Курбанбеков бакытжан алимханович


-3D моделдеу студенттердің ӛздігінен ізденуін күшейтеді



Pdf көрінісі
бет20/40
Дата16.11.2022
өлшемі3.46 Mb.
#465003
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
sajt-kurbanbekov-dissertacija-2021-30.04.2021-sajt

артықшылықтары бар. 
-3D моделдеу студенттердің ӛздігінен ізденуін күшейтеді. Студент 
қандайда бір құрылғының жұмыс жасау принципін түсіндіріп беруге тапсырма 
алады (мысалы демонстрациялық амперметр). Microsoft Word, Power Point 
бағдарламалары арқылы кӛрсетілетін ақпараттарды интернет желісінен оңай 
тауып, қолдану арқылы студенттің ӛздігінен ізденуі(іздену деңгейі) тӛмендеуі 
мүмкін. Жоғарыда айтып кеткеніміздей қандайда бір құрал-жабдықты 
компьютерлік моделдеу сол затты ӛз қолымен жасап, құрастырып шығарғанмен 
бірдей. Қандай да бір құрылғының 3D моделін жасау құрылғының жұмыс 
жасау принципі туралы студентке кӛп ізденіс жасауға алып келеді. Ӛйткені 
кітапта берілген ақпарттың шынайы моделін жасау кезінде кӛптеген сұрақтар 
туындайды. Мысалы демонстрациялық амперметрдің 3D моделін құрастыру 
кезінде амперметрдегі айналмалы контур орамасы электр полюстеріне қалай 
жалғанады, амперметр тілінің ауытқуы ток пен магнит ӛрісі индукциясы 
бағытымен қандай байланыста болады, айналмалы контур орамасының магнит 
ӛрісінде қалай орналасу қажет деген сұрақтарға студент жауап іздейді.
-Студенттердің атқаратын жұмысының кӛп функционалдылығы 
студенттің мотивациясын тудырады. Microsoft Word, Power Point 
бағдарламаларында жасалған студенттердің жұмысы тек ақпаратпен 
таныстыру,(яғни) танысу кезінде қолданылады. Ал 3D моделдермен сапалы 
анимациялар мен видеороликтер жасауға, VR технологияларында, вертуалды 
лабораториялық жұмыстар жасау кезінде және кейінгі кезде Тұңғыш президент 
Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларынан түспей келе жатқан 3D принтинг саласында 
қолдануға болады. Яғни студент тапсырманы орындау кезінде заманауи 


50 
технологиялармен жұмыс жасап жатқанын сезініп, жасалынған жұмыстардың 
болашақта да маңызын жоғалтпайтынын, керісінше болашақта осы жұмыстарға 
сұраныстың болатынына кӛз жеткізіп, ӛзіне қойылған талапты орындауға 
мотивациясы артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет