Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ақыл ой тәрбиесі және оның міндеттері Жоспары



бет6/7
Дата09.05.2024
өлшемі40.05 Kb.
#500754
1   2   3   4   5   6   7
ақыл ой тәрбиесі

Қорытынды
Біздің зерттеулеріміз мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі жайындағы мәселеге арналған. Көптеген психологиялық, педагогикалық әдебиеттермен зерттеулерге талдау жасай келе және біздің тәжірибие жұмыстарымыздың нәтижесіне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына ақыл-ой тәрбиесі жұмыстарының айтарлықтай алар орны ерекше екенін анықтадық.
Балалардың ақыл-ойын дамытуда тәрбиешінің, ата-анасың және қоршаған ортаның, сондай-ақ балалардың өзіндік білімдерінің маңызы зор. Демек, мектеп жасына дейінгі балаға біріншіден, табиғат пен ішкі жан-дүниесінің байланысы, екіншіден білім алатын ортасы, үшіншіден жақсы жетекшісі, төртіншіден жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, бесіншіден жанұяның саналылық пен ықпал ету жағдайлары болғанда, ақыл-ой тәрбиесі арта түспек.
Яғни, ақыл-ой тәрбиесі балалардың ойлау қабілетін арттырады, дамытуды, интелектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге деген ғылыми көзқарасын жетілдіріп, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттің бірегейі, ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай, жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, балалардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: балаларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылыми негіздері мен қаруландыру, қоршаған дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру, оның ойлау қабілетін (абстрактілі ойлау, ойлау операциялары – талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажыратуға жіктеу т.б.) дамыту.
Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғыладана білуге, балалардың дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы және тәрбиешінің тынымсыз еңбегі арқылы ғана жүзеге асады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Мектеп жасына дейінгі балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін «Балапан» бағдарламасы туралы мәселені қозғаған болатын. Ол жүзеге асырыла бастаған сәттен бері 3956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылды. Туу көрсеткішінің жоғарылығын жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, мен «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым. Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеуге 100% қамтуға қол жеткізу міндетін қоямын».
Яғни, Елбасымыз мектепке дейінгі тәрбиеге ерекше назар аударды деген сөз.
Аталған бағдарламаның мақсаты – тұрғын халықтың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының сапалы қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыруды көздейді.
Бағдарламаның міндеттері:
мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы мәселесін шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдай жасау;
мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және үнемі олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.
Біз зерттеген жұмыстарға қорытынды жасай келе, мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі ақыл-ой тәрбиесін дамыту және олардың оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет себебі, «Бала – өмірдің айнасы».
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі ақыл-ой тәрбиесінің қалыптасуына жанұясы, тәрбиеші мен бүкіл қоғам болып, яғни «Бір жағадан - бас, бір жеңнен - қол» шығатындай күш салғанда ғана іс жүзінде жүзеге аспақ.Нақтылап айтсақ, баланың ақыл-ой тәрбиесін дамыту арқылы баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет