53
оқытылып жатқан материалды оқушылар ұққанда, оның
келешекте ӛтілетін материалды меңгеруге қандай кӛмегі бар
дегенді негізге алады [14,22-25].
1.
Оқытудың
ғылымилық
ұстанымы
бойынша
оқулықтардағы тілдік материалдардың мазмұны тіл білімі
саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі
тиіс. Қазақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы
ұстанымға сүйеніп жасалады.
Оқушыларға қазақ тілінен
берілетін білім лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің
ең негізгі белгілерін ұстаз ой елегінен ӛткізіп, оқушыларға
жеткізеді. Тек ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан-
жақты тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Педагог-әдіскер Ә.Исабаев ғылыми ұстаным тӛмендегі
ӛлшемдерге сай болуы қажет деп есептейді:
1. Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет…
2. Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлділігі талап
етіледі…
3. Тілдік тақырыптардың ӛзіндік белгілері сараланып
алынғаны абзал…
4. Қазақ тілінен берілетін
материалдардың анықтамалары
мен ережелері дәл болғаны абзал…
5. Тілдік тақырыптарға байланысты берілетін практикалық
дағдылардың да кӛлемі дәл болғаны жӛн…[15,6-7].
Демек оқулық осы айтылған ӛлшемдер негізінде жасалуы
тиіс. Тақырыпты бұрын берілген білімді еске түсіруден
бастаған жӛн. Бұл тұста ғылыми ұстанымның жүйелілік
ұстаныммен тығыз байланысты екенін есте ұстау қажет.
Тақырыптарды ӛту барысында сол тақырыпқа
байланысты тіл ғылымындағы соңғы жаңалықтарды да
енгізіп, айту қажет. Тіл білімінде ӛзінің шешімін тапқан
мәселелер
туралы терең мағлұмат беру, оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттырады. Оқушы білімі тек оқулық
деңгейінде қалып қоймайды. Осы ретте оқытудың ғылыми
ұстанымы зор рӛл атқарады. Мұғалім теория мен практика
арасындағы диалектикалық байланысты естен шығармауы
керек. Әр тақырыптың тіл жүйесіндегі
орнына оқушының
кӛңілін аударту олардың сол білімді саналы игеруіне
кӛмектесумен қатар, танымдық қабілеттерін дамытады.