Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады


Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

 
Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар 
 
ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасының әлемдегі 
ӛркениет пен ғаламдану процесіндегі мәдениетті игеруі 
барлық ғылым салаларына қатысты педагог мамандарды 
сапалы дайындау ісімен тығыз байланысты екенін қоғамдық 
ӛмірдің ӛзі дәлелдеп отыр. Педагогтің білімі мен мәдениеті, 
іздемпаздығы мен шеберлігі, біліктілігі мен беделі – жаңа 
ұрпақты тәрбиелеудің басты кӛзі және арнасы болып 
табылады.
Сондықтан болашақ ұрпақ ғылым мен білімнің тұтқасын 
ұстап 
отырған 
ғалымдар 
мен 
ұстаздарға 
ерекше 
жауапкершілік артады. ―Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе‖,- 
деп ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жаңа 
қоғамның болашақ маманы ғылымның қазіргі ӛзекті 
мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен 
тиімділігіне, 
практикалық 
тәжірибенің 
нәтижелігіне 
байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. 
 

Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі сыры
мен қыры кӛп, ӛз ішінде түрлі-түрлі салаларға бӛлінетін
күрделі де бай тіл. Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы
фонетика, лексика, сӛзжасам, морфология, синтаксис және
пунктуация, тіл дамыту, тіл мәдениеті сияқты салаларға
бӛлініп оқытылады. 



Қазақ мектептеріндегі жұмыстың нәрлі, нәтижелі болуы 
ана тілін оқытуды ұйымдастырудың дәрежесіне, оның дұрыс 
жолға қойылуына байланысты. Ӛйткені ана тілі тек пән 
ретінде оқытылып қана қоймайды, ӛзге пәндердің бәрінен де 
білім беруге және мектептегі бүкіл тәлім-тәрбие жұмыстарын 
жүргізуге негізгі құрал ретінде қызмет атқарады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы 19 наурызындағы 
халыққа жолдауында ―Қазақстандағы мектеп уақыт ӛте келе 
үздік әлемдік стандарттар деңгейіне кӛтерілуге тиіс. Ұлттық 
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік 
деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен 
кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге кӛтеруді 
талап ететіні сӛзсіз‖,- делінген. Заман талабына сай 
мектептерде білім мазмұны мен оның құрылымдық жүйесін 
жақсарту - кезек күттірмес шаралардың бірі. 
Мектеп балаларды дұрыс сӛйлеуге, ана тілінің сӛздері 
мен тиісті тәсілдерін саналы түрде дұрыс жұмсауға үйретеді.
Мектеп оқушылардың сӛздік қорына кӛп жаңа сӛздер, жаңа 
формалар қосады. Оларды қайда, қалай қолдану керектігін 
үйретеді. Мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі - жаңа 
қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің ӛзі 
оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі - қарапайым 
да, қажетті талап. 
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Қазақ тілін дамытатын 
да, оның қанатын кең жаюға кӛмектесетін де бүгінгі студент. 
Себебі, ол жоғары оқу ордасында бүгінгі жаңалықтарды 
терең меңгеріп, ертеңгі күні мектепте жүзеге асыруы қажет. 
Қазақстан Республикасының Бiлiм берудi дамыту
Тұжырымдамасында педагогикалық мамандарды дайындау
мен бiлiм сапасына қатысты нақты мақсат-мiндеттер мен
ұстанымдар кӛрсетiлген. Бұл құжатта: ―Қазiр педагогикалық
қоғамдастықтың алдында бiлiм берудiң жаңа моделiн
құрудың, сынақтан ӛткiзу мен енгiзудiң ауқымды мiндеттерi
тұр. Бiлiм берудiң қазiргi негiзгi мақсаты бiлiм алып, бiлiк
пен дағды-машыққа қол жеткiзу ғана емес, солардың
негiзiнде дербес, әлеуметтiк және кәсiби бiлiктiлiкке -
ақпаратты ӛзi iздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,
жылдам ӛзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты ӛмiр сүру



және жұмыс iстеу болып табылады― /„ҚР. 2015 ж. дейiнгi
бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы―/, — деп кӛрсетiлген.
Жалпы қазақ тілінде сӛйлеп, жазуды үйрету - қоғамда 
қазақ тілінің мәртебесін жоғары дәрежеге кӛтерудің алғы 
шарты. Сондықтан қазақ тілі қатынас құралы ретінде 
мектепте жүйелі білім беру арқылы ғана оқушыларды дұрыс 
сӛйлеуге, адамдармен әдепті түрде қарым-қатынас жасай 
білуге тәрбиелейді. 
Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын 
міндетінің аса зор екенін айта кетуіміз қажет. 
Оқыту әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда,
сондай-ақ жас жеткіншектің дүние-танымын жетілдіруде ӛте 
қажетті практикалық міндеттерді іске асырады. Оның басты 
мақсаты оқыту нәтижесінде оқушыларға қазақ тілінің негізін 
тиянақты меңгерту болып табылады. 
Оқыту әдістемесі ӛз алдына дербес ғылым ретінде басқа 
ғылымдармен, яғни лингвистика, психология, логика және 
педагогика ғылымдарымен ӛзара байланыста дамып 
отырады. Ал мұның ӛзі ұстаздардың жоғарыда аталған 
ғылым негіздерін жан-жақты терең біліп, жете меңгеруін 
талап етеді. Ӛйткені, мұғалім – балалардың білімі мен тәрбие 
ісіне жауап береді. 
Білім берудің ұлттық моделіне кӛшкен қазіргі мектепке 
ойшыл, зерттеуші, ӛз ісінде қатып қалған қасаңдық пен 
жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық-
педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Бұрын ӛз пәнімізді жақсы білсек, аздаған педагогикалық 
әдіс-тәсілдерді меңгерсек, баланы ӛз еркімізге бағындырсақ
ӛте керемет ұстаз боламыз деген пікір қалыптасып келгені 
жасырын емес.
Қазіргі таңда қоғам мен техниканың ғарыштап дамуына 
байланысты адамның да сана-сезімі ӛзгерді. ―Жаңа 
оқушылар‖ деген феномен пайда болды. Олардың 
мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да 
бұрынғыдан әлдеқайда ӛзгерген. Қазіргі оқушылар еш 
нәрседен ыға қоймайтын, ӛзінің болашағына тиімділік 
тұрғысынан қарайтын, іскерлікке қабілетті, романтик 
қиялшы емес, кӛп нәрсеге сене бермейтін жандар. 



Сондықтан баланы ӛзінен тӛмен кӛретін, кӛп ақыл 
айтатын, істен гӛрі құрғақ сӛзге бейім мұғалімдерді олардың 
жан-дүниесі қабылдамайды. 
Осыған сәйкес жаңа ғасыр қазақ тілі пәнінің 
мұғалімдеріне жаңа, жоғары дәрежедегі талаптар қояды. 
Мұғалім жеке кӛзқарасы бар және оны қорғай білетін жігерлі 
тұлға әрі маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, 
ойшылдық қасиеті бар ұстаз ешуақытта жалтақ болмауы тиіс. 
Ӛз ісін жетік білетін, оны табанды жүргізетін мұғалім ғана 
нақтылы нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай адам жұмыс 
істеген әр күніне есеп беріп отырады.
Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп 
үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер 
пайдалана білетін болуы керек. 
Қазіргі кезде дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп 
жатқандықтан, ақпараттар ағымы кӛбейді. Мұғалім қай 
пәннен сабақ бермесін, ол баланың ӛмірдің әр саласына 
қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы қажет.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми 
түрде қалыптасуы тиіс. Адам ӛзінің шығармашылық 
ӛзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас 
жасайды және ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып 
қалыптасуы үшін күресуі керек. Кӛп білу үшін кӛп оқу, оны 
зердеге тоқу, ―Интернет‖ жүйесін меңгеру қажеттігі 
туындайды. 
Міндетті білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, 
ақпараттардың кӛбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші 
рӛлін жойды. Енді білім негіздерін ӛз бетінше оқып үйренуге 
оқушыны баулу міндеті тұр. Ӛзінің оқушысын ӛздігінше 
білім алуға үйретпеген мұғалім бүгінгі күнде белгілі бір 
нәтижеге қол жеткізе алмайды. Бала толыққанды даму үшін 
осы тұрғыда мұғалім ғана кӛмектесе алады.
Ұстаз ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, 
сараптылық 
қабілеттермен 
қатар 
ӛз 
бойындағы 
педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды 
талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын 
анықтай түсуге бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі 
жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жете алатындай 



болу керек. Оның адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы 
жұмысында кӛрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне 
негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету нысанасы 
емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет. 
Демек, бұлардың бәрі мұғалімдерге бұрынғыдан да зор 
жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті, жанқиярлықты 
талап етеді. 
Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, 
дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін 
дұрыс таңдап, сабақта бейімділікпен қолдана білу үшін ұстаз
оқушылардың, ең алдымен, психологиялық, ұғымдылық, 
яғни сабақты қабылдау ерекшеліктерімен тікелей санасуы 
керек. Сонымен қоса, логикалық талаптарға да баса кӛңіл 
бӛлуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет