Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет81/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

6-суретСөйлесім мәнері
Жоғарыда айтып өткеніміздей, сөздің жазы-
лымы мен сөйлесімнің үнемі сәйкес келмейтін-
дігінен, сөйлеу мәнерінде сөздің айқын, сөз са-
зын сақтап дұрыс айтылуы, дыбыстың үндестік 
заңына бағына қолданылуы және сөйлемнің сөй-
леушінің дикциясына, дауыс тембріне, сөйлеу 
әуенін бұзбауына, өз ойын тезірек жеткізу 
мақсатымен үнемдеу заңын (элизия, гаплоло-
гия, түрік изафеті, синтаксистік ықшамдалу
пайдалануы – табиғи заңдылық. Қазақ тіліндегі 
ықшамдалу құбылысы тіл біліміндегі үнемдеу 
үде рісімен байланысты. Шындығында, тілдік 
эко номия процесімен тығыз байланысты ық-
шамдалу жайы тілдің фонетикалық ықшамдалу, 
морфологиялық ықшамдалу, синтаксистік ық-
шамдалу сияқты барлық деңгейінде кездеседі. 
Дегенмен қазіргі уақытта қазақ тілінде сөй-
ле генде орфоэпиялық норманы бұзып, жазба 
мәтінде сөздер қалай жазылып тұрса, солай 
ауызша айту көп байқалады. Бұлай сөйлеу 
тілдің өз қалпын сақтауына кері әсерін тигізеді.
Мысалы:
1) Ықпал заңдылығы – Ақмарал
 (дұрыс айты-
луы: Ағмарал), Ақнұр (дұрыс айтылуы: Ағнұр); 
Жүсіпбек (дұрыс айтылуы: Жүсіппек), Жанқожа 
батыр (дұрыс айтылуы: Жаңғожа батыр), шека-
ра – (дұрыс айтылуы: шегара);
2) Эллизия – Сарыағаш (дұрыс айтылуы: 
Сарағаш); Сарыарқа (дұрыс айтылуы: Сарарқа);
3) Гаплология – араластыр (ықшамдалып ай-
тылуы: ар-лас-тыр)‚ әрқайсысы (ықшамдалып 
айтылуы: әрғайсы). 


81
Б.Б. Динаева және т.б. 
4) Түрік изафеті – Қазақстан Республи-
касы Президентінің Жарлығы (дұрыс емес: 
Қазақстан Республикасының Президентінің 
Жарлығы); Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта 
білім департаментінің директоры (дұрыс емес: 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 
министрлігінің Мектепке дейінгі және орта 
білім департаментінің директоры).
5) Синтаксистік ықшамдалу – келе алмады 
(айтылуы: келалмады), айта алмады (айтылуы: 
айталмады). 
Сөйлесім әрекетін бағалағанда оқушының 
жоғарыда аталған дескрипторларды қалай 
қолданғанын, атап айтқанда:
• қазақ тілінде қаншалықты сауатты сөйлей 
алатыны;
• өз ойын кез келген тақырыпта ауызша 
еркін жеткізе алатындығын;
• қойылған сұраққа дұрыс жауап беруін 
бағалаймыз; 
• сөзді дұрыс дыбыстауын;
• сөзді анық айта білуін;
• буын үндестігін дұрыс қолдануын;
• дыбыс үндестігін сақтауын;
• сөйлем ырғағын дұрыс қолдана білуін;
сөздің екпінін қоя білуін;
• сөйлем ішінде логикалық ойды білдіру 
үшін кідіріс жасай алуын;
• өлең ырғағын сақтай білуін;
• дауыс тембрін сақтай білуін бағалаймыз.
Сөйлесім әрекетінде дыбыстардың арти-
ку ля циялық тұрғыдан дұрыс айтылуын қарас-
тырмаймыз, соған сәйкес бағаламаймыз да, 
себебі дыбыстарды артикуляция талабына сай 
айтып үйрену оқылым дағдысын қалыптастыру 
кезінде жүргізіледі және тіл үйренуші дыбыс-
тар ды дұрыс қолдануға автоматты түрде машық-
танады. Сондықтан да артикуляция мәселесі 
сөйлесім әрекетінде емес, оқылым әрекетінде 
бағаланады. 
Қазақтың шешендік сөздері мен ауыз әдебие-
тінің нұсқаларын жинап, кітап құрастырған 
белгілі түрколог ғалым В.В. Радлов: «Қазақ тілі – 
Исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі 
таза түрі – түркілік сипатын сақтап қалған тіл. 
Рас, мұнда да бірен-саран жат сөздердің енгені 
байқалады, бірақ ол сөздер қазақ тілінің үндестік 
заңына бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына 
қосылған. Қазақ тілінің осы тазалығы мен 
табиғилығы, сондай-ақ көп таралғандығы бұл 
тілдегі мұраларды менің көбірек жинап, оған 
әдебиет нұсқаларын құрастырған жинақтардың 
толық бір томын арнауыма себеп болды. 
Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына 
қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де 
маған әсер етті», – деп қазақ тілінің тазалығы мен 
табиғилығын дұрыс аңғара білген (Салқынбай, 
2017) [21]. Осындай ғасырлар бойы сақталып 
келген халқымыздың сөйлеу өнерін ұрпақтан-
ұрпаққа бұзбай жеткізу міндетіміз. 
Сондықтан тілдің әуезділігін сақтау үшін 
жазылған әріптердің барлығын оқи бермей, қазақ 
тілінің үндестік заңы, үнемдеу заңы талаптарына 
сай сөйлесім дағдысын қалыптастыру қажет, де-
генмен тілді үйренуге ынталандыру үшін неме-
се тіл үйренушінің еркін сөйлеуге батылдығын 
арттыру мақсатымен бағалау кезінде кейбір ере-
жеден тыс жайттарға жол беру қажет.
Сөздердің 
айтылуы мен жазылуында тура сәйкестік болуы 
мүмкін емес. Осымен байланысты сөздің жазы-
луы мен айтылуы үнемі бірдей бола бермейді, 
яғни сөз қалай таңбаланса, сол таңбаларды ғана 
сақтап айту әрдайым шарт та емес, мүмкін де 
емес. 
Сөйлеу дағдысы тілдік білім беруде ма-
ңызды орын алады. Сонымен қатар сөйлеу 
дағдысын мақсатты тілде сөйлесуге мүмкіндік 
беретін және оны дамыту үшін маңызды дағды 
ретінде түсіндіруге болады. Оқушылардың сөй-
леу дағдыларын өлшеу барысында ашық тап-
сыр малар қолданылады. Күнделікті өмірде 
сөйлеу дағдысы қолданылатын әртүрлі жағдай-
лар ды ескере отырып, осы жағдаяттарға үлгі 
бола тын тапсырмалар дайындалады. Тұлға сөй-
лесім әрекетінде өз-өзімен, оқушылармен (мұға-
ліммен), әріптестерімен (сыныптастарымен) 
қазақ тілінде қарым-қатынас құра білуі керек. 
Сөйлесім дағдысын бағалауда ескере кететін 
жайт: бағалаудың осы түрі мұғалім тарапы нан 
күнделікті жүргізілуі шарт және оның қорытын-
дысы негізінде жиынтық бағалау жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет