоғары әскери оқу орындары курсанттарының
теріс эмоционалды жағдайларын және субъективті әл-ауқатын зерттеу
Курсанттардың әскери қызметі мен оқу қызметінің ерекшелігі жеке құрамның кәсіби 
қызметке моральдық-жауынгерлік дайындығының маңызды бөлігі болып табылатын стресске 
төзімділігіне, эмоционалды әл-ауқатына жоғары талаптар қояды. Болашақ офицерлердің 
тиімді әскери, академиялық және психологиялық-педагогикалық дайындығын олардың қазіргі 
психоэмоционалды жағдайы мен субъективті әл-ауқатын білместен құру мүмкін емес.
Авторлар қазақ және орыс тілдерінде мазасыздық, агрессивтілік, депрессия және 
субъективті әл-ауқат деңгейінің жай-күйін скрининг-диагностикалауға арналған әдістемелер 
кешенін аударып, қазақстандық іріктеуге бейімдеді. Бұл әдістер әлемдік тәжірибеде кеңінен 
қолданылады, бірақ әлі күнге дейін қазақстандық іріктеуге бейімделмеген.
Эмпирикалық зерттеу 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында қазақстандық 2 жоғары 
әскери оқу орындарының іріктеуінде жүргізілді. Зерттеуге барлығы 597 курсант қатысты. Талдау 
үшін корреляциялық, кластерлік, жиілікті талдау процедуралары, сондай-ақ деректерді бөлу 
сипаты мен психодиагностикалық әдістерді ескере отырып, параметрлік емес статистиканың 
басқа да әдістері қолданылды.
Зерттеу көрсеткендей, курсанттардың көпшілігі агрессивтіліктің төмен деңгейімен 
(дұшпандық, физикалық агрессия, ашуланшақтықты қоса), мазасыздықпен, депрессиямен, 
сондай-ақ психологиялық әл-ауқаттың жоғары деңгейімен сипатталады. Алайда, жиілікті 
талдау көрсеткендей, курсанттардың жалпы санының 18,4%-ы жеңіл, орташа және жоғары 
деңгейдегі мазасыздықтың болуын көрсетті; курсанттардың 13,07%-ы жеткілікті ыңғайлы емес 
немесе ыңғайсыз психикалық жағдай туралы айтады (субъективті әл-ауқатының нашарлығы), 
курсанттардың 36,5%-ы депрессияның жеңіл, орташа немесе жоғары деңгейін сезінеді, 3%-ы 
орташа нормативтік көрсеткіштермен салыстырғанда агрессивтіліктің жоғарылауын көрсетеді. 
Агрессивтілік, мазасыздық, депрессия деңгейінің абсолютті мәні жоғары болмаса да, жасы, тілі 
және оқу курсы болашақ офицерлер арасында олардың ауырлығына әсер етеді. Жүргізілген 
кластерлік талдау субъективті әл-ауқат деңгейіне үлкен үлес қосатын айнымалыларды анықтады.
Алынған нәтижелер курсанттардың моральдық-жауынгерлік рухын арттыруға, курсанттарды 
оқыту үшін оңтайлы психологиялық атмосфера құруға және әскери жоғары оқу орындарының 
студенттері арасында деструктивті және деликвентті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған 
тиімді атаулы психологиялық-педагогикалық интервенцияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: теріс эмоционалды күйлер, субъективті әл-ауқат, жоғары әскери оқу 
орындарының курсанттары, агрессивтілік, депрессия, мазасыздық.


30
Исследование негативных эмоциональных состояний и субъективного благополучия курсантов...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет