Оқытудың ғылымилығы ұстанымы маңызды болып есептелінеді,
себебі ол ғылым мазмұны мен оқу пәнінің байланыс заңдылықтарына сүйенеді.
Бұл ұстаным оқу пәні мазмұнының ғылыми таным, пайда болу, ӛзгеру және
даму үлгісіне сәйкес жаңа ғылыми фактілермен, ұғымдармен, заңдармен,
теориялық дәлелденгенін талап етеді. Мұның барлығы логикалық ойлау
қабілетін дамытады, танымдық ғылыми ұстанымы сүйенеді. Ғылымилық
ұстанымы іске асыру пәнінің қазіргі жағдайлардағы, болашақтағы орны жәйлі
ғылыми түсініктерді қалыптастырады, шығармашылық іс-әрекеттің кӛрінуіне
ықпал етеді. Ғылымилық ұстанымы және оның қазіргі талапқа сәйкестігі онда
жаңа құралдардың жаңа нәтижелері, ақпараттық ресурстарды толыққанды
қолдану негізінде болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік
дайындығын жетілдіруде жаңа нәтижеге жетеді.
Оқытудың жүйелілік ұстанымы «ұғымдар мен пән бӛлімдерін оқытып,
түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстырылған және ӛзара алмаса алуын
құрастыра алуында», яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар)
білім алушылар бұрын ӛтіп кеткен материалды терең түсінуімен сипатталады.
Тұтастық ұстанымы бірнеше жұмысты қамтиды. Олар оқу, жазу, ауызша
сӛйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл ұстанымның ерекшелігі: бір
сабақтың үстінде осы жұмыстардың барлығын жүйелі түрде қолдана отырып,
ең басты біреуін таңдап алу және қалған жұмыстың түрлерін осыған бағындыра
білу. Болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын
жетілдіруде тұтастық ұстанымын тікелей басшылыққа алу қажет деп санаймыз.
Тіке байланыс ұстанымы бойынша оқыту үдерісі адамдардың тек тікелей
жүздесуі, сӛйлесуі, ӛзара қарым–қатынасы арқылы болады. Ӛйткені, тілдік
қатынастың ӛзі адамзаттың бір–бірімен тікелей қарым–қатынасына,
пікірлесуіне, сӛйлесуіне негізделген. Сондықтан қатысымдық әдісті
қолданудың басты шарты – бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы
мүмкіндігінше жиі болуы. Болашақ физика пәні мұғалімдерінің ӛзара тікелей
қатынасқа түсе білуі олардың тәжірибелік дайындығын жетілдіруде негізі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |