Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы



бет2/12
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#169971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ағымдағы жағдайды талдау

Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (әрі қарай- Даму бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына, 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси беталысы»Жолдауын орындау барысында әзірленген.

Даму бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген елдің 2020 жылға дейін аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық кестесінде бекітілген негізгі бағыттарға сәйкес келеді.

Даму бағдарламасы тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге бағытталған, қаланың біркелкі дамуы үшін жағдай жасау бойынша жүргізілген саясаттың логикалық жалғасуы болып табылады. Құжат қаланың тұрақты және тепе-теңдікте дамуының есебінен бәсекелестікті көтеруге және диверсификация арқылы экономиканың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада салалық экономиканың дамуы бойынша бағдарламалық құжаттардың, 2015 жылға дейінгі бәсекелестікті көтеру Стратегиясы және даму стратегиясының негізгі жолдары шоғырланған.

Даму бағдарламасы шеңберінде қаланың әлеуметтік-экономикалық ережесінің заманауй жағдайына талдау жүргізілді, даму мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері, күшті және әлсіз жақтары анықталды.

Курчатов қаласының атом саласын дамытуда артықшылығы бар. Қаланың негізгі бәсекелестік артықшылығына жатады: қалада Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және оның еншілес кәсіпорындары бар, жоғары біліктілікті кадрлар бар, жұмыссыздық төмен деңгейде.

Даму бағдарламасындағы іс шараларды жүзеге асыру бәсекелестік артықшылығы есебімен, және де мүмкіндіктері және қауіп-қатермен, тұрғындардың тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамудағы өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруді қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты болып диверсификация арқылы экономиканың дамуын қамтамасыз ету және қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ететін қолайлы жағдай құру үшін қоршаған ортаның жағдайы және табиғат кешенінің өндірген потенциалын сақтау, ішкі және сыртқы факторларды пайдалану есебінен барлық саладағы бәсекелестікті, инженерлік инфрақұрылымның тиімділігін көтеру, әлеуметтік саланы дамыту және қаланың әлеуметтік-демографиялық дамуын көтеру болып табылады.
Аймақтың жалпы көрінісі

2.1. Табиғи потенциал

Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шекарасында, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қаланың аумағы 11,2 мың га жерді алады.

Қала жоғары тұзды қоңыр топырақты құрғақ далада орналасқан. Топырақта қолайсыз факторлар бар: топырақ қабатының қышқылдығы, тұзды, топырағы құрғақ, бонитет балы 3-тен 9-10 баллдарға дейін (6-8 баллдар). Жайылымдық жерлердің өнімділігі орташадан төмен. Шабындық жерлер жоқ.

Қала аумағында Ертіс өзені ағып жатыр.

Ауа-райы қатты континентті, ауа темперетурасының орташа жылдық және мерзімдік ауытқуы тәулігіне үлкен амплитудасымен.

Курчатов қаласы жері аумағында қажетті қазылатын өңдеулер жүргізілмейді. Курчатов қаласы – бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының орталығы, 1949 жылы құрылған.

1993 жылға дейін Курчатов қаласы бұрынғы КСРО әскери-өндірістік кешенінің жабық қаласы болды. Қала құрылымында лабораториялық-экспериментальді базасы және тәжірибелік технологиялық алаңдары бар ғылыми-зерттеу кешені болды.

Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылдың 21 тамызда қабылданды. Полигон 40 жыл жұмыс істеп тұрды және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. 1997 жылы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен шектеуліктер алынып тасталды, қала «ашық» болып қалды.

Мемлекет басшысының шешімімен 1992 жылғы 15 мамырда бұрынғы полигонның ғылыми-зерттеу кешені базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды, онда ядролық нысандардың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және пайдалануын әрі қарай жалғастыратын жоғары біліктілікті кадрлар, ғылыми-техникалық кешені сақталып қалды.

Еліміздегі атом энергетикасы саласындағы жоғары технологиялық кәсіпорындардың бірі болып Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы болып табылады, оның негізгі институттары Курчатов қаласында орналасқан. Біздің қаланы атомщиктер қаласы деп атайды. Қаланың даму беталысы және аумағы, тәжірибесін жинақтай келе 2005 жылы «Ядролық технологиялар паркі» технопаркті құру үшін жағдай жасалды, оның негізгі міндеті болып: ядролық, радиационды технологиялар, альтернативті және жаңашаланған энергия көздерін, электрмен жабдықтауды, нанотехнологиялары бар келесі басымдық бағыттарда тұрақты жоғары технологиялық компаниялар кластерін құру болып табылады.

Қалада дамыған инфрақұрылымдар бар. Транспорт кешеніне келесі түрлері енеді: автомобильдік, теміржол.

Қала аумағынан Өскемен-Астана магистральды автотранспорт жолдары өтеді.

Ақырғы жылдары қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтандырылды және айқындалған өсімнің беталыстары бар.

Өнеркәсіп өндірісінде, ауыл шаруашылығында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

Әлеуметтік салада тұрғындардың санының ұлғаю беталысы байқалады (орташа жыл сайын 1,3 %), жаңадан өндіріс ашылуы мен жұмыс істеп тұрған өндірістер есебінен жұмыссыздық деңгейі соңғы жылдары 4,5% құрады.

Қала экономикасын дамытудағы позитивті беталыс оның құрылымының маңызды алға басуына әкелген жоқ. Қаладағы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы алдағы уақыттағы да емес, бүгінгі күннің талаптарына сай емес. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы диврсификация өте төмен деңгейде. Көптеген жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда техника мен технологиялар деңгейі заманауи талаптарына сәйкес емес, негізгі қорлардың тозуы 55% құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет