Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі



жүктеу 1.33 Mb.
бет2/8
Дата09.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе


Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттілігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы.

Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап беруді нысан етіп отыр.«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» деп аталатын бұл арнайы курстың бағдарламасы қазақ тілін меңгерген, қазақ тілінің грамматикалық ішкі заңдылықтары туралы, лексикалық қабаттары туралы түсінігі қалыптасқан жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында», сондай-ақ 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған № 769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы» қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында жасалып отыр. Бұл құжаттарда Жоғары және кәсіптік орта оқу орындарының бағдарламаларына «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» деп аталатын арнайы курстың енгізілуі туралы, «Іс жүргізу», «Хатшы-референт» мамандықтары бойынша мемлекеттік тілде мамандарды мақсатты жоспарлы түрде дайындау туралы және мекемедегі әрбір кеңсе қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білуін үнемі назардантыс қалдырмау туралы мәселелер қарастырылады.

Қазіргі таңда тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысанан қарастырылуда. Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметтері, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалды грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілерлің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.



Тілді меңгертудің стратегиясы мен тактикасы:

  • тілдік білім берудің негізгі құзіреттілігі және оның нәтижелі болуы;

  • коммуникативті-функционалдық бағыт; пән мазмұны мен оның нәтижесінің белгіленген типтік стандарт бойынша оқытылу мен тілді меңгертуі;

  • пән мазмұнының сала, тақырып, шағын мәтін және қатысымдық-типтік жағдаяттарынан құралған когнитивті-лингвомәдени кешен түрінде берілуі;

  • тілдік құзіреттілікті анықтаудың параметрлік өлшем бірліктерін көрсету.



2.2. Пәннің мақсаты:

  • Күнделікті өмірде, еңбек қарым-қатынасында кездесетін кеңселік құжаттарды талаптарға сай мемлекеттік тілде толтыра білуі және оларды бір-бірінен ажырата білуі тиіс (өтініш, түйіндеме, арыз, мәлімдеме, өмірбаян, өмірбаян-резюме, жеке іс парағы, еңбек шарты, қолхат, сенімхат, түсінік хат, бұйрық, өкім, өндірістік мінездеме т.б.).

  • ҚР-ның мемлекеттік басқару органдары, министрліктері, ведомостволары, мекемелері мен ұйымдары деңгейіндегі ресми құжаттарға қойылатын талаптарды сақтай отырып, оларды реттеп, тіркеп, құжаттай білуі тиіс;

  • қажет болған жағдайда жауап хат жазып, рәсімдей алуы тиіс. (Жарлық, қаулы, ереже, жарғы, заң т.б.) ЖК-ні қажетті деңгейде пайдалана алуы тиіс. Құжатты компьютерде рәсімдеуге байланысты әр түрлі талаптар мен шартты белгілерді, нұсқауларды тәжірибеде пайдалана және ажырата білуі тиіс;

  • ҚР-ның мекемелері мен ұйымдары, министрліктері мен ведомостволары жүйесіндегі ішкі жүйелік құрылымдар арасында жүретін ресми-кеңселік құжаттардың мәтінінен қажетті ақпаратты іріктеп ала алуы тиіс; нұсқау немесе өкімді дұрыс түсініп, нақты орындай алуы тиіс;

  • Құжаттарды сауатты, тыңғылықты, аса жауапкершілікпен рәсімдеп, тапсырманы жедел орындауға машықтануы тиіс.


2.3. Міндеттері:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы» және «Білім туралы заңын» білу.

5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.

  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу" атты оқу курсының практикалық қажеттілігін негізді дәлелдеу.

  • Жоғары оқу орындарының іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге байланысты білімін тереңдетіп, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.


2.4.Оқытудың нәтижелері:

Студенттердің білуі және меңгеруі керек:

  • стиль және оның түрлерін;

  • ресми іс-қағаздары стилінің мазмұнын, мәнін, қолданысын, түрлерін;

  • ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері және оларды жазуда ескерілетін емле

қағидаларын;

  • іс қағаздар тілінің тарихын;

  • іс-қағаздар стилінің құрылымын;

  • іс қағаздары және олардың түрлерін;

  • іс қағаздарын жүргізу түрлерін.

  • қазақша сауатты жаза білуді;

  • аударма жұмыстарын жүргізуді;

  • дұрыс сұрақ қоя білуді;

  • күнделікті өмірде кездесетін құбылыстар жөнінде сөйлесе білуді;

  • қазақша өз ойын айта, жаза білуді;

  • сабақта өтілген материалдарды іс жүзінде қолдана алуды;

  • берілген тапсырмаларды дұрыс түсінуді;

  • іс қағаздарының түрлерін талдауды, толтыруды, мәлімдеуді.


2.5. Пәннің пререквизиті:

Қазақ тілі, психология, анатомия, әлеуметтану т.б.


2.6. Пәннің постреквизиті

Жалпы гигиена, физиология, микробиология т.б.


2.7 Тәжірибелік сабақтар мен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары




Апта

Сабақтардың тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны

1

1

Стиль және оның түрлері (публицистикалық стиль, ауызекі сөйлеу тілі стилі, ресми іс қағаздар стилі, көркем стиль, ғылыми стиль)

тәжірибелік

2

2

2

Іс қағаздары және олардың түрлері

тәжірибелік

2

3

3

Ақпараттық анықтамалық – құжаттар. Анықтама, жұмыс істейтіндігі туралы, мәлімет

тәжірибелік

2

4

4

Қызметтік хаттар, жолдаухат, құттықтау хат, қолхат, талап ету хат т.б.

тәжірибелік

2

5

5

Хабарландыру, ақпарат беру туралы

тәжірибелік

2

6

6

Хаттама

тәжірибелік

2

7

7

Азаматтық қатынастар жөніндегі құжаттар

Аралық бақылау

тәжірибелік

2

8

8

Еңбек шарты, ұжымдық еңбек шарты

тәжірибелік

2

9

9

Өтініш, өкімдер т.б.

тәжірибелік

2

10

10

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы. Сауалнама.

тәжірибелік

2

11

11

Мінездеме, түйіндеме, өмірбаян

тәжірибелік

2

12

12

Бұйрық түрлері.

тәжірибелік

2

13

13

Жұмысқа орналасуда қажетті құжаттар

тәжірибелік

2

14

14

Санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылық

тәжірибелік

2

15

15

Стационардан шықан адамның статистикалық картасы

Аралық бақылау

тәжірибелік

2

Барлығы




30



Апта

Сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат саны




1.

1

Ресми іс – қағаздар стилі.

ОСӨЖ

1




2

2

Анықтамалар түрлері

ОСӨЖ

1




3

3

Акт

ОСӨЖ

1




4

4

Кепілхат

ОСӨЖ

1




5

5

Жауап хат

ОСӨЖ

1




6

6

Дұрыс оқу, жазу шеберлігі

ОСӨЖ

1




7

7

Баянхат

ОСӨЖ

1




8

8

Түсінікхат

ОСӨЖ

1




9

9

Сөз қолданудағы стильдік қателер

ОСӨЖ

1




10

10

Лауазымдық нұсқаулық

ОСӨЖ

1




11

11

Шарт

ОСӨЖ

1




12

12

Келісімшарт

ОСӨЖ

1




13

13

Клиникаға стационарлық емдеуге жолдама

ОСӨЖ

1




14

14

Терімсөзтану (терминтану)

ОСӨЖ

1




Барлығы




14



1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет