Бағалау критерийі
|
Қорқыт ата тақырыбын жан-жақты зерделей алады;
оқиға желісін дамытып жаза алады
Эпизодтарды салыстыра талдайды, бейнелерді жинақтап баға бере алады. Сыни пікір айтып, редакция жасай алады.
1. Нені білуі керек?
Оқушыларға VIII ғасырда өмір сүрген түркі халқының атақты ақыны туралы мәлімет беру, жаңа сөздермен таныстыру, ой өрістерін кеңейту.
2. Нені үйренуі керек?
Сөздерді қолдана отырып, мәтінмен жұмыс түрлерін орындап үйрену, Қорқыт туралы аңыздар мен деректерді өз беттерінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық, ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру.
3. Түркі халықтарының әдеби мұрасымен таныса отырып, ежелгі дәуір әдебиетінің бізге жеткен шығармаларын оқуға қызығушылық туғызу, өнер білімге жетелеу.
|
Құндылық-
тарды игерту:
|
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |