Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



бет3/12
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#169971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1. Экономикалық дамуы

2.2.1.1 Өнеркәсіп

Курчатов қаласында 9 өнеркәсіп кәсіпорындары және 1 филиал бар.

2012 жылы 3756,5 млн.теңге сомасында тауар өнімі өндірілді, бұл айналымдағы бағамен 2010 жылдың деңгейінен 10,1пайызға жоғары, бірақ та 2011 жылдың деңгейінен 12,7 пайзға төмен. Облыстық көлемнің үлесін– 0,4% құрайды. Өнеркәсіптік өнімдердің нақты индекс көлемі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 45,3 пайызға қысқарып және 54,7 пайызды құрады. Өндірістегі нақты индекс динамикасы ауытқуда, өйткені статистика органдары шағын кәсіпкерлік субъектілері өнеркәсіп өндірісінің көлемін есептеу жолымен есепке алады.

Аймақтағы өнеркәсіп төрт саламен көрсетілген: тау кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлу, қалдықтарды жинау және тарату салалары ұсынады.

1сурет

2010-2012 жылдардағы өнеркәсіптегі тауар өнімін өндіру көлемі мен нақты индекс көлемінің өзгеру динамикасы

Тау кен өнеркәсібінің негізін флюоритивті қоспа шығаратын, флюоритивті кенді қайта өңдейтін фабрика болып табылады, металлургия және химия өнеркәсіптерінің жұмыстары үшін шыны дайындауға қажетті өнім - жүзіп жүретін қышқылдық өндіреді.

Өнеркәсіп өнімін өндіргенде жалпы көлемінің 36,7% тау кен өнеркәсібінің үлесі құрайды.

2012 жылы 1378,6 млн. теңге сомасында тауар өнімі өндірілді, ол болса айналымдағы бағамен 2010 жылдың деңгейінен 38,0 %-ға және 2011 жылдың деңгейінен 17,5 %-ға көп. Тау кен өнеркәсәбіндегі НИК 2011 жылмен салыстырғанда 28,9%-ға қысқарып және 71,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің негізін келесі салалар құрайды: тағам өнімдерін өндіру (жеке салмақпен 44,2%), химия өнеркәсібінің өнімін өндіру (саладағы жеке салмағы 22,8 %), машина жасау (30,7%).

2012 жылы салалармен 1193,9 млн. теңге сомасына тауарлық өнімдер өндірілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 2,0 есеге және 2011 жылдың деңгейінен 174,8 %-ға жоғары.

Қала өнеркәсібінің жалпы көлемінен өңдеу өнеркәсібінің үлесі 31,8 %-ды құрайды.

2 сурет
2010-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі тауар өнімін өндіру



динамикасы

2010-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің қажетті түрлерін өндіру динамикасы төменде көрсетілген.


1 кесте

2010-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі

өнімнің қажетті түрлерін өндіру

динамикасы


р/с №

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

2010

2011

2012

1

2


3

4

5

6

1

Тәттіленбеген минеральді газдалған су

мың литрлар

267,9

1486,0

0,0

2

Өсімдік және дәнді дақылдардан ұн; олардан жіңішке тартылған қоспалар

тонна

3762

1980

3 004

3

Жаңа піскен нан

тонна

2736

1620

2 146

4

Басқа да жұмыс киімі

дана

-

29580

99 526

«Тағам өнімдерін өндіру» ішкі салсасында жеке кәсіпкерлер қызметтерін жүзеге асырады, сондай-ақ оның ішінде нан өнімдерін пісірумен айналысады.

2012 жылы ішкі салада 527,8 млн. теңге сомасына тауар өнімдері өндірілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 2,2 есеге және 2011 жылдың деңгейінен 3,1 есеге жоғары.

«Сусындарды өндіру» ішкі саласында «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ішінде құрылған емдік минеральді су мен радиациялық-синтезделген фармпрепараттарды өндіру бойынша «Xcenon» ЖШС қызметін жүзеге асырады.

«Жеңіл өнеркәсіп» ішкі саласында бір рет пайдаланылатын арнайы медицина киімдерін шығару бойынша 2011 жылы құрылған «Мирусар и К» ЖШС филиалы жұмыс істейді.

2012 жылы ішкі саласында 16,9 млн. теңге сомасына тауар өнімдері өндірілді, бұл 2011 жылдың 4,0 есеге жоғары.

«Химия өнеркәсібі» ішкі саласында «Азот» ӨК жұмыс атқарады, оның қызметі криогенді қоймалжың, газдар өндіру (азот, оттек, ацетилен, аргон) өндіру болып табылады. Аргонды дәнекерлегенде қара металдардың дәнекерлеген тігістерін сапасын жақсарту мақсатында кәсіпорында инновация енгізілген – «аргон + көмір қышқылы» дәнекерлеу қоспаларын өндіру үшін жабдықтар дайындалды. Жоғары жиіліктегі газ тәрізді аргон өндіріледі. Келешекте - азоттық – оттектік өндірістің компрессорлық жабдықтарын ауыстыру, газдық сынау қоспаларын шығару. Қазіргі кезде кәсіпорын Қазақстан Республикасының 60 кәсіпорындарымен және ұйымдарымен өнімін өткізуге байланыс жасайды.

2012 жылы ішкі салада 272,3 млн. теңге сомасында тауар өнімі өндірілді, бұл бұл 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 124,1 % құрады.

«Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру» ішкі саласында «көбіктенген полиэтилен» өндіру бойынша «Каzfoam» ЖШС және термоотырғызы манжеты мен лента өндірісі бойынша «МұнайГазИзоляция» ЖШС қызметтерін жүзеге асырады. 2012 жылы осы ішкі салада 9,8 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік өнімдер өндірілді, НИК – 81,7 пайыз.

«Машина жасау» ішкі саласында «Кип»Луч» ЖШС жұмыс атқарады, осы кәсіпорынның негізгі қызмет түрлері болып электронды аппаратураны әзірлеу және күш датчиктері негізінде ірі тонналық автоматтандырылған салмақ өлшейтін кешенді әзірлеу және дайындау болып табылады. Кәсіпорын шетелден материалдар мен жабдықтарды сатып алады да, салмақтың «электронды қоспасын» өндірістік көлемде өз бетінше дайындайтын Қазақстандағы бірден бір кәсіпорын болып табылады. Дайындалған техника сертификатталған және Қазақстан Республикасының өлшегіш құралдары тізіліміне енгізілген. Сонымен қоса осы ішкі салада «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында 2011 жылы құрылған: «МұнайГазИзоляция» ЖШС термоотырғызы манжеты мен лента өндірісі бойынша және «PNT Демпург ЖШС» темір жол составтарына арналған тежеуіш жабдықтарын жасау.

2012 жылы ішкі салада 367,1 млн. теңге сомасында тауар өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 10,3 есеге жоғары.

Өнеркәсіпті дамытуда кейбір шешілмеген мәселелер бар:


- өндірістің тиімділігін көтеруге кедергі келтіретін, жабдықтардың жоғары деңгейдегі тозуы (40-80%);

- шығарылатын өнімнің бәсекелестігінің төмендігіне қатысты, номенклатурасы шектеулі;

- кәсіпорындағы айналым қаражатының ұдайы тапшылығы және саладағы ең төменгі инвестициялық тартымдылығы;

- мемлекеттік сатып алулар саласында нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеуі (өнім сатылғаннан кейін төлемі 60-90 күндерде жүргізіледі);

- құны жоғары ғылыми, жоғары технологиялық бұйымдардың өнімін өндіруде ең төменгі үлесі;

- өндірісті дамытуға қаржыландыруды тартуға пайыздық ставкаларының жоғарылығы;

- өнімдерді жүзеге асыру үшін сертификат алуда механизмнің айтарлықтай күрделілігі.

Электр энергияны, газ бен суды өндіру мен бөлуде негізін–«Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны» МКК, «ШҚ АЭК» АҚ Курчатов қалалық бөлімшесі құрайды.

Ақырғы үш жылда жылу энергиясын өндіру 40,1%, табиғи суды өндіру 3,4% артты.

2 кесте
Электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнімнің қажет түрлерін өндіру динамикасы




р/с №

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2010

2011

2012

1

2

3

4

5

6

1

Электрэнергиясы


млн. кВт.сағат

0,3

0,1

0,0

2

Жылуэнергиясы


мың Гкал

54,3

59,2

137,7

3

Табиғи су


млн.куб.м

2 272,4

2 212,2

2 230,0

2012 жылы «Электрмен жабдықтау, газ, пар беру және ауаны кондициялау» саласында 2010 жылға 18,3 пайызға өсімімен 339,3 млн. теңге сомасына тауарлар өнімі өндірілді.

«Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен таратылуына бақылау» саласында 2010 жылға 45,1 пайызға қысқаруымен 844,7 млн. теңге сомасына тауар өнімдері өндірілді, яғни бұл 2010 жылдан бастап өнеркәсіптік өнімдер көлеміне Семей сынақ ядролық полигонының жерлерінің топырақ құнарлығын қалпына келтіру бойынша жұмыстардың қосылғандығына байланысты, халықаралық келісім-шарттар бойынша өткізілген осы жұмыстар 2012 жылдың қазан айында аяқталған.

Сала даму жағдайының SWOT-талдауы:



Күшті жақтары:

  1. Жоғары біліктілікті мамандардың бар болуы;

  2. Жаңа өндірістерді құру бойынша әлеуетті мүмкіндіктер бар.

Әлсіз жақтары

  1. Өнім өндіргенде энергия көлемінің жоғарылығы;

  2. Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

  3. Ішкі нарықтың аз көлеміне қатысты;

  4. Технологиялық жабдықтардың жоғары деңгейдегі тозуы (70% дейін),негізгі қорлардың аздап жаңартылуы;

  5. Өндірісті модернизациялау және қайта жарақтандыру үшін кәсіпорындардың айналым қаражатының жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктері:

  1. Шығаратын өнімнің көлемін арттыру;

  2. Технопаркті дамыту қала экономикасын индустриализациялауға жол болып табылады.

  3. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасының Кедендік одаққа енуіне байланысты рынокты кеңейту.

Қауіптері

  1. Машина, жабдықтар, механизмдердің импорттаудың жоғары көлемі, бұл машинажасау саласының дамуын тоқтатады.

  2. Шикізат ресурстарына бағаның төмендеуі.


2.2.1.2 Агроөнеркәсіптік кешен

Қазіргі таңда Курчатов қаласының аумағында 8 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Үш шаруа қожалығында 100-ден аса ірі қара мал болса, бесеуінде 30 басқа дейін жетеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімін шығарушыларға жеке қосалқы шаруашылықтар берілген. Өсірілген ауыл шаруашылық өнімдері қала тұрғындарына сатылады.

Қаланың жер бедері мен жағымсыз климаттық жағдайына байланысты арашаруашылығы мен маралшаруашылығы дамымаған, осы бағыттағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер жоқ.

Ауыл шаруашылық мал табындарының негізгі үлесін (51,7%) қой мен ешкі алып жатыр. Едәуір үлесті ірі қара мал (16,8%), жылқылар (7,2%) алып отыр.

Барлық ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 269,3 млн теңгені құрайды, 2011 жылға қарағанда 8,4 % өсіммен, соның ішінде мал шаруашылығы-110,4 млн.тенге (өсуі 19,2%) құрайды, өсімдік шаруашылығы- 158,9 млн.теңге (өсуі 2,0%) құрайды.

2010 жылдан 2012 жыл аралығындағы барлық ауыл шаруашылық өнімнің көлемі 172,1 млн.теңгеден 269,3 млн.теңгеге немесе 56,5% артты.

2010-2012 жылдардағы нақты көлем динамикасы төмендегі кестеде көрсетілген.

3-кесте


2010-2012 жылдардағы нақты көлемінің динамикасы


Көрсеткіш/жылдар

2010

2011

2011

нақты индекс көлемі

108,8

103,5

108,8

Соның ішінде өсімдік шаруашылығы

107,8

106,1

112,8

Мал шаруашылығы

111,9

100,3

102,1

Қалада ұсақ тауарлы өндіріс көбірек малдың 55,2% тұрғындардың шаруашылығында, 44,8% ұсақ шаруа қожалықтарында шоғырланған.

Ақырғы үш жылда барлық ауыл шаруашылық салаларында ірі қара мал саны 5,2% азайды және 904 бас құрайды, ірі қара мал санының азаюының себебі жемдердің және жайылымдардың жетіспеушілігі, қой және ешкі саны 2,3% көбейді және 2782 бас құрайды.

2010 жылмен салыстырғанда ет өнімі 3,0%, сүт- 4,0%, жұмыртқа- 39,9% артты.

Ветеринарлы-профилактикалық және диагностикалық шаралар жоспары толық түрде орындалады.

Бірақ мал шаруашылығының өсуін тежейтін фактор бар. 55,0% астам ауыл шаруашылығының малдары жеке үй-жайларда өсіріуі; асыл тұқымды мал басының салыстырмалы салмағы төмендігі; жануарларды қоректендіру және ұстау технологиясының қарапайымдылығы; мал шаруашылығындағы механикаландыру және автоматтандыру үрдісінің деңгейінің төмендігі; жем қорының төмендігі; құрама жем үлесінің жетіспеушілігі, және соның салдарынан мал мен құстың өнімділігінің төмендігі.



4кесте.
2010-2012 жылдардағы мал шаруашылығын дамытудағы негізгі өзгерістер динамикасы


Көрсеткіш атауы

2010 ж

%

2011 ж

%

2012ж

%

Мал басы саны



















ІҚМ

954

102

960

100,6

904

94,2

Қой мен ешкі

2720

100

2730

100,4

2782

101,9

Жылқылар

389

102,9

390

100,3

390

100,0

Шошқалар

153

100

154

100,7

156

101,3

Құстар

741

100

741

100

720

97,2

Мал өнімділігі



















Сиырдан 1 фуражға сауын,кг

1961

103

1793

106,0

1828

101,9

1 қой жүні,кг

2,8

108

2,7

96,4

1,4

51,9

100 малдан алынған төл



















Бұзаулар,бас

52

74

59

113,5

53

89,8

Қозылар,бас

97

106

97

100,0

84

86,6

Құлындар,бас

62

84

61

98,4

49

80,3

Торайлар,бас

61

84

65

106,6

70

107,7

Өнім шығару,тонна



















Ет

141,3

122,5

142,5

100,6

145,6

102,4

Сойылған түрде ет

71,5

113,0

75,7

105,9

40,2

53,1

Сиыр еті

32,4

132,0

31,9

98,5

25,3

79,3

Қой еті

20,7

110,1

25,8

124,6

9,3

36,1

Шошқа еті

3,7

142

4,1

111,1

2,4

58,5

Сүт

669,6

102,9

670,7

100,2

696,4

103,8

Жұмыртқа мын.шт.

46,4

100,7

44,7

96,3

64,9

145,2

Жүн, тонна

6

103,4

4,7

78,3

2,4

51,1


2010-2012 жылдардағы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

3 сурет.



Өсімдік шаруашылығы саласының үлесі ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінен 54,8 құрайды. Негізінде өсімдікшаруашылығы өнімдерін өндіруді үй шаруашылығы жүзеге асырады.

Курчатов қаласының барлық егістік жері 113,2 га жерді алып жатыр, соның ішінде картоп егетін жер- 88,0 га, ашық топырақ көкөністері- 16,7 га, бақшалар-8,5 га.

Көбінесе көкөністер мен картоп саяжай телімдерінде (99,2 га) өсіріледі. Шаруа қожалығының егіс көлемі 14,0 га құрайды.

Ауыл шаруашылық жерлерінің болмауына байланысты дәнді-дақылдар өсірілмейді.

4 саяжай-бақшалық қоғамдық бар онда орталықтандырылған Ертіс өзенінен суару ұйымдастырылған.

5-кесте


2010-2012 жылдардағы өсімдік шаруашылығын дамытудағы негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2010 жыл

өткен жылға пайызбен

2011жыл

өткен жылға пайызбен

2012 жыл

өткен жылға пайызбен

Егістік алаңдары, мың га

96,9

97,6

98,1

101,2

113,2

115,4

картоп

83,6

98

83,0

99,3

88,2

106,0

көкөністер

11,2

100

11,1

99,1

16,7

150,5

а/ш дақылдарының орташа өнімділігі



















Дақыл, цен/га



















картоп

236,9

103

237,8

100,4

240,2

101,0

көкөністер

323,3

164

356,7

113,1

364,4

99,6

Өнім өндіру, мың тонна



















Картоп

1980,5

100,5

1973,7

99,7

2137,9

108,3

Көкөністер

362,1

164

405,9

112,1

568,5

140,4

Бақшалар


43,4

101,6

92,4

212,9

117,9

127,6

Барлық егістік жерлері 96,6 гектар жерді құрайды, соның ішінде картоп егетін жер- 83,6 га, ашық топырақ көкөнісі- 11,2 га, бақшалар-1,6 га.

Көбінесе көкөністер мен картоп саяжай телімдерінде (91,0 га) өсіріледі. Шаруа қожалығының егіс көлемі 11,0 га құрайды.

Ауыл шаруашылық жерлерінің болмауына байланысты дәнді-дақылдар өсірілмейді.

2010 жылдан бері ауыл шаруашылық дақылдар 16,3 гектарға немесе 16,8% ұлғайды.

Үш жыл кезеңінің талдау нәтижесінде өсімдік шаруашылығы үшін 2012 жыл қолайлы болды. Қала бойынша картоптың орта өнімділігі 240,2 ц/га, көкөніс- 364,4 ц/га құрады, бұл 2137,9 тонна картоп, көкөністер – 568,5 тонна, бақша дақылдары – 117,9 тонна алуға мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жүйесінде картоп өсіру 77,7% немесе 88,0 гектарды құрайды.

Азық-түлік өнімдерін жеке кәсіпорындар шығарады, соның ішінде нан-тоқаш өнімдерін жасаумен айналысады.

2012 жылы 527,8 млн.теңгеге сомасына тауар өнімдері өндірілді, бұл 2010 жылғы деңгейден 2,2 есеге және 2011 жылғы деңгейге қарағанда 3,1 есе жоғары. НИК 2011 жылғы деңгейге 182,1% құрады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі 2012 жылғы еңбек өнімділігі 2011 жылмен салыстырғанда 9 % өсті.



Сала дамуының негізгі мәселелері:

өндірістің ұсақ тауарлығы;

ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтардың физикалық және моральдық ескеруі;

асыл тұқымды малдардың болмауы;

жем қорының жетіспеуі;

ауыл шаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның дамымауы;

ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің негізгі және айналым қаражатының жетіспеушілігі;

ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кредит ресурстарына төмен қолжетімділігі.



Негізгі және сыртқы факторларды бағалау

Басқару қызметінің барысында, сонымен қатар тапсырмаларды орындауға кері әсерін тигізетін АӨК толықтай қауіп төнуі мүмкін:

құрғақшылық пен табиғи апаттарға байланысты қаланың азық-түлік қауіпі; экономикалық дағдарысқа байланысты инвестициялар тарту қиындығы;

аса қауіпті мал ауруларының шығуы.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1. Өндіріс әлеуеттің болуы;

2. Ауыл шаруашылық өндірістерінің нық өсуі;

3. Қала тұрғындарының негізгі азық – түлік түрлерімен толықтай қамтамасыз етілуі, олар ет, сүт, картоп, көкөністер.



Әлсіз жақтары:

1. Өндірістің ұсақ тауарлығы;

2.Ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтардың физикалық және моральдық ескеруі;

3. Асыл тұқымды малдардың болмауы;

4. Жем қорының жетіспеуі;

5. Ауыл шаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның дамымауы;

6.Ауыл шаруашылық өндірушілердің негізгі және айналым қаражатының жетіспеушілігі;

7.Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің кредит ресурстарына төмен қолжетімділігі.

8.АӨК білікті мамандардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктері:

1. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық пайдалану

2. Бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру;

3. Техникалық жабдықталу деңгейін жоғарылату;

4. Ауылшаруашылық өнімдерінің тиімділігін арттыру;

5. АӨК дамыту бойынша қарастырылған, шараларды іске асыру.



Қауіптері:

1. Табиғи апаттар мен құрғақшылыққа байланысты, қаланың азық-түлік қауіпсіздігінің қатерлігі;

2. Экономикалық дағдарысқа байланысты инвестиция тарту қиыншылығы;

3. Өте қауіпті мал ауруларының шығуы.



2.2.1.3 Шағын орта кәсіпкерлік

Бүгін шағын кәсіпкерлік аймақтағы экономикалық салада қалыптасқан сала ретінде бағаланады. Қаланың шағын және орта кәсіпкерлігін дамыту көрсеткіштерінде түсімділік динамикасы бар, бұл осы экономика секторын дамытудағы оң беталысын білдіреді.

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша қаладағы шағын және орта бизнестегі белсенді субъектілерінің саны 390 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар үлесі 36 бірлік (9,2 пайыз), жеке кәсіпкерлер -346 бірлік (88,7 пайыз) және шаруа қожалықтары -8 бірлік (2,1 пайыз).

2010 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 3,2 пайызға, осы салада жұмыс істейтіндердің саны 4,3 пайызға артты.

6 кесте

2010-2012 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

жылдар

2010

2011

2012

Белсенді субъектілердің саны, бірлік


378

443

390

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам


818

901

873

4 сурет


Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы


5 сурет

2010-2012 жылдардағы шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салықтық түсімдердің көлемі
Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық түсімдерінің көлемі 2012 жылы 98,3 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 13,8 пайызға артық.

«Бизнестің жол картасы 2020» бірінші бағытының шеңберінде бизнесті дамыту үшін «Тасымал көлігі» ЖШС 20 млн. теңге сомасында жеңілдік несиесі алынды.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының төртінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде Астана қаласында «Назарбаев Университеті» АҚ базасында «Шағын және орта бизнестің топ-менеджменті» оқытуы өтті, басшысы «Азот» ӨК.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік универститетімен бірлесіп екі бизнес негіздеріне оқытатын жалпы 60 адам тыңдаушыларымен қамтылған семинар өткізілді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2012 жылы республикалық бюджеттен 7 бизнес-ұсыныстарға 15 млн. теңге бөлінді, мынадай бағыттар бойынша: «ҚТҚ тазарту мен шығару бойынша санитария құруға», «Бейнесалон», «Тандырда кавказ нан өнімдерін пісіру бойынша шағын –зауыт құру», «Демалыс павильоны», «Ұялы телефондарды жөндеу», «Мал шаруашылығын дамыту». «Бірлестік» кредиттік серіктестігі құрылды. Қосымша 16 жұмыс орындары құрылды.

Қала әкімінің кәсіпкерлермен кездесуі өткізіледі, онда бақылаушы органдардың, әлеуетті құрылымдаржәне т.б. өкілдері қатысады.

«Спектр.Резонанс» және «Курчатов көкжиегі» жергілікті газеттерінде қаржы білімдерін көтеруге бағытталған материалдар жарияланады.

Қала әкімінің сайтына кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпараттар мен нормативтік-құқықтық актілер жарияланады.

Шағын бизнес саласында дамытудың оң динамикасына қарамастан проблемалы мәселелер қатары болып:


  • Өнеркәсіп өнімдерін өндіруде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігінің төменділігі;

  • кепілдік мүлігінің болмауынан экономиканың нақты секторында бизнесті ашу мүмкіндігінің жоқтығы;

  • кредиттер бойынша екінші деңгейлі банктерде сыйақы мөлшерлемесінің жоғарлығына және оларды қайтарудың механизмінің жетілмегендігіне қатысты;

- салық салу кезінде даму деңгейіне, қызмет түрлері мен қалыптасу мерзіміне байланысты саралау тәсілдің болмауы;

  • айналымдағы меншік қаражаттың болмауы;

  • кепілдік мүлігінің бағалану құнын банктермен түсіру;

  • кәсіпкерелерді әлсіз теориялық және тәжірибелік дайындау.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша қарастырылды: саласыз шектеулермен несиелер бойынша субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемелерінің мөлшерін ұлғайту, өндірістік (индустриальдық) инфрақұрылымды дамыту, 1,5 млн.-нан 3,0 млн. теңгеге дейін мөлшерде жаңа өндірістер құруға гранттар ұсыну, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, шағын несиелік, донорлық ұйымдар мен ірі компанияларды тартумен жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кешенді қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубаторды қалыптастыру, қалада кәсіпкерлікті қолдау Орталығын құру мен қалыптастыру.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары:

  1. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін заңнамалық негіздің бар болуы;

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыспен қамтылған тұрғындардың негізгі пайызын құрайды.

  3. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдаудың болуы, соның ішінде Моноқалаларды дамыту бағдарламасы;

  4. Рынок талабымен шағын және орта бизнесті тез қайта бағдарлау.

Әлсіз жақтары:

  1. Меншік айналымдағы қаражаттың жетіспеушілігі;

  2. Бизнесті басқару және дамыту бойынша мемлекеттік қаржы мекемелерімен және құрылымдармен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара байланысының дамымаған деңгейі;

  3. Халықтың құқықтық сауатсыздығы, ШОБ қолдау бағдарламалары туралы аз хабардар болуы, менеджменттің төмен деңгейлілігі;

  4. Кездейсоқ қауіп-қатерлерден бизнесті сақтандыру тәжірибесінің болмауы;

  5. ШОБ жаңа субъектілерді ШОБ қалыптасқан субъектілерімен салыстыру бойынша бәсекелесу қабілетінің төмен деңгейлілігі.

Мүмкіндіктері:

1.Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қаржы-несиелік қолдау көрсетуді серпінді дамыту;

2. ШОБ дамыту, салық әкімшілігін және салық салуды жеңілдетуге қатысты заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

3. Мемлекеттің қаржы институттарының тарапынан бизнесті басқару бойынша бизнестің мүдделілігін арттыру;

4. Рұқсат етілген құжаттарды алу (тәртібі) барысында әкімшілік шығындарды қысқарту.

Қауіптері:

1. ШОБ жұмыс істейтін субъектілердің төмендеуі және жұмыссыздықтың артуы;

2. Көрсетілетін қызметтер мен шығарылатын өнімдердің талап етілмеуі;

3. Дамыған нарықтағы жаңа жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтердің көлеңкесінде ШОБ бубъектілерінің бәсекелесу қабілетінің төмендеуі;

4.Финанс –несиелік ресурстарға қол жетімділік жеткіліксіз, сұралып отырған несиенің кепіл мөлшерінің сомасымен жеткіліксіз қамтамасыз ету немесе оның толық болмауы, банк эксперттерімен кепілдегі бағаланған мүліктің бағасын түсіру;

5. Кәсіпкерлік субъектілерінің операциялық шығындары мен тарифтерді көтерудің әрі қарай өсуі.



2.2.1.4 Сауда


Қалада 62 сауда нысандары жұмыс істейді (бөлшек саудадағы дүкендер жүйесі), оның ішінде 6 әмбебап, 8 мамандандырылған, 48 мамандандырылмаған сауда кәсіпорындары. 2012 жылы қаладағы сауда кәсіпорындарының саны 2010 жылмен салыстырғанда 6,9% артты.

2012 жылы бөлшек сауда айналымының көлемі 3538,9 млн. теңгені құрады, көтерме – 291,4 млн. теңге.

Сауда көлемінің динамикалық дамуынан, сауда айналымының тұрақты беталысының өсуі байқалады.
2009-2012 жылдардағы бөлшек және көтерме тауарайналым динамикасы (млн. теңге)


Көрсеткіштер атауы

жылдар

2009

2010

2011

2012

Бөлшек тауарайналым, млн. теңге

2254,4

2654,5

3108,7

3538,9

Көтерме тауарайналым, млн. теңге

-

195,7

453,3

291,4

Сонымен қатар, бүгінгі таңда толықтай республикаға және аймаққа сауда дамуының бағытына тән сипаттың толықтай жоқтығы байқалады, ішкі сауда нашар жағдайда дамуда. Айқын болып табылатыны, ірі экономикалық саланың бірі жүйені қайта құруды қажет етеді, заңнамалық базаны жетілдіру, механизмдердің кезекті өндірімін дамыту болып табылады.

Осыған байланысты өзекті мәселелер ретінде мыналарды атауға болады:

- сауда қызметін реттеу саласында заңнамалық қамтамасыз ету бәсең;

- материалдық-техникалық базаның дамуының жетіспеушілігі (қоймалар, жабдықтар, саудадағы жаңа технологиялар) және салаға келіп түскен меншік инвестициялар көлемінің төменділігі;

- сауда нарығындағы көлеңкелі айналымның деңгейі жоғары;

- ішкі саудадағы инфрақұрылымның даму деңгейі жеткіліксіз;

- қажетті талаптарға жауап бермейтін көптеген сапасыз тауралар мен қызметтерді іске асыру.



Сала даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1. Халықты жұмыспен қамту және тауар көлемі дамуының оң динамикасы;

2.Бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылардың болуы.

Әлсіз жақтары:

1.Сауда бойынша заңнаманың «Бұлдырлығы», сонымен қатар нормативтік-заңнамалық актілерде жаңа терминологияның жоқтығы;

2.Айналымдағы қаражат тапшылығы;

3. Сатылатын тауарлардың сапасына бақылаудың төмендігі;

4. Сауда объектілерінің материалдық-техникалық жарақталуының әлсіздігі;

5. Кәсіптік-техникалық білім жүйесінің, сонымен қатар сауда мамандықтары бойынша жүйесінің әлсіздігі.



Мүмкіндіктері:

1. Бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйелерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру;

2. Ішкі нарықты тұтынушылық тауарлармен жандандыру;

3. Ішкі саудаға қатысушыларды сервистік қолдауды қамтамасыз ету (ақпараттық, аналитикалық);

4. Сауда субъектілеріне қатысыты құқықтық әрекеттер мен бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша жергілікті бақылаушы инспекцияны кеңейту;

5. Заманауи сауда – логистикалық орталықтарын құру, жаңа сауда алаңдарын ашу.



Қауіптері:

1. Азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларды импортты жеткізуге тәуелді болуы.

2.Өнімнің бәсекелестігінің төмендігіне байланысты өндірілген тауарға сұраныстың төмендеуі.

3. Жоғары тұрақсыздық, тауарларға бағаның және конъектураның маңызды ауытқуы.



2.2.1.5 Бәсекелестікті дамыту

Қала экономикасының басымдылық саласында бәсекелестікті дамыту үнемі, оның ішінде тауар нарығында жаңа қатысушылар пайда болу үшін қажетті жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылатын болады.

Тұтынушылар нарығының оң бағыттарының бірі болып, сауданың дүкен түрлеріне өтіп сауда кәсіпорындарын мамандандыру мен үлкейтуге байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар, бүгінгі күні өңірде және толықтай республикада сауданың даму бағыттарының нақты көрінбеуі сипатталады, ал ішкі сауда бей-берекет дамуда. Айқын болып табылатыны, экономиканың ең ірі саласы жүйелік қайта құруды, заң базасын жетілдіруді, үдемелі дамыту механизмдерін жасауды қажет етеді.

Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік саласында келесі мәселелер шешімін таппай отыр:

- қызмет түріне, оның даму деңгейінен тәуелділікте салық салуда саралау тәсілдемесінің жоқтығы;

- кепілзатты қамтамасыз етудің жоқтығынан нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігі жоқ, жаңа істі бастауға ниеттері бар азаматтар бизнес ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылып отыр;

- бизнестің жоғары операциялық кейбір кездері формальды шығынына қатысты,формальды шығындарды қажет етеді;

- бизнес қызметін жоспарланған және жоспардан тыс көп мөлшерде тексерулер;

- кредиттер бойынша екінші деңгейдегі банктерде сыйақының жоғары ставкаларына қатысты және оны қайтару механизмінің жетілдірілмеуі;

- сауда қызметін реттеу саласында заң шығаруды қамтамасыз ету жағының осалдығы;

- делдалдық құрылым санының көп болуы.

Қала бойынша өткізілген жұмыстардың нәтижесі жөнінде рұқсат етілген құжаттардың 18 түрі бойынша ресімдеуді ұсыну мерзімін төмендету мүмкіндігі туралы шешім қабылданды және 2 шаралар бойынша рұқсат ететін құжаттар жойылды.

Ұсынылған шаралар нәтижесінде, аймақ кәсіпкерлерінің әкімшілік шығынының қорытындысы рұқсат етілген құжаттарды алғанда 30 % қысқарады,сол сияқты тауар нарқында бәсекелестікті дамытуға қабілетті болады.

Бұдан басқа келесі шаралар қарастырылады:

- әлеуметтік маңызды тауарларға сауда үстемесі және тұрақты маниторинг бағасын қамтамасыз ету;

- тартылған несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

- қалалық штабтың бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстарын жалғастыру.

Өңірде бәсекелестікті дамыту шаралары анықталды:

- жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында қызмет көрсету және тауарлар қажеттілігі туралы ақпаратты жариялау және талдау, алымдарды ұйымдастыру;

- жергілікті мемлекеттік басқарма органдарының ақпараттық айқын қызметтерін көтеру бөлігінде жұмыстарды жалғастыру.

Бәсекелестік нарықты дамыту және әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың қызметі Бүкіл әлемдік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «жергілікті бәсекелестік қарқындылығы» көрсеткіштері бойынша Қазақстандық ұстанымды жақсартуға мүмкіндік туғызатын іс шараларды әзірлеуге және өткізуге бағытталған.

Бәсекелестікті дамыту бойынша іс-шаралар шеңберінде «демалыс күні» жәрмеңкесі арқылы қала базарында ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне сауда орындарын қамтамасыз етумен тұрғындарға ауылшаруашылық тауарларын тікелей сату тәжірибесі жалғасады.

Қалада бәсекелестікті дамыту шаралары анықталған:

- жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында қызмет көрсету және тауарлар қажеттілігі туралы ақпаратты жариялау;

- жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметінің ақпараттық айқындылығын арттыру.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары:

1.Рұқсат ететін құжаттарды ұсыну мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыстарды өткізу.

2. Сауданың дүкен түрлеріне өтіп, сауда кәсіпорындарын мамандандыру мен үлкейтуге байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру.

Әлсіз жақтары:

1.Делдалдық құрылымның көп болуы, бағаның елеулі көтерілуіне әкеліп соғады.



Мүмкіндіктері:

1. Әкімшілік кедергілерді жою бойынша әрі қарай жұмыстар жүргізу және нарықтың бәсекелестігін дамыту.

2. «Жергілікті бәсекелестік қарқындылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстандық ұстанымды жақсартуға мүмкіндік туғызатын іс шараларды әзірлеу және өткізу.

Қауіптері:

1.Тұтынушылар нарығы дамуының айқын көрінісінің жоқтығы.



2.2.1.6 Аймақтың инновациялық дамуы


8 кесте

Инновация саласының көрсеткіштер динамикасы


Көрсеткіштер

2010ж.

2011ж.

2012ж.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі, %


36,4

45

42,1

Инновациялық-белсенді кәсіпорындар саны, бірлік.


8

9

8

Инновациялық өнімдер көлемі, млн. теңге

579,9

48,5

138,8

Ғылыми зерттеу, жобалау-құрылымдық бөлімшелер саны, бірлік

36

31

3

Технологиялық инновацияларға жалпы шығындар, млн. теңге

1527,7

478,8

1421,1

Қала кәсіпорындарының инновация саласындағы қаланың белсенді деңгейі 2012 жылы 42,1 % құрады, бұл 2008 жылдың деңгейінен 12,3 пайыздық пунктінде төмен және орташа облыстық белгіден (6,2%) жоғары. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологияларды, жабдықтар мен материалдарды енгізуге бағытталған. 2011 жылмен салыстырғанда инновациялық өнімдер көолемінің өсу беталысы бар және жалпы шығындар технологиялық инновацияға бағытталған.

Облыстық көлемдегі инновациялық өнімдер көлемінің жеке салмағы 2012 жылы 0,1% құрады.

Ғылыми-зерттеу, жобалық-құрылымдық бөлімшелер саны 2012 жылы 32 бірлікті құрады.

Курчатов қаласында сондай-ақ, өндірістік қызметті жетілдіруге арналған ғылыми-зерттеулер мен әзірлеулер нәтижелерін пайдалану үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін арналған ядролық технологияларда мамандандырылған салалық технопаркті қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ядролық және ілеспелі технологиялар саласында ғылыми жоғарытехнологиялық команияларды «өсіру» үшін алаң болып Курчатов қаласында құрылатын Ядролық технологиялар паркі болады.

Индустриальдық-инновациялық қызметті дамыту үшін жағдай жасау мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен ынтымақтастық жалғасады, Форумдарға, тұсаукесерлерге, көрмелерге, семинарларға, кеңестерге қатысу, индустриальдық-инновациялық даму Стратегиясы іс-шараларының жүзеге асырылуына бақылау жүргізіледі.

Негізгі мәселелерді талдау кезінде ұсынылатын жобаларға даму институттарының қызығушылығының жоқтығын көрсетеді, қатал талаптар қою, оның нәтижесінде олардың едәуір бөлігі қарауға қабылданбайды соның ішінде өтімді кепілдің болмауы төмен инновациялық себебі бойынша. Жобалар ұзақ уақыт институттарда қарауда жатады, сонан соң ұзақ уақыт – кәсіпорынның түзетуінде жатады.

Бұдан басқа зерттеулер мен әзірлеулердің едәуір бөлігі нақты нарық талаптарына толық бағытталмаған және импорттық ғылыми өнімдермен және қызметтермен бәсекелесуді көтермейді. Дайын ғылыми әзірлеулерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.

Сыртқы факторлар.



  • кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің төмен деңгейлілігі;

  • жобаларды қаржыландырудың жетіспеушілігі;

  • коммунальдық қызметтерге тарифтердің жоғарылылығы;

  • төменгі пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімдік кредиттер алуда қол жетпестік;

  • инновациялық өнімдерді СНИП және ГОСТ қосудың ұзақ мерзімі.

Ішкі факторлар:

  • инновациялық өнімдерге сұраныстар мен ұсыныстардың сәйкес келмеуі;

  • әлсіз топ-менеджмент.

Қазақстандық ұстау мәселесіндегі негізгі тапсырмаларды орындау барысында, мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен сатып алынатын жұмыс, қызмет және тауарлар сатып алу кезінде 2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық ұстауды арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша ізбасарлық жұмыстар басталды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша қаланың мемлекеттік мекемелері бойынша мониторинг өткізілді, сондай –ақ жалпы 505,7 млн. теңге сомасына жұмыс, қызмет және тауарлар сатып алу жүргізді, олардың 459,1 млн. теңгесі немесе 90,89%- қазақстандық ұстау.

2012 жылдың қорытындысы бойынша тауарлар сатып алу, жұмыс және қызмет көлемі мынадай үлгіде:

-66,4 млн. теңгеге тауарлар сатып алынды, соның ішінде қазақстандық тауарлар 25,6 млн. теңгеге, қазақстандық тауарлар үлесі 38,5% құрады;

-жұмыс және қызмет 439,3 млн. теңгеге сатып алынды, олардан қазақстандық жеткізушілерден 433,5 млн. теңге сомасына, қазақстандық жұмыс және қызмет үлесі 98,0 % құрады.

Қала кәсіпкерлері республикалық, облыстық форумдарға, көрмелерге, кеңестерге белсене қатысады. 2012 жыл ішінде қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары «Қазақттелеком», «KEGOC» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниялармен кездесуге қатысты.

Сонымен қоса «Алтай өлкесінде Шығыс Қазақстан облысның күндері» (Барнауыл қ.) көрмесіне, Астана қаласында «КАЗКА - 2012» Стартап форумына, Астана қаласында «Создаем Казахстанское» Форумына және көрмесіне және тағы да басқа іс-шаралаға қатысты.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары:

1.Саяси тұрақтылық;

2. Халықтың жоғары білімдік деңгейі;

3. Ғылыми-техникалық кадрлардың болуы.



Әлсіз жақтары:

1.Еңбектің төменгі өнімділігі;

2. Ғылым және өндіріс арасындағы әлсіз байланыс;

3. Бизнес объектілерінің инновациялық белсендщілігінің төменгі деңгейі;

4. кәсіпорынның техникалық артта қалуы;

5. өнеркәсіп өнімдерінің бәсекелесуге қабілеттілігінің төмендігі.



Мүмкіндіктері:

1.Ғылым жәнен өндіріс арасында өзара байланысты кеңейту;

2. Жоғары технологиялық салаларды дамытуда құрылатын технопарктің жұмысын жандандыру;

3. Инвестиция тарту мәселесіндегі өзара әрекетті кеңейту.



Қауіптері:

1. Дамыған елдерден технологиялық артта қалуы;

2. Ғылым және өндіріс арасында алшақтығын арттыру;

3. Интеллектуальдік ресурстардың кемуі.



2.2.1.7 Негізгі капиталға инвестиция

2012 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі бағалау есебімен 2276,3 млн. теңгені құрады, 2010 жылға 29,5%-ға төмендеуімен, инвестицияның осындай айтарлықтай құлдырауы 798,9 млн. теңгеге немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен 63,3 пайызға қысқаруына байланысты.

6 cурет

Негізгі капиталға инвестиция көлемінің өзгеру

динамикасы, млн. теңге

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар көлемінің жеке салмағы 2012 жылға: кәсіпорындар мен ұйымдардың меншік қаражаты есебінен – 1170,6 млн. теңге (51,4%), республикалық бюджет қаражаты есебінен – 463,4 млн. теңге (20,4%), жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 381,7 млн. теңге (16,8%), қарыздық қаражаттар есебінен – 260,6 млн. теңге (11,4%) құрады. Инвестицияның иелік ететін көздері болып кәсіпорынның меншік қаражаты табылады.


9 кесте

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің өзгеру динамикасы


Жылдар

2010

өткен жылға %

2011

өткен жылға %

2012

өткен жылға %

Барлығы қала бойынша, млн. теңге

3227,1

101,8

2205,9

68,4

2276,3

103,2

Республикалық бюджет

1262,3

63,6

874,8

69,3

463,4

53,0

Жергілікті бюджет

51,2

75,7

245,4

479,3

381,7

155,5

Меншік қаражат

1101,1

120,2

1064,2

69,6

1170,0

110,0

Шетел инвестициялары

812,5

690,3

0,4

0,0

0,0

0,0

Қарыздық қаражат

0

0

21,1

0,0

260,6

12,3 есе

Негізгі мәселелерді талдау:

- ғылыми қызмет секторында инвестициялық салымдардың едәуір қысқаруы;

- қаржылық қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына нашар бақылау;

- кәсіпорынның жалпы техникалық және технологиялық тозуы;

- ғылым және өндірістің тиімді байланысының болмауы.



Күшті жақтары:

1.Меншік инвестициялардың айтарлықтай үлесі;

2. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын, қолайлы бизнес – климат; 3. Мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын түсіну.

Әлсіз жақтары:

1.Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізуде жүйеліліктің болмауы;

2. Ғылыми қызмет және құрылыс секторында инвестициялық салымдардың айтарлықтай қысқаруы;

3. Ел заңнамасының тұрақсыздығы және заңдар мен келісім-шарттық қарым-қатынастарың сақталуын қамтамасыз ететін механизмдердің болмауы;

4. Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың дамымауы (арнайы зоналар, қаржы, банктік, ақпараттық-аналитикалық, консалтингтік, транспорттық және басқа да);

5. Инвестицияларды тартуға байланысты мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.



Мүмкіндіктері:

1.Атом саласын дамытуға инвестициялар бөлу есебінен өңірдің теңдестірілген және нық экономикалық өсуін қамтамасыз ету;

2. Инвестицияларды тарту бойынша жүйелік және дәйекті мемлекеттік саясатты құру;

3. Инвестицияларды тарту бойынша қолайлы мемлекеттік және меншік инфрақұрылымдарды қалыптастыру;

4. Инвестициялардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау.

Қауіптері:

1. Негізгі инвестицияға келіп түскен инвестициялардың тұрақсыз көлемдерінен қаланы дамытуда бар потенциалды жоғалту;

2. Инвестицияларды мақсатқа сай пайдаланбау;

3. Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаттардың тиімсіз қолданылуынан жергілікті бюджеттің тікелей жоғалтуы.



2.2.1.8 Қоршаған ортаның жағдайы

Қаладағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар қазандық жұмысының қалдықтары, оның ішінде 25 - қаланың ішінде, 11 - өнеркәсіптік аймақта орналасқан. «ККЭК» МКК-ның бес қазандығының қалдықтарын ашық алаңдарда уақытша сақтау атмосфералық ауаны ластаудың қосымша көзі болып табылады.

Сонымен қатар қала аумағы Семей ядролық сынақ полигонының ықпалына душар болған.

Қалада Ертіс өзенінің суын тұтынатын негізгі «Курчатов қаласының көпсалалы пайдалану мекемесі» МКК болып табылады, өнеркәсіп кәсіпорындары мен тұрғындарды сумен жабдықтау үшін ішетін және техникалық суды беру үшін дайындайды. Сонымен қатар Ертіс өзеніне ағымды судың екі шығарылатын орындары бар: канализациялық тазарқыш құрылғылар (КТҚ) және шартты- таза шығарылым. КТҚ-да механикалық тазарту және ағымды суларды хлорлау жүргізіледі, шартты-таза шығарылым арқылы тазартылмаған техникалық су шығарылады.

Соңғы жылдары Ертіс өзенінің суының өсу беталысы байқалады.

2012 жылы қалалық полигонда өндірістің өндірген және тұтынған 6,4 мың тонна қалдықтары орналастырылды.

2013 жылы моноқалашықтар даму бағдарламасы аясында өндірістік полигон құрылысының қалдықтарына қаражат бөлінген (күл қоқыс үйінділері).

Сонымен қатар, аймақтағы мәселесі шешілмеген бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны (ары қарай СЯСП) болып тұр, қазіргі уақытқа дейінгі сынақтың халыққа тигізген зардаптары, әсері ұшан теңіз, оның әсер ету аймағында тұратындардың үлкен бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.

Ең өзекті мәселенің бірі, өз шешімін талап ететін, бұл бұрынғы полигон жерін шаруашылық айналымға кезең – кезеңмен тарту мәселесі.

2008 – 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы экология және радиациялық қауіпсіздік иституты Семей ядролық сынақ полигонын 5260 кв.км-ге кешенді зерттеулер жүргізді, ағымдағы жылда қосымша 800 кв.км алаңына зерттеуді аяқтау жоспарлануда. Сөйтіп, 2013 жылдың соңында 1/3 полигон территориясы зерттеліп бітеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша (2021 жылға дейін – Индустрия және жаңа технологиялар Министірінің стратегиялық жоспар аясында) болжамдалынады, полигон жерінің 80% шаруашылыққа пайдалануға жарамдылығы бекітілетін болады.

Проблемалық мәселе болып қалатын:

- Автокөліктерден ауа атмосферасының ластануының өсуі;

- Ертіс өзенінің трансшекаралық ластануы;

- Семей полигонындағы ядролық сынақ салдарынан экологиялық проблемалары;

- Канализациялық жүйелер және тазартқыш құрылғылардың жоғары тозуына қатысты;

Қоршаған ортаны қорғау аясында шешімді қажет ететін келесі проблемаларды атап өту керек:

ұлттық сипатта:

- Семей ядролық сынақ полигонының бар болуы;

- Ертіс өзенінің трансшекарасына тазалау ғимараттарынан жеткіліксіз мөлшерде тазаланған ағынды суларды ағызу;

- Курчатов қаласында ағынды суларды биологиялық тазалаудың жоқтығы;

- қазандық жұмыстарынан атмосфералық ауаның ластануының өсуі.

Саланы дамыту жағдайын бағалау келесі SWOT-талдауда көрсетілген:



Күшті жақтары:

1.Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу жағдайында тұрақты экологиялық жағдай.

2. Қоршаған орта сапасын бақылауға автоматтандырылған жүйені енгізу едәуір оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін оның жағдайының дұрыс суретін алуға жағдай жасайды, бұл дегеніміз соңғы қорытындысында тұрғындардың өмір сүру жағдайының жақсаруына оң нәтиже береді.

Әлсіз жақтары:

- Альтернативті энергия көздерін ендіру қажетті деңгейде жүргізілмейді.



Мүмкіндіктері:

1. Қалдықтарды екінші рет қайта өңдеуді ендіру энергия сақтау ресурстары саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ол болса табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемін азайтуға ықпалын тигізеді.

2. Азаматтардың табиғат ресурстарын пайдаланудағы көз қарастарын қалыптастыру.

3. Шаруашылық айналымға бұрынғы СЯСП жеріне қарату механизмін өңдеу.



Қауіптері :

1. Транс шекаралық Ертіс өзенінің ластануы (тазалау ғимараттары қайта жаңартуды қажет етеді).

2. Иесіз, өндірістік, токсинді және тұрмыс қалдықтарының жиналу тенденциясы жалғасуда, сонымен қатар екінші рет қайта өңдеу технологиясының жоқтығы.

3. табиғи ауа-райы жағдайының күрт өзгеруі;

4. бағаның тұрақсыздығына байланысты жанар –жағар май материалдарының бағасының едәуір көтерілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет