65
Субъектілік ұстанымы. Субъект (лат. subjectum — бастауыш) ұғымы
психологиялық әдебиеттерде тӛмендегіше түсіндіріледі: - болмысты тану мен
ӛзгертудің қайнары
ретіндегі индивид немесе топ; - белсенділікті жеткізуші;-
субъект индивид немесе топ іс-әрекетті танудың және ӛңдеудің негізі ретінде; -
іс-әрекеттегі белсенділіктің тасымалдаушысы. Ғылыми психологияның негізі
делінген диалектикалық материализм субъектіні тарихи дамудың ӛнімі деп
қарайды және оның белсенділігін адамдар қарекетінің
ерекшеліктерімен
байланыстырады. Осы әрекет барысында объектінің нақты, іс жүзіндегі ӛзгеруі
субъектінің қарекеті соған негізделіп реттелетін субъектідегі бейнелерге
барабарлығының, болмысқа сәйкестігінің критерийі болып табылады. Бұл
ұстанымға сәйкес білім алушы үшін оқу әрекетінің мәні,
маңызы болуы тиіс,
үдеріс барысында оның жеке ерекшеліктері ескерілген, осы әрекетте ол ӛзін-ӛзі
басқара, ұйымдастыра алатындай жағдайлар болуы тиіс. Бұлайша
ойластырылған білімдік үдерісте субъектаралық қарым қатынасқа жоғары мән
беріледі. Біздің зерттеуіміздің мақсатына сай бұл ұстаным негізінде
субъектаралық, бірлескен қарым-қатынас негізінде студент –студент, оқытушы
– студент арасындағы белсенді білімдік әрекет
орын алады да нәтижеде
психологиялық даму жеделдейді.
Даму ұстанымы. Дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған,
белгілі бір
әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, тұлғалық
субьектілік ұғымда оны дамыту адамның ӛзіндік танымын, қажеттіктерін
бағыттап отыру, қолдау кӛрсету, яғни ӛзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім
қабылдау және нәтижесін ӛзі бағалау секілді ішкі, адамның ӛз
бойындағы
мүмкіндіктер арқылы ӛзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі.
Тұлғаға бағдарланған білім беру идеялары туралы зерттеушілер оның
негізгі түсіндіруден – түсіндіруге, монологтан – диалогке,
әлеуметтік
бақылаудан – дамытуға, басқарудан ӛзін-ӛзі басқаруға кӛшу, ал педагогтің
негізгі міндеті қарым-қатынас болып табылады деп кӛрсетеді.
Оның басты
идеясы – білім берудегі субъектарлық қатынастарды қалыптастыру арқылы
тұлғаның ынталануына түрткі болу, сӛйтіп ӛзіндік таным мен ӛзіндік білім
алуға, ӛзіндік бағалауға жағдай туғызу.
Достарыңызбен бөлісу: