Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет22/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Динамикалық ӛзгеру ұстанымы тiлдi оқыту барысында 
барлық iс-әрекеттердiң, жұмыстардың, қолданылатын 
құралдар мен материалдардың – жалпы қатысымдық әдiстiң 
iске асуы үшiн қажет құрамды бӛлшектердiң жетiлiп, ӛзгерiп 
отыруын қадағалайды. Ол жалпы жүйесiнiң бiр орнында 
тұрып қалмай, сан жағынан да, сапа жағынан да үнемi 
ӛзгерiп отыруын қажет етедi. 
Бұл ұстаным бойынша тек сабақ берудегi жаттығулар 
мен мәтiндер, тапсырмалар мен тақырыптар т.б. ғана ӛзгерiп 
қоймай, қатысымдық әдiске әсер етушi сыртқы және iшкi 
факторлар да, олардың мәнi мен маңызы да ӛзгерiп, дамып 
отыру керек. Сол арқылы адамдар қарым-қатынасындағы 
пiкiрлесу мен сӛйлесу де жоғарғы мәдениеттiлiкке 
кӛтерiледi. 
 
Ӛзектiлiк ұстанымы барлық тiл үйрету мен оқыту 
жүйесiнiң ең басты мақсатқа – тiлдiк қарым-қатынасқа – 
бағынуын талап ете келiп, сабақ беру жолдарының 
әрқайсысы ортақ бiр ӛзек болатын қағидаға сүйенуiн қажет 


67 
етедi. Әр сабақ үстiнде ӛтiлетiн тақырыптар, iстелетiн 
жұмыстар, сӛйлесу жаттығулары мен тапсырмалар т.б. – бәрi 
сӛйлесiмдi жүзеге асыратын шешiмге келiп тiрелуi керек. 
Тiлдi үйретудiң басты түйiнi, кiлтi – қазақ тiлiнде сӛйлесе 
бiлу, ӛз ойын жеткiзе бiлу. Ол әрбiр сабаққа белгiлi бiр 
тақырыпта тiлдесе бiлуден басталып, кез келген ортада 
пiкiрлесуге дейiн жеткiзедi. Сондықтан оқытудағы әр түрлi 
жұмыстар, сабақтар, т.б. бiр орталық ӛзектен пайда бола 
келiп, басты түйiнге айналып соғып отыруы керек. 
Мысалы, сабақта ӛтiлетiн тақырып ―қонаққа бару‖ болса, 
барлық жұмыстың түрлерi де, сұрақ-жауап та, тексеру мен 
бақылау да, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым 
кезеңдерiнде орындалатын тапсырмалар да – бәрi осы 
тақырыптың тӛңiрегiнде топталуы керек. Сӛз де, тiркес те, 
сӛйлем де, жаңа сӛздiк те қонаққа барғанда қалай киiну 
керек, не апарған дұрыс, қалай сәлемдесуге болады, 
дастарханда қалай ӛзiндi ұстағаның жӛн, басқа қонақтармен 
не туралы сӛйлесуге болады, ас алудың тәртiбi, тамақ жеудiң 
мәдениетi, дастарханның мәзiрi, үйге қонаққа бару
кафелерге, ресторанға қонаққа бару, оқушымен оқытушы 
арасындағы бүкiл орындалатын тапсырмалар, пiкiрлесулер, 
яғни жалпы қарым-қатынас осы ойға бағыну керек. 
Сабақтың ӛзектiлiк негiзi бiр сабақта орындалуы да 
мүмкiн, керiсiнше бiрнеше сабаққа, тiптен сабақтар жүйесiне 
созылуы да ықтимал. 
Оқыту жүйесiне қатысты практика мен теорияны, 
тәжiрибе мен бiлiмдi жинақтай келе қатысымдық әдiс туралы 
анықтама сӛйлесiм әрекетiнiң түрлерiн меңгеру мен 
әдiстемелiк ұстанымнан ғана құралмайтындығын аңғаруға 
болады. 
Тiлдi үйретуге байланысты қолданылатын қатысымдық 
әдiс, бiздiң пiкiрiмiзше, бiрнеше басты белгiлерi ие болады. 
Бұл 
әдiстiң 
басқа 
әдiстерге 
қарағанда, 
ӛзiндiк 
айырмашылығы бар. 
Қазақ тiлiн практикалық жақтан үйретудiң бұрыннан 
қалыптасқан әдiстерi /талдау, жинақтау, салыстыру, ӛзгерту, 
баяндау, әңгiмелесу, жаттығу, индукция, дедукция, бақылау, 
бекiту т.б./ оқыту жүйесiнде тұрақтала келiп, мұғалiмнiң 
алдыға қойған мақсатына орай дамытылып отырады. 
Жалпы түрде жинақтап айтсақ, бұл әдiстердiң бәрiне тән 
ортақ мақсат – сӛздiң қолданылу ерекшелiктерi мен 


68 
мағыналарын түсiндiру, тiлдiң грамматикалық құрылысын 
меңгерту, ауызекi сӛйлеу тiлiнiң сӛздiк қорын үйрету. Бұл 
әдiстердi қолданудың нәтижесiнде оқушының сӛз байлығы 
дамиды, дұрыс сӛйлеу қабiлетi артады, тiлдiк тұлғаларды 
дұрыс оқып-жазуды игередi, олардың сӛйлеу шеберлiгi 
қалыптасады. 
Мүғалiм осы әдiстердi тиiмдi пайдалану арқылы 
оқушылардың түсiну, сӛйлеу дағдыларын жетiлдiредi. 
Қатысымдық әдiс оқыту әдiсiнiң барлық түрлерiне 
қатысты осы ерекшелiктердi де меңгередi. Сонымен қатар 
оның ӛзiне қатысты айырықша белгiлерi де жоқ емес. Бұндай 
ӛзгешiлiк оның басқа әдiстiң түрлерiнен артықшылығында 
немесе алатын орнының маңыздылығында емес, ӛмiрдегi 
тiлдi оқыту, үйрету мәселелерiнiң ӛзi қатысымдық әдiске сай 
қасиеттердi саралап шығуында. 
Бұл қасиеттердiң ең басты айырмашылығы қатысымдық 
әдiстiң екi үлкен ғылымның басын бiрiктiрiп отыруына 
байланысты. Оның бiрi – лингвистика да, екiншiсi – әдiстеме 
iлiмi. Әдiстеме iлiмiнде әдiстiң қаншалықты маңызды рӛл 
атқаратынына ешкiм шүбә келтiрмейдi. Тiлдiк қатынас 
туралы мәселе соңғы жылдары тiл бiлiмiнде жеке сала 
ретiнде бӛлiнiп шығып, арнайы категория тұрғысынан 
қарастырыла бастады. Тiптен осының негiзiнде қатысымдық 
лингвистика, қатысымдық әдiстеме тәрiздi ұғымдар да пайда 
болады. 
Қатысымдық әдiске анықтама беру үшiн негiзгi 
белгiлерiн 
айқындау 
жолында 
тiлдiк 
қатынастың 
ерекшелiктерiн де ескеруге тура келедi. Тiлдi үйрету мен 
оқытуда жан-жақты пайдаланылатын қатысымдық әдiстiң 
ӛзiндiк белгiлерi мыналар: 
1. Қатысымдық әдiс кем дегенде екi адамның немесе бiр 
адам мен топтың, бiр топ пен екiншi топтың арасындағы 
тығыз қарым-қатынастың немесе белсендi iс-әрекеттiң 
жүзеге асуы нәтижесiнде болады. 
2. Қатысымдық 
әдiс 
оқушы 
мен 
оқытушының 
әрқайсысының ӛзiне тән мiндеттерi бӛлек болып, ал олардың 
алдарына қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етедi. 
3. Қатысымдық әдiс үйренушi мен үйретушiнiң бiр-бiрiмен 
пiкiр алмасуын, тiл арқылы сӛйлесуiн қамтамасыз ете келiп, 
адам мен адамның, бiр ұлт пен екiншi ұлттың ӛзара 
түсiнiсуiне жол ашады. 


69 
4. Қатысымдық әдiс оқыту жүйiсiндегi бiрнеше тиiмдi 
тәсiлдердi және амалдарды бiрiктiредi. Солардың iшiнен 
бәрiне ортақ қасиетке ие болатын бiреуi басты ӛзек, жетекшi 
кiлт болады. 
5. Қатысымдық әдiстiң басты белгiсiнiң бiрi – тiлдi үйретудi 
күнделiктi ӛмiрде жүзеге асыру, сабақты практикалық 
жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай 
немесе жеке дара күйде iске аспайды, адамдардың iс 
жүзiндегi ӛзара iс-әрекетi үстiнде, ауызба-ауыз сӛйлесуi, 
тiлдесуi арқылы болады. 
6. Қатысымдық әдiс арқылы белгiлi бiр тiл туралы бiлiм 
берiлмейдi. Қарым-қатынас құралы тiлдiң ӛзiн қалай 
қолдану керек, сол жӛнiнде оқытылады, яғни сол тiлде 
сӛйлеу үйретiледi. 
Сонымен қатысымдық әдiс дегенiмiз – оқушы мен 
оқытушының тiкелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге 
асатын; белгiлi бiр тiлде сӛйлеу мәнерiн қалыптастыратын; 
тiлдiк қатынас пен әдiстемелiк категорияларына тән басты 
белгiлер мен қағидалардың жүйесiнен тұратын; тiл үйретудiң 
тиiмдi жолдарын тоғыстыра келiп, тiлдi қарым-қатынас 
құралы ретiнде iс жүзiне асыратын әдiстiң түрi.
Әдістемелік еңбектерде әдіс термині бірде тәсіл, бірде 
метод деп қолданылып жүргенінің ӛзі - ойланатын жайт. Бұл 
жай да қазақ тілі әдістемесінің басқа ғылымдармен 
салыстырғанда тұралап жатқанынан хабар береді. Әдіс пен 
тәсілдің ара жігін ажырату үшін оларға жеке тоқталған 
дұрыс. 
Әдіске ортақтық, жалпылық қасиет тән. Ал тәсіл - сол 
әдісті жеткізудің жолы. Мұғалім бір әдісті бірнеше тәсіл 
арқылы жеткізуі мүмкін. Әрине, тарихи тұрғыдан алғанда, 
кейбір тәсілдерден әдістің негізі қаланған. Әдіс пен тәсілдің 
ӛзара тығыз байланыста, бірлікте айтылатыны осыдан болса 
керек. 
Бір ғана жаттығу әдісін әр мұғалім әр түрлі тәсіл арқылы 
орындатып, пайдаланады. Әрбір әдістің ӛзіндік ерекшелігі,
сабақ үстінде алатын рӛлі зор. Тіпті мұғалімнің дауыс 
ырғағы, мәнерінің қызметі айрықша. Осының бәрін жадында 
ұстау – мұғалімнің міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет