Курс- ІІ семестр – ІҮ Кредит саны – 3



бет36/37
Дата23.02.2016
өлшемі1.67 Mb.
#9533
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Мақсаты: студенттерге реферат жазуға қойылатын талаптар туралы айта отырып, жеке жұмысты қалай орындау керек екендігі туралы мәлімет беру.

Өткізу формасы: дәстүрлі.

Тапсырмалар, сұрақтар: әр студентке төмендегі тақырыптар бойынша реферат тақырыптарын беру:

  1. Б.з.д. І ғ. ортасынан б.з. І ғ. аяғына дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысының эволюциясы. (Тацит және Цезарь еңбектері бойынша).

  2. «Салий ақиқаты» бойынша франктердегі жанұя, жерге меншік және қауым.

  3. «Салий ақиқаты» және «Рипуар ақиқаты» боынш Франк қоғамындағы мүліктік және әлеуметтік жіктеліс.

  4. «Егіншілік заңы» бойынша ҮІІІ – ІХ ғ.ғ. Византия қауымы.

  5. ҮІІ–ІХ ғ.ғ. Франк қоғамында тәуелді шаруалар табының қалыптасуы.

  6. Каролинг дәуіріндегі Франк мемлекетіндегі ірі феодалдық вотчина.

  7. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. цехтық құрылыс.

  8. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. Француз шаруалары және Жакерия көтерілісі.

  9. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. ағылшын шаруалары және Уот Тайлер көтерілісі.

  10. Флоренциядағы Чомпи көтерілісі.

  11. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Итальян гуманизмі.

  12. Гуситтер соғысы.

  13. Эразм Готтердамский еңбектеріндегі католикалық шіркеуді және феодалдық қоғамды сынау.

  14. Германиядағы шаруалар соғысы.

  15. ХҮІ ғ. Англиядағы қоршау.

  16. Англиядағы реформация.

  17. Швейцариядағы реформация.

  18. ХҮІІ ғ. 1 жартысындағы Француз абсолютизімінің теориясы және практикасы.

  19. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. ағылшын абсолютизмі.

  20. Орта ғасырларда білімнің, ғылымның және техниканың дамуы.

  21. Отыз жылдық соғыс.

  22. Жүз жылдық соғыс.

  23. Орта ғасырлардағы католикалық шіркеу.

  24. Христиан діні және оның негізгі тармақтары.

  25. Византия мәдениеті.

Әдістемелік нұсқаулар: жеке жұмыс.

Әдебиет: әр студент өз тақырыбына қатысты әдебитетті каталогтан табады.
Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар:

Мақсаты мен міндеттері.

Студенттердің өзіндік жұмыстары студенттердің оқу процесінің барысында алған білімдерінің деңгейін және оларды практикада қолдана алу шеберлігін анықтайтын оқу процесінің маңызды факторы болып табылады.

Студенттердің жеке жұмыстарына мыналар кіреді:

-өткен дәріс материалдарын дәріс конспектісі, оқулықтар мен әдебиеттер бойынша оқу;

-үй тапсырмаларын орындау;

- семинар сабақтарына дайындалу;

-семестрлік тапсырмаларды орындау;

-реферат жұмыстарын орындау мен оларды қорғауға даярлану.

Жеке жұмыстарға уақыт шектелген. Сондықтан студенттер жеке жұмыстарды орындау дағдыларын меңгеруге ұмтылу, өнімді жұмыс істеуге үйрену, жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін мезгілінде демалу, жеке жұмыстарын орындауды тиімді жоспарлау керек.

Жеке жұмыстарын жоспарлауға студенттерге оқу жылының басында берілетін студенттердің жеке жұмыстарын орындау кестесі көмек береді. Кестеде семестрлік, не жылдық орындау керек жұмыстардың көлемі, саны мен тапсырмалар мазмұны, орындау мерзімі көрсетіледі. Кесте студентке өз уақытын дұрыс бөлуге, ырғақты жұмыс істеуге және орындау мерзімін сақтауға көмектеседі.



Өткен материалдарды қайталау.

Өткен материалдармен қайта жұмыс істеу жеке жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалды қаншалықты терең және толық қайталаса, соншалықты жеке жұмыстардың басқа түрлерін орындау жеңіл болады.

Бірінші дәрістен бастап өткен дәріс материалдарымен жүйелі және үнемі жұмыс жасау келесі дәріс материалдарының мазмұнын және семинар сабақтарының материалдарын түсінуге қажетті жағдайды туғызады.

Дәріс мазмұнымен танысуға кіріспес бұрын мынаны орындау керек:

-жұмыс орынын анықтау(егер үйде немесе жатақханада қажетті жағдай жоқ болса, онда оқу залының қызметіне жүгінген жөн) қажет;

-дәріс конспектісі болуы қажет;

-оқып жатқан пән бойынша оқу бағдарламасы болуы керек;

-дәріс бойынша берілген әдебиеттердің болғаны жөн;

Жұмыс істеу әдістері.

- жақында еске сақталған мәліметтер бойынша мақсатты түрде дәріс материалдарын қайта өңдеу(кейінге қалдыруға болмайды, дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

-конспектімен жұмыс істеу барысында әдебиетке сілтеме істеген жөн, қажетті толықтыруларды енгізу мен қате кетсе түзету енгізу(бұл емтиханға даярланғанда қажетті болады);

-тақырыппен жұмыс істеу материалды толық түсінгенше және есте сақтағанша жүзеге асады. Ол оқулықтар мен әдебиеттерде көрсетілген мысалдар мен міндеттерді өңдеген соң аяқталады;

-егерде тақырыппен жұмыс істеліп болған түсініксіз мәселелер бойынша сұрақтар туындаса, онда оларды келесі дәріс барысында оқытушыға қоюға болады;

Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын орындату жұмысының мақсаты-практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалана алу дағдысы мен шеберлігін меңгерту болады.

-үй тапсырмасын орындауды осы тақырып бойынша өткізілген дәрістен соң бастаған жөн;

-тапсырманы орындаған немесе міндеттерді шешкен кезде оның мазмұнын сараптап алып, дәріс материалдарын немесе оқулықтар материалдарын пайдалану арқылы тапсырманы дұрыс орындау ережесін таңдап алу керек;

-соңында қол жеткізген нәтижелерді сараптау қажет.

Семинар сабақтарына дайындық.

Дәрісте алған білімді бекіту мен тереңдету үшін семинар сабақтарын өткізу қарастырылған. Семинар сабақтарына даярлану кезінде:

-сабақ тақырыбы бойынша курстың теориялық бөлігін өткен сабақтарда қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып зерттеу керек;

-семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік оқу құралдарын немесе тапсырмаларды басшылыққа ала отырып осы тапсырманы орындауға бөлінген уақытты тиімді пайдаланған жөн.



8. ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНДЕ ЖОСПАРЛАНБАҒАН
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН МАТЕРИАЛДАР
Курс бойынша реферат тақырыптары.


  1. Б.з.д. І ғ. ортасынан б.з. І ғ. аяғына дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысының эволюциясы. (Тацит және Цезарь еңбектері бойынша).

  2. «Салий ақиқаты» бойынша франктердегі жанұя, жерге меншік және қауым.

  3. «Салий ақиқаты» және «Рипуар ақиқаты» боынш Франк қоғамындағы мүліктік және әлеуметтік жіктеліс.

  4. «Егіншілік заңы» бойынша ҮІІІ – ІХ ғ.ғ. Византия қауымы.

  5. ҮІІ–ІХ ғ.ғ. Франк қоғамында тәуелді шаруалар табының қалыптасуы.

  6. Каролинг дәуіріндегі Франк мемлекетіндегі ірі феодалдық вотчина.

  7. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. цехтық құрылыс.

  8. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. Француз шаруалары және Жакерия көтерілісі.

  9. ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ. ағылшын шаруалары және Уот Тайлер көтерілісі.

  10. Флоренциядағы Чомпи көтерілісі.

  11. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Итальян гуманизмі.

  12. Гуситтер соғысы.

  13. Эразм Готтердамский еңбектеріндегі католикалық шіркеуді және феодалдық қоғамды сынау.

  14. Германиядағы шаруалар соғысы.

  15. ХҮІ ғ. Англиядағы қоршау.

  16. Англиядағы реформация.

  17. Швейцариядағы реформация.

  18. ХҮІІ ғ. 1 жартысындағы Француз абсолютизімінің теориясы және практикасы.

  19. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. ағылшын абсолютизмі.

  20. Орта ғасырларда білімнің, ғылымның және техниканың дамуы.

  21. Отыз жылдық соғыс.

  22. Жүз жылдық соғыс.

  23. Орта ғасырлардағы католикалық шіркеу.

  24. Христиан діні және оның негізгі тармақтары.

  25. Византия мәдениеті.

10. ЖОҚ

11. СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
- білімді бағалау кестесі.

- жазбаша бақылау тапсырмалары.

- тест сұрақтары.

- өздігінен дайындалу үшін арналған сұрақтар.

- емтихан сұрақтары

Пән бойынша білімді бағалау кестесі.



«Орта ғасырлар тарихы» бойынша білімді бағалау кестесі

Бағалау


критериясы

Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін%

Барлығы%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1.

Дәріске қатысу

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

1

8

+

+


+





+





+





+


+





+











3

Практика

лық сабақ



1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Бақылау жұмысы (тест түрінде)

1

2










+



















+













5

Өзіндік жұмыс (реферат, тарихи терминдермен жұмыс)

5

10
















+



















+







6

Аралық білім бақылауы

5

10



















+



















+




7

Р12




60














































8

Емтихан




40














































9

Қорытынды




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7 (8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60 % құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі. (максималды көрсеткіші – 40 % )

Пән бойынша қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.



Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

40

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Р

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы).

Студенттерге қойылатын талаптар: әрдайым жұмыс үстінде болғанда ғана жақсы бағаға қол жеткізуге болады. Бұл баға барлық семестр бойы жиналады деген сөз. Сондықтан да сіздер сабақ уақытында белсенділік танытуларыңыз қажет. Жоғары баға тапсырылған жұмыс дұрыс, нақты жауап берілгенде ғана қойылады.

1. Сабаққа қатысу.

Сабаққа қатысу міндетті түрде. Қатыспаған сабақтар оқу-әдістемелік жинақта көрсетілгендей толық түрде тапсырылады. Себепсіз қатыспаған сабақтар, курстың жартысынан асып кетсе, курстан шығарылады.



2. Аудиторияда өзін-өзі ұстауы.

Студент сабаққа кешікпеуі, сабақ үстінде сөйлемеуі, газет-журнал оқымауы, ұялы телефоны айырылуы, сабақ барысына белсенді қатысуы керек.



3. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасы міндетті түрде орындалып, оқытушымен келісілген уақытта тапсырылуы керек. Үй тапсырмасы кешіккен студенттен қабылданбайды. Сіздердің тапсыруларыңызға қарап баға қойылады, ол өз кезегінде қорытынды бағаға әсерін тигізеді.



4. Аралық бақылау.

Семестр кезінде 7 және 15 аптада 2 аралық бақылау өткізіледі.



Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Орта ғасырлар тарихы пәнінің мазмұны мен хронологиялық шегі. «Феодализм» түсінігінің шығуы мен мазмұны. Феодалдық қоғамдық жүйе, оның ерекшеліктері.

  2. Орта ғасырлар тарихының жалпы тарихи дамудағы орны. Орта ғасырлар тарихы дерекнамасы және тарихнамасы.

  3. Кельт, герман тайпалары және олардың шаруашылығы. Тайпалардың қоғамдық – саяси құрылымы.

  4. Рим империясы территориясына герман тайпаларының басып кіру себептері. Варварлық корольдіктердің құрылуы.

  5. Франк тайпаларының Галлияны жаулап алуы. Меровинктердің, Франк мемлекетінің құрылуы.

  6. Франк қауымы және оның ҮІ – ҮІІ ғ.ғ. эвалюциясы. Рулық байланыстардың ыдырауы.

  7. Франк қауымындағы әлеуметтік жіктеліс, ірі жер иелігінің қалыптасуы.

  8. Ежелгі германдықтар шаруашылығы. (егіншілік жүйесі, мал шаруашылығы, қолөнер, алмастыру белгілері).

  9. Шығыс Рим (Византия) империясының құрылуы, оның даму ерекшеліктері. Славян отаршылдығының салдары. Феодализмнің дамуы.

  10. «Салий ақиқаты» дәуіріндегі франктердің қоғамдық құрылысы.

  11. Ұлы Карл империясының ыдырауы. Батыс Европа елдерінде феодалдық құрылыстың бекуі. Меровингтер дәуірі.

  12. Батыс Европадағы өндіргіш күштердің дамуы. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі.

  13. Қалалардың пайда болу себептері. Тауар – ақша қатнастарының дамуы. Рента коммутациясы.

  14. «Егіншілік заңы» бойынша Византия қауымы.

  15. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Францияның экономикалық дамуы. Аграрлық қатынастар және Француз шаруаларының жағдайы.

  16. Францияның саяси орталықтануының негізгі кезеңдері, себептері. Сословиелік монархия және оның мәні.

  17. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Англияның әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. Ағылшын феодализмінің ерекшелігі.

  18. Парламент, оның құрылымы мен таптық мәні. Сословиелік монорхияның қалыптасуының ерекшеліктері.

  19. Франк мемлекетінде феодалдық қатынастардың дамуы.

  20. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Батыс Европадағы аграрлық қатынастардың эвалюциясы. Аграрлық қатынастар эвалюциясының алғы шарттары мен себептері. Феодалдық жер рентасы ұғымы.

  21. Феодалдық жер рентасы эвалюциясының алғы шарттары мен себептері, оның нәтижелері.

  22. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Германия. Германияның аграрлық дамуының ерекшеліктері. Германияның саяси дамуы. Габсбургтер династиясының билігі.

  23. Каролинг дәуіріндегі феодалдық вотчина.

  24. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Италия. Италияның әлеуметтік – экономикалық және саяси даму ерекшеліктері; қала коммуналарының құрылуы мен олардың қала – мемлекеттерге айналуы. Деревнядағы тауар – ақша қатынастрының енуі мен шаруалар жағдайы.

  25. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Чехия. Чехияның әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы. Феодалдық қатынастар. Ірі жер иеленушіліктің өсуі.

  26. Неміс отарлауы, оның салдарлары. Әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі.

  27. ХІІІ – ХҮ ғ.ғ. Орта ғасырлық қолөнер цехтары. Қолөнер цехтарының бірігуінің себептері. Цехтық өндірістің ыдырауы. Шебер көмекшілері мен шеберлер күресі

  28. ХІ – ХҮ ғ.ғ. Италия мен Португалия. Арабтар шапқыншылығының салдары Реконкиста оның негізгі кезеңдері, оның нәтижелері. Кастилия мен Арагонның және біріккен испан корольдығының құрылуы. Португалияның әлеуметтік – экономикалық дамуы.

  29. Ерте өрлеу және Италиядағы гуманизм. Тарихнамадағы өркендеу мен гуманизм мәселесі. Гуманисттік идеологияның туындауының алғы шарттары мен себептері.

  30. ХІІІ – ХҮ ғ.ғ. Француз шаруаларының жағдайы және Жакерия. Сервтердің жағдайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет