82
Студенттердің оқытушымен бірлескен ӛздік жұмыстары
1. Қосымша әдістемелік нұсқауларға сараптама жасау
2. Сабаққа қажетті кӛрнекі
құралдар дайындау
Тапсырмалар
1-тапсырма
″Антонимдер″ тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
2-тапсырма
″Тұрақты
тіркестер″
тақырыбына
байланысты
қолданылатын бірнеше кӛрнекі құралдардың үлгісін
ұсыныңыз.
3-тапсырма
Сынақ сабағын қай тақырыптарды ӛту барысында
қолданған тиімді? Сабақтың үлгісін жасаңыз.
4-тапсырма. Педагогикалық жағдаятқа талдау жасау.
Жексенбі күні Айдар әкесімен бірге тауға жеміс-жидек
теруге барды. Күні бойы жеміс-жидек теріп шаршаған,
ашыққан олар трамвайдың ішінде бір-біріне қарама-қарсы
орындықта отыр еді. Келесі аялдамадан бір әйел отырып,
бос орын болмағандықтан Айдардың қасына келіп тұрды.
Айдар орын беру керектігін түсінді, тіпті орнынан
тұрғысы келетіндігін байқатты. Бірақ әйелдің ӛзіне кӛңіл
бӛлмегенін байқап, терезеге қарап отыра берді.
Әкесі орнынан тұрып:―Отырыңыз‖,- деді. Әкесінің
даусын естіген Айдар орнынан ұшып тұрып, әкесіне:―отыра
беріңіз‖,- деп, құлағының ұшына дейін қызарып кетті. Әкесі
Айдарға:
-Байқампаз болу керек, балам!- деді.
Сұрақ:
1. Айдар нені сезінді, ол оның
мініз-құлқына қалай әсер
етті?
2. Айдардың
әкесі
қандай
педагогикалық
әдісті
пайдаланды?
Достарыңызбен бөлісу: