Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы



бет4/12
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#169971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2.2 Әлеуметтік сала

2.2.2.1 Білім


2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында білім саласында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінен жұмыстар жүргізілді, соның шеңберінде білім берудің жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.  

Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және сақтау, бес-алты жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету жөнінен шаралар қабылданды. 2012 жылы қалада бір «Журавушка» балабақшасы болған, орта мектептер жанында екі шағын орталық (125 бала) жұмыс істейді, олардың бірі 2011 жылы ашылған болатын. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жалпы балалар санынан мектепке дейінгі біліммен қамту 99,5 % құрады, ол 2010 жыл (61,6%) деңгейінен 37,9 пайыздық үлеске көбірек.

5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлықпен қамтуы 100 % құрады.

Сонымен қатар қалада мектепке дейінгі мекемелерде орын алу үшін 350-дей өтініш тіркелген.

10 кесте

Мектепке дейінгі мекемелер желісінің даму динамикасы


Мектепке дейінгі мекемелер саны

Шағын орталықтар саны

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар

Шағын орталықтарда қамтылған балалар

Жалпы балалардың қамтылуы %

Кезектің бар болуы, 1.01.13ж. адам саны

2010ж

2011ж

2012ж

2010ж

2011ж

2012 ж

2010ж

2011 ж

2012 ж

2010 ж

2011

ж

2012ж

2010ж

2011ж

2012ж

1

1

1

1

1

2

281

282

283

50

125

125

50,0

88,6

99,5

374


«Журавушка» балабақшасы типтік ғимаратта орналасқан, ыстық сумен қамтамасыз етілген.

2010 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 150 орынға арналған бұрынғы «Тополек» балабақшасының ғимараты сатып алынған. Қазіргі уақытта балабақшаны қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттаманы жасау жөнінен ҚР Ұлттық ядролық орталығымен меморандумға қол қойылған.

Балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2010 жылдан 2012 жыл аралығында 2,6 млн. теңге бөлінген болатын, күрделі жөңдеу жұмыстарына – 7,5 млн. теңге.

Жалпы орта білімде мектеп жасындағы балаларды толық біліммен қамтуды қамтамасыз ету, 12-жылдық жалпы орта білімге көшуге дайындау жөнінен жұмыстар жүргізілді.

Қалада жалпы 1514 балалар, соның ішінде мектепалды даярлық топтардағы сыныптарды 179 бала санымен 3 жалпы білім беретін мектептер бар. Мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп бар, онда 582 оқушы білім алады, мектепалды даярлық сыныптарында 63 бала оқиды.

Мектептер алты күндік жұмыс аптасы режимінде 2 ауысымда жұмыс істейді.

Апатты мектептер қалада жоқ, дегенмен оқушылар орнының тапшылығы бар.

Бүгінгі күнде мектептердің жалпы жобалық қуаты 658 орынды құрайды, оқушылар – 1548, соның ішінде оқушылар орнының тапшылығы 890 орынды құрайды.

Мектептер орталықтандырылған жылу және су жүйесі бар типтік ғимараттарда орналасқан.

2010-2012 жылдар аралығында оқушылар контингенті 22 адамға азайған.
11 кесте

2010-2012 жылдарда мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер желісінің өзгеру динамикасы


2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Бірлік саны

контингент, адам.

Бірлік саны

контингент, адам.

Бірлік саны

контингент, адам.

3

1391

3

1347

3

1369

Қаладағы барлық мектептер компьютерленген. Жалпы білім беретін мектептердің компьютерлермен қамтамасыз етілуі бір компьютерге 8,0 оқушыны құрады, 2010 ж – 8,6. Қаланың барлық мектептері кең жолақты Интернет желісіне қосылған.

Компьютерлік парктің тозуына және заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігіне байланысьы оларды ауыстыру қажет. Мектептер қондырғылары (оқу және оған ұқсас) Санитарлық ережелердің жаңа нормаларына сәйкес келеді. Өртке қарсы қауіпсіздік жүйесі, дабыл түймешегі, «Ер-Кузет-Восток» күзек кәсіпорнымен ынтымақтастық орнатылған, барлық мектептер Интернетке қосылған.

Мектепктердің материалдық-техникалық базасы пәндік кабинеттер мен қондырғылармен жеткіліксіз жабдықталуы сақталып отыр. Сонымен, 2012 жылы мультимединалық кабинеттермен жабдықталуы 100 %, физика – 100 %, химия – 100 %, биология – 100 %, 2010 жылмен салыстырғанда (мультимединалық кабинеттермен жабдықталуы 100 %, физика – 100 %, химия – 66,7 %, биология – 66,7 %).

2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,1 мың теңге сомасына химия кабинеті сатып алынса, қалалық бюджет қаражаты есебінен биология кабинеті 2,4 мың теңге сомасына сатып алынды.

Сондай-ақ 2012 жылы 1000,0 мың теңгеге психология кабинеті мен 5000,0 мың теңге сомасына интерактивті қондырғы сатып алынды.



2012 жылы мектептердің пәндік кабинеттер және қондырғылармен жабдықталу динамикасы

12 кесте


мультимединалық

кабинеттер

Физика кабинеттері

химия кабинеттері

Биология

кабинеттері


саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

3

100

3

100

3

100

3

100

Оқушылардың сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау мақсатында қалалық бюджет қаражаты есебінен 3,6 млн. теңге жалпы сомасына ағымдық жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың жалпы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2010-2012 жылдар аралығында 47,1 млн. теңге бөлінген, соның ішінде қаланың барлық мектептеріне мектеп асханаларына арналған заманауи жабдықтар сатып алынды.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындауда Курчатов қаласының білім беру мекемелерінің 1-4 сынып оқушылары, аз қамтылған отбасылар балалары (68 бала) тегін балансталған ыстық тамақпен қамтылған (100 %). Тамақтану рационына бал, сүт және қышқылсүт өнімдер негізінде дайындалатын тағамдар кіреді.

Қала мектептерінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар бірінші кезекте тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы оқулықтар сатып алуға 7 млн. теңге бөлінген.

Мектеп жасындағы балаларды толық біліммен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Қала мектептеріне Дегелен станциясы мен Малдары ауылынан 44 оқушының тасымалы жүзеге асырылады. Тасымал мектеп автобусымен жүзеге асырылады.

Қала мектептерінде 145 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, оның 123 әйелдер немесе 85%. Тартымды ұсыныстардың аздығы және төмен еңбекақыға байланысты мектептерге жас мамандардың келуі жеткіліксіз.

Қала мектептерінің педагогикалық қызметкерлері біліктіліктерін және педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында жаңа форматтағы курстарда білім алып, білімнің озық бағдарламаларын енгізуде.

Қазақстан Республикасында білім сапасының ұлттық жүйесінің енгізілуіне сәйкес қала мектептерінің оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеу (ары қарай ҰБТ) формасындағы аттестаттаудан жақсы өтуде. ҰБТ нәтижелерінің мониторингісі 2012 жыл түлектерінің білім сапасының көрсеткішлері 2010 жылмен салыстырғанда едәуір жоғары екенін көрсетеді. ҰБТ нәтижелері бойынша 2010-2011 оқу жылында орташа балл 91,05 құраса, 2009-2010 оқу жылында 85,7 %, ол 5,35% жоғарылаған.

Қамқоршылық және қорғаншылық органының есебінде 30 бала тұр: 25 – қамқоршылық пен қорғаншылықта, 5 – патронатта. Оның ішінде 9 жетім балалар.

Екі баланың өз пәтерлері бар, төртеуінде жекешелендірілген пәтердің үлесіне құқығы, бір балада жалға алынған пәтері бар. 21 бала пәтер алу үшін кезекте тұр (Курчатовта 16 бала және Семей қаласында 5 бала).

Балалардың демалысын, сауықтыруын, жұмыс бастылығын, қараусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалардың қылмыскерлігін алдын алу, олардың шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында жаз кезінде балалар мен жасөспірімдерді ұйымдастырылған демалыспен, сауықтырумен және жұмыс бастылықпен қамту жөнінен іс-шаралар жоспары жасалған. Жаз көлемінде қала мектептерінің оқушылары үшін Астана, Өскемен, Семей қалаларына және Жидебайға экскурсия ұйымдастырылады. Жалпы жаз кезінде жалпы оқушылар санының 98 % демалыспен, сауықтырумен және жұмыс бастылықпен қамтылған.

Курчатов қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бос уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық шығармашылық пен спортқа тарту, мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізу үшін 5 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Олар: Балалар музыкалық мектебі, Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Горизонт» пен «Скала» балалар-жасөспірімдер клубы. 805 оқушы қосымша біліммен қамтылған, ол жалпы оқушылар санынан 58,8 % құрайды.

«Скала» балалар-жасөспірімдер клубының күрделі жөңдеу жұмысына қалалық бюджеттен 1375,0 мың теңге бөлінген.

Қосымша білім беру мекемелерінің өз ғимараттары жоқ.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1. Мектептер жанында шағын орталықтар ашу;

2. мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қамтудың өсуі;

3. қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушылар санының ұлғаюы;

4. ҰБТ көрсеткіштерінің жыл сайын өсуі.

Әлсіз жақтары:

1. Демографиялық және көші-қон үрдістері салдарынан орыс тілінде оқытатын мектептер оқушылары санының қысқаруы;

2. Қосымша білім беруді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, соның ішінде балалар-музыкалық мектебінің материалдық базасын дамыту;

3. Білім беру мекемелері материалдық-техникалық базаның жеткіліксіз жабдықталуы;

4. Қосымша білім беруді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, соның ішінде музыкалық мектеп құрылысы.

Мүмкіндіктер:


  1. Білім беру нысандарының құрылысында мемлекеттік-жеке серіктестігін дамыту;

  2. Электрондық оқытуды енгізу;

  3. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын тапшылығын азайту;

  4. Қосымша білім беру мекемелер желісін көбейту;

  5. ТжҚБ жүйесін модернизациялау;

  6. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды пәтермен қамтамасыз ету.

Қауіптері:

  1. Мұғалімдердің біліктілік деңгейінің төмендеуі.

  2. Оқушылар орнының тапшылығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет