21
және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру [103]. Танымдық
порцестің түрлеріне түйсік, қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, сӛйлеу жатады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп
атайды. Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының
алғашқы кӛзі болып саналады [91]. Сондықтан
физика сабағында физикалық
процестерді немесе ӛлшеу құралдарының жұмыс жасау қағидаттарын
түсіндірген кезде оқушылардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету үшін арнайы
тәжірибелер арқылы кӛрсетілу керек.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді және бұл үшін физикалық
тәжірибелердің рӛлін атап ӛтейік.
- Оқу - ӛмір қажеттілігі екенін оқушыға түсіндіру, сездіру. Физика
сабақтарында теория жүзінде түсіндірілген заңдылықтар мүмкіндігінше
тәжірибе арқылы тексеріліп отыруы қажет. Осы физикалық тәжірибелерді
орындау үстінде оқушылар физикадан
алған білімдері практикада, күнделікті
ӛмірде қолдануға болатынын түсінеді, сезінеді.
- Үнемі теория мен тәжірибе байланысын кӛрсету, адамзат тарихындағы
ғылыми білімдердің маңызын ашу. Физика сабақтарында түсіндірілетін
теориялық білімдер күнделікті тақырыпқа байланысты демонстрациялық
тәжірибелердің кӛмегімен сүймелденіп отыру керек.
- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған
білімдерін ӛмірде қолдана білуін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде кӛптеген
мектептердің оқушыларында физикадан алаған білімдер тек ҰБТ сияқты
тестілеулерден ӛту үшін қолданылады деген түсінік қалыптасқан. Алайда
физикадағы заңдылықтарды біз күнделікті ӛмірде,
тұрмысымызда жиі
қолданумызға болады. Ол үшін іс-әрекетте кӛрінетін икемділіктер мен
дағдылар физикалық тәжірибе арқылы қалыптастырылуы қажет.
- Шәкірттерге ӛз білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету. Физикадан
алған білімдерін оқушылар зертханалық жұмыс жасағанда қолданып арнайы
икемділіктері мен дағдылары қалыптасады. Демонстрациялық жұмыстарды
жасаған кезде де оқушылардың ӛздері жасауға мүмкіндік
жасап теориялық
білімді практикада қолдана білуге үйретуге болады.
- Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып
теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу, ӛзіндік жұмысты орындауға және ӛз
бетімен білім алуды үйрету. Физикалық тәжірибе қандайда бір құбылысты
немесе нысанды зерттеу үшін жасалады. Физикадан оқу тәжірибесі мен ғылыми
зерттеу тәжірибесі арасында ұқсастық кӛп. Сондықтан оқу тәжірибесін орындау
үстінде
оқушылар зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
- Әр сабақта оқушыларға политехникалық білім беру, туған жердің
шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайыңдау. Физика сабақтарында
техникада, туған жердің шаруашылығында кездесетін политехникалық білімді
қажет ететін мәселелері кӛтеріп ғылыми
жоба ретінде оқушыларды
қатыстырып оқушылардың болжамдарын физика кабинетінде бар құрал-
22
жабдықтармен тәжірибе арқылы тексертіп мамандыққа бағыт бағдар беріп,
зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады.
Тәжірибелік сабақтардың кӛмегімен оқушылар теориялық қағидаларды,
заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп,
ғылыми білімдерді меңгеруге
мүмкінішіліктерін жасау. Физикадан оқу тәжірибесін орындау барысында білім
алушылардың зерттеушілік дағдылары қалыптаса бастайды.
Сурет 1 – Физикалық оқу тәжірибелері мен ғылыми физикалық тәжірибенің
ұқсастығы мен байланысы
- Кӛрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану. Физика
сабағында қолданылатын демонстрациялық тәжірибелер оқылатын тақырыпқа
байланысты арнайы демонстрациялық тәжірибеге қойылатын талаптарды
сақтап орындағанда ӛз нәтижесін береді.
- Оқушылардың тәжірибелік
әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде
қалып қоймай, мектептен тыс ӛмірмен, еңбекпен ұштасып отыруы шарт.
Жоғарыда айтылғандай оқушыларды ғылыми жобаларға қатыстырып, зерттеу
проблемасына байланысты гипотезаны физикалық тәжірибелер арқылы
тексеріп, бұл ережені жүзеге асыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: