Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет30/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Компьютерлік технология. Қазақ тілі сабағында 
компьютерді 
пайдалану 
оқушының 
сабаққа 
деген 
қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын оқушының ӛзі 
компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын 
ӛту кезінде бір жүйеге құрылған тапсырмаларды пайдалануға 
болады. Тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, 
білімдерін тексеруге болады. Компюьтер оқушының ақыл-
ойын дамытумен бірге, ӛз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік 
туғызады. 
Топтастыру технологиясы. Әдіскер В.К.Дьяченконың
пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл 
технология ӛз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-
семинарлық жүйе, белл-ланкастерлік жүйе, зертханалық-
топталған әдіс, сызба әдісі, трамп әдісі болып сараланады.
Белл-ланкастерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар 
бірінші 
мұғалімнің 
басшылығымен 
ӛз 
беттерінше 
тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған 
оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. 
Трамп жүйесін пайдаланған кезде мұғалім оқулықтағы 
тапсырмаларды орындау үшін сыныпты топтарға бӛледі. Әр 
топтың басшысы сайланады. Әр топ ӛздеріне бӛлінген 
тапсырмаларды орындайды. Топ мүшелерінің тапсырманы 
орындауға қатысқандары сараланады.


89 
Ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технологияның 
негізгі әдісі – тапсырмамен алмасу. Ең бірінші алты-жеті 
адамнан тұратын топ құрылады. Мұғалім әр топқа 
дайындаған тапсырмаларын таратады. Әр топ мүшесіне жеке-
жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар бір-бірімен тапсырма 
алмасады. Сонда әр топтағы оқушы алты-жеті тапсырма
орындайды. Тапсырмаларды орындап болған соң топ ішінде 
талқылайды. Тапсырмаларды келесі топқа беріп, олардың 
тапсырмасын алады. Мысалы, бір сыныпта 15 оқушы бар 
делік. Осы он бес оқушыны мұғалім үш топқа бӛлуіне 
болады. Сабақ соңында бұл технология бойынша әр оқушы 
он бес тапсырманы орындаған болып шығады. Мұғалім 
бақылау 
жұмыстарын 
сынақ 
немесе 
тест 
түрінде 
қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет