2.2. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары және міндеттері
Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамытуы ақыл-ой әрекетін қалыптастыруымен жүзеге асады. Бұл қалыптасудың басталар жері – материалдық заттармен жасалынатын шынайы әрекеттер. Мұндай әрекеттен балалар материалдық заттарды шынайы елестеткен ішкі ықшамдалған әрекеттерге және ақырында нақты заттар елестермен немесе ұғымдармен ауыстырылған. Бүтіндей нақты жағдайда іске асатын іс-әрекетке ауысады. Ойлауды дамытудың жоғары кезеңдерінде оның логикалық формасында ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады. Түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы таңбалардан гөрі, бір жағдайларда нақтылы заттарды бейнелеп, басқа заттарды бір шама жалпылама және схемалы болатын бейнелерді көбірек пайдаланады. 2 жас пен 7 жас арасында ақыл-ой тұрғысында міндеттерді шешу нақтылы ақыл-ой эксперименті ретінде өте алатыны Ж. Пиаженің тәжірбиелерінде көрсетілген болатын.
Осындай байланыстардың басты түрінің бірі – себептер мен салдар қатынастары. Баланың ойлануына түсінікті міндеттер аумағының кеңейе түсуі анық. Барған сайын жаңа білімдерді игерумен байланысты білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын бала тікелей үлкендерден, ал өзгелерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен іс-әрекетінің тәжірбиесінен алады.
Білім қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмен дамуына енеді, баланың ойлау іс-әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады. Ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды.
Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі. Ол қарапайым формалар, сәбилік шақта-ақ, көріне бастайды, баланың заттық іс-әрекетінде қарапайым құралдарды қолданумен байланысты шағын ауқымды мәселелерді тәжірибе барысында шешуде байқалады. Балалар ойлауының схемалығын екінші көрінісі олардың түрлі кейіптері схемашылық бейнелерді өте оңай да, тез түсініп, олардың табысты пайдалануы. Мектеп жасына дейінгі балалар бес жастан бастап бір рет түсіндірген соң бөлменің жоспары деген не екенін ұғына алады және жоспардағы белгіге қарай отырып бөлменің ішінде жасырылған затты тауып алады. Олар заттардың схемалық белгілерін таниды,жолдар жүйесінің тарамдарындағы қажетті бағытты таңдап алу үшін географиалық картаға ұқсас схемаларды т.б.пайдаланады.
Мектеп жасына дейінгі балалар өз көздерінше ермек саз жабыстырылған шар мен дөңгелекшенің қайсысында ермексаз көп екендігі жөніндегі сұраққа да осыған ұқсас сипатта жауап береді. Бала дөңгелекшеде ермексаз көбірек деп сендірмекші болады. Алайда, мектеп жасына дейінгі бала ыдыстағы сұйықтықтың өзі еріп тұрған деңгейін осы заттың жалпы санынан шар мен дөңгелекшенің көрініп тұрған ауданын ажырата білмейді, бұларды бір-бірінен байланыссыз қарастыра алмайды. Бейнелі ойлауда олар бірігіп кеткен секілді болады. Санды көзбен көруге қабылданғанда шамалап бөліп алып көрнекі түрде көзге елестетуге болмайды.
Осыған ұқсас, тапсырмаларды дұрыс шеше білу бейнелер негізінде пайымдаудан белгілерді пайдаланатын пайымдауға яғни, дерексіз логиканың ойлауға көшуді қажет етеді. Нақтылы заттар мен жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер, сандар арқылы игерудің алғы шарттары сәбилік шақтың соңында, бала санасының белгілі функциясы қалыптаса бастағанда қаланады. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұйықтардың өзінде және олардың қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларында балалар да балалар ғылыми білімдер негіздерін игеру барысында меңгереді.
Мектеп жасында балалардың санасы есте сақтауы қалыптасады, еске сақтау ауқымы ұлғаяды, оның міндеті есте еркін сақтауға жаттықтыру, оның пайдалы білімдермен толықтыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың есіне негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Еске сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса соны ғана есінде сақтайды.
Адамның өмір тәжірибесінде қабылдағаны басынан кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, есте сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрың қабылдаған зат, құбылыс бейнелерін өз көңіл-күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді.
Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайта келеді. Естің бұл күйін - қайта жаңғырту дейді. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ, қайта жаңғыртуды - еске түсіру дейді.
Бала есінің дамуы өмірінің бірінші күндерінен басталады, тілі шыққан бала өзінің сөз қорына сөз қосады, көрген-білгенін үйренеді, бірақ өмір тәжірибесі әлі аз, ойлауы, тіл дамуы жеткіліксіз, сондықтан есте қалдыруы да механикалық болады.
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшаларда оларға жақсы таныс, өздері түсінетін нәрсесін есте қалдыруы мағыналы болады. Мәселен, бала ертегі тыңдағанда кейіпкер жөнінде сұрақтар қойып, қайталап айтқызып, мазмұнын ұғынып алады. Тыңдау кезінде сүйсініп, қуанып немесе ренжіп, жабырқап отыруы да мазмұнын түсінгендіктің белгісі.Қазіргі кезде психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығын ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады.
Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей 3 компаненттен тұрады:
- бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді;
- екінші дәрежеде баланың өткен тәжірбиесімен байланысты бірақ сонда да, заттық байланыстың рөлі бар;
- үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы ой-пікірден анық іске асуына байланысты, ықтиярлы арнайы қиялдың зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез-құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үрдістің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады.
Қорыта айтқанда, 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болып табылады. Алты жасар бала өз қиялын алуан түрлі жағдайлар бойынша құра алады және баланың өзі сонда әр түрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналасындағы әлемді танып, білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
Білуге құштарлық балаға тән қасиет. Ол баланың айналадағы дүниге қызығуынан бәрін де білгісі, көргісі, ұстағысы келіп, іс-әрекетке араласқысы келетін ниеттен сан алуан түрлі сұрақтарынан байқалады. Баланың осы құштарлығын қолдай отырып, бақылау сұрақтарына дер кезінде жауап беру, өз бетінше ойнауға бағыттап, өздігінен жауап табуға дағдыландырған дұрыс.
Тәрбиеші балалардың ырықсыз зейінін белсенді жаттығулар жасау арқылы ырықты зейінге айналдыруы керек. Оларды тыңдай, ести білуге өз еркімен тәрбиешінің сөзіне құлақ асуға баулып, ырықты есту зейінін тәрбиелейді, есту қабілетін дамытады. Ол үшін тәрбиешінің сөзді тәрбие құралы ретінде дұрыс пайдалана білгені абзал. Тәрбиешінің сөз қысқа да, дәл, нақты, түсінікті болып, асықпай қатты айғайлап, құлақты кеспей, әдемі үнмен жай, байсалды естілуі тиіс. Тәрбиешінің көп сөзділігі, тәрбие әдістерін дұрыс пайдаланбауы баланың зейінін әлсіретіп, «тыңдамау» сияқты зиянды әдетке үйретеді.
Балалардың айтқан сөзін, әңгімесін сұрағы мен жауабын басқаларына тыңдату арқылы да, зейінін тәрбиелеуге болады. Зейінді тәрбиелеудің пәрменді құралы – балаға қойылатын талапты күшейту. Бұл үшін, есту зейінін дамытатын ойындар ұйымдастырудың мәні зор. Мысалы: «Қоңырау қай жақтан сыңғырлайды?», «Бұл кімнің дауысы?», «Кім екенін дауысынан таны!» сияқты т.б. Бақылампаздық – ақылдылықтың сапасы, сондықтан балаларды көре білуге үйретеді, бір заттың негізгі бөлшегін аңғартып, оның ерекшелігін табуға, табиғат құбылыстарын оның өзгерістерін байқауға, жаңа үйлер мен дүкендердің, көлік түрінің өзгеруін бақылауға үйретеді. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылау арқылы бала жаңа білім жүйесін игереді. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау балаға көптеген жаңалықтар әкеледі. Жүйені бақылау оның жеке басының байқампаздығын дамытады. Бақылампаздық таным қызығушылығын дамытады. Бақылампаздық қабілетін тәрбиелеудің құралы-өмірдің өзі және керекті құралдар.
Көрнекі құралдарды бақылау балалардың салыстыру, қорытындылау, жалпылау, жинақтау қабілетін тәрбиелейді. Бақылампаздық нақты білімді игеруге көмектеседі. Балаға нені, не үшін, қалай бақылауды үйрету дәлдікке, реттілікке баулиды. Бақылаудың дәлдігі салыстыруға негізделеді. Салыстыру, талдау, жинақтау қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. Талдау, жинақтау әрекеті ақыл-ой қызметінің бір-бірімен байланысты екі жағы: мысалы, балалар саяхатқа барып, терек, қайың, шырша, қара ағаш, қызғалдақ, сарғалдақ пен бәйшешекті көреді. Ал, тәрбиеші саяхаттан келген соң, терек, қайың, шырша, қара ағаштың ағашқа, ал қызғалдақ, сарғалдақ пен бәйшешектің гүлге жататынын жинақтап, ұқтырмаса балалардың білімі сол бұрынғы күйінде дамымай қала береді.
Балалардың өз білімдерін іс жүзінде пайдаланып, іске асыруы үшін сол білімді естерінде сақтап, қажет кезде қайта жаңғырта білуі керек Есте сақтау мен қайта жаңғыртудың негізінде уақытша байланыстарды ойдың байланысын (біріне айтса, екіншісі еске түсу) құру жатады. Есте сақтауды қалыптастыру оқу тәрбие процесінде іске салады.Тәрбиеші балалардың есте сақтауы және қабылдағанын жаңғыртуы үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады: балалар мен әңгімелесу, көрген-білгендерін әңгімелеп айтқызу, алған әсерінен сурет салуда, ермек саздан заттар жапсыруда, құрасытруда, бейнелеу сондай-ақ кеше және одан бұрын көргендерін есіне түсіріп, жаңғырту сияқты әдістерді қолданады. Осы мақсатпен дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: «Бұл қай кезде болады?» және «Бөлмеде не жоқ?» т.б. Осының бәрі есте сақтау мен қайта жаңғыртуды бекіте түсудің жаттығуы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің бәрі интелектуалды іскерлік пен дағдыны дамыту.Яғни, ақыл-ой қызметін заттарды тексеру, олардың нақты емес белгілерін ажырату,өзге заттармен салыстыру және т.б. сияқты қарапайым әдістерін қалыптастыру болып табылады. Бұл іскерлік пен дағдылар таным әрекетінің құрамды элементтері болып табылады, олар баланың білімді ойдағыдай игеруіне көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын, оқу, жұмыс, тұрмыс іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Баланың іс-әрекеті неғұрлым алуан түрлі болған сайын, оның төңіректегі таң мен танымдық қабілетінің дамытуы да жан-жақты болып келеді, іс-әрекеттің барлық түрінде де ол іскерлікті үйренеді, белгілі бір қарым-қатынасты игереді, тіл үйренеді. Дұрыс бағыттағы басшының ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешуге бағыталған педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттырады.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы қоршаған болмыс адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыс болып табылады. Айналадағы дүние мен араласу арқылы баланың көзқарасы кеңейеді, оның танымдық процесстері дамиды. Үлкендермен қарым-қатынас радио және телевизия хабарлары баланың айналасындағы өмірден алатын мағлұматтардың көлемін ұлғайтады.
Әр-түрлі заттарды пайдалана отырып, балалар олардың неге пайдаланатын, қасиетін және сапасын біледі. Бояу, қылқалам, қағаз сурет салу үшін қажет, бақшада жұмыс істеу үшін күрек пен тырма қажет; барлық заттар белгілі бір қасиеттері бар түрлі материалдардан жасалған (фарфор ыдыс сынады, қасық пен шанышқы металдан жасалған) т.б. Тәрбиеші тұрмыстық қызмет барысында балалардың назарын айналасындағы қошаған дүниеге үнемі бағыттап отырады. Жекелеген заттардың қасиеттерін атап көрсетіп, олар атқаратын іс-әрекеттерді сөзбен білдіреді, кеңістік пен мезгіл қатынастарын білдіретін ұғымдарды пайдаланады. Мысалы: киіну кезінде ол сәбилердің назарын киімнің түсіне, оның қандай материалдан істелгеніне аударады. Аманның бөркі жылы, түбіттен жасалған. Ол мамық. Ал, Айгерімнің бас киімі теріден тігілген, балаларды ұйықтауға жатқызғанда тәрбиеші: «Қазір кеш, аздан соң түн болады. Балалар ұйықтайды, ал таңертең оянып, тағы да ойнайды» - дейді. Тәрбиеші балалардың бақылауын бағыттап, баланың өзі бірден байқамайтын нәрсені көруіне, анықтауына көмектеседі. Балалардың қоршаған дүниені ашуына көмектесе отырып, тәрбиеші олардың өміріне қызықты да, бай етіп қана қоймай материалистік ұғымдар негізінде қалыптастырады. Жүйелеу бақылау процесінде балаларды маңызды қасиет – бақылағыштық, яғни айналадағы болып жатқан өзгерістерді тез әрі оңай байқау қабілеті дамиды. Бұл қасиетті дамыту көптеген кәсіп үшін қажет, басқада қасиеттері сияқты, бақылағыштық күнделікті іс-әрекет процесінде дамиды және тәрбиешінің басшылығы мен бағытталып, қалыптасады.
Бақылағыштықты дамытуға арналған күрделі емес тапсырмаларды балаларға күнделікті өмірде жүйелі түрде беруге болады. Мысалы, бөбектер балалар бақшасына келместен бұрын тәрбиешісі бөлме ішінен ландыш гүл шоғын әкеліп қояды: «Балалар – дейді, ол зер салып қараңдаршы бөлме ішінен жаңадан не пайда болады, маған ақырын ғана айтыңдар. Қайсыларыңның байқағыш екендіктеріңді білгім келеді».
Байқағыштықты дамыту балалардың тұрақты танымдық ынтасын қалыптастыруға көмектеседі: мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа (жәндіктерді, жануарларды бақылау, өсімдіктерді өсіру, оларды күту, техникаға бұрандалы ойыншықтардың әр түрлі механизмді: заттардың құрылысын білуге құштарлық, механикалық конструкторға қызығушылық) түрлі себептерді, жұмбақтарды және т.б. шешуге деген тұрақты ынтасы білімін байытады.
Ақыл-ой тәрбиесі құралдарының бірі - ойын.Ойын балаларға тән іс-әрекет, ойын үстінде бала қоршаған болмысты бейнелеп, өз білімін анықтайды оны жолдастарымен бөліседі. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандыра алмайды. Бұл қасиеттерді балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өзіне ересектер рөлін алып, еңбектік өмір ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да, нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айырықша түрі болып саналатын рөлдік ойыншық пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын обективті қарым-қатынаста алғаш рет ашылып, ол әр бір іс-әрекет араласу адамның белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бірсыпыра құқықтарын беретінін береді. Сатып алуға ниетенген затын мұқият тексеріп қарауға қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға құқығы бар екенін бірақ дүкенен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеу міндетті екенін аңғарады. Ойын-ақыл-ой дамуына да жетіледі, бала ойын үстінде заттар мен іс-әректтерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формасының шарты болып табылады.
Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден осы затпен жасаланатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді рөльдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашында әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Ақыл ой әрекетіне ауысудың негізі ойын әрекетінің қысқаруы мен жалпылауынан тұрады. Рөльдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар.
Осымен қатар, мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рөльде сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Балалардың іс-әрекет процесінде дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзінде де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетпен жасау оны бірізді жүзеге асыруды талап етеді.
Бала ойын арқыл күнделікті іс-әрекеттері жайлы ойланып, оларға қарапайым талдау жасап, болашақта ержеткен кезде өмірдің маңызды да, терең мазмұнды сауалдарын шешуге үйренеді. Ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиеші үшін баланың алғашқы адамгершілік – рухани қасиеттерін тәрбиелеуде үлкен әдістемелік көмек көрсетері анық.
Адамгершілік-рухани тәрбиеге арналған ойындар.
Тақырыбы: «Қайырымды болуға үйренеміз»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші қолындағы добын бір балаға береді. Қолына доп тиген бала төмендегідей жағдайларға қандай қайырымдылық жасайтынын айтады:
Анаң ауырып қалды;
Әжеңнің туған күні;
Кішкентай інің жылап жатыр;
Досың қонаққа келді;
Әкең жұмыстан шаршап келді.
Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да, орындауды үйренеді және негізгі затты таңдағанда олардың шынайы қарым-қатынастарына негізге алады. Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қалмай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады де сол рольге сәйкес іс-әрекет жасай бастайды. Бала өз атының немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды анасы үрдісінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар олардың құқықтары мен міндеттерін біртіндер ойына түседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі түрі - ойын болып саналады. Философтар, тарих, этнографтар, психологтар, педагогтар ойынның шығу тарихын оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.
Ойын теориясына Н.К.Крупская елеулі үлес қосты. Балалар ойынының әлеуметтік сипатын, онда өмір құбылыстарын бейнелейтінін атап көрсете келіп, ол алдымен ойынды қоршаған болмас жөніндегі жер мен ұғымды кеңейту құралы деп білді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айырықша маңызы бар: ойын-оқу, ойын олар үшін еңбек, ойын олар үшін тәрбиенің мықты формасы. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандайда маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан, келешек қайраткерлерді тәрбиелеу алдымен ойын үстінде жүзеге асырылады».
Ойынның негізгі ерекшелігі - балалардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып танылады.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынын жалпы анықтамасы: мәселен, дүкенші, дәрігер, ұшқыш, қызымен анасы т.б. сол сияқты болып ойнау ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды мынандай типтік топтарға бөлуге болады:
а) тұрмыстық құбылысты бейнелейтін ойындар (жанұясы);
б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойын (метро салу, үйлер т.б.);
в) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мереке, сауық кештер, қонақтарды қарсы алу, саяхат т.б).
Ойын - бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз». Тәрбиенің тиімді процессі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді. Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне әр түрлі әсер етеді: сюжетті – рөльді, драматизация ойындары, құрылыс ойындары, дидактикалық ойындар.
Сюжетті-рөльді ойындарды тәрбиешінің кейбір басшылығы мен балалардың өздері жасайды. Бұл ойындардың негізі – балалардың өз өнерпаздығы. Сюжетті-рөлді ойындарды жоғары бағалай келіп, Н.К.Крупцкая былай деп жазды: «Балаларға ең сүйікті, ең қажетті ойындар – ойыншық қажетін, мақсатын үй салуды, тамақ пісіруді, балалардың өзі белгілейтін ойындар». Ойын процесі – сол мақсатты жүзеге асыру үшін бала жоспар жасайды, соны жүзеге асырудың құралын таңдап алады. Мейлі, ол мінген поезд орындықтардан жасалған болсын, мейлі үй ағаш жаңқаларынан тұрғызылған болсын, әңгіме мұнда емес. Шыңдықты бала қиялы толықтырады. Бұл жерде жоспар құру процесінің өзі маңызды. Психолог А.Б.Запарожец былай дейді: «Ертегі сияқты, ойында баланы бейнелейтін адамдардың ойы мен сезіміне терең болуға үйретеді, күнделікті жер шеңберінен адамның айға ұмтылыстары мен қаһармандық істердің кең әлеміне шақырады». Сюжетті-ролді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар өзінің еліктеу, шындықты көрсету болады, «Дүкенші» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Емхана» болып ойнағанда дәрігер мен аурудың әрекеттеріне еліктейді. Мысалы, дүкен бөлімдері маңдайшадағы жазуға бай келетін бейнелермен (жемістер, көкеністер, ойыншықтар, киімдер және басқа) белгіленеді. Бейнелеу құралы ретінде театр киімдері де пайдаланылады.
Тәрбиені балалардың әңгімелеу, экскурсия, әңгімелер, оқу және т.б. кездерінде игерген нәрселерін тез қайта жасауға итермелеп, асықтырмауға тиіс. Қоршаған өмірді ойынды бейнелеу игерген мазмұнды тікелей еске түсіру болып табылмайды: ол балалардың санасы мен сезімінде біраз уақыт шырмалып тұрады.Ойын процесінде педагогтық басшылықтың өз ерекшеліктері бар: ол ойынның түпкі ниетін дамытуға, мазмұнын кеңейтуге, ойын әрекеттерін рөлдерді анықтауға, игі тілектілік қарым-қатынастың көрінуіне көмектеседі. Тәрбиеші бұл қатынастардың бекіп, ойыннан тыс кезде де, балалардың шын қарым-қатынастарына айналуына күш салуы қажет. Жетекші сұрақтар беру, ақыл-кеңестер айту, ұсыныстар жасау әдісін пайдаланған жөн
Тәрбиешінің басшылығы мынада: ол ең алдымен тәрбиелік маңызы бар сюжетті балалардың игеруіне және драматизация ойынына айналдыруға қиын емес шығармаларды іріктеп алады. Балалармен ертегіні арнайы жаттығудың қажеті жоқ, тамаша тіл, тартымды сюжет, мәтінді қайталаулар оқиға дамуының ширақтылығы – осының бәрі оны тезірек игеруге көмек теседі. Ертегіні қайталап айтқанда балалар оны жадында жаксы сақтайды да, ойынға араласып, жекеленген кейіпкерлердің рөльдерін орындай бастайды. Ойнай жүріп бала өз сезімдерін сөзбен, ишаратпен тікелей жеткізеді. Драматизация ойындары көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды және тіл белсенділігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |