Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

 
Дамыта оқыту технологиясы. Бұл технологияда 
баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру 
басты назарда болады. Ол үшін оқушы осы уақытқа дейін 
ӛзінің алған білімінің жеткіліксіз екендігін сезінетіндей 
болуы қажет. Содан барып оның білім алуға деген ынтасы 
мен қызығушылығы артады. Сабақ оқу мақсатының 
қойылуы, оны шешудің жолдарын бірлестіре қарастыру, 
шешімнің дұрыстығын дәлелдеу тәрізді бӛліктерден тұрады.
Оқушы теориялық материалды жалаң, жаттанды түрде емес, 
қарапайым бақылаулар жасау, зерттеулер жүргізу арқылы 
меңгеруі керек. Дамыта оқытуда қойылатын сұрақтар 
ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей проблемалы сұрақтар 
болуы қажет. Дамыта оқытуда сабақта жаңа материалды 
талдауға кӛп кӛңіл бӛлінеді. Талдау ізденістен тұрады. 
Талдау жасау барысында мұғалім баланың ой-пікірін 
бақылауға мүмкіндік алады. Дамыта оқыту жүйесінде 
мұғалім оқушыларды ―жақсы оқитындар‖, ―жаман 
оқитындар‖ деп бӛлмей, барлық балардың дамуы үшін 
жағдай туғызуды мақсат етіп қояды. Мұғалім мен оқушы 
арасындағы қатынас ынтымақтастыққа, ӛзара сыйластыққа 
негізделеді.
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технология ұғымы 
тың, белгісіз, жаңа оқыту амалдары, іс-әрекеттерінен 
ізденуді, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге 


90 
қол жеткізуі, жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану, сол 
арқылы жоғары кӛрсеткіштерге жеткізу деген сӛз. 
 
Семинар сабақтарының тақырыптары 
Жаңа технология туралы түсініктер 
1. Әдіскер-ғалымдардың жаңа технология туралы зерттеулері 
2. Оқытудың ізгілендіру технологиясы 
3. Дебат технологиясы 
4. Модульдік технология 
5. Компьютерлік технология 
6. Жекелеп оқыту технологиясы 
7. Топтастыру технологиясы 
8. Бағдарламалық технология 
9. Дамыта оқыту технологиясы 
10. Ұжымдық оқыту технологиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет