Оқу барысының ойындық үлгісінде шешу қиын жағдайды жасау ойын жағдайын еңгізу арқылы өтеді: шешу қиын жағдай ойынға қатысушылардың ойынға енуі арқылы кейіпкерлермен бастан өткізіледі, қызмет негізін ойындық үлгілеу құрайды, оқушылар қызметінің бір бөлігі шартты ойындар жағдайында өтеді. Балалар ойын ережесі бойынша әрекет жасайды. Ойын қорытындысы екі жақты болады-ойын ретінде және оқып-үйрену танымдық нәтиже ретінде. Ойынның дидактикалық қызметі ойын іс-қимылын талдау арқылы, ойын жағдайының ара байланысының наңты жағдай ретінде жүзеге асырылады. Бастауыш мектеп педагогикасының қорында балаларда тұрмыстық сөздіктің, сөйлеу байланысының байытылуы және бекітілуіне ықпал жасайтын ойындар; сандық көрсеткіштерді дамытуға, санауға үйретуге бағытталган ойындар және жадында сақтауды, назар аударуды, байқампаздықты, жігерді нығайтатын ойындар бар. Дидактикалық ойындардың нәтижелігі біріншіден, оларды жүйелі түрде пайдалануға, екіншіден, ойын бағдарламасьның қарапайым дидактикалық жаттығулар мен үйлесімнің максатты бағытталуына байланысты. Жеке ойындар мен элементтерден ойын технологияларын құрастыру бастауыш мектептің әрбір мұғалімінің жұмысы. Шетел тілі пәнін мектепте оқытудағы мақсат-оқушылардың күнделікті өмірде оны қолдана білуге уйрету. Ал, бастауыш сынытарда ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолданудың әсері өте зор. Ойын арқылы оқушылардың белсенділігі қальштасады, достық қарым-қатынастары нығая түседі, ұйымшылдықтары артады. Ойын-манызды іс. Егер біз тек көңіл көтеру үшін немесе демалу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да белгілі бір мақсатка жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жанын ынтықтырумен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай-қайсысы болса да оқушыдан төзімділікті, тапқырлыкты, ізденімпаздықты, шеберлік секілді толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Шет тілін оқытуда ойын түрлеріне мынадай мақсаттар қолдану тиімді: |