Курстық жұмыс Пәні: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» Курс, тобы


Сабақ басы 5 мин Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл



бет8/13
Дата14.09.2022
өлшемі370.07 Kb.
#460707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС СЫМБАТ

Сабақ басы
5 мин



Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Тақырыпқа ену үшін уақыт өлшемдері туралы сұрақтарға жауап береді.
«Миға шабуыл» Ой қозғау.
Өткен сабақты пысықтау:
1.Орхон ескерткіштері қай жерден табылды?
2.Түрік қағанатының негізін құраған кім?
3.Орхон жырларының қазақ эпостарымен ұқсастығы неде
Тақтадан қобыздың суретін көрсету.Сұрақтар қою. 
• Тақтада не көріп тұрсыздар? 
• Бұл қандай аспап? 
• Қобыз туралы не білесіңдер? 
• Бұл аспапты көргенде біз кімді есімізге аламыз? 
• Қобыз үнін естідіңіздер ме? 
Балалар қобыз туралы білетін аңыздарын айтып береді, күй тыңдалады. 
Иә, дұрыс, жарайсыңдар. 
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт” Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады.

Үлестірме қағаз;
Слайд 1-4

Сабақ ортасы
10 мин

15 мин
5 мин



  1. Ой қозғау. Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Қорқыт ата кім болған?Қай ғасырда өмір сүрген? Шыққан тегі. Интерактивті тақтадан Қорқыт атаның суретін көрсету (1-слайд).

    1. Қорқыт ата VIIІ ғасырда қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын баят руынан шыққан, анасы – қыпшақ қызы.

  1. Қорқыттың өмірге келуі туралы аңыз. Қорқыт туыларда анасы тоғыз күн бойы қатты қиналады, алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, айналаны қара түнек басып, күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін үшырады. Халық жаңа туылған балаға «Қорқыт» деп ат қояды.

  2. «Қорқыт» сөзінің этимологиясы. 1) «Қорқ» сөзі – «ақыл айтушы» деген мағынада қолданылады. 2) «Қорқыт» сөзі «құт әкелуші адам» деген мағынада қолданылады.

  3. Қорқыт атаға 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 шақырым жерде ескерткіш –кешен тұрғызылды.



Қорқыт ата ҮІІІ – ІХ ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісінің мазары қармақшы станциясынан 18 шақырымдай жерде тұр. Қорқыт – түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам дейді. Жиырма жасқа жеткенде, түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: «Қырықтан артық өмір сүрмейсің», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді. Қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?» - деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі», - деп жауап береді. Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілемін төсеп, аңыратып қобыз тартады. Оның жанын алуға келген ажал күйдің әсерінен неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыт қалғып кеткен кезде ғана қайрақ жылан болып келіп шығады
Қорқыттан жеткен 11 күй бар.



. «Қорқыт ата кітабы» - бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға мұра. Кітаптың екі нұсқасы сақталған. 12 жырдан тұратын нұсқасы Германияда Дрезден қаласында, 6 жырдан тұратын екінші нұсқасы Италияда, Ватикандағы Аристолика кітапханасынла сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет