Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ақыл ой тәрбиесі және оның міндеттері Жоспары



бет4/7
Дата09.05.2024
өлшемі40.05 Kb.
#500754
1   2   3   4   5   6   7
ақыл ой тәрбиесі

ІІ.Сенсорлық әдістің қыр сырлары
2.1. Балалардың ақыл-ой тәрбиесінің артықшылықтарына талдау
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастырады, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Балаларды мектепке дейінгі оқытуда ақыл-ой тәрбиесінің рөлі өте ерекше. Білім қорын игеріп, ақыл-ой белсенділігі мен дербестігін дамыту, интелектуалдық іскерлік пен дағдыларға ие болу – бұл мектепке табысты оқыту үшін және алда тұрған еңбек қызметіне даярлау үшін маңызды алғы шарттар.«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің мынандай міндеттері белгіленген:
Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдар қалыптастыру: Танымдық техникалық процесстерді дамыту, білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту, интелектуалдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту, ақыл-ой әрекетінің қарапайым тәсілдерін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі бала үшін қоршаған өмір жайлы ұғымдарды қалыптастыру арқылы күн сайын жаңа құбылыстармен, заттармен танысады, айналадағы өмірді бақылап, өздігінен түсініп қорытынды жасағысы келеді.Л.Н.Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаған шығармын. Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» - деп жазды.Алайда, тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін.
Бала «бұлтты-мақта», «жұлдыздарды-электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. Балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту оларды ретке келтіру нақтылау, жүйелеу оқытушылық міндеті болып табылады.Білім нақты болуға тиіс. Яғни, балалардың бойында Отанымыз туралы ұғымды қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға Еліміздің әртүрлі халықтары, олардың әдеп-ғұрыптары, шұғылданатын еңбек түрлері мен табиғат жағдайлары туралы кітаптар оқып, әңгімелер өткізеді.
Балалар игеруге тиісті білімдердің 2 бөлімін ажыратып көрсетеміз:
Қарапайым білімдер - бұл білімдерді игеру үшін тәжірибе жүзінде арнайы оқытудың қажеті шамалы. Тек, тәрбиешілердің балалармен өткізілетін жай қарым-қатынасы ойындар, бақылаулар жеткілікті.
Күрделі білімдер – бұл білімдерді тек оқыту процесінде ғана игеруге болады.
Ақыл-ой тәрбиесінің негіздерінің бірі – білімдерді жүйелендіру. Білім жүйесі – белгілі бір заңдылықтардың, ережелердің негізінде бүтіннің бөлшектері арасындағы мәнді байланыстырады, тәртіптерді анықтау арқылы қол жететін білімдердің жиынтығы.
Балалар айналадағы ортамен танысқанда көптеген сауалдар қояды. Сұрақтар – балалардың білуге құштарлығының көрсектіші. Олар, айналадағыларға деген белсенді танымдық қатынасты білдіреді. Көп білетін балалар сауалды көбірек қояды. Балалардың жасына қарай оның қоятын сұрағының түр-сипаты өзгереді. Кейде балалар бір сұрақтан кейін, бір сұрақты тізбектеп қояды: «Шөптің не керегі бар?», «Сиыр жеу үшін бе?», «Ал сиыр оны неге жейді?», «Сүт шығу үшін бе?», «Ал сүт неге керек?», «Балаларға беру үшін бе?», «Неге балаға сүт беру керек?» – т.б.
Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алу керек. Сондай-ақ, ол табиғат құбылыстары туралы, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердің өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайлы материалитсік ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.
Қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Елордамыз Астана қаласының көрікті де, әсем табиғатымен таныстыру арқылы балалардың дүниетанымын, табиғат, қоғам, Отан туралы сүйіспеншілік сезімінің және көпұлтты негіздерінің қалыптасуына жәрдемдеседі.
Ақыл-ой тәрбиесінің маңызы - танымдық техникалық процестерді дамыту, психикалық процестерді түсіну, қабылдау, есте сақтауды, қиялдауды, ойлауды сондай-ақ, сөйлеуді дамыту болып табылады.

Қоршаған дүниені тану түсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың даму деңгейі неғұрылым жоғары болған сайын, қоршаған болмысты тану мүмкіндігі соғұрылым мол болады. Мектеп жасына дейінгі балада қабылдау іс-әрекеттері жетілдіру өзінің негізінде бізге бұрыннан таныс заңдылықты, яғни сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің қабылдау іс-әрекетіне айналуын көреміз. Сыртқы бағдарлау іс-әрекеті (бұларды бала бүкіл мектепке дейінгі шақ ішінде меңгереді).


Қабылдау жәрдемімен балалар әлі шеше алмайтын міндеттерді байқап көру жолымен шешуге қызмет етеді. Мектеп жолына дейінгі баланың күй-сарынын аңғаруы, сөздегі дыбыстарды ажырата білуі естілетін дыбыстардың ерекшеліктеріне сәйкес, оларды қайталау үшін дауыс ақпаратының қимылын мүмкіндігінше өзгертуді меңгеру дәрежесіне қарай пайда болып дамиды.
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың рөлі ерекше. Адам ана тілін өзінің ойын айтуға және өзінің айтқанын түсінуге пайдаланады. Сөйлей білу балаға заттарды немесе құбылыстарды тікелей қабылдау арқылы ғана емес, сондай-ақ болмыс туралы білімдерін жанама түрде (әңгіме, көркем шығарма, тәрбиешінің түсіндіруі т.б.) арқылы алуға мүмкіндік береді. Балалар бақшасында сөздік қорын көбейту, грамматикалық құрылымды қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуді дамыту сияқты міндеттер шешіледі.
Тілдің дамуы – мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасы шеңбері кеңейе түседі. Балалар біраз есейе бастаған соң, шағын отбасылық байланыстар шегінен шығып, адамдардың көбеюуі баладан ең бастысы тіл болып табылатын қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді және тілдің дамуына жоғары талаптар қойылады.
Тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдар мен араласу кезінде оны іс жүзінде қолдану арқылы жетіле түседі және де тіл психикалық үрдістерді қайта қараудың негізгі ойлау құралы болып табылады. Сөз қорының дамуы және тілдің грамматикалық құрылысы – мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және шылау сөздердің есебінен тез өседі. Егер бала грамматикалық заңдары бойынша сөйлеудегі сөздерді тіркестіре білуді қатар меңгермесе, сөздік құрамның өз бетінше өсуінің онша үлкен мәні болмас еді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік пікірлесуді қолданудың балалар абстрактілі ұғымдар көмегімен ойлайды екен. Бала сөздерінің маңызының сол сөздерді ересек адам қолданғандағы маңызынан елеулі айырмашылығы болатынын көрсетіп берді.

Бұл айырмашылық сөздік жалпылаудың формасына да, мазмұнына да қатысты. Алты жасар қыздан көптеген суреттер ішінен жануарлар бейнелерін іріктеп алу тапсырылды:


- «Аю-жануар»
- Неге олай ойлайсың?
Ол орманда тұрады, ол үлкен жануар және бал жегенді ұнатады.
Пілде жануар. Ол Африкада тұрады. Міне, түлкіде жануар. Ол қояндарды ұстайды.
Мысалы, 6 жасар баланың сөздік пікірлесуі осындай болып келеді. Тіл баланың жалпылауларының жай қосымшасы емес. Сөз-қоғамдық тәжірбиенің бір бөлігі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғарынағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады. Тілді меңгермейінше, мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс психикалық дамуы мүмкін емес, десек те тіл психикалық жағдайды жасайды деп айтуға болмайды. Олар іс-әрекеттің алуан түрлі процесстерге тілдің қатысуы үстінде тәрбиелеу мен оқытудың шешуші ықпалымен қалыптасады.
Балалар сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар орнатуды талап етеді. Сондай-ақ, мәселелерді шешуден бейнелерді пайдалана отырып, қарапайым ойлау іс-әрекетінің көмегімен ойша шешуге көшеді. Басқаша айтқанда, ойлаудың көрнекі іс-әрекет формасы негізінде ойлаудың көрнекі бейнесі формасы қалыптаса бастайды.
Ойлау – таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда ойлау – адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс.Ойлау дегеніміз – шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжіриебесіне сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойдың тілсіз күні жоқ, өйткені ойлау әрекеті адамдардың өзара қарым-қатынас жасауын жүзеге асырады. Бұл табиғи қажеттілік. Қоғам өмірінде жеке адамның әрекеті ой мен тілдің қатынасына байланысты дамып отырады. Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы. Заттардың түрлі-түсті суреттерді, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне, іс-әрекет үрдісінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты.
Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар болады. Ал, осы суреттерді өз орындарына мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне қарауға дәл келетін заттарды қою ұсынылғанда балаларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс әрекетінің жанама қосымша болып табылады. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рөльді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады.
Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бүрын бөлінеді, өйткені бала алды мен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап жасағанынан көрсететін іс әрекетті білу керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтежесінде пайда болады. Мұнда бала егер өзі есте сақтауға тырыспаса, кейін одан күтіп отырған нәрсені елестете алмайтынын ұғына бастайды. Есте сақтаумен, еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, тәрбиеші балаға тапсырма бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Тәрбиеші баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: «сосын не болды, жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарды көрдің» тағы сол сияқты.
Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді. Ақырында балалар есте сақтаудың арнайы іс-әректінің қажетілігін ұғына бастайды, бұл іс-әрекетер қосымша әдістерді пайдалана білуді игереді. Ықтиярлы есте сақтауды меңгерудегі айтарлықтай жеңістерге қарамастан, тіпті мектепке дейінгі шақтың соңында да, естің үстеме түрі басып ықтиярсыз ес болып отырады. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруге балалар біршама сирек жағдайларда ғана, өз іс әрекетінде тиісті міндеттер пайда болғанда немесе үлкендердің талабына сәйкес бет бұрады.
Белгілі бір материал төңірегіндегі баланың белсенді ақыл-ой қызметімен байланысты ықтиярсыз есте сақтау мектеп жасына дейінгі баланың аяғына дейін, сол материалды ықтиярлы есте сақтауға қарағанда жемістірек болып қала береді.

Мысалы, бейнеленген заттардың топтарына (бақша үшін, ас үй үшін т.б.) есте сақтау мақсатынсыз ақ, суреттерді әр орынға қойып шыққанда оларды балалар естеріне жақсы сақтайды, ал суреттерді есте сақтау мақсатымен қараған балалар мұндай нәтижеге жете алмады, санымен қабылдау мен бір қатар белсенді іс-әрекеттерін орындаумен байланыспаған ықтиярсыз есте сақтау (мысалы, қараған суреттер есте сақтау) ықтиярлы есте сақтау секілді онша жемісті болып шықпайды.


Қиял - адамға ғана меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция.Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып, отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше баланың осыған орай, көрінетін қиялы да шарықтай алмайды. Жаңа туған балада қиял болмайды.Мәселен, балалар бақшасында тәрбиешінің темір дол ойынын ойнайық деген ұсынысын балалар өте зор қуанышпен қарсы алып, рөлдерін бөлісіп алады: біреуі бастық боламын, біреуі жолаушы, біреулері жүргізуші боламын деп әбігерленіп жатыр. Ал, Аманжол: «Мен шофер болып затпен адамдарды тасимын» - деп ниет білдіріп, тәрбиешінің ұсынысын үдете ары қарай дамыта түсіп өз қиялымен ойымен толықтырып, өзіне жаңа рөл тауып алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет